Инфоурок Музыка Другие методич. материалы«Домбыра аспабын үйретудегі бастапқы қадамдар»

«Домбыра аспабын үйретудегі бастапқы қадамдар»

Скачать материал

Ашык сабақ «Домбыра аспабын үйретудегі бастапқы қадамдар»

                                                                

Сабактың мақсаты: Оқушыға домбыра аспабын үйренудегі бастапқы қадамды түсіндіре отырып, орындаушының отырысын, екі қолдың қойылымын дұрыс қалыптасуын және музыкалық сауаттық маңыздылығын түсіндіре білу.

а.Білімділік:  Қазақстан халық музыка мәдениетінің ең бастыболшегі аспаптық музыка, кұйшілік өнер және атакты күйшілердің өнері туралы білімдерін калыптастыру.

ә.Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін арттыру, музыка тыңдата отырып елестетуге дағдыландыру.

б. Тәрбиелік : Окушыны музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, күйлер мен шығарма әндерін жатқа ойнауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Оқушы аспапта дұрыс отыру, екі қолдың дұрыс қалыптасуын, музыкалық нотаны сауатты білуі. Іздену, көзбен нотаны жүгіртіп оқу, жатқа ойнау.

Кіріспе: Домбыра – қазақ халық арасына өте кең тараған аспап. Көрінер көзге қарапайым орындауға оңай көрінгенімен, домбыраның ашылар сыры жетерлік. Ғасырлар бойы жазылған тарихы, көтерген жүгі, атқарған қызметі, қалыптасқан әрқилы мектептері, орындаушылық үрдісі және оның әр түрлі әдістері бар. Оқушыға домбыраны үйретуде бір жүйелілік, бағыт болу керек. Есту, есте сақтау, ырғақты сезіну, зейіннің қалыптастыру, өз бетімен жұмыстану, жалпы өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақ 1 сынып оқушысы Ораз Даниямен откізіледі.

            Сабақ барысы:

Оқушының отырысы. Аспапты дұрыс ұстауы. Екі қолдың дұрыс қойылымы. Жалпы отырғышта отырғанда ыңғайлы орындықта отыруы. Табиғи қалпын сақтауы. Қыз баланың отырысында аяқты көтеру. Ер балаша отыру дәстүрде жоқ екенін ұстанған жөн болады.

Қойылым дегеніміз не?

Қойылым дегеніміз – музыка аспабын тарту кезіндегі орындаушының бүкіл денесінің, қолдары мен саусақтарының дұрыс қалыптасып, орналасуы және оның аспапты ұстау тәсілі.

Сол қол                                                             Оң қол

Б.б. – бас бармақ                                              б. б.- бас бармақ

1- бірінші                                                         с. с. – сұқ саусақ

2- екінші                                                           о. с. – ортаңғы саусақ

3- үшінші                                                         а. ж. с. – аты жоқ саусақ

4-төртінші                                                         ш. – шынашақ

 

Отырысымызды дұрыстағаннан кейін ашық ішекте қағыс алып үйренеміз. Жалпы қағыс дегеніміз не?

Ия, оң қолдың қимылымен дыбыс шығару әдісін – қағыс дейміз. Оң қолдың білезік буыны жұмыс жасау керек. Оң қолымыздың саусақтарын шашыратпай жинақтап, сұқ саусақпен төмен, бас бармақпен жоғары қағамыз.

Бірінші төмен бағыттағы қағыс (п) екінші жоғары бағыттағы (v)  қағыспен аламыз. Енді алма-кезек (п,v) қағыспен көрейік.

Бұл қағысты қалай атаймыз?

Алма-кезек қағыс.

Енді ашық ішекте қағыс алып, домбырадан шыққан дыбысты тыңдаймыз. Әрдайым екі қолымыздың қалпын қарап отыру керек.

Алғашқы сабаққа келгенде біздер бірден домбыраны тартып кеттік пе?

Домбыра үш буыннан тұрады.

Бас буын, орта буын, саға буын.

  • Басында немен таныстық?
  • Аспаппен. Қане, маған домбыра құрылысын айтып бер.
  • Басы, мойыны, кеудесі, тиегі, құлақтары, ойығы, түймесі, 19 пернесі, 2 ішегі бар.
  • Астыңғы ішектің аты қалай аталады? Соль.
  • Үстіңгі ішектің аты қалай аталады? Ре.
  • Астыңғы ішегі соль, үстіңгі ішегі ре деп аталады.
  • Ал соль, ре дегеніміз не? Нота.
    • Жалпы нота дегеніміз не?
    • Нота дегеніміз – ол музыкалық дыбыс.
    • Нотаны қайда жазамыз?
    • Нота желісіне.

Сұрақтар арқылы жауап алу.

– Домбырамызды алайық, нота ұзақтығын үйренгеннен кейін, ашық  ішекте не ойнап үйрендік?

Нотаның ұзақтыққа бөлінуі кестесін өлшемге санап тартамыз.

Өлшем деген не?                                    

     Такт ішіндегі үлестердің жалпы санын нота ұзақтықтарымен белгілеп жазу өлшем деп аталады.

Қандай өлшемдер бар 2-4;   3-4; 4-4.

Қағыстарға қолымызды жаттықтырдық, нотаны үйренгеннен кейін не істедік?

Ия, перне басып ойнадық. Міне бұл жерде бастапқы екі қолдың қойылымына ораламыз солай ма? Әсіресе сол қолдың домбыра мойынына дұрыс қалыптасуы бас бармақпен мойынының үстіне, төртінші саусақты астына шашыратпай, қаз-қатар әдемілеп орналастыруымыз керек.

– Домбыра мойынында қанша перне бар дедік?

  • Он тоғыз.
  • Сол пернелердің атауларын үйрендік. «Соль» ішегінде және «Ре» ішегінде.
  • Перне атауларын айтып берші, аппликатура жүйелігін сақтап отырамыз, бас бармақпен төмен бағытта шертіп көрсет.
  • Перне атауларын ойнап көрсету.

Аппликатура дегеніміз не? Аспапты тартқан кезде перне басатын саусақтардың орналасуы және нотадағы белгілері.

– Қане сабақтарды орындайық №1,2,3.

  • Біздер қандай әндер білеміз?
  • «Аллегретто » В.Моцорт.
  • Бұл әнде қандай белгі бар?
  • Ия, альтерация белгісі бар.
  • Қандай белгі «диез»?
  • Ия, қай нотаға қойылған? Фа нотасына койылган.
  • Басқа қандай альтерация белгілерін білесің?
  • Альтерацияның түсінігін білесің бе? (Диез, бекар)
  • Енді әнді ойнап берші.
  • Жақсы тағы қандай әндеріміз бар?
  • Калинниковтің «Тень-тень» әнін тартып көрейік, алдымен санаймыз, сосын нотасын айтып тартамыз.
  • Кабалевскийдің «Маленькая полька» әнін орындап берші. Нотасын дауыстап айтып отыру.
  • Бұл әндерде үстіңгі ішекте перне басылды ма?
  • Үстіңгі ішекті басып тарту арқылы қандай ән білеміз?
  • Қазақтың халық әні «Еркем-ай».
  • Бұл әнді үйренгенде қандай қиындық туындады?
  • Бас бармақты дұрыс баса алмай, саусақтарымыздың арасы созылмай, дұрыс перне баса алмадық.
  • Бұл қиындықтан қалай шықтық, не арқылы?
  • Тұғырлық жаттығулар арқылы позицияларды үйрендік.

            Позиция деген не?

Сол қол саусақтарының перне үстіндегі белгілі бір қойылым әдісін перне тұғыры немесе позиция дейміз. (1-4 позициялар орындау) Сосын «Еркем-ай» әнін орындау.

Қорытынды: Оқушы бастапқы қадамдарды дұрыс меңгеріп, қолдана білуі, ұстаздың жетістігі деп білемін. Жалпы қойылым, отырыс, музыкалық сауаттылық тек бірінші сыныпта емес жыл сайын айтып отырып, әрдайым есте ұстап, одан әрі күрделендіре беру керек. Теория мен практиканы ұштастырып сабақты жүйелі өткізген дұрыс болады.

Үйге тапсырма: Тұғырлық жаттығуларды қайталау

«Еркем-ай» әнін жатқа тартып келу, өткен әндерді қайталау.

Сабақ соңында бағалау: Үйге баруға рұксат. Сау бол!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Домбыра аспабын үйретудегі бастапқы қадамдар»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный хранитель

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 247 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2017 2650
    • DOCX 21.7 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нуртаева Айман Дауткуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нуртаева Айман Дауткуловна
    Нуртаева Айман Дауткуловна
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15353
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Музыкально-эстетическое развитие младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 133 человека

Курс повышения квалификации

Оркестровые и струнные инструменты: актуальные вопросы методики преподавания в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания музыкальной литературы в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 70 человек

Мини-курс

Психосемантика и социальная психология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек