Инфоурок / Другое / Конспекты / Документ ворд. дополнительное образование.(4 класс)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"

Документ ворд. дополнительное образование.(4 класс)

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Сакура гүлін жасау.


Сабақтың мақсаты: Оригами тәсілі  арқылы сакура гүлін

жасауды меңгерту.
Білімділігі: қағазды бүктеу тәсілдері арқылы, сакура гүлін жасап

үйрену,әдемі өнер туындысын жасап шығару.


Дамытушылығы: қол икемділігін дамыта отырып, ойын, танымдық

қабілеттерін арттыру, бейімділігін қалыптастыру, сөздік

қорларын молайту.


Тәрбиелігі: әсемдікке, сабақта алған білімдерін өмірде пайдалануға

тәрбиелеу; Табиғатты қорғауға баулу.


Сабақтың типі: Аралас сабақ


Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сәйкес гүлдер, гүлді жасау жолдары

(нұсқаулары).


Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету

Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар: түрлі - түсті қағаз, желім, қарындаш,

қайшы

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушылармен сәлемдесу.

Ә) Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды алдырту.

Б) Сабаққа оқушылардың назарын аударту.


Психологиялық дайындық.


Қане, шеңбер құрайық,
Дөңгелене тұрайық.
Ұнаған түсті таңдап ап
Тобымызды табайық.


Топқа түрлі түсті қағаз арқылы бөліну.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақ-жауап арқылы.


ІІІ. Оқушы білімін тексеру

І. Мақалды толықтыр
Әр атаның өз ұлы бар,
Әр бұтаның өз .... бар.


Әр ..... исі басқа,
Әр жердің жынысы басқа.


Бір ... толып ашылады,
Бір ... солып ашылады.


....ашылмай бұлбұл сайрамас.


Гүлді гүл деме егер сабағы болмаса.


Гүлдің тоны қырық жамау, бірақ исі бар.


ІІ. Жұмбақты шеш
Алуан түсті жайқалып тұр далада,

Басты азық, бал жинайтын араға.

Тарту етсін мерекелі күндерде,

Одан артық сый болмайды анаға (Гүл)
Ой қозғау. (оқушылардағы бар ақпаратты алу)

- Балалар, біз жақында қандай мерекені тойладық?
- 1 желтоқсан алғашқы Президент күні.
- Ал, алдымызда қандай мереке келе жатыр?
- Тәуелсіздік күні, жаңа жыл!.
- Мерекелерде адамдар бір - бірін қалай құттықтайды?
- Гүл сыйлайды.
- Неліктен?
(Балалардың жауаптарын тыңдау, толықтыру).
- Ал, енді, осы гүлдер туралы не білеміз.

- Гүл - әдемілік өлшемінің шыңы. «Гүл — өмірдің көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау - үлкен құрметтің белгісі.


ІV.Жаңа сабақтың мақсаты

Сакура гүлінің аңызы мен таныса отырып, қағазды бүктеу тәсілдері арқылы жасалу жолдарын үйрену.


V. Жаңа сабақты түсіндіру

Сакура – ағашы – Жапон халқының символы болып саналады. Сакура сәуір,мамыр қарсаңында гүлдеп шыға келеді. Жапон елінде де сакура гүлдегенде тіпті үкімет үйіндегілер де орталық бақтарына барып, халықпен бірге жаңадан жапырақ жайған гүлдерді сүйсіне тамашалайды екен. Ол “ханами” деген дәстүрге айналыпты. Бұл сөздің мағынасы мынадай екен «хана»- гүлге, ми – қарау. Арнайы мереке ретінде аталып өтілетін бұл іс - шараға құрметті қонақ ретінде шетел дипломаттары мен журналистер де шақырылады . Өйткені, сакураның гүлдеуі – жапондар үшін жаңарудың туы мен ұраны іспетті. Бізде жаңару айы Наурыз саналса, жапондарда ол сәуір айына тұспа - тұс келеді. Сондықтан жапондықтардың барлығы, мейлі ол мемлекеттік қызметші болсын, мейлі кәсіпкер болсын, мейлі қарапайым жұмысшы отбасы болсын осы аймен бірге табалдырықтарынан бақыттың аттауын тілейді. Жапониядағы әрбiр мекеме, ұжым ағаш саясында отырып, арнайы әзiрленген тағамдардан дәм татып, сакэ iшедi Сакура гүлдеген кезде жапондықтар ұлттық киімдер киіп, бұл кезеңді ән айтып, билеп, ұлттық ойындар жүргізіп өткізеді. Ұлттық тағамнан ауыз тиіп,  бір-бірін осы кезеңмен құттықтап, игі тілектер айтады. Ханами кезеңінде саябақтарда аяқ алып жүру мүмкін болмайды. Кейбір жандар ағаш түбінде тәулік бойы тұрақтанып қалуы мүмкін. Бұл уақыт аралығында жапон халқы жұмыс істемейді, жастар мен мектеп оқушылары сабаққа бармайды. Барлығы сакураның гүлдегенін бақылайды. Шие ағашының саясында демалып, табиғат құбылысына тамсанады. 

hello_html_fd82a91.jpghello_html_m541b1e57.jpg









Сакураның гүлдеу кезеңі бір аптаға созылады. Ең бірінші болып Жапонияның оңтүстігінде отырғызылған ағаштар гүлдейді. Сондықтан да алғашқы кезеңді назардан тыс қалдырған жандар солтүстік аймаққа барып, шие ағашының қауыз жарғанын бақылай алады.

Сакура астында сэке ішіп отырғанда, шараға гүл жапырағы түссе, келер жыл молшылыққа, табысқа, сәттіліктерге толы болады деп болжаған.hello_html_4cfdb3ad.jpghello_html_395db778.jpg










Сакура туралы мынандай аңыз да бар деседі. Сакура атты қария Хотта деген байдың қаталдығы туралы Сегун өлкесінің басшысына шағым айтып келеді. Бірақ басшы жалаң сөзге сенбейді. Сол кезде Сакура балаларын шақыртып, әлгі байдың ұрдажықтары дырау қамшымен тіліп - тіліп тастаған арқасын көрсетеді. Сегун болса қатыгез Хоттаның сазайын береді, бірақ ыза - кегін ішіне бүгіп қалған ол кейін Сакураны балаларымен бірге қолына түсіріп, шие ағашының діңгегіне байлап, таяқтың астына алады. Қашан көз жұмғанша... Міне, содан бері, дейді жапон аңызы, Сакура мен бейкүнә балалардың қаны бойына сіңіп қалған шие ағаштары қызғылтым түсті бояуға малынып гүлдей бастайды. Сакура, сакэ, самурай, сакана сияқты жапонның ұлттық символы болып табылатын атаулар мен қазақтың саумал, саба, сауу сөздерiнiң түбiрi бiр. Көне жапон тiлiнде Са – Құдай деген мағына береді" Ал кура қазақша қора және ер-тұрман ұғымдарымен мәндес

Міне, тіпті табиғаттың өзі адам баласының жауыздығын ғасырлар бойына ұмытпай, жыл сайын еске салып тұратын қасиеті болады екен.

hello_html_5784c4c.jpghello_html_1f306380.jpg








Сарамандық жұмыс

Жұмысқа қойылатын талаптар:
1. жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін естен шығармау
2. нұсқау көмегімен жұмысты орындау.
3. Қағазды бүктеу арқылы, яғни оригами техникасы бойынша «сакура» гүлін

жасаймыз

hello_html_m22e6705f.jpghello_html_4dd36951.jpghello_html_m47e94dda.jpg








Сергіту сәті

VІ. Жаңа сабақты түсіндіргенін сұрау.

Сұрақ-жауап арқылы


VІІ. Бекіту.

Венн диаграммасы арқылы


Айырмашылығы Ортақ қасиеті Айырмашылығы







Қорытынды
-Гүлдер үнемі қуаныш әкеледі, сондықтан да адамдар бір - біріне гүлдер сыйлайды, сыйлай да бермек
Елбасының халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін мектеп, өз үйіміздің айналасын көгалдандыру, жасыл желекке айналдыру - бәріміздің парызымыз.


Бағалау


VІІІ. Үйге тапсырма:
сакура гүлін жасап келу




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-057643

Похожие материалы