Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Видеоуроки / "Домбырашылық өнердегі оң қол қағыстарының дәстүрлі атаулары мен ойналу тәсілдері"

"Домбырашылық өнердегі оң қол қағыстарының дәстүрлі атаулары мен ойналу тәсілдері"



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Домбырашылық өнердегі оң қол қағыстарының дәстүрлі атаулары мен ойналу тәсілдері»

Мақсаты: Болашақ домбырашыны күйшілік өнерге баулу барысында халықтық терминологияны нақтылы түрде қолдана отырып, аспапты еркін меңгеруге , құштарлық сезімін туғызуға, ұлттық дәстүрдің рухын терең түсінуге үйрету.

Көрнекілігі: проектор, компьютер, әдеби кітаптар, домбыра аспабы, пульт.

Сабақ жабдығы: нота, пульт, домбыра аспабы

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2 Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жана сабақ.

4. Үй тапсырмасын беру, бағалау

5. Қорытынды.

1.Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, сабақ жабдыктарын дайындау, оқушының көңіл- күйіне назар аудару, сабаққа дайындығын сұрау)

2. Үй тапсырмасын тексеру. Құрманғазының күйі « Түрмеден қашқан»

Мәтінін жатқа сұрау. Құрманғазы шығармашылығына шолу. Күйдің шығу тарихы, жеткізуші, орындалудағы қиындықтар, қағыс түрлері , екпіні, ырғағы туралы оқушы ойын сұрақ- жауап түрінде сұрау.

3. Жаңа сабақ.

Оқытушы : «Күйлер халық музыкасында сирек ұшырайтын нәрсе. Бұл осы күнгі Еуропаның симфониясы тәрізді» А.К.Жұбанов.

Соңғы зерттеу бойынша екі консерватория бітірген ( Алматы, Ленинград)

домбырашы – теоретик Бағдәулет Аманов «Музыкалық оқу орындарында халықтық терминологияны нақтылы түрде қолданудың маңызы орасан зор»деп айтып кеткен. Халықтық терминология домбыра бойындағы құрамды бөлшектердің, пернелердің аттары, оң қол, сол қол саусақтар аттарын байырғы атаулармен атауға, түсінікті сөзбен жеткізуге көмегі бар.

Төмен, жоғары бағытта оң қол саусақтарымен қимыл-қозғалыс қағыс деп аталады. Әр күйшілік мектепте қалыптасқан қағыс жүйесі бар. Домбыра қағыстары күйдің мазмұнын түсіндірудегі ең басты құрал. Күйдің тілі-қағыс. Сондықтан да әрбіреуінің өзіне тән аты бар. ( Оң қол саусақ кестесі)

Қағыс түрлерінің бәрі «қара қағыстан» шығады. Олар өлшемнің өзгеруі арқылы, дыбыс күшін күшейту немесе жұмсарту, ұзарту және қысқарту, әлді-әлсіз дыбыстардың өз ара орын алмасуы , оң қолдың қозғалыс бағытын үнемдеу үшін саусақтардың орын ауыстыру барысында пайда болады.

Алғашқы дыбыс таңбасы аспаптық табулатура деп аталды, бұл нотацияның фонетикалық үлгісі. Европада пайда болған алғашқы жазулар осы әдіспен жазылды, жеке оқулықтар да құрастырылып тәжірибеге енді. Табулатураның ізімен фонетикалық сольфеджио пайда болды. Араб әліппесінің негізінде адамзатқа ортақ болған бүгінгі нота атаулары белгілі болды: дәл-до, ра-ре, мим-ми, фә-фа, сод-соль, ләм-ля, син-си.

Қазақ таңбаларында аспаптардың да бейнесі бар, оның үстіне таңбаның арғы түбірінің әріп екені рас. Ал, әріп -дыбысты, дыбыс -мелодияны, сөз буыны - өлшемді (размерді), сөз екпіні - ритмді туындататыны белгілі. Рулық таңбалардың ішінде домбыраның қағысымен сәйкес келетін белгілер бірен-саран болса да бар және олардың кездейсоқ сәйкестік екенін де мойындаймыз. Рулық таңба мен музыкалық таңбаның ешқандай қисындық қатынасы болмаса да кейбір күй қағыстары немесе күй ишараттарына сол таңбаларды ұсынуға болатындай-ақ... ( Домбырадағы «П»-белгісі оң қағысты)


Рулық таңбалардың домбыраның қағысымен сәйкес келетін белгілері



Таңбалануы

Таңбалық атауы

Қолданылуы

Дәстүрлі аталуы

П

Босаға

Төмен қағу

Оң қағыс

Ү

Бақан (терістаңбалы найман руы)

Жоғары қағу

Теріс қағыс

+

Ашамай (кете-оғыз бен керей жебесінің айқасуы)

Сол қолмен ілу

Ілме қағыс

Х

Ашамай ( телеу мен керей тайпасы)

Биіктігі анықталмаған нота

Үстіңгі шек

о

Күн (шеңбер)(ғұндардың күнді бейнелеуі)

Ашық шектегі дыбыс

Фложелет

О

Күн (дөңгелек)(беріш руының)

Шекті ыза тарту

Табиғи фложелет



Жалқы саусақты таңбалау үшін осы күнгі қолданып жүрген «Ү» (құлақшасы бар) негізінде - кіші жүз Қызылқұрттың таңбасы, оны тәжірибеге енгізген профессор А.Жайымов. Бұл қағыстың таңбалануына өте-мөте сәтті пайдаланылған әдіс боп шықты және тәжірибеге тез сіңіп, жатық боп кетті.

(қағыс жүйесінің графикалық белгіленуі)

Қағыс табтғаты жөнінде белгілі зерттеуші, профессор А.Е. Тоқтаған, айтулы ғалым А.Сейдімбек тұжырымды баяндаған. Күй тартудың алуан түрі мен тәсілі бар. Себебі күйдің саз-сарыны мен әуен-ырғағындағы төлтума қасиеттердің сақталуы сол күйді тартудың әдіс- тәсілдерін біліктілікпен меңгеруге тікелей байланысты. Күйді тарту тәсіліне, әсіресе оң қолдың қимыл-қозғалысына орай: 1. Қағып тарту 2. Шертіп тарту 3.Іліп тарту деп бөлеміз.Бұл түрлері өз ішінде бірнеше атаулармен сараланады.

( қағыс атаулары кесте)

Құлшар « Кербез керік» күйін талдау.

Құлшар Бақтығалиұлы Атырау, Маңғыстау аймағында 19 ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген. Айтыс күйлерінің ірі өкілі. Күйлері өз басынан өткен қызықты оқиғаға байланысты туындап отырған.

«Қыз қамаған», «Ат жортақ», «Кебіс қалған»,«Сық-сақ»,«Төкпе», «Шелтіреш», ж т.б

Күй тарихы . Күйші қыздың шешесінің қыз күнінде өз жүрісінің кербездігіне арнап шығарылған.

Сергіту кезеңі. Үн таспа тындау, видео көру.

Үй тапсырмасын беру. Бағалау.

Қорытынды.

Бұрынғы домбыра қағыстарының аттары мен тұрақты жүйесінің аттары кейіннен ұмытылыңқырап кеткені рас, бірақ солардың күйдегі салты әлі тірі. Қазір қағыс жүйесін жаңғырту үшін жасалып отырған зерттеулердің негізгі мақсаты да сол. Әуелгі қадамды қағыстар мен олардың тыныс белгілерінен бастағанда және ұлттық дәстүрлі күй мәдениетіне лайық таңбалардың түбірін анықтағанда ғана домбырадағы орындаушылық өнер қалыпты даму жолына түсе алады. Күй- қазақ халқының сарқылмас қазынасы. Оны сақтап кейінгі ұрпаққа жеткізу және осы байлықты іздеп тапқан ғалымдарымыздың еңбектерін пысықтап , ойға түю баршамыздың міндетіміз.












57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Музыка
Подраздел Видеоуроки
Просмотров76
Номер материала ДВ-479418
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх