Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Домбыра дастан әдеби музыкалық монтаж

Домбыра дастан әдеби музыкалық монтаж


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

 Тәрбиелік іс-шара

Тақырыбы: «Домбыра-дастан» әдеби-музыкалық композиция.

Мақсаты:1. Оқушылардың шығармашылық қабілетін өсіре отырып жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту. Мәдени сауатты, қазақтың аспаптық музыкасын терең түсінетін, құрметтейтін, өресі биік, халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу. Өнерге бейімдеу арқылы әсемдік әлемін таныту, өнерге деген сүйіспеншілігін, ынта - ықыласын арттыру.Ұлттық музыканың өнер қуаты мен күйдің күштілік қасиетін домбыра арқылы оқушылардың сезіміне жеткізіп,атақты күйші-композиторлардың шығармашылығымен таныстыру.

2.Оқушылардың өнерге,домбыра аспабына деген қызығушылықтарын арттыру,күй туралы білімдерін толықтыру, байыту, кеңейту. Эстетикалық тәрбие беру арқылы танымдық қабілеттерін арттыру.

3.Мәдени сауатты,қазақтың аспаптық музыкасын терең түсінетін,құрметтейтін,өресі биік оқушы тәрбиелеу.


Көрнекілігі: интербелсенді тақта, «Күмбір күйдің кемеңгерлері» атты слайд, «Домбыра туралы аңыз» атты деректеме,үнтаспа,күйлер жинағы дискілері,домбыра. Сахнаның ортасында символдық «аққу - домбыра»;
Домбыра және қазақ өнері туралы өнер зерттеушілерінің нақыл сөздері; «Домбыра - дастан» атты тарихи - этнографиялық мәліметтер топтастырылған стенд.

Тәрбие сағатының жоспары:

   Ұйымдастыру кезеңі.

   Кіріспе сөз.

1 - бөлім «Домбыра - дастан» домбыраның сыр - сипаты туралы.
2 - бөлім «Домбыра туралы аңыз» сахналық көрініс.
3 - бөлім «Күйшілер тарихынан»

4-бөлім «Викториналық сұрақтар»
Барысы: 
Жүргізуші
Ертеде бай кедейді,
Адам екен демейді.
Күйші бопты бір кедей,
Сол кезде аққу көмейлі.
Тебіренсе күй тартып,
Тыңдапты жұрт тамсанып.
Халқы қатты тамсанды,
Ханнан бетер қарсы алып.
Байлар оны жек көріп,
Жүреді екен кектеніп.
Қорыққаннан сыйлапты,
Қымыз беріп, ет беріп.
Қолға бір күн түсірді,
Ол да өнерін түсінді.
Өлмесін деп күйлерін,
Аққу қылып ұшырды.

1 муз.( «Аққу» биімен сахна ашылады.)

1 - жүргізуші:

Домбыра мұнша шешен болдың неге,
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің,
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе.
Аққудың әуеніндей үнің бар - ау,
Сарыарқа самалындай ескен баяу.
Бөбектей бесігінде маужыраған
Тыңдаймын мен отырып ұйқылы - ояу.

2 - жүргізуші:

  • Домбырада асқақтата ән салып, күмбірлетіп күй төккен өнерпаз халқымыздың асылынан артық қастерлеп үкі таққан, жалғызындай аялап қақ төріне ілген ең қымбат, ең сүйікті музыкалық аспаптардың бірі - домбыра. Ол ұлттың тарихында қарапайым халықтың қуанышы мен қайғы - қасіретін тең бөлісіп, қазақтың басын торлаған ауыр кезеңдерінде жұбаныш бола білген алып та ұлы аспап. Домбыра – жазу - сызу мен қазақтың қаламы мен сахнасының қызметін тең атқарған аспап. Домбыра - ішекті аспаптардың ең көне түрі. Домбыра қасиетін жырлайтын этнологиялық аңыздар өте көп.

1-жүргізуші:  


  •  Қай ұлттың болмасын өзінің ұлттық музыкалық аспаптары болады. Музыкалық аспап белгілі бір ұлттың музыкалық өнерін насихаттаушы құрал.Халық арасында кеңінен тараған аспап – домбыра аспабы. Домбырада әртүрлі музыкалық шығармалар орындалады. Ән, күй, терме, жыр, толғау, тіпті классикалық шығармаларды да орындауға болады.  Ен даладағы қазақтың қай-қайсысы да домбыраның үніне жан тәнімен беріліп, оны өзінің бүкіл асыл ойының қазынасындай сезінеді. «Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы қасиетті аспабы – домбыра. Оның сымдай тартылған қос ішегінде сан ғасырдың ақыл-ойы, көңіл күйі жатыр.   Домбыра елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көңіл-күйі.» - деген ұлы сөз осыдан қалған.Домбыра аспабы, бір сөзбен айтқанда, қазақ халқымен бірге жаралған деп айтуға болады. Қазіргідей ғылым мен техника дамыған заманда, домбыра ұлттық болмысты бейнелейтін символ, ұлттық музыка өнерінің жаршысы болмақ.


2-жүргізуші:  

.

  • Қазақ халқының музыкалық аспаптары сан алуан. Біздің ерте заманда өмір сүрген ата-бабаларымыз аспапты ойлап тауып, қолдан жасап ойнай білген екен. Ең алғаш пайда болған аспаптар – домбыра және қобыз аспабы. Уақыт өте келе аспаптың басқа түрлері де шыға бастайды: сыбызғы, үскірік, тоқпақ, дауылпаз,сазген, жетіген, сырнай, сазсырнай және т.б. Бұрын ел арасында небір әнші, жыршылар мен күйшілер өмір сүрген. Олар ел аралап, домбырамен тойларда ән салып, халықтың көңілін көтерген. Жаугершілік соғыс кездерінде домбырадан төгілген күй адамға рух беріп, еңсесін көтерген екен. Аты аңызға айналған ержүрек батыр Махамбет те домбырада ән салып, күй тарта білген.

Екі ішектің бірін қатты,

  Бірін сәл –сәл кем бұра.

  Қазақ –нағыз қазақ емес,

 Нағыз қазақ — домбыра-деп Қадыр Мырза-әлі ағамыз жырлағандай кезекті домбыраға берейік!


2 муз Күй: Түркештің күйі «Көңіл ашар»

Орындайтын


Слайд Түркеш туралы


Түркеш Қалқаұлы(1832, қазіргі Батыс Қазақстан облысы - 1875, сонда) -халық күйшісі. Түркеш жасынан ән-күйге бейім болды. Байбақты, Баламайсан, Байжұма, Есжан күйлерін орындаған домбырашыларды тыңдап, олардың өнерінен үлгі-өнеге алды. Өз өмірін, өнерін әділетсіздік пен озбырлықка қарсы күрес жолына жұмсады. Сол үшін атқа мінерлердің қудалауына үшырап, Орал, Астрахан түрмелеріне қамалды. Түркеш шығармаларының негізгі арқауы азаттықты аңсаған халық өмірі болды. Оның "Қарабас", "Қоңыр ала", "Салық өлген", "Аңшылық", "Теріс какпай", "Көңіл ашар", "Байжұма", "Аксақ құлан" т.б. күйлері бар. Түркештің күйлері Қазақ академия халық аспаптар оркестрінің репертуарынан берік орын алды.



1-жүргізуші: -.Домбырамен сөйлеткен

    Махаббаты халқымның

      Жігер беріп күй деген

    Шақырады алтын күн.

-Ендеше қасиетті қара домбыраның құрылымына назар аударайық!

Домбыраның құрылымы

Домбыра негізгі үлкен үш бөліктен тұрады:

  1. шанағы(кеудесі)

  2. мойны

  3. басы;

-Шанақта дауыс шығаруға арналған ойық, үлкен тиек және ішекті тартып тұратын түйме орналасқан ;

-Мойын пернелерге бөлінген;

-Басында ішекті тартып бұрауға арналған екі құлақ бар. Құлаққа екі ішек тағылады. Құлақ домбыраның күйін келтіруші роль атқарады.



2-жүргізуші: - Енді осы домбыра аспабында ойналып қаралы қайғыны естірткен күй туралы аңызды тыңдаңыздар. (сахнада аңыз оқылғанда күй орындалып тұрады)

ІІ бөлім. «Домбыра туралы аңыз» сахналық көрініс.

Аңыз күй «Ақсақ құлан»

Автор:

  • Ертеде ел билеген Хан өмір сүріпті. Бір күні оның жалғыз баласы әкесінің тілін алмай, құлан аулауға шығады. Құлан аулап жүріп, хан баласы ұзап кеткенін байқамай қалады.

Біршама уақыт өтеді. Жазық далада бір топ құлан жайылып жүр. Хан баласының атқан оғы үйірді бастап жүрген басшы құланды жаралайды. Жараланып ызаланған құлан аңшыға қарсы шауып келіп, баланы теуіп өлтіреді. Ұлы кешке оралмаған соң, хан бір сұмдықтың болғанын сезіп:

Хан:

  • Іздеңдер, табыңдар аман-есен ұлым отбасына оралатын болсын! Ал кімде-кім балам туралы жаман хабар әкелсе, сол адамның көмейіне қорғасын балқытып құйдырамын,

Автор:

- деп уәде береді.Халық не істерін білмей қиналады. Сол кезде оның уәзірлері елге танымал күйшіні іздеп тауып,оған хабарды естіртесің деп бұйырады.

Күйші: (Күйші хан ордасына келіп, домбырасын қолға алады да, бір күйді ойнай жөнеледі.)

3 Күй «Ақсақ құлан» Слайд (мультфильм)

Автор:

-Күйді тыңдап отырғанда, аңшылық көрініс, ашулы құландардың шабысы, хан баласының өлімі көз алдыңыздан өтіп жатады. Хан болған жағдайды түсінеді. Күйші болған жағдайды күй арқылы жеткізеді.

Хан:

  • Тоқтат! Доғар үнін домбыраның! Балаң өлді.Ұлың өлді,- дейді бұл домбыра!Өшір үнін мынаның!

Күйші:

  • Хан ием ,өзіңіз айттыңыз мен емес ол хабарды жеткізген

Хан:

-Құйыңдар мынаның көмейіне қорғасынды,-деп бұйырады.

Автор:

  • Хан берген уәдесінен таймас үшін өзіне қайғылы хабар жеткізген домбыраға қорғасын ертіп құйдырады...

Міне,күй құдіреті деп осыны айт!Домбыраның шанағындағы ойық осылай пайда болған екен деседі.


1-жүргізуші:

- Домбыра тілегімді қуаттасаң,

   Үніңе үзіле бір құлақ тосам.

   Тарихтың тереңінен сыр ақтарсаң,

   Бойдағы қуатыма қуат қосам.

Міне, балалар, қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы – домбыра туралы айтылар аңыз да, шертілер сыр да өте көп. Біз бүгін ол туралы біраз мағлұмат алдық.

Ұлы күйшілер, күй өнерінің негізін қалаған Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Тәттімбеттердің,Нұрғиса, Қазанғап,Әбдімомын сияқты дарындардың домбыра аспабында ойнау шеберлігі туралы сөз басқа.

Домбыра аспабы, бір сөзбен айтқанда, қазақ халқымен бірге жаралған деп айтуға болады. Қазіргі заманда бұл аспапта ойнауды арнайы оқу орындарында үйретеді.

Қазіргідей ғылым мен техника дамыған заманда, домбыра – ұлттық болмысты бейнелейтін символ, ұлттық музыка өнерінің жаршысы болмақ.


  • 2-жүргізуші:

Қос ішек толқынды өзен, сұлу арна,

   Екпіндеп еркін аққын, тұрып алма.

   Мен білсем, домбыра сен –махаббатсың,

   Махаббат тіршілікте суынар ма?

Ерке сылқым күйі - күйші Әбдімомын Желдібаевтың ел арасында кең танылған күйі.

Күйдің шығу тарихи жөнінде күйші Түркістан газетіне берген сұхбатында былай дейді:

Бiз де бүгiнгi жастардай жiгiт болғанбыз. Бойдақтық өмiрдi бастан кештiк. Ауылдағы топ қыздардың арасынан жар таңдадық. Бұл күйдiң кейiпкерi өмiрде бар. Қайтейiн тағдыр бiздi бiр-бiрiмiзге қоспады. Соңғы рет кездескенде мен: “Бәрiбiр менiң саған деген махаббатымды ешкiм де өшiре алмайды” – деген едiм. Жас ұлғайып, шау тартты демесең ол ауылда аман-есен жүр. Көңiл шiркiн қартаймайды екен. Сол махаббатым қыз кезiнде қандай едi! “Толған айға” теңесем де, “ашылған гүлге” теңесем де сөзбен айтып жеткiзе алмайтын секiлдi болып, сенделiп ұзақ жүрдiм. Ақыры оны тек күйдiң жүрек қылын шертетiн әуенiмен ғана жеткiзуге болатынын сездiм. Сол сезiм жанымды жаулап алды. “Ерке сылқымның” әуенiн тапқанша 20 жыл уақытым кеттi .

"Ерке сылқым" күйінің құрметіне 2011 жылы Шу қаласында ескерткіш орнатылды деген Қызықты деректе бар.

Қазақтың қыздары қандай әдемi. Жүрiсi, тұрысы, қылықтары қандай! Еркелiктерi де өздерiне жарасады. Бұл күй барша қазақ қыздары образдарының жиынтығы. Мен соларды жеткiзуге тырыстым. Әрi жiгiттiк сөзiмде тұрдым. Ендi оны ешкiм де өшiре алмайды. Егер махаббатыма деген сезiмiм жалған болса, қазақтың қыздарын өзгелерден артық көрмесем мұндай күй тумас та, елдiң игiлiгiне айналмас та еді,—деп Әбдімомын Желдібаев ағамыз айтқандай

4 муз.Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін қабыл алыңыздар

Орындайтын 2қысқартылған ИС тобының студенті Ақбота Бейсембаева

Слайд

1-жүргізуші:


1.Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896)


Атақты домбырашылардың бiрi Қазақ халқының музыканты және Қазақ музыкалық мәдениетiнiң дамуына үлкен ықпал еткен Құрманғазы болып табылады. Ол шетелде де, Қазақстанда да музыкалық композицияларымен әйгiлi. Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған орыны – Астрахань (Ресей) облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер

Күйлері: «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем»

Құрманғазы өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш»


  • Тарт күйіңді, домбыра,

    Төгіл –төгіл тәтті күй

    Тау суындай сылдыра,

    Тауда тұман тұрмасын,

    Ойды, қырды қыдыра

     Күй әлемді шарласын.


Келесі тыңдайтындарыңыз


5муз Құрманғазының күйі « Адай»

орындайтын

2-жүргізуші:

Қазанғап Тілепбергенұлы
Күйші, композитор
1854-1927жж
Ақтөбе облысы Шалқар ауданында

“Шынаяқ”, “Құс қайтару”, “Қыз Ақжелең”, т.б .күйлері бар
Халық күйшісі – Қазанғап Тілепбергенұлының творчествосының қазақ музыка мәдениетінің тарихында ерекше орын алады. Ол – қазақтың аспапты музыкасын дамытуға өзіндік үлес қосқан композитор. Қазанғаптың күй мұрасы халық творчествосының биік шыңының біріне саналады. Қазанғап екі дәуір аралығында өмір сүрген (1854 - 1921 ). Күйші Арал теңізінің жағалауындағы Құланды түбегінің Ақбауыр деген жерінде қойшының жанұясында туған. Кедейлік, жоқшылық тауқіметі Қазанғапты жастайынан әкесіне қолғабыс беріп, байлардың қозысын бағуға мәжбүр етеді. Жалғыз өзі таңертеңнен кешке дейін қой соңында күн өткізген жас баланың жұбанышы домбырасы болады. Табиғатынан сезімтал, ән – күйге ынтық бала кең далада көкейіне оралған саздарды пернеге түсіріп, балалық қиялы мен сезім сырларын домбырамен бөліседі.
Сырласы да мұңдасы да домбырасы болады.

-Төксін десең сырын саз,

      Құлағын тек оң бұра

     Үніне ерсең, жұртың мәз.

     Ел мақтаны домбыра


6 муз. Қазанғаптың күйі «Шынаяқ» күйі орындайтын Бейсембаева Ақбота

1-жүргізуші:

- Жалпы Қазанғап ауыл домбырашыларың көрсеткенін домбыраға салып ойнайтын болған.Есейе келе домбырашы болып, өнер қууға бекем бел буады. Күй құпиясына бойлай түссем деген арман көкейін мазалаған Қазанғап әкесінің жалғыз атын мініп, елге аты мәлім домбырашыларды іздеп сапарға шығады. Алдымен Доңызтау – Аққалқа деген жерде тұратын Төреш күйшіні іздеп барады. Жас домбырашының дарынына таң қалып, таңдай қаққан Төреш оған күйлер үйретіп, домбыра шертудін құпияларын құлағына құяды. Күйші талапты жасқа батасын беріп, өнер жолындағы тұсауын кеседі.. Аты шулы домбырашылардан дәріс алып, олардың орындаушылық мәнеріне көзі қаныққан Қазанғап өзі де күй шығарып, ойнау стилін қалыптастыра бастайды.

7 муз. Қазанғаптың күйі «Құс қайтару»

орындайтын Садвокасов Әкежан 1негігі ФО-3

Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы (1 сәуір, 1925 ж - 15 қазан, 1998 ж) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Қазақ КСР халық әртісі (1975 жыл), КСРО халық әртісі (1984 жыл), халық қаһарманы (1998 жыл).

Туып өскен жері - Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырақ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі.

Мәскеудің П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н.П. Аносовың класы бойынша) бітірді. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (1953-1961), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды. Сондай ақ, 1968 жылдың «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО ның халық әртісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н.Тілендіұлына 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілдіОл дүлдүл орындаушылардың бірі ғана емес, бірегейі – Нұрғиса. «Солақайдың сойынан сақтан» дегендей, Нұрғиса солақай домбырашы болған. Мұның өзі оң қол саусақтарының пернелерге қапысыз қадалатын икемділігін пайдаланып, мөлдір дыбыстар шығаруына дес берген сияқты. Ол домбыра арқылы айтар ойын жеріне жеткізе айтқан домбырашы.Нұрғиса болса, күйді құлақпен сіңіріп, жүрекпен тартатын домбырашы. Оның тартқан күйлері жүректен шыққан соң да жүректерді байрап жатады.

8 муз «Ата толғауы»

орындайтын Сауыққан Оралтау 1 нег ИС

Тілендіұлы Нұрғиса өзінің барша қабілет – дарынын халқының рухын асқақтатуға арнады. Бұл жолда ол халқымен етене тіл табысып, халқының сырласы да, мұңдасы да бола алды. Оның музыкасы баланың да, дананың да жүрегіне жол тауып, дүйім жұрттың рухани жан серігіне айналды. Ол атақ – даңқ іздеген жоқ, атақ – даңқ оны іздеп тапты. Қазақстан композиторларының ішінде тұңғыш рет Халық қаһарманы атағын алды. Кез – келген кесек дарынның күмәнсіз орындалатыны сияқты, бұған дүйәм жұрт қалтқысыз көңілмен қуана қол соқт. Нұрғисаны біртуар дарын, қайталанбас тұлға ретінде көзінің тірісінде – ақ әйгілі замандастары бірауыздан мойындады. Олар Нұрғисаны мақтаған жоқ, халықтың мәдени – рухани өміріндегі құбылыс ретінде Нұрғисамен мақтанды.


9 муз. «Әлқисса»

орындайтын Бекболат

Ұлылардың сөзі

  • Жамбыл Жабаев : «Менің ием, жолбарысым Тілендінің баласы Нұрғисаға кетті. Түсімде соның алақанын жалап тұр екен. Ендігі иесі сол болар».

  • Нұрсұлтан Назарбаев: «Тілендиев жазған күйлер тыңдаушысын қуанта да алады, жұбата да біледі; толғандыра отырып ойландырады; әлдилей отырып әдемі әсерге бөлейді, онда атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік асыл қасиеттер, инабат иірімдері, мейірім мен рахым шапағаты жаныңды баурайды; ионда мұқалмас жігер, қанаттандырар қайрат, өрлік пен өжеттік, ұлттық рух, намыс бар; меніңше, Тілендиевтің күйлері бүгінгі тыңдаушысын қалай бейжай қалдырмаса, енді он, жиырма, жүз жылдан кейін де дәл бүгінгі құдірет күшін солай сақтайды; өйткені ол ықылым заманғы бабалар рухымен, арман – мақсатымен сабақтас».

Осы ой – толғамдардың алып – қосары жоқ, бәре де ақиқат сөздер. Ойдың орамын Тілендіұлы Нұрғисаның өз сөзімен түйіндеуге болар: «Кейде мен өзімді әке – шешеден тумағандай сезінем. Өйткені, халық алақанына салып, өмір бойы аялап келеді,» - дейді екен. Бұл да шығар күндей шындық

- Әдемі сенде әуен бар сезінгенге,

  Менің де оны ұқпаған кезім кем бе?

   Үніңе құлақ тосам құлап түсіп,

   Тірліктің  у –шуынан безінгенде.


2 - жүргізуші: - Домбыра түсінгенге мұң айтады,
Жаныңа жайлы тиер сыр айтады.
Жүректе қайғы менен наза болса,
Данадай демеу болған тыңайтады.


1 - жүргізуші: - Домбырам жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім.


(Үнтаспадан күй тыңдалады.)
1 - жүргізуші: -Домбыра шешен болса саңқылдайды,
Көсіліп бәйге атындай аңқылдайды.
Кездессең бабы тайған қу ағашқа,
Көңілің су сепкендей жартылайды,- деп ақын ағамыз жырлағандай домбыраның да үлкен бір дастанға өзек боларлық сыр - сипаты бар..

2-жүргізуші:

 Төгілтіп көмейіңнен нұрын далам,

Шертеді сан алуан сырын маған.

Осындай күн сәулелі сағаттарда

Өзің боп күй төгеді бүгін ғалам

 Тыңдасам сені күнде түлеп ұшам,

Кезіккен әр адамды күле құшам.

Сиғызып бар сезімін шанағына

Нұр төккен қазағымның жүрегі сен.



1 –жүргізуші.-Ендеше бүгінгі домбыра туралы алған білімдеріңізді сынап көрейік


  1. Қандай қазақ ұлттық аспаптарын білесіңдер?         

  2. Қазақтың ұлттық қасиетті аспабы.

     3. Күй атасы мен анасы кімдер?

4. Ең кеңінен таралған музыкалық аспап қалай аталады?

5. Домбыра аспабының құрылымын атаңдар.

6. Домбырада не орындалады?

7. Аңыз күй қалай аталады?

8. Кімнің баласы аңға шығады?

     9. Хан баласының өлімін кім естіртеді?

    10. Хан не деп жарлық айтты?

11. «Ақсақ құлан» мен «Көңіл ашар» күйінің айырмашылығы неде?

12. Құрманғазының қандай күйлерін білесің?

13.Дәулеткерей деген кім?

14.Динаның ұстазының аты

15.Қазанғаптың күйлеріндегі қыздың аты


2-жүргізуші:


   Көркемдік пернеде ме, шегінде ме,

    Әлде бір саусақтан ба, көңілден бе?

    Өзгені ұмыттырып жібереді

    Сиқырлы үн көмейден төгілгенде.

    Не деген жан тербеткен күшті ықпалың,

Басқандай жүректерге ыстық табын.

    Тасбауыр жандарды да елжіреткен

    Дүниеде күйден керім күшті ұқпадым!


-дей келе, бүгінгі «Домбыра – дастан» атты әдеби-музыкалық композицияны аяқтаймыз.

































Нұрпейіс келіні Дина (1861-1955)

Туып өскен жері Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жер. Топырақ Алматықаласынан бұйырған. Қазақстанның халық әртісі. Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады.

Күйлері: «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма»,  «Еңбек ері», «Сауыншы», «Сталин», «Делегат», «Көкөніс», «Ана бұйрығы», «Жеңіс», «Тойбастар


3. Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887)1820 жылдар шамасында қазіргі Орал облысының Орда ауданында ауқатты отбасында дүниеге келген. Әкесі Шығай да, Бөкей ордасының ханы Жәңгір де оны бала жасынан ел билеуге, төрелік салтанат құруға тәрбиелеген. Алғашқы уакытта ол сол елдегі жеке-жеке руларды басқарып көреді. Бірақ билікте жүрген адамның амалсыздан қатігез болатынын ол нәзік жүрегімен ерте түсінеді. Туысы Жәңгір ханның қарапайым қазақтардың жерін тартып алып, шұрайлы, өзен-сулы жайылымдарды, қыстауларды кең даламызға бойлай еніп келе жатқан орыс отаршылдарына беруі Дәулеткерейдің де ызасын келтірген..Оның алғашқы шығармаларының бірі "Ақжелең". Бұл күй Ақбала деген өнерлі де сұлу қызға арналған. Дәулеткерейдің "Қоңыр", "Желдірме", "Керілме", "Ысқырма", "Қосішек" дейтін күйлері тіршілік-тұрмыстағы әр алуан көріністерді бейнелейді. Дәулеткерей өмірінің соңғы жылдарына жататын күйлерінде - терең мазмұн мен күрделі психологизм басым. Олардың қатарында халық симфонизмінің тамаша үлгілері саналатын «Демалыс», «Төндірме», «Керілме», «Жігер» сияқты күйлері бар.


        

Тәттімбет Қазанғапұлы (1815 ж., қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туып, 1862 ж. қайтыс боған) – күйші-композитор, домбырашышертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, халық күй өнерінің классигі.

Күйлері:“Қосбасар” ,“Сары жайлау”,“Сары өзен”,“Теріс қақпай”,“Сылқылдақ”,“Былқылдақ”,“Бестөре”,“Азамат”,“Алшағыр”,“Азына”,“Көкей кесті”,“Боз торғай”,“Қорамжан”,“Боз айғыр”,“Ерке атан”,“Ноғай-қазақ”,“Кер киік”,“Қашқан қалмақ”,“Қара жорға”,“Балбырауын”,“Жетім қыз”,“Сал қоңыр”,“Көш жанаған”,“Сары қамыс”,“Шәйір қалды



Түркеш Қалқаұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Түркеш Қалқаұлы(1832, қазіргі Батыс Қазақстан облысы - 1875, сонда) -халық күйшісі. Түркеш жасынан ән-күйге бейім болды. Байбақты, Баламайсан, Байжұма, Есжан күйлерін орындаған домбырашыларды тыңдап, олардың өнерінен үлгі-өнеге алды. Өз өмірін, өнерін әділетсіздік пен озбырлықка қарсы күрес жолына жұмсады. Сол үшін атқа мінерлердің қудалауына үшырап, Орал, Астрахан түрмелеріне қамалды. Түркеш шығармаларының негізгі арқауы азаттықты аңсаған халық өмірі болды. Оның "Қарабас", "Қоңыр ала", "Салық өлген", "Аңшылық", "Теріс какпай", "Көңіл ашар", "Байжұма", "Аксақ құлан" т.б. күйлері бар. Түркештің күйлері Қазақ академия халық аспаптар оркестрінің репертуарынан берік орын алды.




Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы (1 сәуір, 1925 ж - 15 қазан, 1998 ж) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Қазақ КСР халық әртісі (1975 жыл), КСРО халық әртісі (1984 жыл), халық қаһарманы (1998 жыл).

Туып өскен жері - Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырақ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі.

Мәскеудің П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н.П. Аносовың класы бойынша) бітірді. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (1953-1961), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды. Сондай ақ, 1968 жылдың «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО ның халық әртісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н.Тілендіұлына 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет. Сүйікті шығармаларынан «Халық қуанышы» (1963), «Қайрат» (1964), «Жеңіс солдаты» (1975) сияқты увертюраларын атауға болады. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған.



Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіндегі сал серілік дәстүрдің соңғы тұяғы. Ол өнер туындату барысында уақыттың идеологиялық өктемдігіне, ассимиляцияшыл әсіре үрдісіне мүлде мойын ұсынбастан, өзінің тәңір дарытқан төлтума қалпынан қылдай ауытқымай жүріп, шығармашылық даралығын сақтап қала алды. Бұл ретте, Нұрғиса жерден қуат алатын Антей сияқты, қазақтың музыкалық дәстүріне табанын нық тіреп тұрып, өзінің арман аңсарын еш жасқанбастан дыбысқа айналдыра білді. Ол өз заманының музыкалық танымын терең игерген кәсіпқой музыкант бола тұра суырыпсалмалық дәстүрді ұдайы шабыт тұғыры етіп отырды. Былайша айтқанда, көргенді күйттеп, естігенді жаттап отыратын оркестрлік қасаңдыққа Нұрғиса буырқанған шабыт еркіндігін дарыта білді. Бұл рете, Нұрғиса сахараның ақ бас абыздары сияқты, өз үнін көп дауысқа тұншықтырмай, өз лебізін көп даңғазаға ілестірмей, қазақтың дәстүрлі музыкалық тіліндегі дарашыл қасиетті (монодийность) тәу етіп өтті. Нұрғисаның композитор, дирижер, орындаушы ретіндегі ойы көпке ортақ, тілі көпке түсінікті. Егер, салсерілер өнері адамның жан жүрегіне бағытталуымен дараланса, сол ұлы дәстүр Нұрғисаның да барша шығармашылық болмысында аста төк болып, шалқып шашылып жатты. Дәл осы тұрғыда Нұрғиса қазақтың дәстүрлі музыкасының әрін тайдырмастан, нәрін жоғалтпастан тек қана өзіне тән профессионализмді қалыптастыра алды.

Толығырақ

Нұрғиса тұңғыш рет қазақтың төл музыкасын төл аспаптарымен оркестрлік үлгіде дыбыстау арқылы, әрі қалай дамытудың тамаша үлгісін көрсетті. Енді, орындаушы Нұрғиса, яғни домбырашы Нұрғиса туралы. Қашанда айғақсыз деректің бәрі қиялмен қоңсылас, болжаммен кіндіктес. Айғақты дерек атаулы шын тарихтың тапжылмас іргетасы. Қазақ маңдайына біткен ұлы күйші – композиторлардың, шүкір қатары қалың. Бүгінге жеткен күй мұрасына да кенде емеспіз.Дегенмен, сұлулыққа іңкәр көңіл кейде қиялдайды: шіркін – ай, осынау құдірет күйлерді сол шығарушы құдіреттердің өзі қалай тартты екен деп. Өкініштісі, арыдағы дәулескер күйшілерден жеткен «қолтаңба» жоқ. Қолдан – қолға көшіп жеткен күйлеріне қанағат. Домбырашы – орындаушылық өнерді көксегенде де, сол көненің күйлерін көкірегіне қонақтатып, бүгінгі күнімізге жеткізген саңлақтардың өнеріне жұбанамыз. Жай ғана жұбанып қоймаймыз, орындаушылық ұлы дәстүрдің жығасы қисаймай, барша сән – салтанатымен, барша шеберлік – шалымымен жеткеніне де күмәнсіз сенеміз. Сендірмей қоймайтын құдірет – бүгінгі күй құмар қауым Дина Нұрпейіскеліні, Қали Жантілеу, Әбікен Хасен, Жаппас Қаламбай, Төлеген Момбек, Нұрғиса Тілендіұлы, Мағауия Хамза, Ырысбай Ғабди, Қаршыға Ахмедьяр, Әзидолла Есқали, Талас Әсемқұл, Шәміл Әбілтай, Секен Тұрысбек, Сыматай Үмбетбай, Мұхаметжан Тілеухан сияқты күйші – орындаушылықтың жылжыған жорғасы мен жылмиғмн жүйріктерін естіп – көріп отыр. Бұлардың әр қайсысы бір – бір мектеп, әр қайсысының саусағына ілесіп сан ғасырдың шеберлік – шалымы жеткен. Сонан соң, бұлардың бәрі де жай ғана жапттап тартатын жайдақ орындаушылар емес, күйші – орындаушылар. Яғни, күй туындататындар, содан да, олар тартатын күйінің ішіне түсіп, кейіпкеріне айналып тартады. Олар арыдағы құдірет күйшілердің өзі тіріліп келіп тыңдаса, өкіндірмейтін дүлдүлдер. Міне, осындай дүлдүл орындаушылардың бірі ғана емес, бірегейі – Нұрғиса. «Солақайдың сойынан сақтан» дегендей, Нұрғиса солақай домбырашы болған. Мұның өзі оң қол саусақтарының пернелерге қапысыз қадалатын икемділігін пайдаланып, мөлдір дыбыстар шығаруына дес берген сияқты. Ол домбыра арқылы айтар ойын жеріне жеткізе айтқан домбырашы.

Күй сезіну

Қазақ домбырашылары күй өнерін көз арқылы, қол арқылы және құлақ арқылы жұғады деп отырады. Осылардың ішінде күйді құлақпен сіңіретіндердің жөні бөлек. Себебі, көз – көргенінен танбайды, қол – ұстағанынан – айырылмайды. Яғни, күйді көз бен қол арқылы жұғысты еткендер, әдетте, қасаң қайталаушылыққа ұрынады. Ал, құлаққа сіңген күй, сөз жоқ, санаға да сіңеді. Санаға сіңген күй жүректі тербеп, жүрекпен тартылмақ. Нұрғиса болса, күйді құлақпен сіңіріп, жүрекпен тартатын домбырашы. Оның тартқан күйлері жүректен шыққан соң да жүректерді байрап жатады. Нұрғиса домбырашы – орындаушы ретінде қазақтың күйшілік мектептеріне тән төл ерекшеліктерді терең танып – түсінген; сол танып – түсінгенін дыбыстай алар әдіс – тәсілдерді қапысыз меңгерген. Ол Алтайдың тік күйлерін, Арқаның қоғыр күйлерін, Сыр бойының бойлауық күйлерін, Жетісудың жайсаң күйлерін, Атыраудың адуын күйлерін тартқанда, солардың қай – қайсысының да әрін тайдырмай, нәрін жоғалтпай, сәні мен салтанатын келістіріп тарта алған санаулы ғана саңлақтардың бірі. Егер Нұрғиса композитор да болмай, қоғам қайраткері де болмай, тек қана домбырашы – орындаушы болса, ол сонда да қазақтың мәдени – рухани шежіресіндегі көрнекті тұлға ретінде төрден орын алар еді.

Дарын

Тілендіұлы Нұрғисаның бойындағы осындай Тәңір дарытқандай көп қырлы, алуан сырлы аста – төк дарынның сыр – себебі кім – кімге де ден қойдыртса керек. Әрине, ондай сыр – себептің негізі қашанда туған топырақ, шыққан тек, өсіп - өнген ортамен кіндіктес. Бұл ретте, Нұрғисаны жарық дүниеге келген сәттен бастап – ақ әнге бөлеп, жырмен құндақтап, күймен тербеткен Жетісудың өнерпаздық дәстүрін тағдырлы себептің зоры десе жөн. Мұндайда көктей шолып болса да, Жетісудың өнер мектебіне тұғыр болған тұлғалардың атын атап, түсін түстеп өті қажет. Бұл ретте, әрине, Сүйінбай, Жамбыл, Құлмамбет, Бақтыбай, Бармақ, Үмбетәлі, Қалқа, Кенен, Қуат, Балтағұл, сияқты айыр көмей ақындар, Кебекбай, Сапақ, Ноғайбай, Бөлтірік сияқты от ауызды, орақ тілді шешендер, Қанадан, Байсерке, Бердібек сияқты дәулескер күйшілер, Дәурен – сал, Қырмызы, Жидебай, Балқыбек сияқты толлықсып – бұлықсыған сал – серілер, Ұлбике, Әлмен, Ақкүміс, Ләтипа, Жаңылдық сияқты жезтаңдай қыз – келіншектер алдымен еске түседі. Олар қалыптастырған ұлы өнер мектебі, ұлағатты өнеге Нұрғисадай туа біткен дарынды жөргегінде тыныш жатқызуы мүмкін емес еді. Осы орайда, Нұрғисаны ақ көйлекпен туған, ақжолтай жан деуге болады. Ол өнерпаздықтың ұлы дәстүрін талбойына сіңірген әкесі – Тілендінің бауырында өсті. Тәңірдің тіліндей күй сарындарын әке алдында отырып бала көкірегіне қонататты. Нұрғисаның анасы Салиха әйгіліКенен ақынның қарындасы, ол кісі де төңірегін әншілігімен тәнті еткен. Сол кісінің сызылта салатын сұлу әндеріне бала Нұрғиса жан – жүрегін тербелтіп өсті.

Мүшел жасқа толар – толмас кезінің өзінде – ақ ауылындағы қазақ пен қырғыздың, орыс пен татардың музыкалық аспаптарын тегіс қолынан өткізіп, алуан түрлі ән мен күйді құйқылжыта тартқанда ауыл – аймағы аузын ашып, көзін жұматын болды. Есейе келе Нұрғиса әншіліктің ақиығы Кененнен бата алып, жыр жампозы Жамбылдың сарқытын ішті.Мұның бәрі де Нұрғиса өнерпаздығының себепшісі, бастау бұлағы деуге әбден болады. Алайда, үлкен өнердің сара жолына қадам бастыртқан, тағдырдың жазуындай орайлы сәтке Нұрғиса он төрт жасында кезікті. Кезігушісі – қазақ музыкасына пайғамбардай шапағаты тиген әйгілі Ахмет Жұбан еді. Жеті қабат жер астынан жаңа ғана бұлқынып шығып, булыға ағып, енді ғана жүлге тарта бастаған кәусар бұлақтың тегеурінін жазбай танитын қарт бағьан сияқты, бала Нұрғисаның бойындағы бұла дарынды дана Ахмет те бірден таниды. Таниды да, Нұрғисаны қолынан жетектеп алып келіп, қазақ ұлт аспаптар оркестрінің домбырашылар тобына қосады. Бұл, жазмыш дегенді қойсайшы, оркестр құрамындағы өңшең дәулескер домбырашылардың ішінен домбырашылықтың дүлдүлі Қали Жантілеудің оң жағынан Нұрғисаға орын тиеді. Қалидың алдын көрген құйма құлақ Нұрғиса кешікпей – ақ, бұрын күйді қызығып тартса, енді күйді құнығып тартатын болады, бұрын күйді еліріп тартса, енді күйді елігіп тартады. Міне, осының бәрі де Нұрғиса әлеміне тапжылмас тұғыр болды, осының бәрі де Нұрғиса дарынының сарқылмас қайнар көзі еді.

Тілендіұлы Нұрғиса өзінің барша қабілет – дарынын халқының рухын асқақтатуға арнады. Бұл жолда ол халқымен етене тіл табысып, халқының сырласы да, мұңдасы да бола алды. Оның музыкасы баланың да, дананың да жүрегіне жол тауып, дүйім жұрттың рухани жан серігіне айналды. Ол атақ – даңқ іздеген жоқ, атақ – даңқ оны іздеп тапты. Қазақстан композиторларының ішінде тұңғыш рет Халық қаһарманы атағын алды. Кез – келген кесек дарынның күмәнсіз орындалатыны сияқты, бұған дүйәм жұрт қалтқысыз көңілмен қуана қол соқт. Нұрғисаны біртуар дарын, қайталанбас тұлға ретінде көзінің тірісінде – ақ әйгілі замандастары бірауыздан мойындады. Олар Нұрғисаны мақтаған жоқ, халықтың мәдени – рухани өміріндегі құбылыс ретінде Нұрғисамен мақтанды.

Ұлылардың сөзі

  • Жамбыл Жабаев : «Менің ием, жолбарысым Тілендінің баласы Нұрғисаға кетті. Түсімде соның алақанын жалап тұр екен. Ендігі иесі сол болар».

  • Нұрсұлтан Назарбаев: «Тілендиев жазған күйлер тыңдаушысын қуанта да алады, жұбата да біледі; толғандыра отырып ойландырады; әлдилей отырып әдемі әсерге бөлейді, онда атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік асыл қасиеттер, инабат иірімдері, мейірім мен рахым шапағаты жаныңды баурайды; ионда мұқалмас жігер, қанаттандырар қайрат, өрлік пен өжеттік, ұлттық рух, намыс бар; меніңше, Тілендиевтің күйлері бүгінгі тыңдаушысын қалай бейжай қалдырмаса, енді он, жиырма, жүз жылдан кейін де дәл бүгінгі құдірет күшін солай сақтайды; өйткені ол ықылым заманғы бабалар рухымен, арман – мақсатымен сабақтас».

Осы ой – толғамдардың алып – қосары жоқ, бәре де ақиқат сөздер. Ойдың орамын Тілендіұлы Нұрғисаның өз сөзімен түйіндеуге болар: «Кейде мен өзімді әке – шешеден тумағандай сезінем. Өйткені, халық алақанына салып, өмір бойы аялап келеді,» - дейді екен. Бұл да шығар күндей шынд


Ерке сылқым (күй)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ерке сылқым күйі - күйші Әбдімомын Желдібаевтың ел арасында кең танылған күйі.

Тарихы

Күйдің шығу тарихи жөнінде күйші Түркістан газетіне берген сұхбатында былай дейді:

Бiз де бүгiнгi жастардай жiгiт болғанбыз. Бойдақтық өмiрдi бастан кештiк. Ауылдағы топ қыздардың арасынан жар таңдадық. Бұл күйдiң кейiпкерi өмiрде бар. Қайтейiн тағдыр бiздi бiр-бiрiмiзге қоспады. Соңғы рет кездескенде мен: “Бәрiбiр менiң саған деген махаббатымды ешкiм де өшiре алмайды” – деген едiм. Жас ұлғайып, шау тартты демесең ол ауылда аман-есен жүр. Көң шiркiн қартаймайды екен. Сол махаббатым қыз кезiнде қандай едi! “Толған айға” теңесем де, “ашылған гүлге” теңесем де сөзбен айтып жеткiзе алмайтын секiлдi болып, сенделiп ұзақ жүрдiм. Ақыры оны тек күйдiң жүрек қылын шертетiн әуенiмен ғана жеткiзуге болатынын сездiм. Сол сезiм жанымды жаулап алды. “Ерке сылқымныңәуенiн тапқанша 20 жыл уақытым кеттi. Қазақтың қыздары қандай әдемi. Жүрiсi, тұрысы, қылықтары қандай! Еркелiктерi де өздерiне жарасады. Бұл күй барша қазақ қыздары образдарының жиынтығы. Мен соларды жеткiзуге тырыстым. Әрi жiгiттiк сөзiмде тұрдым. Ендi оны ешкiм де өшiре алмайды. Егер махаббатыма деген сезiмiм жалған болса, қазақтың қыздарын өзгелерден артық көрмесем мұндай күй тумас та, елдiң игiлiгiне айналмас та едi

Әбдімомын Желдібаев

[1]

Қызықты деректер

"Ерке сылқым" күйінің құрметіне 2011 жылы Шу қаласында ескерткіш орнатылды[2].




"Ерке сылқым" – барша қазақ қыздарының бейнесін жинақтаған күй

hello_html_m489853bc.jpg

Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі – 
Күмбірлеген домбырасы барында, – деп Шөмішбай Сариев атамыз жырлағандай, қазағымның төрінен орын алып, өнерлі жанның қолынан табылар домбыра – еліміздің өткенін жырлап, жастарға тәрбие сыйлайтын аспап. Ұлттық аспабымызда орындалатын туындылар бізді өзге халықтардан ерекшелейді. Атадан балаға, ұстаздан шәкіртке мирас болған мұра ғасырдан ғасырға жаңаша өңделіп өтеді. Бізге қаймағы бұзылмай жеткен осы күйлердің тарихы да ерекше. Оларға арнап ескерткіш те қойылуда.

Жау келсе, найзасын ала жүгіретін батырлардың қамқорлығындағы арулар әрдайым ерке мінезді келеді. Осы еркеліктерінің арқасында көп әсем ән мен тәтті күйге арқау болады. Дәл сондай ХХ ғасырдағы қазақ аруларының бет-бейнесін бір образға жинақтаған туындылардың бірі – Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйі. Өзінің Түркістан газетіне берген сұқбатында: «Күйге адалдық пен тазалық керек. Осы екеуi болмаса тыңдаушылардың жүрегiне жетпейдi. Халтураның өмiрi қысқа. Күйлерiмдi жүз рет толғанып, қырық рет толғатып барып шығарамын. Мен өзiм бiттi деген жерден бiтедi. Iзденiсiм сонымен тоқтайды. Сыншылардың тiсiн батыра алмай жүргенi де содан болар», – дейді.



Дәл бүгін қазақ күй өнерінде өзіндік қолтаңбасымен жүрген Әбдімомын Желдібаев ағамыздың туған күні. Ұжымымыздың атынан денсаулық пен өнерде табыс тілейміз!







Әбдімомын Желдібаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Әбдімомын Желдібаев

Қызметі:

күйші

Туған күні:

15 қазан 1934 (80 жас)

Туған жері:

Жамбыл облысы, Шу қаласы

Азаматтығы:

hello_html_549ff291.png Қазақстан

Ұлты:

қазақ

Әкесі:

Желдібай

Балалары:

7 ұлы, 1 қызы бар

Марапаттары:

hello_html_71c4aa43.pngПарасат ордені
hello_html_36eb3ea4.jpgҚұрмет ордені

Әбдімомын Желдібаевқазақтың күйшісі, композиторы. 1934 ж. Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Жамбыл ауылында туған. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдап, туып-өскен өңірінде мәдени салаларда қызмет еткен. Күйшінің атақты күйі "Ерке сылқым" құрметіне 2011 жылы Шу қаласында ескерткіш орнатылды[1]. Бірде күйшінің Түркістан газетіне берген сұхбатында күй туралы былай деген еді:

Күйге адалдық пен тазалық керек. Осы екеуi болмаса тыңдаушылардың жүрегiне жетпейдi. Халтураның өмiрi қысқа. Күйлерiмдi жүз рет толғанып, қырық рет толғатып барып шығарамын. Мен өзiм бiттi деген жерден бiтедi. Iзденiсiм сонымен тоқтайды. Сыншылардың тiсiн батыра алмай жүргенi де содан болар.

Әбдімомын Желдібаев. Түркістан газеті

[2]

Шығармалары

Композитордың "Толғау", "Ерке сылқым", "Боз жігіт", "Жесір сазы", "Ыдырыс", "Аққу", «Арман құс», «Абай арманы», «Жамбыл толғауы», «Тұран елі» сияқты 70-тен астам күйі мен әні бар.сияқты. Оның «Ерке сылқым» күйі халыққа кеңінен таралған[3].

Марапаттары

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері. [4] 27 маусым күні Тараз қаласында "Қаратау сазы" дәстүрлі музыка фестивалі аясында күйші -композитор Әбдімомын Желдібаевтың СD жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Жинаққа Ә.Желдібаевтың 18 шығармасы еніп отыр. Компакт-диск әзірге 550 данамен шығарылды.





у
Қадыр Мырзағалиевтің «Нағыз қазақ - домбыра» өлеңінен үзінді оқу.
Екі ішекті
ң бірін қатты,
Бірін с
әл - сәл кем бұра.
Қазақ - нағыз қазақ емес,
На
ғыз қазақ - домбыра.
1 - ж
үргізуші:
К
үй - қазақтың жансерігі, мұңдасы, сырласы. Күйдің ғажаптығы сол - ол бастан кешіріп отырған өмірдің мән - маңызын ұқтырады. Күй ойға жетелейді. Өткенімізден өлмес қасиеттей қанымызға сіңген күйді бүгін де тек қазақ баласы сайын сахарада әуелетіп жүр. Алайда, кешегімізді білмей, екшемей көсегеміз тағы көгермейді. Сондықтан, бүгін күй атасына айналған Құрманғазы жайлы сөз қозғайық.
2 - ж
үргізуші
К
үй атасы - құрманғазы нағыз сегіз қырлы, бір сырлы адам болған. Ұлы күйші композитор - Құрманғазы Сағырбаев 1823 жылы Атырау облысы Жиделі ауылында кедей - шаруа отбасында дүниеге келді. Құрманғазы жастайынан халық әндері мен күйлерін тыңдап өсті. Сонымен бірге ақындық, мергендік, палуандық өнерімен де көзге түскен. Табиғатынан ешкімге тәуелсіз, азат ойлы, намысқой адам болғандықтан оттай жанған мінезімен талай рет сол заманның күштеріне еріксіз қарсы келіп, қуғында, қыспақта, түрмеде, айдауда өмір кешкен.
1 - ж
үргізуші
Оны
ң әкесі Сағырбайға баласының музыкаға деген қабілеті оншалық әсер етпейді. Бірақ шешесі Алқа Құрманғазының бұл талабына Сағырбайдан гөрі өзгеше көңіл қояды. Жасы оннан асқанда Шағбаланың ауылына әйгілі домбырашы Ұзақ келеді. Жас Құрманғазының домбырада күй тартуын ұнатқан Ұзақ қарт, оған домбыра тарту өнерінен біршама сабақ береді. Ол он алты жасынан бастап туған аулынан кетіп, күй тартып, ел аралай бастайды. Үнемі ат үстінде жүріп, әйгілі күйшілермен кездесіп, өз өнерін одан әрі жетілдіре түседі. Осындай күндердің бірінде Құрманғазы өзіне бата берген Ұзақ қартпен тағы кездеседі. Онымен бірге ауылдарды аралап, көптеген күй тартыстарға қатыса жүріп, елге атағы шығады.
2 - ж
үргізуші
Құрманғазы ауданы
Құрманғаз ауданының аумағын бірнеше өзендер қиып жатыр. Соның ішінде ең ірісі - Қиғаш. Аумақтың солтүстік жағалауы батыс Қазақстан облысымен, батысы - Ресеймен шектеседі. Әкімшілік орталығы - Ганюшкино ауылы, 1793 жылы құрылған.
1 - ж
үргізуші
Шы
ққан тегі - Кіші жүз он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қазығұрт бұтағыАл нағашы жұрты - Беріш руы.
Ерлік пен еркіндікті д
әстүр еткен елдің қызы, Құрманғазының анасы Алқа. Кейін Игіліктің қызы Әуеске үйленгенде Құрманғазы үшін Беріш руы енді қайын жұрты болады.
2 - ж
үргізуші
Ашу мен ызасын, к
үйзелісі мен толғанысын, қуанышы мен жұбанышын өмірінде кездескен түрлі оқиғалардың барлығын күй өнерімен өрнектеген.
Құрманғазы күйлері
1 - о
қушы
Өн бойыңа бал әуен таратылып,
Лаулап, с
өніп бал сезім - жаңа тұнып,
К
өрінгенде табиғат анаңдай боп,
Өзің қайта туғандай жаратылып -
2 - о
қушы
Жетікзетін сезімге жары
қ қайсы
К
өзді жұмшы, көңілмен барып қайтшы.
Қанат етіп Айгүлдің саусақтарын
Құрекең боп Әлемді шолып қайтшы.
3 - о
қушы
Саз
ға салып - шапқанды, шабылғанды.
Саз
ға салып тарыққан, шағынғанды
Құса болған жандардың анда - санда
«Кісен ашып» тек
қана бағы жанды..
4 - о
қушы
Сонша неге
ғазаттық, сүйікті едің,
Но
қтадан бас босамай, күйіпті елің.
Аласар
ған намысты қамшылатып,
«Алатау» боп, т
үлеп, ел биіктедің.
5 - о
қушы
Содан барып оянар жыны б
ұққан,
Содан барып азатты
қ құнын ұққан.
Қанша ұрпақ, кім білген «Кішкентайды»
Ты
ңдап, сосын дәметті ұлылықтан.
6 - о
қушы
Исатай боп ел м
ұңын бастан кешкен,
Сат
қындықты көп көріп қастан, достан.
Тек сонан со
ң болмысың буырқанар,
«Адай» болып сапырып, астан - кестен.
7 - о
қушы
Әллі күнге «Серпер» күй дабыл қаққан,
«Т
өремұрат» тектілік шамын жаққан.
Тек сендерді
ң, бабалар, арқаларың -
«
Қазақпың» деп табады жаным мақтан.
8 - о
қушы
Бір к
үйі бар дәл қазақ баласындай,
Бір к
үй мақтар ұлдарын шаласынбай.
Бір к
үйлері шалқыса «Көбік шашып»,
«Сары Ар
қасы» қазақтың даласындай.
9 - о
қушы
Сол к
үйлермен ғашықтар сағынады,
Сол к
үйлермен әлсіздер шағынады.
Ұлы өнерден ұрпағың, Құрман - Ата,
Табар
әлі сізді де, бағын әлі.
1 - ж
үргізуші
Құрманғазы түрмеге түскен бір кезінде түрмеде ақ шашты, ақ сақалды бір қарияны кездестіреді. Таныса келе оладам Орда өлкесінен келген Құрманғазының жерлесі және домбырашы Салық атты азамат екен. Салық көп күй білетін өте шебер домбырашы болған. Сол түрмеде Салық дүние салады. Дүниеден өтер алдында Құрманғазыға. Балам бәлен деген жерде менің кемпірім мен қызым бар. Соларға менің дүниеден өткенімді естіртерсің,- деп аманат айтады.
2 - ж
үргізуші
Құрманғазы 73 жыл ғұмырының жартысынан астам уақытын түрмеде өткізеді. Түрмеде отырып «Ертең кетем» күйін күйін тұтқындарға тыңдатқан Құрманғазы сол түні түрмеден қашып шығады.
К
өрініс: «Қызыл қайың күйі»
К
үйде бар басқаша құдірет!
Құрманғазының күйлерінің шығу тарихы
1 - ж
үргізуші
К
үйлер негізінен үш аспапта - домбыра, қобыз, сыбызғыда орындалған. Қазақтың домбыра күйлері орындаушылық ерекшелігіне, күйдің құрылымына байланысты шертпе және төкпе деп жүктеледі.
1 - о
қушы
«Балбырауын» халы
қтың сүйіп орындайтын, елге кең таралған күйлерінің бірі. Бұл ырғақты биге икемді келетін күй ауыл жастарының ойындарына, билеріне арналған.
2 - о
қушы
Құрманғазы Адайдың бір қызымен күй тартысып, сондағы Адай қызына шығарған күйі - «Адай» күйі. Күйші - рудың өр көкіректігін негіз етіп алып, патшаның да, хандардың да қаһарына қарсы тұрған халықтың са







Автор
Дата добавления 31.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров228
Номер материала ДБ-105265
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх