Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Другие методич. материалы / Документ «Жоғары оқу орындардағы бокс мамандығы студенттердің арнайы физикалық дайындығы»

Документ «Жоғары оқу орындардағы бокс мамандығы студенттердің арнайы физикалық дайындығы»


  • Физкультура

Поделитесь материалом с коллегами:



«Жоғары оқу орындардағы бокс мамандығы студенттердің арнайы физикалық дайындығы»


Мәселенің көкейлістігі: Боксшыларды дайындаудың қазіргі жүйесі жан – жақты шыныққан, жұмыс қабілеті жоғары боксшыларды талап етеді.

Бокстағы келесі мәселелердің бірі, жас боксшылардың жарыс алдындағы дайындық кезеңінде, спорттық шеберлігін жоғары деңгейге көтеретін тиімді жолдарды іздестру.

Жас боксшылардың дайындық кезеңіндегі олардың дайындықтары туралы, сондай – ақ жалпы және арнайы дене дайындықтары көрсеткіштерінің ақпараттылығы туралы жұмыстар өте аз, тіпті жоқтың қасында деуге болады, сондықтан да бұл осы жұмыстың көкейкестілігін анықтайды.

Болжам: қазіргі таңдағы жаңа ғылымилық–әдістемелік тұрғыдан қарастырылған бағдарламаны оқу–жаттығу барысында қолдану, бокс мамандығы студенттерінің арнайы физикалық деңгейлерін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Зерттеу объектісі – жоғары оқу–орындарында бокс мамандығы студенттерінің оқу–жаттығу барысы.

Зерттеу пәні – жоғары оқу–орындарында бокс мамандығы студенттерінің арнайы физикалық дайындығы.

Зерттеу мақсаты – бокс мамандығы студенттердің арнайы физикалық дайындықты жетілдіру.

Мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегі міндеттер койылды:

  1. Бокс мамандығы студенттерінің оқу–жаттығу барысында ерекшеліктеріне қатысты ғылыми, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу және боксшылардың арнайы физикалық дайындығын жетілдірудің негізгі жолдарын талдау.

  2. Бокс мамандығы студенттерінің арнайы физикалық дайындығының әдістемесін құрастыру.

  3. Құрастырылған әдістемені негіздендіру.

Зерттеу әдістері – теориялық талдау және ғылыми–әдістемелік әдебиеттерді жинақтау, морфологиялық–қызметтік жағдайын зерттеу, педагогикалық бақылау, педагогикалық тестілеу.

Жұмыстың нәтижесі:

Дене шынықтыру және спорт мамандығының типтік оқу бағдарламасында бокстан жаттықтырушыларды сапалы түрде дайындау үшін базалық пәндер циклі бойынша міндетті компонентке 8 пәннің әрқайсысын 2 кредиттен оқытуға арналған 16 кредит енгізілген.

Сонымен, 16 кредиттердің ішінде дене дайындығына - 2 кредит 3 семестрде беріледі және әр түрлі спорттық дайындықтың қасиеттерің дамытуға қосымша таңдау бойынша компонентің 16 кредиті «Жалпы кәсібі қызметтерің жетілдіру» сабақтары арналған.

Бокс мамандығы студенттерінің дене дайындығын жылдық оқу-жаттығу барысында қүнделікті жүргізу қажет, себебі дене дайындығы жүйелі түрде, жылма жыл дамытылып отыруға міндетті. Сондықтанда біз ұсынып отырған бағдарлама тек теориялық дайындық деңгейін ғана емес, спортшылардың барлық дене қабілеттерін біріктіріп, олардың дене дайындықтарын дамытып жоғарғы спорттық жетістіктерге жетуіне мүмкіндік береді.

Бірінші курсқа оқуға түсу кезінде студенттер оқу-жаттығу топтарына жинақталып оқытушыларға бөлінеді. Топ кураторы жаңадан келген балғын спортшылардан бастап, разряд алып спорттық жетістіктер көрсетіп төртінші курсқа жеткенге дейін тәрбиелейді.

Бокс мамандығы студенттерінің оқу-жаттығу барысында дене дайындығына берілген сағаттарды жоғарылатып, жаттығуды күніне 2 рет жүргізіп, жаттығуда жалпы және арнайы дайындықтың мөлшерлерін дұрыс тағайындап олардың шеберліктерін онтайландырдық. Құрастырылған бағдарлама келесі кестелерде көрсетілген:

(кесте 1).

Дайындық кезеңіндегі жаттығудың апталық кестесінің үлгісі келесі схема бойынша жүргізілді схема 1

Аптасын 5 рет жүргізілетін жалпы жүктеме суммасы (1000-1400 мин.) қарқындылығы 69-71 %; жалпы дене дайындығы көлемі мен қарқындылығы (400-430 мин және 60-62 % сәйкес); арнайы-дайындық жаттығулар (250-260 мин және 65-67 %), техникалық-тактикалық шеберлікті жетілдіру (190-200 мин және 78-80 %). Жарыс жаттығулары (42-50 мин және 83-85 %).


Жаттығу күніне екі рет жүргізіледі, тек микроциклдың арасында күніне бір жаттығу, кешкісін – монша (бейсенбі), жексенбі – демалыс күні, сенбі – ойын күні – 1 рет.

Зерттеу нәтижелері.

Экспериментте 30 бокс мамандығы студенттер қатынасты. Студенттердің қызметтік және физикалық қасиеттерінің көрсеткіштері эксперимент басында және сонында зерттелінді

Боксшылардың ТСЖ мен қан кысымы оңтайлы мөлшері – қалыпты жағдайды көрсетеді. Қол күші мен өкпе тіршілік сиымдылығы жоғары көрсеткіштері негізінен нормаға сәйкес. Алынған мәліметтер индекстер әдістері бойынша өңделді: бой-салмақ, күш, тіршілік, кардиологилық индекстер анықталды.

Бой салмақ индексі бойынша, боксшылардың салмақ индекстері нормаға сай немесе сәл төмендеу яғни салмақтары бойларына сәйкес келеді. Тіршілік және кардиологиялық индекстер жоғары болып келеді.

Эксперимент сонында: Тіршілік, кардиологиялық, күш индекстерінің көрсеткіштері жақсарды, және соған сәйкес тыныс алуды ұстауға арналған сынамалар көрсеткіштері де жақсы болды.

Физикалық дайындықтың деңгейі келесі сынамалар арқылы тексерілді: 10 секунд аралығында боксшы қабына соққы саны сол жақ қолмен, , оң жақ қолмен, екі қолмен.

Зерттелінген көрсеткіштер нәтижесі 6-ші кестеде келтірілген.

Эксперименттік топтардағы студенттер бақылау топтарымен салыстырғанда қозғалыс тестілер бойынша жоғары нәтиже көрсетті, Р < 0,001 болғанда, сол қолмен ұру өсуі эксперименттік топта - 5,9 рет (84 %); бақылау тобында – 3,4 (30 %); оң қолмен ұру санының өсуі эксперименттік топта - 2,9 рет (60 %); бақылау тобында – 2,1 (57 %) бірдей өзгерді.

Сонымен қолданылған тестілер дене дайындығын жетілдіретін бағдарламаның тиімділігін қөрсетті, және физикалық қасиеттерінің деңгейін жылдам қөтерді.

3 курстың 22 студентінің 16 студенті бірінші курстан бастап оқиды, олар өз шеберліктерін төмендігідей көтерді: 1 – спорт шебері, 4-спорт шеберліктеріне үміткерлер, 4 - бірінші разряд, 2 адам - екінші разряд, тек бір студент қана разрядсыз. Міне осылайша, студенттердің - 60 % шеберлік деңгейлерін жоғарылатты, 12 % - 2 разряд орындаса, тек 6 % - студенттер ғана спорттық нәтиже көрсетпеді.

Сондықтан, ғылыми-негіздендірілген жалпы дене дайындықтары жүктемесінің көлемі және қажетті тәсілдерін таңдай білу мен арнайы жаттығулар, спортшылардың нақтылы бір кезеңде жүктемеге бейімделу қабілеттерін арттырып, физикалық және функционалдық дайындық деңгейлерін жоғарылатты.

Қорытындылар:

    1. Қазіргі таңда, жоғары оқу-орындарында бокс мамандығына студенттерді дайындау бағдарламасында арнайы спорттық дайындық құрылымы мен мазмұнынын талдау, соның ішінде боксшылардың арнайы дене дайындықтарын зерттеу жұмыстары бойынша жеткілікті назар аударылмай отыр. Бокс мамандығы студенттерінің спорттық шеберліктерін, арнайы және жалпы дене дайындықтарының деңгейін тиімді жоғарылату үшін сағаттар санын арттыру керек.

    2. Кардиореспираторлық жүйенің функционалдық жағдайының көрсеткіштері зерттеліп, күш, тіршілік, кардиологиялық антропометриялық өсім көрсеткіштері нәтижелерді көрсетті.

    3. Арнайы физикалық дайындығын жетілдіруге арналған бағдарлама жаттығу процесінің тиімділігін елеулі арттырды. Жаттығу жүктемесінің көлемі боксшылардың жылдамдық-күш көрсеткіштерінің динамикасына әсер етті. Студенттердің дайындық бағдарламасын – арнайы дене дайындығының уақытын жоғарылату арқылы қолдану арнайы дене дайындығы мен ағзаның функционалдық жағдайының көрсеткіштерінің артуына әсер етіп, эксперименттік жұмыстың нәтижесімен дәлелденді.

    4. Бокс мамандығы студенттерінің арнайы дене дайындығы бағдарламасын эксперименттік негіздендірілді, эксперименттік топтағы студенттердің арнайы дене дайындықтары мен функционалдық дайындықтары жоғарылады.




Автор
Дата добавления 10.01.2016
Раздел Физкультура
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров226
Номер материала ДВ-323750
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх