5.Әңгiмелеу.«Сазды хикая» (ертегі)
М.Есенәлиев
Күздің бір күні еді. Құстар да
жылы жаққа бет алған мезгіл. Тынышталып қалған орман ішінде бір Көртышқан
келе жатады. Кенет ол орманда қалып қойған бір құстың керемет әуенін естиді.
Мұндай әуенді келесі жылға дейін тыңдай алмаймыз-ау деген ойдан Көртышқанның
көңілі бір түрлі жабырқау күйге түсіп, басы салбырап кетеді. Осы кезде сынған
ағаш бұтақтарының арасынан:
-Ай-әй-әй-әй-әй-әй,
-Ай-әй-әй-әй-әй-әй,-деген
әуен естілді.
-Амансың
ба, құрметті Бұлан! Айта қойшы, қазіргі орындағаның қандай ән?-деп қызыға
сұрайды Көртышқан.
-Ә,
не..., тым қатты әндеттім бе?
-Жоқ,
өлеңді тамаша орындадың. Менің ойымша, сен мынадай бұлбұл дауысыңмен эстрада
сахнасына шығуың керек. Біздің орманымызда өз «жұлдыздарымыз» бар емес пе?
Міне, бір сазгер табылды, орындаушы да табылар-деп Көртышқан армандайды.
-Біз
мына құстан жүз есе артық айтпасақ, кем айтпаймыз. Мен достарымды
ұйымдастырып, музыкалық топ құрайын, содан соң көрші ормандарға гастрольге
шығамыз. Арғысын тағы көрерміз.
«Көртышқан
дарындарды жинап жүр» деген жаңалық әп-сәтте бүкіл орманға тарайды.
«Дарындымын» дегендер орманның түпкір-түпкірінен жорытып та, жорғалап та,
секіріп те, жүгіріп те жинала бастайды. Әндетемін деп егіз-шылбыр
Қырықбуындар, желкілдеген Қоян, әуендеткен Тиін, Қабан-торай, Құрт-құмырсқа,
Шыбын-шіркей түгел жиналады.
Көртышқанның
алдына келген орманның әрбір тұрғыны өз әнін өзгеден қатты айтқысы келеді.
Алаңқайды құлақ жаралық айқай-шу басталды.Жамыраған дауыстан шошып қалмасын
деп орман тұрғындары балақайларының құлақтарына мақта тығады. Ал көрші
алаңның тұрғындары мекен-жайларын ауыстырады.
-Болды!
Тоқтатыңдар!-деп айқай салады Көртышқан.- Жетер енді! Ешкімді де тыңдағым
келмейді! Ешқайсында өлең айта алмайсыңдар! Сендерде не дауыс,не қабілет жоқ,
ешнәрсеге жарамайсыңдар!
Көртышқан
айқай-әндерден үйіне қашады. Екі құлағын жастықпен бекітіп мазасы кетеді. Ол
ойлаған ойын іске асыра алмай, қатты қапаланады.
Ал
Көртышқанға дарындарын көрсеткісі келген достары оған наразы болып, жан-жаққа
тарайды. Енді ол мүлде жалғыз қалған еді.
Арада
бірнеше күн өтеді. Көртышқан достарын сағына бастайды. Оларды қалай
қайтарудың амалын ойластырады.Ақыры, біреуден ақыл сұрау керек деген шешімге
келеді.Осы ниетпен ол жақын маңайдағы көлді мекендеп жүрген дана Бақаны іздеп
табады. Көртышқан Бақаға болған мән-жайды баяндап береді.
Көртышқанның
әңгімесін тыңдап болып Бақа:
-Ымм...
Енді құлақ салып, көпті көрген мені тыңда,-дейді,- Дүниеде құстар көп,дауысы
керемет, әсерлісі де бар, Дауысы жоқ бақырғандарыда кездеседі, ал нағыз досты
жолықтыру өте қиын. Ескі достан айырылсаң жаңасын таппайсың. Осыдан өзің
қорытынды жаса!
Көртышқан
үйіне қайтып келе жатып, қарияның сөзін есіне түсіреді. «Бақа дұрыс айтады,
жалпы олар тым нашар әндетпейді.Өздері де жақсы достар еді»,-деп ойланып
қалады. Кенеттен ол:
-Таптым!
Таптым! Мен олардың басын қосып,ән айтуды үйретемін!-дейді қуана айқайлап.
Көртышқан
достарын жинап:
-Мені
кешіріңдер! Мен әділ болмадым.Сендерді дұрыс көріп, дұрыс естімеппін.
Дүниедегі ең дарынды әнші екендеріңе енді көзім жетті.Егер бәріміз бірігіп тамаша
хор ұйымдастырсақ, бізден талантты ұжым болмас еді,-деп өз ұсынысын айтады.
Осылай
достар татуласады. Бірігіп сүйікті әндерін шырқайды.
Талқыланатын
сұрақтар?
1-сұрақ. Көртышқанның жалғыз қалу себебі
қандай? Көртышқан достарымен қалай татуласты?
2-сұрақ.Сендер достарыңмен қалай достасар
едіңдер?
3-сұрақ. «Шынайы достық» деген не?
5.Мұғалімнің сыйы «Достық даңғылы»
мультфильм қарау.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.