Инфоурок Математика Другие методич. материалыДокумент по математику на тему "Дамыта оқыту технологиясы математика сабағында"

Документ по математику на тему "Дамыта оқыту технологиясы математика сабағында"

Скачать материал

 

 

 

                            Атырау облысы

                         

 

 

 

 

 

 

 

 

Дамыта оқыту технологиясы

математика сабағында

 

 

 

 

 

 

 

                                  

 

                               

                    

                                  

 

 

 

 

                                              Пікір

 

Бұл баяндамада математика сабақтарында баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Дамыту нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі үйренуші субьект дәрежесіне көтерілу көзделген.

Мұғалім тақырып бойынша жоғарғы қиындық деңгейінде оқыту жүйесін дамыта оқыту идеясын жүзеге асыру үшін пайдалана білген. Дамытушы технологияны іске асыру, сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүйесі іс-әректтік оқу бағытын ұстана білген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 Пікір жазған: Физика-математика бірлестігі

                 жетекшісі:                     Г.Аманғалиева.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақсаты:

               Математика сабақтарында дамыта оқытуды, әдіс, тәсілдерін қолдану арқылы  жедел дамып келе жатқан әлем жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдыларының негізінде өз бағытын еркін анықтайтын,өз мүмкіндіктерін іске асыра алатын, өзін-өзі дамыта алатын және өз еркімен адамгершілікті – жауапты дұрыс шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    

                  Жоспары

І. Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

 

1.          Жеке тұлғаны  қалыптастыруды  

  дамытуға бағытталған оқытуды

     ұйымдастыру

 

2.          Л.С.Выготский  мен В.В.  

   Давыдовтың «Дамыта оқыту» 

       технологиясы

 

3. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастыру

 

4. Сабақта ойын элементтерін пайдалану

 

ІІІ. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

  Білімді де білікті,салиқалы да парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік маңызды іс.Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерлеу процесінде адам факторы және оны жан-жақты жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәнімен оның проблемаларын күрделендіріп отыр.Осыған байланысты білім берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты -  барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыру.

     Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелерін білім мен тәрбие беру тұжырымдамасында негізгі орын  алады.Сонда : «Жеке тұлғаның қалыптасуы – үздіксіз күрделі процесс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы,еркі,өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескеріп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу» , - деп атап көрсетіп, мектеп алдындағы міндеттердің бірі етіп қояды.

    Жеке тұлғаны дамыту мәселелері -  Л.С. Выготсийдің, М.Б. Блонскийдің , С.Л. Рубинштейннің , Л.В.Занковтың , Д.В.Элькониннің  еңбектерінің негізгі арқауы.

      Біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңестігіне  енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясымен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр:

  Білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің маңызы жаңарып, жаңа көзқарас басқаша карым-қатынас пайда болуда.

-         білім мазмұны жаңа үрдестік біліктермен ақпараттарды  қабылдау қабіллетінің дамуы мен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде:

-         мектеп отбасы және қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда:

-         қоғамдық біліммен парапар педагогикалық технологияның  кеңнен қолданылуына және ғылыми роліне мән берілуде.

 Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі ой тұжырымдары төмендегінше  сипатталады:

-         есте сақтауға негізделген  оқып білім алудан бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу:

-         білім статистикалық  үлгісінен ақыл-ой  әрекетінің динамикалық құрылым  жүйесіне көшу:

-         оқышыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламалардан жіктеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.

Оқыту технологиясы мектепте оқу үлгісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді  психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланады.

 Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқу – тәрбие процесінің  шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін қамтамасыз ететін  жанды құрамдас бөлігі.

 

 

     Педагогикалық технологияны құруға қажетті тұжырымдама:

а) Рубинштейіннің  «Ойлау барысында ойлау объектісін жаңа байланыстарға қосуға педгогикалық-психологиялық негіз бар» деген ойыннан  және 

ә) Выготскийдің «Оқыту процесінде оқушының  ақыл-ойының дамуы  «актуальды даму» аймағынан  «жақын арадағы даму»  аумағына ауысуы» туралы теориясынан алынған.

    Педагогикалық технологияның ерекшелігі -  сабақтың талабы –оқушы арқылы, оның оқу іс әректін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып, мақсатқа жетуді қарастырады, яғни оқушылардың оқудағы әс әрекеті арқылы  олардың ойлау дағдыларын жетілдіре отырып, мақсат қою технологиясы.

   Жаңа технологияға сәйкес оқыту моделі  дамытушы  модель , жеке тұлғаны дамытуға бағытталған  ол оқу процесінде мұғалім мен оқушылар арасында «субъект-субъек»  қатынас қалыптастырады. Мұндай оқытуда оқушы қызмет субъектісі, ал педагогика оқушының танымдық  қызметін ұйымдастырушы, яғни технология белгілі педагогикалық жүйенің практикада  ( тәжірибеде ) жүзеге   асатын жобасы.

  Педагогикалық жүйе бір-бірімен байланысты дәстүр, педагогкалық процестер , жеке тұлға қалыптасытруға әсер ететін нақты мақсатты , бағытты  педагогикалық әсер.

   Жеке тұлғаның дамуына оқу-тәрбие жұмыстары да ықпал етеді. Оқушының жан-жақты үйлесімді дамуы үшін  тәрбие жұмыстарына мынадай талаптар қойылады.

1.     Тәрбие жұмыстарын жоспарлы, жүйелі жүргізу

2.     Тәрбие жұмыстары оқушылардың шығармашылық істерін насихаттап, ізденістерін дамытатындай болуы керек.

3.     Оқушылардың қызығушылығын  арттырып, белсенділігін көтеру.

4.     Ұжымдық, жеке іс әректтің дамуы және оқушының әрекет етуіне жол беру

5.     Басқалармен үйлесімді қарым-қатынас құру  тұлғаның өзін-өзі тануына тәрбиелеу

6.     Өзгелердің мүддесін өз мүддесінен жоғары қою кең пейіл болу  тәкапарлыққа жол бермеу

7.     Достарының отбасының , отанының сенімін ақтауға үйрету.

Қоғамның қай кезеңде болсын  жеке тұлғаның жан-жақты тәрбие алуын ұйымдастыруда оларға сапалы білім беру көзделген.Бұл мәселе ұлы ғұламалар еңбектерінде кеңінен орын алып, өзіндік сабақтастығын тауып келген . Әл-Фараби өз еңбектерінде сапалы білім алу үшін тәрбиеленушілерді екі топқа жатқызған.

1-ші топ өз еркімен білімді меңгеруге ұмтылушылар.Оларды оқытудың жеңілдігін, оларды өздеріне сенім арту керектігін атап көрсеткен.

2-ші топ  амалсыздан оқитындар.Ондай оқушыларды қатаң қадағалап оқыту дегенді ұсынған. Яғни білімнің сапасы оқытушының қандай  іс-тәсілдерді қолданып оқытуына тікелей қатысты екендігін дәлелдейді.

 

 

     Әл-Фараби педагогикалық  ықпал ету әдістерін алғаш ұсынған, оның тиімділігін, қолдану жолдарын дәлелдеп білім сапасын арттырудың мүмкіндіктерін көрсеткен.

   Әл-Фарабидің оқыту туралы  ілімі , оның ғылыммен байланыстыруы бүгінгі педагогикалық үрдістің негізгі теориясы, әдісі болып есептеледі.

Ұлы ғұламалар  Ж.Баласағұлының пікірі де , ұлы ғұлама ақын Абай ойлары да , Әл-Фарабидің  пікірін қуаттап, толықтыра түседі. О/б  бүгнігі күні жеке адамды қалыптастыруда ұлы ғұламалар еңбектеріндегі  білімді меңгерудің  іс-тәсілдерін  басшылыққа алсақ, педагогикалық үрдісті ұйымдастыру ұлттық психологиямызға сай өз үйлесімін табары анық.

     «Әр бір бала болашақ данышпан»  деген ой  қағидаға мән берсек, яғни табиғи таланттарды ашу, жас  талапкерлердің жарқырап көрінуі үшін  мұғалімдерге жүктелер міндет аз емес.Ол міндет оқушылардың шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін, ой-өрісін дамыту үшін аянбай еңбек ету, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту.Осы идеялдарды дамыту үшін  оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отыырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасау, негзгі қүндылық оқушы және оның жеке тұлғасы.

    Оқушының жеке тұлға ретінде тәрбиелеуді ұйымдастыруда дамыта  оқыту технологиясы  ерекше орын алады.Дамыта оқыту жеке тұлғаның барлық сапаларын тұтас сәйкестікке дамытуға бағытталған.Дамыта оқытудың басты мақсаты  -  баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.

   ХХ ғасырдың 30 жылдарының басында  Л.С. Выготский оқыту идеясын қозғады.Оқытудың гипотезасы  бойынша білім оқушының даму құралы.

1960-1990 жылдар арасында  Л.В.Занковтың  басшылығымен зерттеулер жүргізіліп, дамыта оқытудың  тұжырымадасы жасалды.Занков жасаған  жаңа жүйенің  негізі өсіп және дамып келе жатқан дара тұлға.

   Дамыта оқыту оқушылардың  танымдық әрекетін қалыптастыруға шығармашылық қабілеттерімен қызығушылығын арттыруға білімге, құштарлығын оятуға баулиды.

   Оқушылардың оқуға  сапалы және жауапты  көзқарасын тәрбиелеуге, өз бетімен  білім алуға, қосымша әдебиеттерді  оқып, ізденуге оқу еңбегін тиімді ұйымдастыруға  алған білімін өмірде тиімді пайдалануға үйретеді.

  Жаңа буын оқулықтарын оқытуда дамыта оқыту технолдогиясын  қолдану дегеніміз -  келекшек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына , белсенді, шығармашылық болуына жағдай жасау, жеке тұлғаны дамыту.

    Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағадай жасау деп қарау керек.Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғаліммен оқушының арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық  істердің ұйтқысы.Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып , шығармашылығын дамытады.

«Дамыта оқыту»   деген термин психолгия ғылымының қойнауында туып , баланың дамуын қарастырған  ( Ж.Пиаже), ойлаудың әр түрлі деңгейін типтерін  ) Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген ( Б,Г. Ананьев , Г.С.Костюк ,

 

А.А.Люлинская, Н.А.Менчинская) және тағы басқа іс әрекет теориясының психологиясын жасаған  ( А.Н.Леонтьев , П.Я.Гальперин )  еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған  екі  іргелі эксперимент жасалып, оның бірі  Д.Б.Эльконин , В.В. Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.

       Кейінгі жылдары  дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды.Жүйенің авторлары «Дамыта оқыту деп -  оқыту мақсаты, міндеттері іс-әдіс тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды»  атайды.(16.85) . Оқыту арқылы баланың психологиясында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді.Жүйенің басты мақсаттарының бірі -  баланы оқыта отырып жалпы дамыту,оның еркіндігін  қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағыдалнадыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау , тұлғалыққа бағыттау.

   Дамыта оқыту  -  дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші  субъект        дәрежесіне көтерілу көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.Дәстүрлі  және дамыта оқыту жүйелерінің  негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы .

 

 

 

 

Педагогикалық процесінің компанеттері

 

Мазмұндағы  басымыдылық

Дәстүрлі иллюстрациялық түсіндіріме әдіс

 

Дамыту оқыту

Мақсаты

Оқушыларда білім, білік

дағды қалыптастыру

Байқампаздығын

Ойлауын, практикалық әрекетін дамыту

Бастапқы мазмұн

Факторлар,мысалдар,тақырыптар,

дәлелдер

Заңдылықтарды,

теорияларды,

ұғымдарды,ережелерді қорытыу

Оқытудың формалары

Жеке,топтық,форнтальды

Бірлекскен ұжымдық іс әрекет

Оқыту әдістері

Ауызша түсіндіру,көрнектілік,практикалық

Промблемалық баяндау,ізденушілік,зерттеушілік,ойлау

Бақылау,бағалау

Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы,бағалауы

Өзін-өзі бағалау,Өзін-өзі бақылау,рефлекция

 

    

 

 

 

 

            Дәстүрлі оқыту әдістемесі  негізінде метафизикалық ( сандық, мазмұндық) әдіснама , ал дамыта оқыту технологиясының негізінде делектикалық ( интенсипті , сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім , білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бер деп есептеп ,сол ақылға дайын білім құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді , ойлауды жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын  принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.

         Дамыта оқытуда баланың ізденушілік -  ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады.Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз еекенін сезетіндей жағдайға түсуі керек.Сондан барып оның білім алуға деген  ынта ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.Сабақ бұндай жағдайда төмендегідей үш құрамдас бөліктерден тұратын болады.

 

1.     Оқу мақсаттарның қойылуы

2.     Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру

3.     Шешім дұрыстығын дәлелдеу

 

Бұл -  үшеуі  дамыта оқытудың  Д.Б.Элконин – В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компанеттері.

  Оқушы алдында оқу мақсаттарын қоюда ешқандай  дайын үлгі берілмейді.Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде  шешім табылған кезде  әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретеді.Әр оқушыға өз ойын  пікірі, айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады.Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес.Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

     Мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн.Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында   қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуттарын біртұтас етіп алады.Оның он жетінші сөзіндегі қайрат, ақыл, жүректің сөз таластыруында тек бірлесіп ынтымақтасқан жағдайда ғана  күш алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби- публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз. Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямызбен философиямызда да ежелден көтеріліп кележатқандығын көруге болады.

    Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жеткізудің маңызы зор.

Біріншіден  -  дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді,оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді.Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады.Сөйтіп осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз,таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.

 

Екіншіден-  Дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады.Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. «Жақсы оқушы» ,  «Жаман оқушы»  ұғымының болмауы  балаларды танымдық әректтерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.

Үшіншіден -  Оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті.Сол себепті дамыта оқытудағы  оқыту  әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді , қайшылықтарды шешу мақсат қояды.

Төртіншіден -  дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ған өз жемісн береді.   

      Мен өз сабақтарымда оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі тиімді формаларын оқып үйреніп, қолданып отыруға  тырысамын. Мен

математика  пәнін  оқытуда «Дамыта оқыту» техналогиясын пайдаланып журмін. Мен өзім дамыту оқыту технологиясын бірінші жыл пайдаланып отырғандықтан қортынды бөлімде өздік жұмыстар, тест және бақылау жұмыстарын алып журмін. Төменде 2-і сабақтарын өткізу жоспарын ұсынып отырмын.

 

Сабақтың  тақырыбы : Санды  және  әріпті  өрнектер. 

 

Сабақтың  мақсаты:

Білімділігі :

 а) санды   және  әріпті  өрнектер  ұғымын  қалыптастыру,

  шамалардың  арасындағы  қатынастарды  жазу  үшін 

  әріпті  белгілерді  қолдана  білу,амалдардың  реті  туралы 

  білімді  қолданып,санды  өрнектің  мәнін  таба  білу,әріптің берілген  мәнін  қолданып,әріпті  өрнектің  мәнін  таба  білу,арифметикалық  амалдардың  қасиеттерін  әріпті

 теңдіктер  арқылы  жаза  білу  қабілетін  қалыптастыру

 б)арифметикалық  амалдарды  өрнектерді  ықшамдауда 

  қолдана  білу  біліктілігін  қалыптастыру,арифметикалық

  тәсілдірді  пайдаланып  мәтінді  есептерді  шығара  білу  қабілетін  жетілдіру

 

 Тәрбиелілігі:Өз  бетімен  жұмыс  жасау  іскерлігіне,

  шығармашылық  қызмет  тәжірибесіне  тәрбиелеу

 

Дамытушылығы:1.проблема  бойынша   оқушылардың  өз  бетінше

                                 жұмысын  жүзеге  асыру

                              2.логикалық  ойын  ауызша,жазбаша  тіл 

                               байлығын  қалыптастыру,

                                пәнге   деген  қызығушылығын  дамыту

Сабақтың  типі:жаңа білімді  меңгерту

Сабақтың  түрі: дамыту сабағы

Сабақтың  әдісі:сұрақ-жауап,деңгейлік  тапсырмалар,өзіндік

жұмыс,тест

Көрнекілік:формула  жазылған  плакаттар,кеспелер

 

Сабақтың  жүру  барысы:

 

1.Ұйымдастыру  бөлімі

2.Үй  тапсырмаларын  тірек  схемасы  бойынша  қайталап  еске

    Түсіру

3.Жаңа  материалды   тірек  сызбасы  бойынша  меңгерту

  

 Санды  өрнек  ұғымы   оқушыларға  белгілі,сондықтан  бұл

  материалды  тапсырмаларды  орындау  және  есептерді 

  шығару кезінде  пайдаланып  кетемін

 

  Мыс:  1) 74-( 65+37): 3*2=

  Сұрақ  қойылады:Қандай  амалдарды  көріп  тұрсыңдар(көбейту,

  бөлу,азайту,қосу,жақша)  және  цифрлардан  құралған  өрнек.

  Сонымен анықтамасын  кім  айтады ? -деген   сұрақтар  арқылы  оқушылар  назарын  аудартып, санды  өрнек  тек  сандардан  және  амалдардың  белгілерінен  тұратынын  айтқызамын.                     

                       2) 352 х (А+15) :3=                                                                                                    

өрнегінде  сандар  бар  және  әріп  кездеседі.  Бұндай  өрнекті  қалай  атауға  болады?

Сонымен  санды  өрнек  деп  қандай  өрнекті  айтамыз?

Оқушылардың  ойлары  тыңдалады.

Санды  өрнектің  мәні, әріпті  өрнектің  мәні  деген  ұғымдарды  түсіндіремін.

Өрнекте  берілген  амалдарды  орындау  нәтижесінде шыққан  сан  санды  өрнектің  мәні  деп  аталады.

Әріпті  өрнектің  мәнін табу  үшін  әріптің  орнына  сандар  қойғанда  шыққан  сан  әріпті  өрнектің  мәні  деп  есептелінеді.

Мыс:  23х (3+10)х 60=

              (3+С) х 18=

Санды  және  әріпті  өренктердің қандай  ұқсастығы және  айырмашылығы  бар?

Оқушыларға  әріптердің  әр  түрлі  мәндерінде  әріпті  өрнектің  мәнін  табуға  қажет  ететін тапсырмаларды  қарастыруды  ұсынамын.

Осындай  тапсырмаларды орындай  отырып,оқушылар  әріпті өрнектің  мәні  оған  кіретін  әріптердің мәніне  байланысты  екеніне  көз  жеткізеді.

Сынып  оқушыларын  екі  топқа  бөліп,  мыныдай  тарсырмалар  бердім.

А   тобының  тапсырмалары:

1. Оқулықтағы  § 1.8.  Санды  және  әріпті   өрнектер  тақырыбының  мәтінін  оқып,  мына  сұрақтарға  жауап  дайындаңыз:

1)  Санды  өрнек  дегеніміз  не?

2)  Санды  өрнектің  мәні  дегеніміз  не?

3)  Көбейтудің   ауыстырымдылық ,  терімділік , үлестірімділік  қасиеттері.

4) №139\1:  Өрнектің  мәнін  табыңдар:  ( 13х52+348:12)х 206-106=

Б   тобының  тапсырмлары:

1.   Оқулықтағы§1.8.мәтінін  оқып,  мына  сұраққа  жауап  дайындаңыз:

1)  әріпті  өрнек  дегеніміз  не?

 2)  әріпті  өрнектің  мәнін  қалай  табамыз?

  3)  қосудың  терімділік  қасиеті.

  4)№139/2:  өрнектің  мәнін  табыңдар:  53 150: (20018-1968 х 9)х 4

     Х25=

  

Сабақтың   тақырыбы:  Жай  бөлшектер.

Сабақтың  мақсаты:

1).  Білімділігі:Өтілген  тақырыптарды  қайталау  және  жүйелеу.  Жай  бөлшектер  және  оларға  амалдар  қолдану  дағдыларын  қалыптастыру. 

2).  Жай  бөлшектерге  қолданылатын  амалдарды  қайталау, есте  сақтау қабілетін  артттыруға  жағдай  жасау,  есептерді  шығарғанда  тиімді   тәсілдерді  қарастыру.

3).  Дамытушылық:  Ойлау  қабілеттерін, өз  беттерімен  жұмыс  жасауын  дамыту,  математикаға  деген  қызығушылығын  арттыру.

Тәрбиелік : Алған  білімдеріне  жауапкершілікпен  қарауға ,  өз  мүмкіндігіне  сенуге ,  үлкен  жетістіктерге  ұмтылуға  үйрету.

Сабақтың  түрі :  пысықтау , дамыту  сабағы.

 Көрнекілік : интерактивті  тақтаға  арналып  жасалған  слайд , кестелер.

Сабақтың  жүру  барысы :

1.       Ұйымдастыру  бөлімі.

2.        Өтілген  материалдарды интерактивті  тақта  арқылы  еске  түсіру.

3.        Ауызша  сұрақтар .

4.       Логиклық  жаттығу.

5.       Кітаппен  жұмыс.

6.       Ауызша  есептер  математикалық  лото.

7.        Тест  тапсырмалары. 

8.        Амалдарды  орындау.

9.        Сәйкестік  тест.

10.   Сабақты  қорытындылау.

 

             Бағдарлау  парағы.

 

 

Ауызша  есептер

Логикалық есеп

Кітаппен жұмыс

Матаематикалық лото

Тест

 Қорытындылау

 

 

 

 

 


                                                                                                                        6-сынып

                                            Б а қ ы л а у   м о н и т о р и н г і

                          6-сынып                                                                                І тоқсан 

                        

                        5 сынып                                                                                ІІ тоқсан

 

 

                                    

                                           5 сынып                                                                                ІІІ тоқсан


                                         Қорытынды   

    

     Менің  баяндамамның  тақырыбы  «Математика  сабағында дамыта  оқыту  технологияны  қолдану».

 Мақсатым:  жеке  тұлғаны   қалыптастыру мен  оған  жан-жақты  терең  білім   беру  мақсатында  баланы  оқыта  отырып,  өз  бетінше шешім   қабылдауға  дағдыландыру  жолында  неғұрлым  тиімді  шараларын  енгізу.

Мұндай бағыттағы  шарларды  жүзеге асыру  үшін  бүгінгі  күн  талабы-оқытудың   жаңа  технологияларыненгізу,  білім  беруді    ақпараттандыру,  халықаралық  ғылымдық   коммуникатциалық   желілерге  шығу  екендігі   Қазақстан  Республикасының   «Білім  туралы»  заңында  белгіленген.

Ал  оларды  баяндау  үшін    қазіргі  дидактикалық  мүмкіншіліктерді ,   жаңа  идеяларды  және  білім  беру  технологияларын   пайдалануымыз  керек.

      Мұндай   технологиялардың   қалыптасуына   «Дамыта  оқыту»  технологиясы  еңбегін жатқызуға  болады.

Баланы  оқыта  отырып,  жалпы  дамыту.

Дамыту  нәтижесінде   әр  оқушы  өзін-өзі  үйретуші  субьект   дәрежесіне   көтерілуі  көзделеді 

Оқушыны  оқыту  мен  дамыту өзара  күрделі  процестер.

Баланың  тұлғалық  психикалық  қасиеттерінің  қалыптасуы,  яғни  танымдық  қызыметтің  өзінен   оқуышы  жағымдық    эмотциялар   алатындай  етіп  ұйымдастырылған   жағдайда  ғана  «тұлғаның  дамуы» іске  асады.

Дамыта  оқу  жүиесінде  оқушылардың  ойларын  жетілдірудің   маңызы  зор.

   − Дамыта  оқытуда  білім  даяр  күйінде  берілмейді,оған  оқушы    өз оқу  әрекеті  арқылы   қол  жеткізеді.

   −Оқушы  жоғары  қиындықтаға   мәселелерді   шеше   отырып   өзінің  санасының   саңылауын  ашады.

    −Оқушының жеке  басын   дамытатын   басты  құрал-ол  өзінің  әрекеті.

       Дамыта  оқыту   жүиесінің   нәтежелі   болуы  оқушы мен    мұғалімнің   арасындағы   жаңаша  қарым –қатынасы   арқасында   ғана  өз  жемісін   береді.

        Дамыта  оқыту   технологиясын  пайдалана  оқытып,   оқуға   қызығушылғы  пайда   болды.

Оқушылардың  білім   деңгейлері  жоғарылады.   Бұл  көрсеткішті

Оқушылардың  бағаларына  құрған  І-ІІ   тоқсандарға   арналған   салыстыру  маниторингінен   көруге  болады. Ал  Мырзағуатова   Нұрайна өте  ұяң, білгенін  ашып  айталмайтын.  Бұл  тәсіл  оқушының  ашылып  білгенін  айта  білуге ,  сабаққа  қатысып   

 отыруына  септігін  тигізді. 6 -сыныптың  сапа  көрсеткіштерін   салыстыратын  болсақ , І-тоқсанда  сапа  көрсеткіші 54,5  пайыз,   ІІ-тоқсанда    63,6  пайыз  болып,  ілгерілеу  пайда  болды.

Жеке  тұлғаның  оқуға  қызығушылығын   тудыруды ,  танымдық  процестерді,  оқушының  танымдық  қабілеттерін  арттыру  әдістерін  қолданып ,  бұл   технологияның  оқушы   тұлғалық   дамытудың  түрлі  аспектілеріне   ықпалын  анқтау  үшін   пайдаланамын.

Шығармашылықпен  айналысатын  оқушылар   алға  ұмтылып,   өздері  іздеп,  өздері  талдап,  жақсы  қызғушылықпен  оқып,  кез-келген   шараларды  өз  деңгеиінше  өткізеді.Сабақ  үрдісіне  ғана  емес,  пәндік  шараларға  да  ізденушілік,  шешендік,  жауапкершілікпен  атсалысып  қатысып,  белсенділік  көрсетіп ,  жақсы  көрсеткіштерге  ие  болып  жүрген  оқушыларым   Бағытжанов  Бағдат ,   Ғабиден  Жазира, Сәлімов  Кенжебек,  Хами  Ерсіндердің   білім  жолында   үлкен  болашақтары  бар   екендігін   атап  көрсеткім  келеді.

                             .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған    әдебиеттер

 

1.   «Дамыта   оқыту  техналогиасы    оқушыны  дамыту  құралы    ретінде»  (Д.С.Выготский,   В.В. Давыдов).

 

2.   Математика   5-сынып   ( 12  жылдық    мектепке  арнлған   оқулығы   А.Әбілқасымова,   И . Бекбоев.  Алматы  

     «Мектеп» 2007-жыл).

 

3.   Қазақстан  Республикасының  «Білім   туралы»  заңы  

      Алматы 2009жыл

 

4.   «Математика    және  физика»  журналы  2006-2007-жыл.

                                   

 

5.     Қазақстан  Республикасындағы   2015-жылға  деиінгі  білімм  беруді   дамытудың  тұжырымдамасы.

                   Астана   2004-жыл.

 

6.Дидактикалық материалдар Н. И. Пустовалова , Алматы мектеп 5- сынып 2007 жыл

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Документ по математику на тему "Дамыта оқыту технологиясы математика сабағында""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 258 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.12.2015 2300
    • DOCX 129.5 кбайт
    • 21 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахатова Жаңыл Мұхамбетжанқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11453
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания математики в среднем профессиональном образовании в условиях реализации ФГОС СПО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 68 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 520 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 298 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 687 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 799 человек

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Феноменология в педагогике: основные концепции и их практическое применение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек