Инфоурок Другое ПрезентацииДостық- бірлік пен ынтымақ негізі

Достық- бірлік пен ынтымақ негізі

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Дос.pptx

Скачать материал "Достық- бірлік пен ынтымақ негізі"

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Достық- бірлік
пен ынтымақ
негізі

    1 слайд

    Достық- бірлік
    пен ынтымақ
    негізі

  • Достық- Өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да басқа игілікке т...

    2 слайд

    Достық-
    Өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос- жарансыз өмірді қаламақ емес.
    Аристотель

  • Достық-Адамның бір- бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілек...

    3 слайд

    Достық-
    Адамның бір- бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.

  • Достық- Адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті, сондықтан б...

    4 слайд

    Достық-
    Адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.

  • Ойланайық

    5 слайд

    Ойланайық

  • ДосАдал Ашық Кек сақтамауАқылды Салмақты  Сабырлы Кешірімді Төзімді Мейірімд...

    6 слайд

    Дос
    Адал
    Ашық
    Кек сақтамау
    Ақылды
    Салмақты
    Сабырлы
    Кешірімді
    Төзімді
    Мейірімді
    Жомарт
    Адамгершілігі мол
    Қарапайым

  • Жан  достар

    7 слайд

    Жан достар

  • Ана мен бала арасында

    8 слайд

    Ана мен бала арасында

  • Қыз бен ұл бала арасындағы

    9 слайд

    Қыз бен ұл бала арасындағы

  • Ит адамның досы
Адамның серігі

    10 слайд

    Ит адамның досы
    Адамның серігі

  • Мұғалім мен балалар 
арасындағы

    11 слайд

    Мұғалім мен балалар
    арасындағы

  • Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе- оның басқа адамдармен достық қарым- қатынасы...

    12 слайд

    Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе- оның басқа адамдармен достық қарым- қатынасы
    Абай
    Досы жақсының-өзі де жақсы
    Ахмет Йүгінеки

  • Достың ұлы ерлігі- досқа өзіміздің кемшіліктерімізді көрсету емес, қайта оның...

    13 слайд

    Достың ұлы ерлігі- досқа өзіміздің кемшіліктерімізді көрсету емес, қайта оның өз кемшіліктерін өзіне көрсету
    Ф. Ларошфуко
    Жаман дос- көлеңке, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың
    Абай

  • Мен туралы шындықты дос айтпаса, маған кім айтады, ал өзің туралы шындықты өз...

    14 слайд

    Мен туралы шындықты дос айтпаса, маған кім айтады, ал өзің туралы шындықты өзгелерден тыңдау- қажет- ақ
    В. Г. Белинский

  • Мақал- мәтел1.Жолдасы жаманда жау алады.
2. Жауға жаныңды берсең де, сырыңды...

    15 слайд

    Мақал- мәтел
    1.Жолдасы жаманда жау алады.
    2. Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме .

  • Назарларыңызға 
Рахмет!!! 2шк- 4 Тайкебаева Айнұр

    16 слайд

    Назарларыңызға
    Рахмет!!!
    2шк- 4
    Тайкебаева Айнұр

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Достық.docx

 

Сабақтың атқырыбы: Достық- бірлік пен ынтымақ негізі.

Сабақтың мақсаты:

a)    «Достық» құндылығы туралы түсінік беру, достық  туралы жақсы пікір қалыптастыру.

b)    Оқушылар бойындағы сүйіспеншілік түсініктерін кеңейту, ой- пікірлерін кеңейту.

c)     Достықты қадірлей білуге тәрбелеу, адал дос таба білуге баулу, жан- жануармен достық қарым- қатынас дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: достық туралы нақыл сөздер, слайд.                                   

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

      I.            Ұйымдастыру бөлімі:

Психологиялық дайындық:

«Өзін- өзі тану» бар жақсылық ұясы,

Адалдық пен адамдықтың мұнар атқан аясы.

Кең әлемді шаттық нұрға орайтын,

Ақ жүректің, пәк тілектің аясы.

   II.            Жаңа сабақ:

Балалар, біз қазір достық әлеміне саяхатқа барамыз. Ол жаққа біз кемемен барамыз. Қане бәріміз кемеге отырайық. Қазір мен бір дегенде сендер жалғыз өздерің қалған кездегі сезімдеріңді қимылмен көрсетесіңдер. Ал екі дегенде, екі- екіден құшақтасып тұра қалыңдар. Суға адам түсіп кетті дегенде, екі бала бір баланы ортаға алып қол ұстасып тұрады. Бес дегенде бес- бестен тұра қалады. Он дегенде барлығы бірінің артынан бірі тұра қалып біреуі капитанның рөлінде болады.

Мұғалім:Достық-Өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да  

                 басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос- жарансыз өмірді қаламақ  емес. (Аристотель) .

-         Ия, бұл сөздің астары зор, кең мағыналы.

-         Достық - адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Достық туралы ұлы философтар мен ақын-жазушыларға  қоса, ұстаздар мен педогог-психолог ғалымдардың ой толғамағаны, оның мәнін, сырын білуге талпынбаған адам кемде-кем. Мұның өзі достықтың адам өмірінде алатын келелі орнына, зло маңызына байланысты екені даусыз.

-         «Шын дос үшін қалайда

Тік қатерге басыңды.

Айыра біл алайда

Досың менен қасыңды». Сіздерді біз «достық» туралы тақырыпта сырласуға шақырамыз. Ойларымызды  жинақтап алғанша  «Достар» әнін тыңдайық.

-         Мұғалім:Ең әуелі «Достық туралы» ұлы ғұлама, ойшылдардың айтқан сөздерінен үзінділер келтірейік.

-          Ерте заманның ойшылы және асқан шешен, ежелгі рим мемлекет қайраткері Марк Туллий Цицерон

«Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады,»-дейді. Достық адамның  өмірдің өзіндей сан бояулы, көп қырлы қаситетті, сондықтан бірер сөзбен оның толық анықтамасын беру мүмкін емес. Әйтсе де, ұлы шешеннің жоғарыда келтірілген сөздерінде ұғымның басты мәндері көрегендікпен ашып көрсетілген.

-         Достық- Адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.

-         Ал, ежелгі грек философы, ғалым, ойшыл Аристотель былай деген екен:

«Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес».

Мұғалім: жақсы, енді достық туралы ойларыңды білейік.

-         Қандай адам досқа лайық?

-         Дос қандай болуы керек?

 

сканирование0194 жан достар  қыз бен ұл бала

ана мен бала арсындағы бостық   

Мұғалім: Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтынуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, бір-біріне тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе, қиын-қыстау күндерінде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді. Абай армандағандай, сын сағатта «Мұнан менің қай жаным аяулы»,-деп, қасыңда бірге тұрып қана алатын адам ғана досқа лайық.

Мұғалім: Енді, мына бір көрініске назар аударалықшы.

1 – көрініс

Айжанның етігі жыртылып қалғандықтан сабақтан бірнеше күн қатырынан қалды. Оны сыныптасы Қарлығаш іздеп үйіне келді.

-         Айжан, көптен сабақта жоқсың ғой. Ауырып қалған жоқсың ба

-         Жоқ, ауырған жоқпын. Етігім жыртылып қалды. Жаңасын алатын үйде ақша болмай тұр.

-         Мен етігімді жөндетіп алып келе жатыр едім. Менің әзірше киетін етігім бар ғой. Сен кие тұр

-         Мамаң ұрыспай ма?

-         Мамама түсіндіріп айтамын ғой.

-         Рахмет! (Марал етікті киіп алады да бірге шығып кетеді

Мұғалім:

-Достың ұлы ерлігі- досқа өзіміздің кемшіліктерімізді көрсету емес, қайта оның өз кемшіліктерін өзіне көрсету.                Ф. Ларошфуко

-  Жаман дос- көлеңке, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.               Абай

- Мен туралы шындықты дос айтпаса, маған кім айтады, ал өзің туралы шындықты өзгелерден тыңдау- қажет- ақ.        В. Г. Белинский

Мұғалім: Достық туралы мақал- мәтелдер.

1.Жолдасы жаманда жау алады.

2. Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме.

- Сендер тағы да қандай мақал- мәтелдер білесіңдер?

Мұғалім: Халықта: «Досыңнан тап!» - деген қарғысқа жақын сөз бар. Бұл – достың бәрінің бірдей еместігін, адамға ең ауыры – досыңның арамдығы, екі жүзді опасыздығы екенін еске салатын сөз. Шынында да, ішек – қарнына дейін түгел білетін адамыңның қасыңа айналуынан, қарсыласың жаққа шығып кетуінен қауіпті, қатерлі, өкінішті не бар?! Бұдан дос-дұшпаныңды айыра білудің  қаншалықты маңызды екені көрінеді. Әйтпесе опық жеп, бармағыңды тістеп қалуың оңай. Сондықтан достықтың белгісі – достың сырын өз сырыңдай сақтау. Даналар айтқан ғой: «Сыр сақтау тіліңнің астына шоқ салып алғаннан да қиын», - деп. Тіліне ие бола алмайтын жеңілтек пәтуасыз жандарға досым ғой деп, сыр ашу жамандыққа апарып соқтыруы мүмкін.

III.            Сабақты қорытындылау:

-         Бұрынғылар айтқандай, адамның адамсыз күні жоқ. Сондықтан ол жүрген жерінде, жұмыста, елде, сапарта, бөтен жерде болсын, ұғынысып, түсінісетін, жарасып, жақын жүретін, өзара бүкпесіз, сырлас жан іздейді. Бұл - өте қажет те табиғи тілек. Әйтпесе халық саналығы «Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын», - демес еді.

-         Достық - әншейін дос тапқысы, дос болғысы келгендіктің нәтижесі емес. Бір-біріне пейілі – ықыласы түскен, жан жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сиымды адамдар ғана дос бола алады. «Сенің досың кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып беремін» - деген екен ғой бір дана кісі жаңа танысқан адамына. Бұл ақылды сөздің мағынасы: достар жан дүниесі, ой өрісі, талғамы мен әлеуметтік көзқарасы жағынан жақын болады дегенге меңзейді. Сендер де өз достарыңды қадірлеу, мақтан тұта біліңдер.

-         Мен осы сабағымды мына өлең жолдарымен аяқтағым келед

Бас ауырып, балтырың сәл сыздаса,

Қиыны сол, ауыры сол бізге аса.

Қайран достар, күн шуақ қой қыздырар,

Әлде кімге көңілің бір мұздаса.

 

Жамандыққа бастырмайды қаққылап,

Жолдас үшін басыңды бер,жат құлап.

Жақын өлсен тағы солар жүргені,

Жұмыспенен әрлі – берлі шапқылап.

 

 

Дос үйінде сайрандайды еркін ұл,

Жолдасы ғой жігіттің бір төркіні.

Тағы солар жалғыз тастап кетпейді,

Тұғырыңнан түсіп қалсаң бір күні.

 

Жолдаспенен жеңіл өмір азабы,

Жеңілірек көтересің қазаны.

Содан шығар,

Адам бірге өмірге

Жолдасыменен туады екен ғажабы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

           Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі

 

 

 

 

 

 

Достық- бірлік пен ынтымақ негізі

                                          Өзін- өзі тану

 

                   

 

 

                         

 

                                                      

                                                

                                                                   Орындаған:Тайкебаева А. Е

                                                                                             2шк-4

                                                                    

 

                   

 

                        Өскемен қаласы, 2011ж

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Достық- бірлік пен ынтымақ негізі"

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 116 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2016 12688
    • ZIP 1.4 мбайт
    • 56 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тайкебаева Айнур Еркинбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тайкебаева Айнур Еркинбековна
    Тайкебаева Айнур Еркинбековна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31394
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой