Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Другие методич. материалы / " Достықтың терең тамыры" (8-9сынып)

" Достықтың терең тамыры" (8-9сынып)

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Доп. образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Достықтың терең тамыры»

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан халықтар арасындағы ынтымақтастық пен бейбітшілік өмір сүрудің бірден бір жолы достық қарым-қатынасы екнін түсіндіріп, «достық» сөзінің мағынасын ашу.

Міндеті: 

1.Адам қарым-қатынасы арасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру;

2.Оқушылардың арасында қандай ұлт болмасын достық сезімдерін

дамытуға ықпал ету;

3.Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, адалдыққа, өз елінің адал

азаматы болуына тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар,суреттер, кестелер, фото , тың деректер т.б

Барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Салеметсіздерме оқушылар, ұстаздар біз білетіндей тілдер апталығына байланысты бүгін сыныптан тыс іс-шара өткелі жатыр., Осыдан он төрт жыл бұрын Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 22 қыркүйек Қазақстанда тұратын халықтардың Тілдер мерекесі деп жарияланды. Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір, атасы басқа болса да, Отаны бір жүз отыздан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті, достық, ынтымақтастық қарым-қатынаста өмір сүріп жатыр. Қаншама ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіріп отырған Қазақстан - үлкен достықтың үйі. Ал оқушылар ең бірінші «Достық» деген сөзге ой тастайықшы. Достық дегеніміз не екен? Сендер оны қалай түсінесіңдер?!

Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр? Осы жерде оқушылар бір-бірлеп тұрып жауап береді. Бәрекелді, балалар дұрыс айтасыңдар! Ендеше сол мемлекеттерге тоқталып кетейік.

hello_html_m472bfdbd.jpg

Оқушы Қазақстан-Ресей байланыстары.
1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:
1. Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.
2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.
1998 жылғы 6 шілдеде Мәскеуде ІІІ ғасырға бағдарланған «Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы” Декларация жарияланды. Нәтижелері:
1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты.
2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті.
3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды.

Оқушы. Қазақстан-Қытай байланыстары.
1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық).
1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда негізінен – шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 1997 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда болған келіссөздің нәтижесінде – Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9,5 млрд.доллар жұмсауға келісті.
 

Оқушы.Қазақстан-АҚШ байланыстары.
Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды..
1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды.
АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде «Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.

hello_html_3477952c.jpg

Оқушы. Қазақстан Кырғыз елімен достастығы.

Қазақстан мен Қырғыстан қарым-қатынасы бүгінгі күнде айқын басымдық экономикада, сауда мен еңбек көш-қонында екі елдің арасында туындап қалатын келіспеушіліктерге қарамастан (Қырғызстанның ДСҰ-на кіруі, Қазақстанның Ыстықкөлдегі меншігі), әріптестікті сақтап, келешекте өзара қарым-қатынастарының ары қарай дами түсуіне сенім білдіріп отыр. Қырғызстан мен Қазақстан арасында сауда-экономикалық келісім бар. Қазақстанның оңтүстік егін алқабы Нарын ГЭС-інің суымен қамтамасыз етілсе, Қазақстан кырғыз еліне электр энергия, көмір және мазут беріп отыр. Бұдан басқа, Қазақстанның Ыстықкөл жағалауында өз пансионаты бар. Қырғызстанда көптеген азық-түліктер Қазақстанға қарағанда арзан. Соңғы жылдары 100-ден аса қазақ-қырғыз біріккен өнеркәсіптер құрылып, соның бірі Алматыдан Ыстықкөлге дейін ұзындығы 70 шақырымға жуық автожол салып жатыр. Казақстан Қырғызстандағы куаттылығы 360 МВТ Қарабалта су-электростанциясы құрылысын салуға қатысып жатыр. Қарабалта зауытында Қазақстанның уран рудасы қайта өңделеді және қырғыз жүгінің тасымалдануына мейлінше жеңілдіктер жасайды.

Оқушы. Реферат. Қазақстан Шекеарасы.

Ата-бабаларымыз сан ғасыр күресіп, армандап өткен тәуелсіздік тұғырының мықты болмағы көп жәйттерге байланысты. Соның бірегейі – Мемлекеттік шекара. Мемлекетіміз тәуелсіздігін алғаннан кейін Мемлекеттік шекараның мән-маңызы бұрынғыдан да арта түсті десек болады. "Қазақстан-2030" стратегиялық даму бағдарламасында ұлттық қаушсіздікке айрықша мән берілген. Ал ұлттық қауіпсіздік - Мемлекеттік шекараның беріктігімен тікелей байланысты шаруа. Үстаміздегі жылдың 18 каңтарында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен Қазақстан - Ресей Мемлекеттiк шекарасы туралы шартқа қол қойды. Еліміздің құрғақтағы шекарасының жалпы ұзындығы 14 мың шақырым болса, соның жартысынан астамы, яғни 7591 шақырымы көршілес ел Ресей арқылы өтеді екен.

Президентімiздің өткен ақпан айындағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Жолдауында осынау маңызды тарихи оқиға туралы Елбасымыз: «Осыдан бір ай бұрын Мәскеуде қол қойылған Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны делимитациялау туралы шарттың тарихи маңызы зор. Тарихымызда тұңғыш рет біздің өзімiздің стратегиялық әріптесіміз Ресеймен заң жүзінде рәсімделген Мемлекеттік шекараға ие болдық. Осылайша біз соңғы жылдары ұзына бойы 14 мың шақырымнан асатын шекараны толығымен межелеуге қол жеткiздік.



Оқушы. Қазақстан тәуелсіздігі және ТМД –ның құрылуы. 1991 жылғы тамыз төңкерісінен кейін КСРО-ның ыдырау үрдісі тез қарқынмен жүзеге аса бастады. 1991 жылғы 8 желтоқсанда Минскіде Беларусь, РКФСР, Украина республикаларының басшылары өзара келісіп, 1922 жылғы КСРО-ны құру туралы шарттың күшін жойғанын жариялады. Сонымен қатар Тəуелсіз Мемлекеттер Одағының (ТМО) құрылғандығын мәлімдеді. 1991 жылғы 13 желтоқсанда Ашхабадта Орта Азия мен Қазақстанн басшылары бас қосып, Минскіде қабылданған шешімдерді қолдайтындықтарын білдірді.

1991 жылдың желтоқсанына дейін КСРО-ның құрамында болған республикалардың бəрі мемлекеттік тəуелсіздігін жариялады. Қазақстанда тəуелсіздік алуға қарсы күштер белең алды. Орыс автономиясын құру немесе солтүстік облыстарды Ресейге қосу идеялары көрініс берді. Тəуелсіздік туралы заңды қабылдауды референдумға салу талаптары алға тартылды.

1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-інің атауы Қазақстан Республикасы (Қазақстан) деп өзгертілді. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда 98,78% дауыспен Н.Ə.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды. 10 желтоқсанда Н.Ə.Назарбаев Республика сарайында салтанатты түрде ант қабылдады.

Н.Ə.Назарбаев еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды облысы, Теміртау қаласында «Қазметаллургқұрылыс» тресінде жұмысшы болып бастады.

1969 жылы партиялық қызметке ауысып, Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, қалалық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, қалалық партия комитетінің екінші хатшысы болды.

1973-1977 жылдары Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы, Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы қызметтерін атқарды. 1979-1984 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы, 1984 жылдан Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып қызмет істеді. 1989 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болды. 1990 жылғы сəуірде Қазақ КСР-нің Президенті болып сайланды.

1991 жылғы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды. Тәуелсіз Қазақстан демократиялық даму жолын қалаған, зайырлы, әлеуметтік жəне құқықтық мемлекет болып құрылды.

Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі болып жарияланды. 1992 жылғы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.

1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматыда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тəжікстан, Түркіменстан, Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Молдова, Əзірбайжан, Армения басшылары бас қосты.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылғандығы туралы хаттамаға қол қойылды. Бұл жолы одақ сөзі достастық сөзімен алмастырылды. КСРО іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты.

Бұл кездесуде ядролық қаруы бар мемлекеттер (Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь) ядролық қару жөнінде біріккен саясат қалыптастырып, ТМД мүшелерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге келісті.

hello_html_3fd9ecc4.jpg

Оқушы. Қазақстан Ассамблеясы.— 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.

Оқушы. Қазақстан 3 тілде білім беру саясаты.

Бүгінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдарға және ел Президентінің биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес республика мектептерінде үш тілде білім беруді енгізу экспериментіні ұйымдастыру жұмыстары басталды. «Алайда, бағдарламаға сай сабақ бере алатындай дәрежедегі мұғалімдердің тапшылығынан волонтерларды тарту көзделіп отыр», - дейді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті бастығының орынбасары Кәрімбек Құрманәлиев.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Орта білім басқармасы бастығының орынбасары Роза Батталова «Бұрын орыс мектептерінде қазақ тілі ғана қазақ тілінде оқытылып келсе, енді осыған қосымша қазақ тілінде оқытылатын екі пән енгізілгелі отыр. Сол секілді ағылшын тілін қазақ тілі арқылы үйретеміз. Сондықтан да мұның мемлекеттік тілді меңгеруге септігі мол болу керек», деп есептейді.
 

Бекіту.

-Сонымен, оқушылар, жеке-жеке тақырыптардан не түсіндік?

-Не себепті біздің Қазақстан осы саясатты қолданады?

-Көрші елдермен тату болу керек пе? Осыны күнделікті өмірден қаңдай мысал келтірер едіңдер?!

hello_html_4b5a32da.jpg

Қорытындылау. Осымен біздің отырысымыз аяқталды. Алтындай уақыттарыңызды бөліп, тыңдағандарыңызға көп рахмет. Ал , болашақ Қазақстан жалауын желбіретуші, талантты жасампаздарымыздың сөздерінен дән сепкен, асыл сөздерінен ұғындық деген ойдамыз. Ат салысып, қатысқандарыңызға көп рахмет ! Жолдарыңыз ашық, білімді азамат болып шығуларыңызға тілектеспіз.



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 03.10.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров40
Номер материала ДБ-233185
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх