Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Документ по казахскому языку на тему «Жүзден жүйрік» (5 класс)

Документ по казахскому языку на тему «Жүзден жүйрік» (5 класс)



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m3bd9f2d.gifhello_html_5561cc4a.gifhello_html_5561cc4a.gif

25 – ші Красноярка орта мектебі











Тақырыбы : : «Жүзден жүйрік»

СЫНЫП : 5 «А»

Өткізген : Тишыбайева Баян Қадыркейқызы























2012-2013 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Жүзден жүйрік»
Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлтты өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрлері, діні тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.
Дамытушылық:

Оқушылардың ой - өрісін, дүние танымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Тәрбиелік:

мемлекеттік тілді құрметтеуге үйрету.
Көрнекіліктер: плакаттар, мақал - мәтелдер, нақыл сөздер.
Сабақ түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың барысы

: I. Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім: Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, тәрбие сағатымыздың аса қадірменді қонақтары! Бүгінгі «Жүзден жүйрік» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәрбие сағатымыз оқушылардың ана тіліне деген құрметін, Отанымызға деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында екі топтың жарысы түрінде өтпек.
Бүгінгі сайысымыз:
1. « Мақал сөздің мәйегі»
2. «Бәйге»
3. «Сөзжұмбақ» шешу
4. «Жорға» атты төрт бөлімнен тұрмақ.
Мұғалім: Шын жүйрік шабысынан танылады
Қатты білім, терең ой саналады
Баға берер әділ қазы ортамызда
Сіздерге қошеметпен қол соғады.
Әділдікті қақ жарар әділ қазылар алқасымен таныс болайық.
(Әділ қазы мүшелерін таныстырып өту.)
Мұғалім: Беташарын сайысымыздан бастайық
Көрерменді бір сәт серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып алайық.
дей келе сайыскерлеріміздің «Таныстыру» сәтін бастауға рұқсат етіңіздер.
I топ: «Жасқыран»
Қалықтап көкте жас қыран
Халықпыз сөзге тоқтаған
Тілімен топты жаратын
Тобымыз біздің « Жасқыран»
II топ: «Топжарған»
Шығарар намысты топты алдан
Дуалы ауыз тілге арман
Сайысқа келдік біліммен
Тобымыз біздің «Топжарған»

Мұғалім: Әрбір тілде сөйле әлемді таңдандырып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Ал ендігі кезекті «Мақал сөздің мәйегі» атты сайысымызды бастайық. Бұл сайыста «Сиқырлы қалпақтың» көмегімен мұғалім мақалдың басын айтады да, топтың ішіндегі бір сайыскердің басына бас киімді кигізе қояды. Басына «сиқырлы қалпақ» киген сайыскер ол мақалды аяқтайды. Мақалды дұрыс аяқтаса, сол топқа 5 ұпай беріледі, ал мақалды жалғастырып айта алмаса, жауап беру құқығы екінші топқа беріледі. Ал екінші топ мұқият болулары керек, «Қарсыластар» деген сөзден кейін ғана қарсы топ жауап беруге құқылы.
I топ:
1. Отан (отбасынан басталады)
2. Тұз астын дәмін келтіреді, мақал (сөздің сәнін келтіреді)
3. Ине көзінен сыналады, шешен (сөзінен сыналады)
4. Оқу білім бұлағы, (білім өмір шырағы)
5. Сөз тапқанға (қолқа жоқ)
6. Жеті жұрттың тілін біл, жеті (түрлі ілім біл)
7. Шебердің қолы ортақ, шешеннің (тілі ортақ)
8. Ақыл - тозбайтын тон, (білім – таусылмайтын кен)
9. Ас атасы - (нан)
10. Айтылған сөз (атылған оқ)
II топ:
1. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
2. Еңбектің наны тәтті, (жалқаудың жаны тәтті.)
3. Өнерлінің қолы алтын, (өлеңшінің сөзі алтын)
4. Жақсы байқап сөйлер, жаман (шайқап сөйлер)
5. Қына тасқа бітеді, (білім басқа бітеді)
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ( ой өсіреді)
7. Жақсыдан үйрен, (жаманнан жирен)
8. Көре – көре көсем боласың, сөйлей – сөйлей (шешен боларсың)
9. Әдепті бала - арлы бала,(әдепсіз бала – сорлы бала.)
10. Оқусыз білім жоқ, білімсіз (күнің жоқ)
Мұғалім: Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жана ма?
Біліммен өнер жұптаспай,
Тәлім, тәрбие алар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі.
Кім жүйрік болса сол алда.
- дей отыра келесі сайысымыз «Бәйге!». Бұл сайыста әр топқа сұрақтар қойылады, топпен ақылдасып жауап беріледі. «Қарсыластар» деген сөзден кейін ғана қарсы топ жауап беруге құқылы.
«Бәйге» сайысы
I топ сұрақтары:
1. ҚР өз тәуелсіздігін қашан жариялады? ( 1991 ж 16 желтоқсан)
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
3. Абайдың анасының есімі (Ұлжан)
4. Ы. Алтынсариннің балаларды оқуға шақырған өлеңі қалай аталады? (Кел, балалар, оқылық)
5. Әнұранның авторлары кімдер? (сөзі: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев.
әні: Ш. Қалдаяқов)
6. Күй атасы кім? (Құрманғазы)
7. «Отамалы» қай мезгілде және қай күндері болады? (көктем, 11 - 17 сәуір)
8. Орнынан қозғалмайды, бірақ жүреді. (сағат)
9. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал қалай аталады? (тұсбағар, компас)
10. Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда, берген жауабы мынадай: «Ұл мен қыздарымның саны бірдей, әр ұлымның 3 қарындасы бар.» Қарияның неше ұлы, неше қызы бар? (3 ұл, 3 қыз)

II топ сұрақтары:
1. ҚР Рәміздерін атаңдар (Мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту, Әнұран )
2. Қазақтың жүз жас жасаған ақыны кім? (Жамбыл Жабаев)
3. Елтаңбаның авторы кім? (Шот - Аман Уәлиханов және Жандарбек Мәлібеков)
4. Ұя салмайтын құс? (көкек)
5. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев қай жылы дүниеге келген? (1845 ж)
6. Қазақтың атақты үш биін атаңдар? (Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би)
7. Аяғын жаңа басып жүрген балаға жасалатын қазақ халқының салт – дәстүрі (тұсау кесу)
8. Бір заттың көлемін кішірейтіп көсету қалай аталады? (масштаб)
9. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады? (аспан суреті судан көрінген кезде)
10. Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінің неше асығы бар? (33 асық)

Мұғалім: Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп,
Кім шығады кәнекей, жауабын мен білем деп, - дей отыра келесі сайысымыз «Сөзжұмбақ» шешу. Бұл сайыста әр топқа сөзжұмбақ тапсырмасы беріледі. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріліп, жеңімпаз топ анықталады.
«Сөзжұмбақ» сайысы
І топ «Сөзжұмбақ» тапсырмасы:
а) су көлігі /қасық/
ә) баста орналасқан дене мүшесі /құлақ/
б) үйге шақырылған сыйлы адам /қонақ/
в) балықшының құралы /қармақ/
г) ұннан жасалып, майға пісірілген тағам /құймақ/
ғ) сужүрек адамды қалай атайды? /қорқақ/
д) көкөніс түрі /қызанақ/
ІІ топ «Сөзжұмбақ» шешу тапсырмасы:
а) сұйық тамақ ішетін ыдыс /қасық/
ә) 4 ондықтан құралған сан /қырық/
б) сызық түрі /қисық/
в) бас киім /қалпақ/
г) сүттен жасалған тағам /қаймақ/
ғ) пышақты өткірлейтін құрал /қайрақ/
д) гүлдің аты /қызғалдақ/
Ендігі кезекте осы сайыс бойынша ұпай сандарына назар аударсақ. «Сөзжұмбақ» сайысының ұпай сандарын санап, қорытынды шығару.
Мұғалім: Шабыт тасып шалқысын,
Көңілді кеш жасайық.
Мұнда қызық табылар,
Жұмбақ, сұрақ бәрі бар,
Білімдіні сынайық.
Соңғы сайысымыз « Жорға». Бұл сайыста 10, 20, 30 ұяшықтары беріледі, деңгей бойынша яғни, «Қазақтың салт - дәстүрлері», «Ұлы Отан соғысы батырлары», «Сен білесің бе?» деп аталады. Осы деңгей бойынша әр топқа бір сұрақ беріліп, оған жауап бересіздер. Егер сұрақ қойылған топ жауап бере алмаса «қарсыластар» деген сөзден кейін ғана қарсы топ жауап беруге құқылы.
«Жорға» сайысы
Қазақтың салт - дәстүрі
І топ
10. Наурыз көжеге неше тағам түрі қосылып жасалады? (7 түрлі тағамнан жасалады)
20. «Бесік тойы» дәстүрі кімге жасалады? «Бесік тойын» кім және қашан жасайды? (жаңа туған нәрестені 5 күннен кейін ауылдың сыйлы әжелері мен аналарын жинап солардың ішінен бірі кішкентай нәрестені бесікке салады)
30. «Тоқымқағар» дәстүрі деген не? (баланың үйден алғаш рет алыс сапарға аман - есен барып келгеніне орай ұйымдастырылатын мерекелік дастарқан)
ІІ топ
10. Қуанышты хабар жеткізген адамға қандай кәде жасалады? (сүйінші)
20. Баланың нағашыларына алғаш барғанына орай берілетін үлкен сыйлық қалай аталады? (бәсіре)
30. «Ашамай» дегенді қалай түсінесіңдер? (5 - 6 жасқа келген ұлға арналып жасалған ер)
Сен білесің бе?
І топ
10. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр – алмұрт па әлде шабдалы ма? (алмұрт)
20. Данияр бір сан ойлады. Егер ол санды 3 есе көбейтсе 270 ге тең болады. Данияр қандай сан ойлады? (90)
30. Алпыс төрт бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар.
Ақ, қара қып бөлгенде
Бірін - бірі қуғандар
Жаны үшін де, саны үшін де
Бермейді олар намысын. (шахмат).
ІІ топ
10. Қаламсап дәптерден қымбат, ал қарындаш қаламсаптан арзан. Қайсысы қымбат – қарындаш па әлде дәптер ме? (қарындаш)
20. Жылқы 3 шелек су ішті, бұл түйе ішкен суға қарағанда 2 шелекке аз. Түйе қанша шелек су ішті? Есептің өрнегін көрсетіңіз.
30. Бір ағаштың он екі бұтағы бар,
Әр бұтағында отыздан жапырағы бар.
Жапырақтың бір жағы ақ,
бір жағы қара. (жыл, ай, тәулік, күн мен түн).
Ұлы Отан соғысы батырлары
І топ
10. Ұлы Отан соғысы қашан басталып, қашан аяқталды? (1941 жыл 22 маусымда басталды, 1945 жыл 9 мамырда аяқталды)
20. Ұлы Отан соғысының батыр - жазушысы, біздің жерлесіміздің аты - жөні кім? Көкшетау қаласында қай мектепке осы батыр есімі берілген? (Мәлік Ғабдуллин)
30. Ұлы Отан соғысында Мәскеу түбінде фашистермен болған сұрапыл майданда Отанымызды қорғауда ерен ерлік көрсетіп, есімдері аңызға айналған Кеңестер Одағының батырлары қалай аталады? (28 гвардияшы - панфиловшылар)
ІІ топ
10. Ұлы Отан соғысында шығыстың «қос шынары» атанған қазақ батыр қыздары кімдер? (Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова)
20. Ұлы Отан соғысының қазақ батырларының есімін ата (Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Рақымжан Қошқарбаев және т. б.)
30. Ұлы Отан соғысының соңғы күндерінде Берлинді шабуылдап, Рейхстагқа Кеңестер Одағының туын тіккен қазақ батыры кім? (Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылы 30 сәуірде тікті.)
Қорытынды
Мұғалім: Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау – дей келе сайысымыздың қорытындысын жариялап, жеңімпаз топты анықтау үшін әділ - қазыларға сөз кезегін береміз.
Сонымен бүгінгі сайысымыз аяқталды, жақсы күндерде жолыққанша күн жақсы болсын .



25- ші Красноярка орта мектебі





















Тақырыбы : : «Түркі тектес халықтарға ортақ мұра.»

СЫНЫП : 9 «А»

Өткізген : Тишыбайева Баян Қадыркейқызы





















2011-2012 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: Түркі тектес халықтарға ортақ мұра.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік - Күлтегін жырлары туралы терең түсіндіре отырып, көркемдік ерекшелігін ұғындыру. Оқушылардың ізденімпаздыққа, шығармашылыққа деген ынталарын арттырып, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық - Орхон ескерткіштерінен табылған жырда айтылатын негізгі мәселелерді таныстыра отырып, жырдағы тұлғаларға жан-жақты сипаттама беруӨзіндік ерекшелігі мен құндылығын бағалау.
Тәрбиелік - оқушыларды ізденуге жетелеу, отанды сүюге баулу, тарих тағылымдары арқылы тәлімді тәрбие беру.
Сабақтың түрі: іздену сабағы
Сабақтың әдісі: іздендіру, баяндау, жинақтау, салыстыру, талдау,пікірлесу, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: қосымша оқулықтар,интерактивті тақтадан көрсетілетін слайдтар.
Сабақтың жүру барысы:

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу.
Сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Ежелгі дәуір әдебиеті туралы не білеміз?
2. Неліктен біз ежелгі дәуір әдебиетін төл әдебиетіміздің тарихының басы деп есептейміз?
3. Ежелгі дәуір әдебиетіне жататынқандай шығармаларды білесің?
4. Бұларды зерттеп, әдебиетіміздің тарихына қосуға, елге танытуға үлес қосқан қазақ ғалымдарын атаңдар.
ІІІ. Жаңа сабақтың мазмұны.
1. Ой шақыру. Секен Тұрысбековтың «Күлтегін» күйі ойнатылады. Интерактивті тақтадан көне түркі алфавитінің, тас ескерткіштердің суреті көрсетіледі.
«Түркі халқының атақ-даңқы өшпесін. »(«Күлтегін»жырынан.) сөзіне оқушылардың назары аударылады.
Орта Азияның түркі тайпалары руна жазуын қолданған, ал араб әліпбиін кейінірек, X ғасырда ислам дінінің енуіне байланысты пайдаланған.Әлемге әйгілі Орхон ескерткіштері тастарының бетіне осы руна жазуымен көптеген жырлар жазылған(VIII).Оларды алғаш тапқандар: швед офицері Иоганн және орыс ғалымы Н.М.Ядринцев (XVIII-XIXғғ.).Құлпытастарға қашалып жазылып, бізге жеткен осы бір ғажайып жазуларды ғылымда руналық жазулар деп атайды.Ол жазуларда VIIғ. іргелі мемлекеті - Түркі қағанатының құрамындағы рулардың өзара жауласуы, жорықтары мен соғыстары суреттеледі.Кейіннен Орхон - Енисей ескерткіштері атанған жырлардың негізгі ойы – елдің тәуелсіздігін, береке-бірлігін сақтауға шақыру. Жырда айтылатын негізгі мәселе
1.Түркі қағанатының тәуелсіздігінен айырылған 630-680 жылдар.
2.Түркілердің тауғаштарға бағыныштылығы;
Бірі - тауғаштың алтын-күмісіне, жібек матасына алданып қалуы;
Екінші – таққа отырған ұрпақтарының жігерсіздігі;
2. «Күлтегін» жырын мәнерлеп оқып, түсіндіру.Оқушыларға мәнерлеп, үзінді оқыту.
Оқулықпен жұмыс. Жырдың көркемдік ерекшелігін білдіретін сөз айшықтарын теріп жазу.Мысалы:
«от-су қылмадым»,
«түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым»,
«тізеліні бүктірді, бастыны еңкейтті»;
3.Жырдағы тұлғаларды топтастырып, сипаттама беру.
Күлтегін
Тоңұқұқ
Білге қаған
Елтеріс
Қапаған
Елбілге ана,Тауғаш халқы
Ұмай ана
Қүлтегін- жырдағы оқиғаны ұйымдастырушы негізгі тұлға.Оны түркі халықтарының ерлік туралы ұғымының жиынтық бейнесі деуге болады.Күлтегінде түркілерге тән ержүрек, өршіл,қайсар, қайтпас мінез бар.Елдің «Сондай батырым болса» деген арманына сай нағыз батыр.
47жас жасаған әскербасы,Бумын,Қапаған, Істемі қағандардың ұрпағы, Білге қағанның туған інісі, жырдағы ең өзекті тұлға, эпостық образ. 3. Қүлтегін бейнесіне жан-жақты талдау жасау.
Күлтегін - атқа мықты,бекем бекзада деген сөз.
Күлтегін тұлпарлары - Алып шалшы ақ айғыр, Азманақ, Қарагер, Башғы боз ат
Күлтегін өмірінің жырда әртүрлі жас белесімен айқын сипатталуын теріп жазып көру.
.інім Күлтегін жеті жаста қалды.-7жас;
.Он жаста.інім Күлтегін ер атанды.-10 жас;
.Он алты жасқа келгенде..ел-жұртын сонша молайтты.-16 жас;
Жиырма бір жасында Чача Сеңүнмен айқастық.-21 жас;
Күлтегін жиырма алты жасқа келгенде.-26 жас;
Күлтегіннің жиырма жеті жасында..-27 жас;
Күлтегін сол соғыста отыз жаста еді.-30жас;
Күлтегін отыз бір жаста еді.-31жас;
Күлтегін өлгенде қырық жеті жаста еді.-47 жас;
4. Жырды батырлар жырымен салыстыру.
«Күлтегін» жыры
Қойға шапқан бөрідей,
Талқандап қуып береді.
Әкем қағанның
қосыны бөрідей,
Талқандап қуып
береді.
Айдарлысын құл қылды,
Тұлымдысын тұл қылды.

Бек ұлдары құл болды,
Пәк қыздары күң болды.
«Қобыланды» жыры...
«Алпамыс» жыры..
5.ВЕНН диаграммасы.
6.Сөздік жұмысы.
Қаған-хан.
Білге-ақылды, данышпан,білікті.
Шад, ата бектер-әскер басшылары
Тоғыз оғыз- тайпаның аты.
IV.Қорытынды.
Батырлар жыры – елдікті,
«Күлтегін»жыры- елдікті,
Исатай-Махамбет-еркіндікті,
Желтоқсан көтерілісі-тәуелсіздікті ту етті, сол үшін күресті.
« Бүкіл түркі халқы үшін
Түн ұйқымды төрт бөлдім,
Жанып күйдім, өрт болдым» («Күлтегін»жырынан.) деген жыр жолдарын бүгінгі күнмен байланыстыр.(Өзіндік пікірін сабақтан алған әсерімен байланыстыру).
V.Үйге тапсырма.
Жырды түсініп оқып, үзінді жаттау.
«Жыршы тастар –әлемнің керемет таңғажайыбы » (ойтолғау жазу.)













































25- ші Красноярка орта мектебі





















Тақырыбы : : «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» 

СЫНЫП : 9-10 «А»

Өткізген : Тишыбайева Баян Қадыркейқызы

















2014-2015 оқу жылы

Тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ» 
Мақсаты: Қазақ халқы сөз қадірін біліп, қасиетті сөздерді аузынан тастамай, қастерлеп келе жатқан халық екенін түсіндіре отырып, оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту және ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекіліктері: слайд, мақал - мәтелдер, жұмбақтар.
Жүргізуші: Жанның жайын жарыққа шығару үшін, жанның сырын сыртқа білдіру үшін адамның екі құралы бар. Біреуі – мимика, біреуі – сөз. Мимика жанның сыртының дене арқылы сыртқа білінуі (күлу, жылау). Ал ым – ішкі тіл сезімі. Ым арқылы ойды жарыққа шығару мүмкін емес. Ойдың тілі – сөз. Тіл – жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып қалар еді. Адам тіл арқасында жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Тіл адамға осындай қымбат болса, әрине ұлт болу үшін бірінші шарт тіл болмақ.
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім.
Таза терең өткір, күшті, кең тілім.
Таралған балаларын бауырына
Ақ қолыңмен тараларсың сен тілім.

«Мақал – сөздің мәйегі», «Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді», - деген қанатты сөздермен «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты тіл білгірлер сайысын бастаймыз. Ендеше ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. 8 «Ә» сынып оқушысы Қожабаева Мөлдір, 8 «Б» сынып оқушысы Хайтбаев Сауран, 8 «В» сынып оқушысы Жанбаева Ақмарал.

Ұйымдастыру кезеңі: Бұл сайыс 8 «Ә», «Б», «В» сыныптар арасында өтеді. Ойын 4 турдан тұрады, әр турдың өзіндік шарттары бар. Іске сәт!

I тур
Шарты: Берілген жұмбақты шешіп, жұмбақ мәтінінен бір сөз алып
мақал - мәтел тауып айту.
1. Үңгір түбінде жалбырап,
Өсіп тұр жалғыз жапырақ. (Тіл)
2. Бір ғажап бар тілі жоқ.
Сөйлесем десең міні жоқ. (Кітап)
3. Күміс қазықтың асы алтын. (Тіл мен сөз)
4. Жаңалықты үн - түнсіз таратады,
Барша жұртты бір өзіне қаратады. (Газет)
5. Үсті шарбақ,
Асты шарбақ,
Ортасында тұрар сарнап,
Жалғыз бармақ. (Тіс пен тіл)
6. Жел соқса жайқалып толқиды.
Ел оқыса тұла бойың балқиды. (Өлең)

«Мектебім» әні. Орындайтын: Оразалиев Мұқасан.

II тур
Шарты: Мақал - мәтелдердің сыңарын жалғстыру.
1. Жалақ кісі тілден жазар,... (таз кісі қолынан жазар).
2....(Тіл – буынсыз), ой – түпсіз.
3....(Тіл – шекер), бала кетер, байлық бекер.
4. Шебердің қолы ортақ,...(шешеннің сөзі ортақ).
5. Қымбат дүние қолға түсе бермейді,...(қымбат сөз ауызға түсе бермейді).
6. Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,...(тілімнен сүріндірме).

«Адай» биі. Орындайтын: Дүйсенова Ақтолқын.

III тур
Шарты: М. Қашқари жинаған түркі мақал - мәтелдерінің мағынасын ашу.
Баланың ісі іс болмас,... (лақтың мүйізі сап болмас).
Кең тігілген тон тозбас,... (кеңесілген іс бұзылмас).
Бір - бірлеп мың болар,... (тама - тама көл болар).
Далада бөрі ұлыса,... (үйдегі иттің бауыры солқылдар).
Қас батыр өкініші жаңбырдай,... (білімі мірдің оғындай).
«Ұстазым» әні. Орындайтын: Оразалиев Мұқасан.

IV тур
Шарты: Көп нүктенің орнына қажетті сандар қою, санның сырын ашу.
1. Анасын... арқалап барса да қарызын өтей алмайды.
2. Жақсы әке жаман балаға.. жыл азық.
3.... атасын білмеген жетесіз.
4.... рет өлшеп,... рет кес.
5. Қыздың... жаны бар.
6. Жігіттің... жұрты болады:
Ата жұрты – күншіл,
Ана – жұрты сыншыл,
Қайын жұрты – міншіл.

«Брек» биі: Орындайтындар: -------------------------------
Сайыстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталады





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 02.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров99
Номер материала ДВ-404634
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх