1286090
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 70%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокКлассному руководителюРабочие программыДостығымыз жарасқан елміз Ұландар

Достығымыз жарасқан елміз Ұландар

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.



«Достығымыз жарасқан елміз»

Мақсаты:а)оқушыларға бірлік,ынтымақ,достық туралы ұғымдарды жеткізу.б)көршілес мемлекеттер туралы түсінікерін дамыту,кеңейту.в)өз Отанын сүюге ,қорғауға тәрбиелеу.

Барысы:Мұғалім : Кіріспе сөз.

Жаса елім,жаса достық бірлікпен,

Көштен қалма,қалма және тірліктен.

Елім менің –Қазақстан Отаным,

Алға өрле үшінші мың жылдықпен

Тек достықпен,өзгеде ел-халықпен

Үмітханым: «Бірлік бар жерде бақыт бар»

«Достық ынтымақ кепілі»

Отан- адамның жүрегіне тиер қасиетті сөз.Адам жүрексіз өмір сүре алмайды.Отан-біздің туған жеріміз,өзіміздің туған туысқанымыз,дос-жаранымыз бен тұратын еліміз.

Ақнұр: Біздің Отанымыз Қазақстан.

Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер таныған ел.оның өз Елтаңбасы,Туы,Әнұраны бар.Еліміз өз егемендігін,тәуелсіздігін 1991 жылы 16-желтоқсанда алды.

Асқар:Тәуелсіздік турала айта кетсем,

Оңайлықпен келкен жоқ мұны білсең.

Ішінде болмасамда көп естідім

Анамнан және мұғалімнен.

Қайран елім тәуелсіздікті аңсап өткен,

Қорлыққа да шыдамаған сарсаң еткен.

Жылынды мың тоғыз жүз сексен алты

Бұрқ еткен көтеріліс сол себептен.

Тыныштық көтеріліп қас қағымда,

Өмірде дауыл тұрды аспанында.

Тәуелсіздік үшін деп қалың жастар

Қарашаңды шұбыртты алаңында.

Орынбасар:Мен қазақпын мың өліп ,мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен-қазақпын,ажалсыз анамын мен,

Құрсағымда сыйдырам даланы кең.

Пәк сәбимін бесікте уілдеген,

Дәуірлермін құрбаспын,данамые мен.

Ұлы аманат етейік еркіндікті,

Ел құлдықты білмесін,жер күңдікті.

Аңсаймын мен,сенемін,туады ертең

«Қазақ болу-зор бақыт»дер күн тіпті. Ж.Молдағалиев

Асқар:Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат әдемі.

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

Жалауыма қарасам көңілімді мақтаныш кернейді.Ол шалықтайды,көңіл қалықтайды.жалауым-жасыл байрағым,әлемнің барша елдерімен терезе теңдестіріп,асқақ желбіреп тұр.

Ерназ:Тәуелсіздік кіндігін

Кескен халық бірлігі.

Ынтымағы барша ұлттың

Нұрын шашқан күн бүгін.

Әнұраным-біздің Отанымыздың салтанатты үні.Өр үні.Өміршең үні.Оның қалықтай көтерілген әуеніне туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды.Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді,арманыңды аялай самғайды.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.(хор)

Ақан:Қазақстан көп ұлтты мемлекет.Онда қазақтар,орыстар,өзбектер,корейлер,украйндар,дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады.Олар өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де,Қазақ халқының осынша кең пейіл,қонақжай көз жеткізді.

Орынбасар:Олар өз елдерінде болмасада,қазақтардың елін елім деп,жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде.әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату-тәтті,бейбітшілік өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі,рахметтері шексіз екендіктерін білдіреді.

Зульфия:Мамыр келеді,мамыр келеді,

Қып-қызыл күн дөңгеленді Батыста.

Мамыр келеді,мамыр келеді,мамыр сұлу!

Көк алаңда қонды қызыл жалаулар.

Мамыр келеді! Ерте тұрып қараңдар...

Бұл өлкенің таңы қандай арайлы!

Адам түгіл тас күлімдеп қарайды.

Алып завад беріп таңның хабарын,

Шымырлатып жан-жүйесін қаланың.

Алтын кірпік,дөңгелек көз күлімдеп,

Мамыр келеді!Желкілдейді көкжиек. Қасым Аманжолов

Телжан:Көктем келді,май келді,

Шақырады тойға елді.

Бізбенен қол ұстасып,

Кел,бірге жүр ,жақсы май.

Гүл терейік,тысқа шық,

Көп сағынған достым-ай!

Мен көтерсем жалауды,

Май да бірге көтерген.

Басып үлкен алаңды,

Маймен бірге өтсем мен.

Индира: Назданып нұрлы өмір нұрлы күні,

Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.

Мамыр боп,айбарлы асып асқақтайды,

Еңбек,Бақыт,Береке,Бірлік күні

Қаһарман,қас батырға дабылы сай,

Арманға жетелейтін ағыны бай.

Мен сені қуанышпен қарсы аламын,

Ажарың ақ-шуақты мамырым-ай.

Ақнұр:Ынтымақ,бірлік,достық,татулық

Бабалардан қалған дәстүр айтулы

Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр

Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы

Күте тұғын асыға әр күнін біз,

Арналатын ең тәтті ән жырымыз

Мерекелі мерейлі айдың басы

Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!

Дамир:Мен қашанда жалғыз өзім жүрмеймін.

Жалғыз жүріп ,жалғыз өмір сүрмеймін.

Жер-жержегі,достарымды санасам,

Аспандағы жұлдызыңмен бірдеймін.

Бүгінгі емес жалын атып нұр көзде.

Жұбымызды жазбайықшы,достарым,

Жалғыз-жалғыз жатармыз ғой бір кезде. С.Жиенбаев

Әлішер:Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің жердің байлығы.

Еңбек ортақ,жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

Үмітханым:Қазақ,қырғыз бір сананың егізі,

Екі жұрттың бірге екен негізі.

Қазақ озса-ол қырғыздың мерейі,

Қырғыз озса-ол қазақтың жеңісі.

Қазақ-қырғыз туыссыңдар, доссыңдар,

Бір тамырдан сендер өскен қос шынар.

Дос туыстар көп болса да дүниеде,

Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.

Көрініс: «Қырғыз бен грузин айтысы»



Елтай:Достық екен өмірде ең керегі,

Достық болып дүниеде дөңгеледі.

Өзендегі толқындар дос боп ақты,

Қанымыздай жүгіріп кеудедегі.

Ағаш біткен дос болып тербеледі,

Тағдыр досқа бақытты тең бөледі.

Сүйеп келе жатқан бірнеше қол,

Бірнеше қол осынау жерде мені. Тұманбай Молдағалиев

Алтын:Қадірменді бір досымыз-өзбегім,

Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.

Өз сөзімдей жаңға жайлы сөздерің,

Өз көзімдей күлімдейді көздерің.

Дәм тұзымыз араласпыз әріден,

Дастархандар жайылады сәнімен.

Палауыңмен бесбармағым сыбайлас,

Кезек жейміз алма ,өрік дәміңнен.

Ернар:Көшіп –қонып жүретін,

Ала дорба асынып,

Думандатып жүретін,

Шаршамайтын өмірден

(ортаға өзбек достарымызды шақырамыз)

Әлішер:

Ақнұр:Өзбекті сарт деп те атайды.Ең алдымен өзіміздің Қазақстан Республикасының азаматы болғанымды мақтан тұтамды айтқым келеді.Қазақ пен өзбек бір тамырдан шыққан халықпыз ғой,қыз алып,қыз берісіп,тату-тәтті өмір сүрудеміз.Жүрегі кең,бауырмал қазақ елінен өз тарапымызға айтылған ауыр сөз, бөтен ой естіген емеспіз.

Мен еліміздің амандығын,осы бетпен алға жүре беруін тілеймін!

Әлішер:Бұралып біздің қыздар билегенде,

Өзбектің асқақ әні тербегенде,

Қол соқпай дәті шыдап тұра алар,

Құрбылар,айтыңдаршы қандай пенде?!

«Өзбек биі»орындалады.

Елтай:Қайсарлығы қара тасты үгіткен,

Қаһарынан қас дұшпанды үріккен.

Қайрымдылығы тас жүректі жібіткен,

Арғы тегі Алаштан тараған,керегесін ағаштан құраған елміз.

Дамир:Халқы жомарт,даласы дархан,орманы қорған,таулары қалқан болған ақ бесік атамекні бар,сол мекенде жусанның жұпарын иіскеген, өздігіннен ешкімге тиіспеген елміз.

Ернар:Шыдымның шегіне жеткенде,намыс оты еті түгілі сүйегінен өткенде,кеудесінде жанар тауы жарылып,көзінің алды қанталап,өзіне қарай анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып,жұлысқанының жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз.

(ортаға кәріс халқын шақырамыз)

Асқар:Кәрістер коре сарам,часон сарам,ханчук сарам болып үшке бөлінеді.

Кәрістердің Қазақстанға келуі сол сталиндік репрессия кезінде Қиыр Шығыстан депортацияға ұшырауынан басталды.

Алтын:1937 жыл еді.

Пойыз жүйткіп келеді.

Терезеден тұрмын қарап таңдана:

Дала,дала, кең дала.

Содан кейін азаптан торыққаным есімде.

Құшақ жая қарсы алғаны есімде,

Құрмет қылып ән салғаны есімде.

Жоқ,ұмытпан,

Ұмыта алман жандарды ол,

Достықтың отымен жүрегімді жылытқан.

Қазақстан! Гүлстан!Ғажапстан!Күнстан!

Жеттім сенде арманыма аңсаған.

Қарыздармын.Бас иемін мен саған.

Бас иемін сенде туып,

Сенде ер жетіп оқыған,

Саған келіп ес жиған өзімдей

Кәрістердің атынан.

Нұргүл:Тілегі бір,жүрегі бір,

Достармен біз біргеміз.

Туыс барда құрыштан да,

Берік біздің іргеміз.

Хормен:Достық –ұлттық туымыз,

Бауырласпыз бәріміз,

Дос болайық бәріміз.

Би: «Кәріс биі»

Зульфия: Запыран жұтқан жылдар оралмасын,еліміз жоғалмасын,тоналмасын.заман,санаң дұрыс, қайран елім, енді қайтып көрмесінші бодандықты басың!Тамыры терең рухың тас жарып шықты қайтадан,даламды тербеп байтақ үн,оянып қайта ой-санам,арылып алаң күдіктен, болашаққа үмітпен қарап,өмір атты айдында өрге жүзіп кемеміз,қарқындап есіп келеміз.

Нұргүл:Кім білмес қазағымның қою шайын,

Жал-жая,қазы-қарта,құрт пен майын.

Ақ тілекпен әрбір келген қонағына,

Құрметпен шығаратын төрі дайын.

Келіңіз ұсынамын төрден орын,

«Досым»деген адамға міне қолым.

Әр қазақтың жүрегінде осы тілек,

Адамзат,оң сапарда болсын жолың.

Сырым:Көршімізді сыйлаймыз,

Қонақ келсе қимаймыз,

Қасымызға алып-ап,

Жүз күндетіп тойлаймыз.

Ақнұр:Россия таң шағынан жаралған,

Россия таң нұрынан нәр алған.

Россия аралықтар өлшемдер,

Биік заңғар тұлғасының бәрі арман.

(Ресей елінен келген қонақтарды шақырамыз)

Индира:Сары,ақпыз,қарамыз,

Бәрімізде баламыз.

Бір қалада тұрамыз,

Бір мектепке барамыз.

(орыс халқы өнер көрсетеді)

Нұргүл: Қайта оралып өткенім,қайта жанып өшкенім,қайта түлеп көктедім.Ендігі бізге керегі ынтымақты –ырысты,берекелі-бірлікті,бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығарған,татулық туын ұстаған,басынан бағы ұшпаған еліндегі тыныштықты, жердегі ырыс-құтты сақтайтын,басқа елдер санасатын,түсінісіп жарасатын терезесі тең,керегесі кең ел еді. Алыс-жақын шетелдерде,бабаларым ат ізін салмаған мекендер де Қазастанды танып,назарына алып жатыр.Бірлігіме әлі талай ел қызығар!



Көрініс: «Бірлік болмай,тірлік болмас.»

Сырым: Онша үлкен болмаса да көлемі,

Азербайжан,Грузия таудың елі,көл елі

Азербайжан,грузин,армиян ағайын.

Тағы сені құшып сүйгім келеді.

Нұргүл:Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан

Тілейміз- бейбіт күн

Ашық болсын кең аспан.

Үмітханым:Асқарлы қарлы шың,

Аялаған ән құсым.

Туған жер армысың,

Саған мың алғысым.

Би: «Грузин биі»

Орынбасар:Мен қазақпын

Ән: «Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру».Қ.Мырзалиев

Би: «Қазақ биі»

Ақан: Бата

Елбасымыз алысты көрсін,

Ел-жұртымыз табысты болсын.

Қыздарымыз сұлу,

Ұлдарымыз намысты болсын,

Көршілеріміз тыныш болсын,

Малымыз төлдеп,дастарханымызға ырыс толсын.

Рудан өсіп,ұл өзін сыйлап,

Ала алсан асылын жинап,

Алаштың азаматтарыбір ауызды болсын.

Мәдениетіміз мәңгі болсын,

Тұрмысымыз сәнді болсын.

Бәрін айт та ,бірін айт,

Дербестігіміз мәңгі болсын!

Би: «Қазақ биі»

Ән: «Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру»

Общая информация

Номер материала: ДБ-399117

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая компетентность педагога»
Курс повышения квалификации «Оказание первой помощи детям и взрослым»
Курс повышения квалификации «Использование мини-проектов в школьном: начальном, основном и среднем общем и среднем профессиональном естественнонаучном образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Использование игр в развитии и обучении»
Курс «Сопровождение детского отдыха. Школа вожатых»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Содержательные аспекты профессионального и личностного развития педагогических работников в рамках реализации профессионального стандарта»
Курс повышения квалификации «Система работы специалистов ОО по подготовке учащихся старших классов к сдаче экзаменов»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Профориентация школьников: психология и выбор профессии»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс повышения квалификации «Методы интерактивного обучения»
Курс профессиональной переподготовки «Методическое сопровождение педагогического процесса в условиях реализации ФГОС»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.