Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Конспекты / Документ ворд. дополнительное образование.(5класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Доп. образование

Документ ворд. дополнительное образование.(5класс)

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Лотос гүлі


Сабақтың мақсаты:


Білімділік : Оқушыларға лотос гүлі туралы түсінік

беру, қағаздан жасалу тәртібімен таныстыру.


Дамытушылық : Ой – өрісін кеңейту, танымын арттыра отырып, жылдам

ойлауға, пікірін жеткізе алуға, дұрыс шешім қабылдай білуге

бағыттау, өз ойын дәлелдей алуға мүмкіндік туғызу.


Тәрбиелік: Балаларды бірлікке, ұйымшылдыққа, ынтымақ пен бірлікке,

жолдастыққа, көмек көрсетуге баулу.


Сабақтың түрі: жаңа сабақ.


Көрнекіліктер: слайд, ойын түрлері, қима қағаздар, киіз үй макеті


Сабаққа қажетті

құрал-жабдықтар: қайшы, түрлі-түсті қағаздар, желім, шүберек


Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика, көркем әдебиет, тарих


Сабақтың барысы:


I Ұйымдастыру кезеңі:

А) Оқушылармен сәлемдесу.

Б) Сабаққа оқушылардың назарын аударту.

Сабақты бастамас бұрын «Ережені» есімізге түсіріп алайық.

1. Тыныштықты сақтау

2. Бірін-бірі тыңдау

3. Өзін ойын айту

4. Уақытты үнемдеу.

Сыныпты екі топқа бөлу:

  1. Жалын

  1. Ұшқыр

Психологиялық дайындық:

Жарқырайды қаламыз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң, қонақтар!
Қайырлы таң, достарым
!


- Балалар,бүгінгі сабағымыз ерекше қызық болып өтпек, біз барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.

- Қане, барлығымыз ертегі еліне саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма?

- Дайынбыз

Балалар, біздің бүгінгі сабақ күндегіден өзгеше болмақ дегенім, бізге бүгін Ертегілер елінен «Ертегі перизаты» қонаққа келеді. Яғни ол бізден көмек сұрай келумен қатар біздің білімімізді тексере келіпті. Ол өзімен бірге өзеннен тауып алған затын ала келіпті.

- Осы сабақта біз Ертегі Перизатына көмектесу үшін қолдан келер көмегімізді аямаймыз ғой, иә, балалар ?

- Иә.

Онда бүгінгі біздіңсабағымыздың мақсаты Ертегі перизатының қолындағы затқа мағлұмат беру.

- Ол не зат екенін білесіңдер ма балалар?

- Жоқ

- Ертегіде өздерің білесіңдер жануарлар да, айналадағы қоршаған табиғаттың бәрі де сөйлеп кетеді.Ертегі кейіпкерімен бірге бүгін біз де сөйлейміз, бір-бірімізге көмектесеміз.


Ертегі перизатының сабаққа кіруімен ғажайып сәт ұйымдастыру.

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Балалар, мен Ертегі перизатымын. Мен сендерге мына гүлді көрсеткелі келдім, сендер мына менің қолымдағы гүлдің атын білесіңдерме?

- Ия.

Ертегі перизаты: Бұл гүлдің аты қандай?

Мұғалім:Құрметті Ертегі перизаты! Гүл туралы таным – түсінігіңді кеңейткің келсе, оқушылармен бірге бүгінгі сабақта осы тақырып бойынша жан-жақты мағлұмат алуға шақырамын. Сонымен қатар, түрлі-түсті қағаздар арқылы жасалу жолдарын көрсетеміз.


ІV. Жаңа сабақты түсіндіру:


«Ой шақыру» әдісі

1.Балалар жалпы гүл дегеніміз де көз алдымызға не елестейді?

2.Қандай гүлдердің түрлерін білесіңдер?



Лотос (Nelumbo), шамгүл — лотос тұқымдасына жататын көп жылдық су өсімдіктерінің бір туысы.

Су бетінде қалқып жүреді

Лотостың жапырағы, гүлі су бетіне шығып тұрады.

Жапырағы ірі, қалқан тәрізді

Жапырақ сағағы ұзын.

Гүлі ірі, қос жынысты, ұзын гүл сидамына жеке-жеке орналасады.

Жемісі — сопақша келген, көп тұқымды жаңғақша.

Лотостың құрамында С витамині және каучук сағағы бар

Өсімдіктерінде улы зат — нелюмбин бар.


Лотостың қоңыржай аймақ пен тропиктік жерлерде өсетін жаңғақты лотос және сары Лотос деген түрлері бар. Бұл түрлердің айырмашылығы — гүлдерінің түсінде (қызыл, сары). Атпа тамыры және тұқымдары арқылы көбейеді. Қазақстанда соңғы жылдары Іле өзенінің Балқаш көліне құятын тұстарында қолдан өсіріледі. Тұқымы мен тамыры тамаққа пайдаланылады.


Тамыры жерден бастау алып, суда өсетін, ауада гүлдейтін "лотос" атты ғаламат гүл туралы аңыздан хабардар болыңыз.


Бұл оқиғаның ерте болғандығы соншалықты, бұл аңызды ең кәрі деген қариялардың өзі біле бермейді. Хикая Ханка көлінің суы сәбидің жасындай мөлдір болған кезде орын алған. Иә, ол заман сондай тыныш, сондай берекелі еді. Өзен жағасында өмір сүретін тайпа өкілдерінің аулаған балықтары қысқа да, көктемге де жететін. Аңдардың көп болғандығы соншалықты, құрылған ешбір қақпан бос қалмайтын. Бұлақтың суындай сыңғырлаған күлкіге ие ай десе аузы, күн десе көзі бар арулардың сұлулығын көру үшін аспандағы күннің өзі аялдайтын деседі. Олардың арасында Лото есімді бойжеткен

болыпты. Лото өзге құрбыларынан қардан да аппақ ажарымен ерекшеленген екен. Және қыз өзгелер сияқты дауысын шығарып күлмейтін, бірақ, жымиысының өзі ағып бара жатқан жұлдызды еске салатын. Оның осы үркер мұңына себепкер болған – сол тайпаның ең қайсар жігіті еді. Есімі - Энтой. Сәттілікті серік еткен сері аңшылықта тапқан барлық табысын үйлену тойына жинайды. Аңнан қайтқан сайын Эйне атты сүйген қалыңдығына сыйлықтар алып келетін. Ал тәкаппар Эйна:


- Сен табысты жақсы табасың, Энтой! Бірақ маған сенің сыйлықтарың керек емес, менде бәрі бар! - деп айқайлап күлетін де, Энтойдың көңіл-күйін түсіретін. Оның Лотодан несі артық еді? Неге ол тәкаппар Эйнаны қалайды? Лотоның да көздері Эйнаның көздеріндей қарақат емес пе? Шаштары да теңіздің толқынындай... Ауыл адамдары осы сауалдардың жауабын таба алмайтын. Лото да жалғыздықты құшақтап, өзен кешуін жалғастырып жүре берді.


Күндердің күнінде Энтой Эйнаға адамшөптің (женьшень) тамырын сыйға алып келіп, қыздың табанының астына қояды. Қыз оны теуіп жіберіп:


- Энтой, ел-жұрт сенің мені жақсы көретіндігің туралы әдемі әңгімелер айтып жүр, сен де менің өз үйіңе қожайын болғанымды қалайды екенсің... Жарайды. Бірақ сен алдымен маған әлемдегі ең жалғыз деген, ешкім көрмеген, ешкім ешкімге бермеген сыйлықты әкелуің керек, - дейді. Энтой:


- Әкелемін! Теңіз патшасынан тартып алсам да, аяғыңа әкеліп тастаймын, - деп уәде берді.


- Тоқта, аңшы бала! Мен сені бір жыл күтемін. Межелі мерзімге дейін келмесең, мені ұмыт, - деді де қыз суға сүңгіп кетті. Самал жел оның қап-қара шаштарымен ойнай жөнелді...



Бозбала сол күні-ақ сапарға аттанып кетеді. Ол күн ұясына қонатын жаққа қарай жүре берді, жүре берді. Ал махаббат отына күйіп жүрген Лото жігіт жолға шыққан жердегі қайынның жанына келіп, оның жолын тосатын. Кеш бата салысымен, Энтойды қарайлаумен көзі талатын. Жігіт мұның бірін де білмейтін.


Міне, белгіленген мерзімнің соңғы күні де таяды. Лото баяғы қайыңның жанына қайта келді де, құшақтап жылай бастады:


- Жан құрбым қайың? Айтшы маған, Энтой неге келмеді? Мен оны енді көре алмаймын ба? Неге мен онымен бірге бола алмаймын?


Қайың үнсіз ғана жапырақтарын сілкіледі... Бір дауысты естігендей болған Лото көл жағасындағы қайыққа отырып, ескекті жылдам есе бастады. Біраз жол жүргеннен кейін өзінен-өзі көл суына секіріп кетті. Ханка ұйық келгендей буырқанып, суы лайланып, қорқынышты дыбыстар шығара бастады. Жағалауға Энтой келгенге дейін Ханка ашуын баса алмады.


Еңсесі әбден түсіп кеткен Энтой өзіне қол жұмсауды ойға алған. Өлім үшін Ханканы таңдады. Ол бір жыл бойы жарты әлемді кезіп перизатына лайықты сыйлық іздеп таба алмаған болатын. Уәдесін орындамаған күйі елге қайтқаннан гөрі өлімді таңдады. Су құшағына қарай денесін тастауға ыңғайлана бастағанда, су бетіндегі гүлге көзі түсті.


Мұндай гүлді Энтой бұрын-соңды көрмеген еді. Лас суда алқызыл күлтелі көрікті гүл қалықтап жүрді. Таңғы шықтай мөлдір, гауһардай тартымды, арудай көркем. Энтой гүлді жұлғанда бойына бір күштің дарығанын сезді де, өзі іздеген сыйлықтың осы екендігіне көзі жетті.


Бүкіл тайпа бозбаланы қарсы алуға шықты. Энтой Эйнасына қолындағы гүлін ұсынды. Қыз гүлді қолына алғанда аспандай алып, күндей күшті, жердей жалынды махаббаттың тұла бойын билеп бара жатқандығын байқады.


- Сүйіктім! Мен сені күттім. Мұнда гүлді сен ғана алып келе алатын едің. Қарашы: Оның күлтелері Лотоның ажарын, оның саған деген махаббатын еске салады. Мен бұл гүлді оның құрметіне атағым келеді.


- Иә, мен де келісемін. Біз оны "лотос" деп атайық, ол әрқашан бізбен бірге болады,- деп жауап берді Энтой.



Энтой мен Эйна ұзақ жылдар бойы тату-тәтті өмір сүрді. Олардың бірнеше балалары да, қолдаушы гүлі де болды. Лотос гүлі Энтой өлген күні ғана солған деседі.


Содан бері Ханка көлінде осы бір аты да, заты да сұлу гүл өсетін болған. Оның пайда болу тарихын сезген Ханка да өзінің перзентін әрқашан әлдилеумен келеді.


hello_html_m328fc59e.jpghello_html_7032cc7a.jpghello_html_m6daee0a0.jpg









-Балалар, лотос гүлі туралы жалпы мәлімет алдық, енді сабағымыздың негізгі бөліміне көшейік


Түрлі-түсті қағаздан лотос гүлді жасауда алдыменен қағаз түстерін таңдап аламыз


hello_html_mee1a151.pnghello_html_m6e384a9d.pnghello_html_1ec1da80.png











hello_html_10496b27.pnghello_html_m361e3615.pnghello_html_mc16e4.png








hello_html_m4d4b05eb.pnghello_html_m481d8ad2.png








V. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру:


«Лотос гүлін құтқару » ойыны.

Сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы судағы шылау басып қалған лотос гүлін құтқару

- Біз қалай лотос гүлін шылаудан арылтамыз деп ойлап отырсыңдар ғой иә балалар, Ертегі перизаты?

- Әрине, сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы.

- Ертегі перизаты балаларға лотос гүлін шылаудан арылтуға көмектесуге қалай қарайсың?

- Әрине, көмектесемін.

Сарамандық жұмыс.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау


1. Қайшымен жұмыс: а) қайшыны жоғары көтермейді.

ә) жұмыс уақытында қайшыны ұсынғанда оның жүзін жауып,

сақина жағымен ұсынамыз.

б) қайшыны ашық тастауға болмайды.


2. Желіммен жұмыс: а) желімді ауызға салуға болмайды.

ә) желімдеу кезінде қолды сүртіп отыру керек.



Бүгінгі сабақта 2 топқа берілген тапсырма түрлі-түсті қағаздан лотос гүлін жасату.

Балалардың ой-өрісінің дамуына, қиялына, өзін еркін ұстауына, ойлауға саз әуені психологиялық тұрғыдан жақсы әсер етеді. Сондықтан оқушылар жұмысқа кірісерде баяу ән қойылады.

Сабақ соңында жақсы орындалған жұмыстарға тоқталып, қате жұмыстарға ескертулер айтылады.


Сергіту сәті:







VI. Жаңа сабақты бекіту


«Топтастыру» әдісі арқылы


hello_html_m7e9ebfe9.png
































- Міне,балалар, бүгін алған білімдеріңмен Ертегі перизатымен бөлісіп көмектестіңдер.Ертегі перизаты ризашылығын білдіріп сендерге осы гүлді сыйламақшы!


Ертегі перизаты:

-Сіздерге рахмет! Сіздердің бүгінгі сабақтарыңыздан лотос гүлі туралы көп мәлімет алдым. Оның шығу тарихымен, түрлі-түсті қағаздан оның жасалу әдісімен таныстым.

-Ал, балалар сау болыңдар!


Бағалау. Оқушыларды жинаған смайликтері арқылы бағалау.



VІІ. Үй тапсырмасы:

Лотос гүлінің қызыл түсін жасап келу.hello_html_6972b15e.jpg

Автор
Дата добавления 28.04.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Конспекты
Просмотров59
Номер материала ДБ-057640
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх