Инфоурок Дошкольное образование Конспекты"Достық дегеніміз не?" ашық оқу іс-әрекеті

"Достық дегеніміз не?" ашық оқу іс-әрекеті

Скачать материал

«Айгөлек» балабақшасы» МКҚК                                                     « 3 » қазан 2013ж.

 

Психологиялық оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы.

Ересек тобы

Білім беру саласы: әлеуметтік және қатынас

Бөлімі: психология

Тақырыбы: «Достық дегеніміз не?»

Мақсаты: балалар ұжымында жағымды эмоциялық қарым-қатынасты жетілдіре түсу, достық туралы көріністерін бекіту және кеңейту, құм арт-терапиясының негізгі техникасымен таныстыру.

Көрнекі құралдар: өткен сабақта түрлі-түсті құммен орындалған гүл алаңқайы, түрлі-түсті құм, қылқалам, желім, қарындаш, ұлдар мен қыздар силуэттері, «достық қорабы», дымқыл майлықтар, «маса» дыбысы, баяу әуен, тамызғыш.

Іс-әрекет кезеңдері

Педагог іс-әрекеті

Балалар іс-әрекеті

Ынталан-дырушы

 кезең

 

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қонақтармен де амандасайық!

 

- Балалар, қараңдаршы, менің қолымда не бар? Бұл жай қорап емес. Бұл – достық қорабы. Ол сиқырлы, егер біз оған қолымызды салып, бір-біріміздің қолымызды қыссақ, бір-бірімізге өзіміздің жақсы көңіл-күйімізді сыйлай аламыз. Кәне, көрейікші. Енді қолдарымызды жібермей бір-бірімізге: «Мен сені көргеніме қуаныштымын!» деп айтайық.

 

 

- Сәлеметсіз бе, апайлар!

 

 

- Қорап.

Балалар қорапқа қолдарын салып, бір-бірінің қолдарын қысады. Қорапта қолдарын жібермей тұрып, хормен «Мен сені көргеніме қуаныштымын!» деп айтады.

Ұйымдастырушылық – ізденімпаздық кезең (сабақтың негізгі мазмұны)

- Балалар, айналаға қараңдаршы, біз қайда келіп қалдық? (кілемде гүлдер жатыр, баяу әуен ойналады).

- Дұрыс айтасыңдар. Бұл – гүл алаңқайы. Кәне, осы жерде сәл отырып демалайықшы. Барлығың ыңғайласып отырыңдар.

- Балалар, бүгін мен сендермен достық жөнінде әңгімелескім келеді. Қалай ойлайсыңдар, достық дегеніміз не?

- Дұрыс айтасыңдар! Дос болу дегеніміз –тек қана бірге ойнау емес, сонымен қатар бір-біріңе көмектесу.

 

Саусақтық жаттығу.

- Балалар, маған оң қолдарыңды көрсетіңдерші, енді сол қолдарыңды көрсетіңдер. Кәне, саусақтарымызды достастырайық.

 

«Менің досым ең-ең» ойыны.

- Балалар, біздің әрқайсымызда ең жақын достарымыз бар. Әр адам өз досын жақсы көреді, соны мақтан тұтады. Ал сендер өз достарыңмен қалай мақтанасыңдар, соны тексерейік. Ол үшін біз «Менің досым ең-ең» деген ойын ойнаймыз.

- Менің досым ең көркем, ал сенің досың ше, Сафина?

 

 

 

 

- Бұл – алаңқай.

 

 

 

Балалар шеңбер құра отырады.

 

- Ол бір-біріңмен қызықты ойнағанда, дос әрқашанда өз ойыншығымен бөліседі, кәмпит береді.

 

 

 

«Мынау менің достарым!

Біз бірге ойнаймыз.

Мынау – қыздар,

Мынау – ұлдар.

Бәріміз біз доспыз!»

 

- Менің досым ең ақылды. Жансая, сенің досың ше?

- Менің досым ең адал. Диас, сенің досың ше? – деп, әр бала өз досының ең жақсы деген қасиетін айтып шығады.

 

 

 

Ұйымдастырушылық – ізденімпаздық кезең (сабақтың негізгі мазмұны)

«Орныңды ауыстыр» ойыны.

- Біз шеңберде отырмыз және бір-бірімізді өте жақсы көріп тұрмыз. Қараңдаршы, біз барлығымыз әртүрліміз, бір-бірімізге ұқсамаймыз. Бірақ соған қарамастан біздің ұқсайтын жақтарымыз, ортақ белгілеріміз де бар екен. Оны біз «Орныңды ауыстыр» ойынынан көре аламыз.

- Балмұздақ жақсы көретін балалар орындарыңды ауыстырыңдар;

- Көлге шомылуды ұнататын балалар;

- Ойыншықтарын жинастыруды ұнататын балалар;

- Сурет салуды ұнататындар;

- Күз мезгілін ұнатпайтындар;

- Гүлдерді жақсы көретіндер;

- Мультфильмдерді ұнататындар.

- Балалар, енді айтыңдаршы, біз әртүрліміз бе әлде ұқсаймыз ба?

 

- Дұрыс, біздің ортақ белгілеріміз өте көп.

 

 

«Кімді маса шақты?» жаттығуы.

(босаңсу жаттығуы).

«Маса» дыбысы естіледі.

- Ой, ой! Бұл не өзі? Мені не шағып жатыр? (Педагог өзін қолдарынан, арқасынан шапалақтайды).

- Бізге масалар ұшып келген сияқты. Кәне, кімді маса шақты?(Педагог шеңбердің сыртқы жағымен жүріп, балалардың арқаларын сипайды. Бір баланы басқаларға білдіртпей шымшиды – «маса шақты»).

 

 

Шеңберде отырып, педагог айтқан белгілер бойынша бір-бірімен орындарын ауыстырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Әртүліміз, бірақ барлығымыз балмұздақ жақсы көреміз.

 

Балалар шеңберде отырады. «Маса шағып» алған бала арқасын және иықтарын ширатады. Қалғандары бір-біріне мұқият қарап, «маса кімді шаққанын» табады.

 

 

Ұйымдастырушылық – ізденімпаздық кезең (сабақтың негізгі мазмұны)

«Достық гүлі» жаттығуы. (баяу әуен қосылады).

- Масалар бізден ұшып кетті де, біздің алаңқайда тек қана әсем гүлдер қалды. Сол гүлдермен достасқым келеді. Қазір сендер әдемі гүлдерге айналыңдар, ал мен гулдерді күтетін бақшымын.

- Әділ, сен қандай гүлсің?

- Балалар, гүл неден өседі?

- Дұрыс. Ал енді өздеріңді кіп-кішкентай тұқым деп елестетіңдерші.

- Кішкентай тұқымнан әдемі гүл өсіп шығуы үшін не істеу керек?

- Иә, гүл өсіп шығуы үшін оны дұрыстап күту керек – деп, педагог балалардың арқаларынан сипайды – «тұқымды егеді». Сосын тамызғыштан ақырындап су тамызады – суарады.

- Тұқым ақырындап өсе бастайды.

Педагог балаларды саусақтарынан тартып, өсулеріне көмектеседі.

- Міне, гүлдер де өсіп қалды! Сендер қандай сұлусыңдар! Бір-біріңе қараңдаршы, әдемі гүлдерге айналдыңдар. Хормен айтайықшы: «Қандай әдемі гүлдер! Біз сендермен дос болғымыз келеді!».

 

 

 

 

Балалардың әрқайсысы өзіне ұнаған гүлді таңдайды.

 

 

 

 

- Раушан гүлімін.

- Тұқымнан.

Балалар тізелерін бүгіп отырады, бастарын төмен түсіреді – олар «тұқым».

- Жерге көміп, егіп, оған су құйып күту керек.

 

 

 

 

 

 

Балалар ақырындап тұрады, қолдарын жоғары көтереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушылық – ізденімпаздық кезең (сабақтың негізгі мазмұны)

Түрлі-түсті құммен адам силуэттерін бояу.

Педагог балаларға өткен сабақта орындалған гүл алаңқайын көрсетеді.

- Мынау біздің өткен сабақта жасаған алаңқайымыз. Ол бізде өте ашық және әдемі болып шықты. Және бұл біздің қазір демалып отырған алаңқайымызға өте ұқсас екен. Бірақ мұнда бірдеңе жетіспей тұрған сияқты. Қалай ойлайсыңдар, не жетіспей тұр екен?

- Дұрыс айтасыңдар! Мұнда балалар жетіспейді, достық жетіспейді екен! Оны қалай дұрыстасақ екен?

- Ойлап тапқан ақыл екен. Ендеше өзіміздің суретімізді салып, біздің дайын алаңқайға жапсырайық. Ал біз өзіміздің портреттерімізді түрлі-түсті құмның көмегімен бояймыз.

- Міне, қандай әдемі балалар шықты! Сондай әртүрлі! Алайда олар өте тату шығар? Ендеше, оларды біздің алаңқайға орналастырайық. Балалар көңілді және тату екендіктерін көрсету үшін оларды қалай жапсыру керек?

 

 

 

«Балапандар» сергіту сәті.

«Балапандар» әні қосылады. Проектор арқылы қабырғада слайд көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Адамдар, балалар.

 

- Адам суреттерін салып, жапсырып қою.

 

Балалар үстелдерге отырып, ақ қағаздан жасалған дайын адам силуэтін түрлі-түсті құммен бояйды.

 

 

 

 

- Олар бір-бірінің қолдарын ұстап тұру керек.

Балалар бейнелеген адам силуэттерін  алаңқайға жапсырады.

 

Слайдта көрсетілген балапандардың қимылын орындап, бой сергітеді.

 

Рефлексиялық және түзетуші кезең

Қорытындылау бөлімі.

- Міне, біздің сабағымыз аяқталып қалды. Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

- Ендеше, біздің суреттегідей барлығымыз қол ұстасып тұрайық. Осылай тұрғанда біз не нәрсеге ұқсаймыз?

- Біз орауышқа бекітілген жіпке ұқсаймыз. Мен соңында тұрған баланы қолынан алып, бар жіп оралғанша дөңгелетіп жүремін.

- Енді біздің күшті, тату, достық орам жібін сезініңдер. Сәл осылай тұрып, дем алайық.

 

«Барлықтарың-барлықтарың сау болыңдар!» жаттығуы.

 

- Иә.

Балалар қолдарын ұстап тұрады.

 

 

- Шынжыр, тізбек, паровоз, жіп.

Балалар жіп болып оралады. Кішкене тұрып, демалады. Дәл солай қолдарын жібермей, балалар тарқатылады.

 

 

 

Балалар жұдырықтарын «бағандап» қойып, қатты дауыстап айтады: «Барлықтарың-барлықтарың сау болыңдар!» деп айтады да, жұдырықтарын алады.

 

Күтілетін нәтиже:

Þ        Достардың адам өмірі үшін қаншалықты маңыздылығын және құм арт-терапиясының негізін  білуі тиіс.

Þ        Мейірімді, жағымды қарым-қатынас орнату іскерліктеріне ие болуы тиіс.

Þ        Өз достарын сыйлау, оларға жәрдемдесу жәнеәр баланың жақсы жағымды жақтарын көре білу  қолынан келуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагог-психолог: ____________________ Жүнісқанова Г.Н.

 

 

ӨЗІНДІК ТАЛДАУ

     Психологиялық оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Достық дегеніміз не?»

     Балалар жасы: 5-6 жас (ересек тобы).

     Мақсаты: балалар ұжымында жағымды эмоциялық қарым-қатынасты жетілдіре түсу, достық туралы көріністерін бекіту және кеңейту, құм арт-терапиясының негізгі техникасымен таныстыру.

     Білім беру салаларының интеграциясы: әлеуметтік, қатынас, шығармашылық.

     Оқу іс-әрекетіне ересек тобының 12 баласы қатысты. Сонымен бірге 20 тәрбиешңлер мен педагогтар бақылады. Сабақ тренинг түрінде құрылған. Балалар әуенмен залға кіріп, амандасып болған соң, «достық қорабы» арқылы бір-біріне жылу сыйлайды. Содан соң гүл алаңқайына шебер құра отырады, сабақ соңына дейін осы алаңқайда болады. Достық жөнінде әңгімелеседі, саусақтық жаттығу орындайды, ойындар ойнайды. Балаларға өткен оқу іс-әрекетінде түрлі-түсті құммен боялып жасалған алаңқай көрсетіледі, сол алаңқайға балалар жетіспейтіндігіне көздері жетіп, оған балалардың суретін жапсыру керек деп шешті. Дайын қыздар мен ұлдар силуэттерін түрлі-түсті құмдармен бояп, алаңқайға қолдарын ұстатып жапсырады. Қорытындылау кезеңінде балалар қол ұстасып тұрып, жіп болып оралады. Сәл демалған соң, дәл солай қолдарын жібермей тарқатылды. Соңында жұдырықтарын ортаға бағандап қойып, «Барлықтарың-барлықтарың сау болыңдар!» деп, қонақтармен қоштасты.

     Жалпы қорыта келе, оқу іс-әрекеті жоспар бойынша дұрыс, кезек-кезегімен жүргізілді. Достық тақырыбы балаларға жақсы таныс болғанымен, сабақта қолданылған ойындар мен жаттығулардың барлығы балалар үшін жаңалық болды. Балалардың сабаққа деген ықыласы мен ынтасы жақсы деңгейде болды деп санаймын. Сұрақтарға жауап беріп отырды, әйтсе де тілі жетілмеген балалар бар. Оларды да сөйлетіп, жауабын тыңдауға тырыстым. Силуэтті құммен бояу тапсырмасы балаларға өте ұнады, аса қызығушылықпен орындады. Сонымен қатар, сабақта қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияны да қолдандым. «Балапандар» сергіту сәтін проектордың көмегімен қабырғада слайд көрсетіліп, балапандар маскасын киіп орындады. Балаларға өте ұнады. Оқу іс-әрекеті санитарлық нормаға сай 30 минут өтті.

     Өзіме ескерту ретінде келесіде сабаққа кейіпкер шақыру керек деп санаймын.

ФОТО ЕСЕП БЕРУ

P1060428 

 


                                                                                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

P1060429,P1060432
P1060460,P1060465,P1060468
P1060450
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


    

 

 

 

 

 

P1060454
P1060473,P1060481
P1060483
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Достық дегеніміз не?" ашық оқу іс-әрекеті"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 528 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.03.2016 1199
    • DOCX 3.5 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жунусканова Гульназ Нуркановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32993
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Развитие ребенка до трех лет: познавательные, коммуникативные и социальные аспекты

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 65 человек

Курс профессиональной переподготовки

Воспитание детей дошкольного возраста

Воспитатель детей дошкольного возраста

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 3418 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 323 человека

Курс повышения квалификации

ЛФК как одна из форм физического развития и укрепления здоровья детей

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Методика поддержки физкультурно-спортивной деятельности для людей с ограниченными возможностями здоровья

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в искусственный интеллект

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе