Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Рабочие программы / «Домбыра мен көсеу» атты повесін сахналау
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

«Домбыра мен көсеу» атты повесін сахналау

библиотека
материалов

Облыстық «Жұмекекн оқулары» байқауында Жұмекен Нәжімеденовтың

«Домбыра мен көсеу» атты повесін сахналаудан «Аманат» тобымен оқушыларым жүлделі 3-орын иеленген.

Жұмекен Нәжімеденов

«Домбыра мен көсеу» повесінен үзінді

(сахналық қойылымға ықшамдалып алыңған)

Күні: 30 қазан,2012 жыл



hello_html_14c61f46.gif


(Сахнада киіз үй жабдықталған)

Едіге қарт қолына домбырасын алып:

-Елігім ,елім ... Ермегім менің (жан-жағына жалтақтап,домбырасын біреу тартып әкететіндей ,жасырып қояды)

-Елігім менің !

(Едіге сыртқа шығып,Еліктің ер-тұрманын қызықтап қарап,күбірлеп сөйлеп отырады. Осы кезде «Қара нар» күйі ойналады. Едіге құлақ салып тыңдайды.Бұл кезде атасының шығуын аңдып,үйге кірген Елік домбыраны қолына алып «Қара нар» күйін тартып жатады.)

- Мынау 50 жыл бойы өз қолыммен ойнаған «Қара нар» күйі ғой. (Көзіне жас үйіріліп,тамағын қынап) Бұл қалай?... Бауырыма басқан жалғыз ұл есейе келе әкеге осынша қастандық еткені ме? Күйдің әр қағысы ,әр иінін нақпа-нақтап отырып өзім үйретсем екен,мына бала қаршадай басымен менің ғұмыр бойы тірнектеп жиып,тырмысып тұтқан бар жиһазымды алып үлгеріпті.Қашан?...Қай уақытта?...

(Едіге табалдырықтың бер жағындағы тай терісі-тулақ үстіне кебісін шешіп,керегеге арқасын тақап тұрған ұлына қарамастан, көрпеге отыра мәсін шешеді.Ұлы шығып кетеді.)

-Елігім... елім.

Он тоғыз баланы қара жерге бердім.Төрт жесірді атастырар әмеңгер таппай, тірідей төркініне қайтардым.Ең соңғысы кешегі хан тұқымы сілтеген ақырғы найзаның ұшында кеткен ұлымның жесірі-Еліктің анасы...

Әй,Елігім... Сөйткен,Елігім,ермегім менің. Бұл қалай?(Қолына домбыраны алып,әрлі-берлі қарап,шертіп қояды.)

-Аталық қана емес,күйшілік абыройымды немен қорғаймын...

Балама күй шерткізіп,қате-кемшілігін түзеп,ұстаздық етуге де намысым жібермеді.Қартайған күйшінің ақыл-кеңесін керек қылатын шәкіртті тағы таппадым.Өйткені Елігім домбыраны да,күйді де менің қолымнан алған жоқ.Иә,рас,солай,ұрлап иемденді. Әлде...Еліктің менің өнерімді өз еркімен игергені дұрыс па? Әлі де байқап көрейін. Елігім,елім.

(Сыртқа шығып кетеді)

Сахнада Елік тағы да күй ойнап отырады.Қасында жігіттері бар.Едіге асығыс ,емпеңдеп келіп,сырттан тыңдап тұрады.

Есікті серпіп ашып,табалдырықтан аттай бере кілт тоқтап қалып,керегеден домбыраны көзімен іздейді,таппайды.Еліктің алдында көлденең жатқан қара домбыраға көзі түседі.Едіге ойланып қалып,келіп отырады да, біраздан соң:

-Ұлым,түсімде көсеу көріп жүрмін,асылы менің от,ошақ бағатын заманым келген болар,бұдан қайтып мен домбыраны ұстамаймын,домбыра –сенікі,серік ет,қадір-қасиет тұт! Аманат,Ұлым!

(сәл даусы дірілдеп,кідіреді де,көзіне жас алып) – Сенің әкең туатын жылы өзім... өз қолыммен ойып,жасап едім.

(Бала қуанып домбыраны қолына алып,кеудесіне басады.)

Ақ кемпір жылап жібереді.

-Балам,Елігім,құлағыңды сал,құлыным.Мына әкең айлап,апталап өнер қуып кетіп қалатын.Қазақтың ежелгі салтымен тіс жарып әйелге ештеңе айтпайтын.Бір қауым әнші-күйшілерге ғана «:таппады, болмады» дегенін ғана еститінмін.Сонан бір күні қызғаныштың қанжарын қайрап,ештеңе түсінбестен әкеңе:айлап кетесі,таппадым дейсіз.Мына менен бірдеңе жасырасыз.Сірә,ұрлығыңызды ел біліп жүр-ау.Құдай ақы алдамаңыз мені,шындықты айтыңыз да,ханшайымды кіргізе беріңіз,рұхсат.Әлсіздің күні жалыну,тілеу ғой,тілегім осы дегенімде Едіге күліп: «Мақұл айтасың,бәйбіше,сенен жасыратын не бар. Талайдан армандаған Орман әулиенің қызы Еменбикені таптым.Әйел үстіне келгеніне риза болмай ,әрі тым жастығын ,сұлулығын салмақ қып жатқан шығар,жүр көрсетейін- деп мені сыртқа алып шығып,көлеңкеде терлік,тоқым,түйенің ескі жабуымен жабылып жатқан әлденені ашып, міне,көр,менің адал,ақ сүйікті жарым деп осы домбыраны жасауға тапқан томарын көрсеткен еді....Сол томардан жасалған домбыра ғой,шырағым.Міне,құлыным,әкең соны саған аманат етіп жатыр.Жаныңа серік қыл,әке аманатын орындарсың,ботам.Есіме түсіп жатқаны ғой.Ей,өткен өмір десеңші....

(Ақ кемпір ұлының маңдайынан сүйеді.Бәрі сахнадан шығып кетеді)

«Қар шал» әнінің әуені ойналып жатады. Әбден қартайған,бір қолында ескі домбырасы,бір қолында таяғы Елік сүйретіле сахнаға шығады.Туған жерін іздеп келеді.

-

Ата өнері бойыма дарып,енді елге танылған шағымда әкеден де,шешеден де айырылдым.

Әттең,мезгіл дүмі желкелеп,өнер бақытын қызықтатпады,бағым ашылмады. Мен бай баласы болатынмын.Атадан қалған мал.асыл бұйымдар маңдайға жағылған күйе болды.Талайға біткен ырыс –бағым сорға,қырсыққа ойысты,конфискеге ілінді.Қағазға түспеген жалғыз бұйым-қолымдағы қоңыр домбырам ғана.Онан соң өмірімнің астан-кестеңі шықты емес пе?!.Бұл күнде баласыз,бақсыз,жетім жанмын.

Әкем өмірінің ақырғы кезінде нағашысының ауылынан маған тағы да домбыра жасап берем деп қара дөңбек әкелген,бірақ жасай алмай кетті.Сол томарды теңіз бойынан келген үйлер шетінен жаңқалап,алып көсеу жасады.Қара дөңбектің қасиетін қазаншы әйелдер де бірден айырып,: апырай,бір ғажап ағаш екен, алау отқа көсеулер құсап күймейді деуші еді.Ой,дүние-ай.Өткен өмір-ай десеңші.

Туған жер,боз жусанның иісі неткен керемет,қайран,Туған жер! Туған жер!.Өлсем денемді туған жердің топырағына тапсырамын ғой.


Көпшілік:

- Әй,мынау Едігенің Елігі емес пе?

- Иә,дәл өзі,Елік қой

.-Жарықтық бар екен.тірі екен.-ау.ой,дүние-ай,қаусаған қара шал болыпты.

Соңы





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 31.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров132
Номер материала ДВ-572879
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх