Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / "Досына қарап адамды таны" дөңгелек үстел
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

"Досына қарап адамды таны" дөңгелек үстел

библиотека
материалов

Тақырыбы: « Досына қарап адамды таны ? »

Мақсаты:

  1. Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.

  2. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.

  3. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.

Көрнекіліктер: Ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, сандық, ақ қағаздар, тағам ( тұзсыз ), түсті қарындаш, фломастерлер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Қызығушылықтарын ояту

Дос болайық бәріміз, Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз.

  • Балалар, мына тағамды татып көріңдерші, дәмі туралы не айтар едіңдер? ( дәмсіз, тұзсыз)

  • Балалар, ендеше өмірде доссыз адамды да осы тағамға ұқсатуға болады.Доссыз адам өмірінің мәні, сәні болмайды, тағамның тұзсыз дәмі болмаған секілді.

- Сонымен, балалар, «Доссыз адам – тұзсыз тағам!» деп бекерге айтылмаған. Ендеше, « ДОС » сөзіне дәм кіргізейікші, ол қандай болу керек, ол кім? Оның қазір көркі болмай, шуақсыз көңілсіз күндей, оған қасиеттер кіргізіп нұрын шашардай күндей етейікші. ( тақтада берілген күн « ДОС » сөзіне « шуақтарын » жазу )

Жолдас Адам , сыр бөлісетін адам

сенімді ДОС көмекші, мені өте жақсы түсінетін адам

қамқоршы қиындықта бірге болар

қандай жағдай болмасын бірге болатын адам

  • Ендеше, бір-бірімізбен қол алыса отырып, өз ұранымызды айтайықшы.

Дос болайық бәріміз,

Жарассын достық әніміз.

Иықтасып жүрейік,

Қиындықта бәріміз. ( қимылмен көрсету )

  • « Достық » дегенді қалай түсінесіңдер? Жауапты сурет арқылы бер.

( Әрбір оқушы өздері салған суреттерін түсіндіреді )

Ол – адамдар арасындағы байланыс, достықты шеңберге теңедім, бәйтерек, жүрек.

« Сиқырлы орындық » жаттығуын орындау. Ортада тұрған орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады.

Сахналау: « Тақтаға қағылған шеге »

- Өткен заманда бір кісінің өте бұзақы, сотқар мінезді баласы болған екен.Баласының бұл мінезіне кейіген әкесі күндердің бір күнінде оны шақырып алып, былай дейді.

Әкесі: -Міне, мұнда тақта мен шеге, балға қойдым.Сен енді күнде қаншама адамды ренжітсең, тақтаға сонша шеге қағып жүр. Апта соңында тағы сөйлесеміз.

  • Аптаға толмай бала 3 күнде 37 шегені бірден қағып тастайды, апта соңында тақта толып, баланың шегесі таусылады.

Баласы: - Әке,мен тәртіпті бала болғым келеді. Ол үшін не істеу керек?

Әкесі: - Ендеше, күнде қанша адамды сыйласаң, сонша шегені алып тастап отыр.

  • Бала айтқанын істеп, шеге бір күнде 2-3, екінші күні тағы көптеу, солай барлық шегені тауысады.Сонда әкесі келіп:

Әкесі: - Балам, мұның жақсы, түзелгенің ғой.Бірақ мына тақтайдың беті алғашқыдай бола ма? Қанша тырыссаң да, енді оның бетіне дақ қалды.

Бұзақылық істелмес бұрын әр нәрсені ойланып істеу керек.

Қорытындыға келейік. Қалай ойлайсыңдар, бұзақылық болу керек пе?

Сыныптың ішінде сондай сотқар, бұзақы оқушы бар ма?

Бұзақы болсаңдар не істер едіңдер, қателеріңді қалай түзер едіңдер?

( кешірім сұрап, тәртіпті оқушы болу керек )

Сергіту сәті: « Досқа сыйлық»

- Достарыңның сыйлықтары ұнады ма? Ендеше қолдарыңдағы фольгадан достарыңа арнап сыйлық жасаңдар.

Мақалды жалғасытыру

  • Достық жайында кім қандай мақал- мәтелдер біледі екен?

  1. Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас

  2. Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды

  3. Достық қымбат өмірде

  4. Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіртіп айтар

  5. Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көріне мақтар

  6. Күлме досыңа, келер басыңа

  7. 100 сом ақшаң болғанша, 100 досың болсын

  8. Сыйласаң – сыйлы боласың

  9. Бірлесе көтерген жүк жеңіл

  10. Түсінесе білу – жақсы қасиет

  11. Білімдімен дос болсаң, Сасқанда ақылын айтар

Білімсізбен дос болсаң, Топ ішінде бетің қайтады

  1. Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең

  2. Заттың жаңасы жақсы, Достың ескісі жақсы

  3. Дос адам артық сұрамайды

  4. Дос достың кемшілігін кешіре береді

  5. Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас

  6. Екі ердің достығы, асулардан асырар

Екі елдің достығы, ғасырлардан асырар

  1. Дос табу оңай – сақтауы қиын,

Жау табу оңай – тоқтауы қиын

Француз философы, жазушы Жан-Жак Руссо, грузин ақыны Шота Русташвели, ағылшын жазушысы Генри Фильдинг, т.б. сияқты даналар бнйне бір келісіп алғандай: «Тұрақсыз достан да дос болмағаны жақсы, тіпті дұшпаныңның өзі артық», - дейді. Жан-Жак Руссо айтқандай «Екі жүзді адамның жау болғанынан да дос болғаны қауіпті», - дейді. Мұны қалай түсінесіздер?

«Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық» халық мақалы немесе «Дос досқа айна», «Досы жақсының өзі жақсы».

Түркі ғалымы Махмуд Қашқари «Дос көзден кетсе де, көңілден кетпейді» деген екен.

Халықта: «Досыңнан тап!» - деген қарғысқа жақын сөз бар. Бұл – достың бәрінің бірдей еместігін, адамға ең ауыры – досыңның арамдығы, екі жүзді опасыздығы екенін еске салатын сөз. Шынында да, ішек – қарнына дейін түгел білетін адамыңның қасыңа айналуынан, қарсыласың жаққа шығып кетуінен қауіпті, қатерлі, өкінішті не бар?! Бұдан дос-дұшпаныңды айыра білудің қаншалықты маңызды екені көрінеді. Әйтпесе опық жеп, бармағыңды тістеп қалуың оңай. Сондықтан достықтың белгісі – достың сырын өз сырыңдай сақтау. Даналар айтқан ғой: «Сыр сақтау тіліңнің астына шоқ салып алғаннан да қиын», - деп. Тіліне ие бола алмайтын жеңілтек пәтуасыз жандарға досым ғой деп, сыр ашу жамандыққа апарып соқтыруы мүмкін.

Бұрынғылар айтқандай, адамның адамсыз күні жоқ. Сондықтан ол жүрген жерінде, жұмыста, елде, сапарда, бөтен жерде болсын, ұғынысып, түсінісетін, жарасып, жақын жүретін, өзара бүкпесіз, сырлас жан іздейді. Бұл - өте қажет те табиғи тілек. Әйтпесе халық саналығы «Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын», - демес еді. Енді келесі көрініске назар аударалық.

«Дүниеде адамның жалғыз қалғаны - өлгені, қайғының бәрі соның басында»,- депті Абай атамыз.

Достық - әншейін дос тапқысы, дос болғысы келгендіктің нәтижесі емес. Бір-біріне пейілі – ықыласы түскен, жан жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сиымды адамдар ғана дос бола алады. «Сенің досың кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып беремін» - деген екен ғой бір дана кісі жаңа танысқан адамына. Бұл ақылды сөздің мағынасы: достар жан дүниесі, ой өрісі, талғамы мен әлеуметтік көзқарасы жағынан жақын болады дегенге меңзейді.



Жүргізуші: Ендігі кезекті ұлы даналарымыздың достық туралы нақыл сөздеріне берейік.
1. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» (А. Құнанбаев)
2. «Ең болмаса бір нағыз досы жоқ адам өмір сүрмей – ақ қойса болады» (Демокрит)
3. «Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды» (Омар Хайям)
4. «Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың» (Сенека)
5. «Дұшпандарының көптігінен қорықпа, олардың бірігуінен қорық» (Намада)
6. Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
7. Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп.
Жаманмен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп.
(Махамбет Өтемісұлы)



Қорытынды: - Бүгін не туралы өттік? Дос дегеніміз не? Кеңес сендерге ұнады ма? Барлықтарың жақсы қатыстыңдар, көптен-көп рахмет.

Автор
Дата добавления 31.01.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров308
Номер материала ДВ-396545
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх