Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Допты оң қолмен жүргізу

Допты оң қолмен жүргізу

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

6 «Ә» сыныбына арналған ашық сабақ жоспары

Күні: 22.11.2014ж.

Сабақтың тақырыбы: Баскетбол.Допты оң және сол қолмен жүргізу.


Сабақтың мақсаты: Балаларға допты оң және сол қолмен жүргізуді үйрету.

Сабақтың міндеті:


1. Оқушыларды оң және сол қолмен жүргізуді меңгерту.


2. Аяқтың икемділігін дұрыс бағытта дамыту.


3. Оқушыларды достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білімдерін бекіту.

Сабақтың түрі: аралас.

Өтілетін орын: спорт зал №1

Болжамдап отырған нәтиже: допты оң және сол қолмен жүргізуді меңгерген,

оны орындай білетін оқушы.

Қолданылатын құралдар: ысқырық, баскетбол доптары.


р/с

Сабақ барысы

Уақыты

Әдістемелік нұсқаулар

1

Дайындық бөлімі:

Сапқа тұрғызу, сәлемдесу ,түгелдеу. Сабақтын тақырыбын түсіндіру. Оңға, солға, кері бұрылу. Бір орында жүру.

15 мин.

2 мин.

Спорттық киімдері мен тұрыстарына назар аудару.


1

2

3

4

5

6

Жүру:

Екі қол жоғары аяқтың ұшымен жүру.

Екі қол желкеде өкшемен жүру.

Екі қол белде аяқтын ішкі және сыртқы жағымен жүр Екі қол түзу алдында, жартылай отырып жүру.

Отырып жүру.

Отырып секіру

Спорттық жүріс.

2 мин.

20 сек.

20 сек.

20 сек.

20 сек.

20 сек.

20 сек.

50 сек.



Қол түзу болуы тиіс.


Денені түзу ұстау.


Ара – қашықтық сақтау.


1

2

3

4

5

6

7

8

Жүгіру:

Бір қалыпты жүгіру

Тізені жоғары көтеріп жүгіру.

Аяқты артқа лақтырып жүгіру

Оң және сол қапталмен жүгіру.

Елікше секіру

Қол белде бір аяқпен секіру

Қадамнан қадамға жоғары секіру

Жылдам жүгіру

5,5 мин.

1,5 мин.

30 сек.

30 сек.

30 сек.

20 сек.

20 сек.

20 сек.

20 сек.

Қол жанында

Қол артта

Екі қол белде


Бірінен бірі 1м арақашықтық ұстау.



Орнында ЖДЖ жасау-№4




ІІ

Негізгі бөлім Допты жүргізу – топ ойынш-ына ойын алаңында доппен қозғалу мүмкіндігін беретін техникалық тәсіл. Саусақтарының арасын ашып , жеңіл қимылмен допты төменге лақтырады. Доптың еденнен қайта көтерілуін күтіп қолды төмен ұстайды да , доппен бірге қолын көтеріп допты қайта төмен ұрады. Допты шапалақтаудың қажеті жоқ. Допты жүргізуді баскетболшының дұрыс тұрысын сақтау керек. Допты қорғанушыдан алыс тұрған қолымен жанында және алдында жүргізеді. Допқа қарамай жүргізуге үйрену керек. Содан кейін допты еденнен кері секіру биіктігін ауыстырып отырып , біресе оң біресе сол қолымен жүргізуге үйренеді.Допты оң қолмен жүргізіп келе жатқанда сол аяқ жарты қадам алда қимылдайды. Сол аяқпен қадам жасап , допты алға төмен ұру керек , допты қай бұрышынан итерсең , сол бұрышынан секіреді. Допты қадаммен жүргізуді үйренгеннен кейін жай жүгіруде жүргізіп үйрену керек. Екі допты бір мезгілде жүргізіп үйрету керек. Оқушыларды екі топқа бөліп доппен жүргізу керек.

25мин.




5мин.







5мин.




5мин.




5мин.







5мин.







Дұрыс жасалуын қадағалау.






Мұғалімнің көмегі арқылы жасау.



Қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Қателіктерін дер кезінде түзеу.






Мұғалімнің көрсетуі арқылы жасау.


ІІІ

Қорытынды бөлім:

Сапқа тұрғызу, түзету, тік тұрғызу, бағалау.

Үй тапсырмасын айту. Қоштасу.

5 мин.

Жақсы қатысқан оқушыны мадақтау.








Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 27.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров66
Номер материала ДВ-488175
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх