Выбранный для просмотра документ Домбыра.ppt
Скачать материал ""Домбыра - халық мұрасы" ашық тәрбие сағаты 8-сынып"
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
Домбыра –
халық мұрасы
2 слайд
Домбыра жүрегіммен үндес едің,
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,
Өнердің не екенін де білмес едім.
Мұқағали Мақатаев
3 слайд
Аңыз әңгіме
“Ертеде бір хан қызының кедей жігітпен көңіл жарастырғанын сезіп қалады да жігітті дереу дарға астырады. Екі қабат болып қалған қыз мезгілі жетіп босанады. Оны аңдыған мыстан кемпір егіз баланы көз көрмес, құлақ естімес, алыс жерге апарып, жап – жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып іліп кетеді. Сәбилердің көз жасы тамған бәйтерек солады, жүрегі тоқтаған нәрестелермен бірге ағаш та қуарады.
Қаңқу әңгіме халық арасында жата ма, оны естіген ана егізін іздеп жолға шығады. Жолдан шаршаған ана ағаш түбіне келіп, демалады Құлағына күмбірлеген сарын естіледі. Қайдан шығатын әуен екенін білгісі келіп ағаш үстіне шығып тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетеді. Ағаштың түбінен басына дейін іші қуыс екенін көреді. Екі басына бұтақтан – бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Екі ішек самал желмен тербеліп, одан әуен шығады екен. “Егіз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар” деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батысқа қараған ішегі бостау, шығысқа қараған ішегін қаттылау керілген екен. “Астыңғы ішек – жіңішке дауысты қызым Зарлық, ал үстіңгі ішек – бос қоңыр дауысты ұлым Мұңлық болсын” деп екі ішекке ат қойып, домбырасын тартып, күй шығарып кеткен екен” дейді аңыз — әңгіме туралы еңбегінде этнограф Өзбекәлі Жәнібеков
4 слайд
Домбыра— қазақ халқының көне музыка аспабының бірі.
Қазақ даласының әр өңірінде кездесетін домбыралар жергілікті жер жағдайына, тұрмыс-салт дәстүрлеріне байланысты әр түрлі пішінде дамытылды. Ән, жыр айтуға арналған пернелері 8-9, әрі кеткенде 14-15-ке жетсе, күй домбырасына 20-дан астам перне тағылды. Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді кәделі ағаштардан ойылып жасалды.
5 слайд
Домбыралар сырт нұсқаларына, бөлшектері мен ішек сандарына, дыбыс ерекшеліктеріне, дыбыс ауқымына және басқа да қосымша ерекшеліктеріне қарай «үш ішекті», «кең шанақты», «қуыс мойын», «бүктемелі», «желбезекті», «тұмар», «қос шанақты», «қос мойын», «үшем» деп аталады.
6 слайд
7 слайд
Д
о
м
б
ы
р
а
қ
ұ
р
ы
л
ы
с
ы
8 слайд
9 слайд
Құрманғазы Сағырбайұлы қазақтың «күй атасы» атанған. Құрманғазы 80-ге жуық күй шығарды.
Құрманғазының «Балбырауын», «Сарыарқа», «Адай», «Серпер» сияқты көптеген күйлері бар. Оның әрбір күйі өз басынан өткен оқиғалар жайлы баяндайды.
Қазақ халқының атақты күйшілері:
10 слайд
Тәттімбет Қазанғапұлы - қазақтың күйші-композиторы, шертпе күйдің шебері. Тәттімбеттің «Сарыжайлау», «Сылқылдақ», «Бестөре», «Көкейкесті» сияқты күйлері көпке танымал. Тәттімбет күйлерін атақты күйші Әбікен Хасенов жеткізген.
11 слайд
Дәулеткерей Шығайұлы - қазақтың ұлы күйші-композиторы. Дәулеткерей төре тұқымынан шығып, ел билігіне араласқан. Дәулеткерей күйлері – терең мазмұнды күйлер. Оның «Қыз Ақжелең», «Құдаша», «Қосалқа», «Жігер», «Топан» атты күйлері бар. Дәулеткерей күйлері «төре қағыспен»
нәзік орындалады.
12 слайд
Қазанғап Тілепбергенұлы - қазақтың күйші-композиторы. Қазанғап «62 Ақжелең» толық орындауымен қатар өзі де көптеген «Ақжелең» күйлерін шығарған. Батыс Қазақстанда өткен күй тартысында «Күй шақырған Ақжелең» күйін орындап, бас бәйгені жеңіп алған. «Ысырма», «Шынаяқ тастар», «Құс қайтару» күйлерін ұстазы Үсен төреге арнаған.
13 слайд
Ықылас Дүкенұлы - қазақтың атақты күйші-қобызшы композиторы. Ықыластың «Қасқыр», «Кертолғау», «Ерден» атты күйлері бар. Оның «Қамбар - Назым», «Айрауық», «Қазан» күйлері ел арасына кеңінен тараған аңыз – әңгімелерге арналған.
14 слайд
Дина Нұрпейісова - қазақтың әйгілі күйші – композиторы.
Дина – Құрманғазының ең дарынды шәкірттерінің бірі. Динаның «Әсем қоңыр», «Бұлбұл», «Науайы», «Қара қасқа ат», «Сегізінші март», «Тойбастар» т.б. көптеген күйлері бар.
15 слайд
16 слайд
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
6 625 839 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Турарбек Жулдыз Турарбеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Мини-курс
6 ч.
Мини-курс
4 ч.
Мини-курс
5 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.