Описание презентации по отдельным слайдам:
Мақсаты: Оқушыларды шынайылыққа,адамгершілікке, әдемілікке,қарапайым болуға тәрбиелеу.Достық сезімі оларды өмірде бірін-бірі қажетсінуінен,құрмет тұтуынан,шынай тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен,біріне-бірі тірек,медет болуынан,қам-қайғысыз кезде ғана емес,әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан,риясыз,есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғындыру.
ЖАН ДОСЫМ Іздегенде табылатын қасыңнан, Көңілі бар қызғалдақтай ашылған. Көріспесек сағыныштан жүдейтін, Кім бар екен бала күнгі досыңнан? Қайырмасы: Жан досым, үстем болсын мерейің, Әрқашан жеңісіңді көрейін. Сырымыз да бітпесін, Жырымыз да бітпесін ,жырымыз да бітпесін. Қос бұтағы секілденіп ағаштың, Қатар жүріп сырымызды сан аштық. Жол тапсақ та бірге жүріп жол таптық, Адассақ та бірге жүріп адастық. Қайырмасы:
Достық[1] – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.[2]
Номер материала: 552178
Не нашли то что искали?
Вам будут интересны эти курсы:
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное. |