Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Драма үйірмесінің бағдарламасы (театр, қойылымдар мен көріністер арқылы оқушылардың қабілеттерін шыңдау)

Драма үйірмесінің бағдарламасы (театр, қойылымдар мен көріністер арқылы оқушылардың қабілеттерін шыңдау)

  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

Драма үйірмесінің бағдарламасы мен тақырыптық жұмыс жоспары

  1. Мақсаты: оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;

- оқырмандық, көрермендік талғамды қалыптастыру;

- ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

  1. Міндеті:

- әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуге, мән – мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғызу;

- көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту;

- жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру;

- актерлік шеберлігін қалыптастыру, дамыту.

3. Жаңашылдығы:

- бағдарламада театрлық-ойын әрекетінің құралдары жүйеленген, балалар шығармашылығының түрлі жанрлары театрлық көрініске ену арқылы іске асуына негізделген.

Кіріспе.

Оқушылардың тілі мен ойлау қабілетін қалай дамытуға болады? Сөздің сырын түсінуге қалай үйрету керек? Әлемді тануға, елгезектік пен қайырымдылық, біреудің қайғысына ортақтаса білу мен барлық тіршілік иесін жақсы көруге қалай үйрету керек?

Эмоционалдық ұялшақтықтан, қысылып-қымтырылудан арылу мен сөзді, образды сезіне білу мен кейіпкерге ене білуді үйренудің ең дұрыс жолы - бұл ойын қиялдау мен құрастыра білу. Мұның барлығын да театрландырылған үйірме бере алады. Аталмыш бағдарламада балалар театры тек қана көркемдік нәтижеге жету құралы , яғни спектакль қою ретінде ғана қарастырылмайды. Сонымен қатар,театр өнерімен шұғылдану оқушылардың ойлау қабілеті мен таным қызығушылығын белсендіруі, қиялы мен елесін оятуы, ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығын оятуы өте маңызды. Үйірме - оқушылардың іс- әрекетінің сабақтан гөрі басқа бір түрі. Оқушы дайын сабақты алумен шектелмейді, ол сондай-ақ, оны жасайды, өзі құрастырады. Үйірмеде балалар назары мәселені өздері қоюға, ойлану мен жетекші көрсетіп берген бағытта өздік жұмыстарын дамытуға , таным қабілеттерін дамытуға бағытталады. Олар тапсырманы орындауда жеке, ұжымдық жұмыстарды жасай отырып, қажетті құралдар мен әдіс-тәсілерді өздері таңдайды. Сенімділік, оқушылар мен жетекшінің біріккен қызметі, дидактикалық материалмен бірігіп жұмыс жасау, өнердің басқа түрлерімен байланыс, бәрі- оқушының жеке тұлғасының дамуына әсер етеді.





Түсінік хат

Үйірме бағдарламасы бастауыш сыныптардағы оқушылардың екі жылдық жұмыс жоспарына сай есептеліп жасалған. Үйірме – бұл мұғалімнің оқушылармен әріптестік қатынаста және нәтижеге қол жеткізуі үшін жұмыс жасауына арналған. Бұл технология қатысушыларды ізденімпаздыққа, таным мен өзін-өзі тануға бағытталған. Үйірменің өз жұмыс мақсаты мен міндеттері бар. Сезіну,елестету, көру, тапсырманы орындау, содан соң ізденімпаздықты ұйымдастыру – жетекшінің тілеген әрекеттері міне, осылар. Оқушының үйірмеге ұмтылысын күшейтетін нәрселер – өз идеяларын ұсыну, жарнамалау, өз жұмысының нәтижесін көру. Үйірме жұмысы үнемі өз жұмысын талдаумен, өз әсерімен бөлісумен аяқталып отырады. Үйірме жұмысы бірнеше бөлімдерден құралған бағдарламадан тұрады. «Сөйлеу мәдениеті мен техникасы» бөлімініде тыныс алу, сөйлеу мүшелерінің еркін жұмыс жасауына бағытталған жаттығулар мен ойындар жүргізіледі. Сондай-ақ, нақты мәнер мен ойлау, орфоэпиялық заңдылықтар түсіндіріледі. Бөлімге байланыс қабілетін дамытатын, қысқаша ертегілер мен әңгімелер құрауға үйренетін, қарапайым іс-әрекеттерді таңдай білетін сөздік ойындар енгізілген.

Келесі «Сымбат пен мүсін икемділігі» бөлімінде баланың қозғалыс қабілеттерін, дене әрекетінің әдемі қимыл қозғалысын, оқу күшін жеңілдетуге бағытталған дамыту ойындары мен жаттығу жұмыстары жүргізіледі.

«Театральдық ойын» бөлімінде оқушының тек қана кәсіби шеберлігін дамыту қарастырылмайды, сондай-ақ, ойын әрекетіндегі эстетикалық сезімін дамыту, құрдастары мен үлкендер түрлі жағдаяттар арасында өзін дұрыс ұстай білу тәртібі үйретіледі. .

«Әдеп пен мәдениет» бөлімінде оқушылардың өмірдің мәні мен құндылықтарын түсіну, жалпы адамзаттық бағалы қасиеттерді ұғыну, сөйлесу мәдениеті мен өзін ұстай білу әдебін, эстетикалық мәдениетті (талғамы бар оқырман, көрермен бола білуге) білу үйретіледі.

Үйірменің жұмыс кестесі бастауыш үш сыныпқа аптасына екі рет жүргізіледі.















Күтілетін нәтижелер:

Оқу жылының аяғына қарай оқушы:

Біледі:

  1. Театр деген не?

  2. Театр басқа өнер түрлерінен несімен ерекшеленеді

  3. Театр неден пайда болды?

Театрдың қандай түрлері бар? (Қуыршақ,драмалық,опера,балет,музыкалық комедиялар,халықтық)

  1. Театр қойылымдарын (спектакльдерді) кімдер жасайды?

Түсінігі болады

  1. Сахнаның негізгі техникалық құралдары жөнінде

  2. Сахнаның безендірілуі жөнінде

  3. Сахна мен көрермен залында өзін – өзі ұстау ережелі туралы

Үйренеді:

  1. Өзінің өмірдегі құбылыстарға қатынасын сахнада көрсетуді

  2. Бейнелі ойлауды

  3. Назарын аудара білуді

  4. Өзін сахна кеңістігінде сезінуді

Таланттарын үстемелейді:

  1. Кейіпкермен (сыныптастармен) сөйлесу

  2. Қарапайым актер шеберлігі

  3. Қоршаған әлемді бейнелі қабылдау

  4. Сыртқы зиян келтірушілерге дәл, бейнелі әсер ету

  5. Ұжыммен жұмыс



Сондай-ақ, артық ұялшақтықтан, қоғамнан қорқудан, «сыртқы көзқарастан» қысылудан арылады, тіл табысқыштық, ашықтық, қоршаған ортаға қамқорлық, ұжым алдындағы жауапкершілік қасиеттерін алады.






























Екі жылға арналған жұмыс жоспары



Бағдарлама тараулары

Сағат саны

1 жыл

2 жыл

1

Кіріспе



2

Сөйлеу мәдениеті мен техникасы



3

Сымбат,мүсін икемділігі



4

Театральдық ойын



5

Әдеп пен мәдениет



 6

Барлық сағат саны







Екі жылға арналған тақырыптық жұмыс жоспары

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1-оқу жылындағы 1-жартыжылдыққа арналған оқу-тақырыптық жұмыс жоспары

1

Кіріспе әңгіме. Үйірменің жұмыс жоспарымен таныстыру. Үйірмеге қатысушылар тізімін жасау.

1

 

Сөйлеу мәдениеті мен техникасы

2

Назар аударуды дамыту ойындары.

3

 

3

Түрлі әңгімелерден рольдік ойындарға этюдтер жасау.

2

 

Сымбаттылық, икемділік

4

Психофизикалық тренинг, этюдке дайындық. Сымбат пен жүріс әсемдігін меңгеру.

2

 

5

Сахналық «Көрерменге сөйлеу» этюдін үйрену. Отработка сценического этюда «Обращение» («Танысу», «Тілек тілеу», «Айна»).

2

 

Театральдық ойын

6

Театр құрылымымен, оның негізгі мамандары: актер, режиссер, сценарист, суретші, гримермен танысу. Сахналық этюд «Театр мамандарын» үйрену.

2

 

7

Грим техникасы. Гримнің және гримдегі техникалық құралдардың гигиенасы. Жалпы рең берудің әдістері

1

 

8

Ертегінің сценариімен танысып үйрену. («Қызыл телпек» ертегісінің жаңа нұсқасы мазмұны желісімен ).

1

 

9

Рольдегілердің мінез-құлық, түр, түс ерекшелігіне (сыртқы бейнесі мен дауыс мәнерін және т.б. ескере отырып) қарай соған сай келетін жас әртістерді рольдерге бөлу. Ертегіні мәнерлеп оқу.

1

 

10

Қажетті жағдайларды баяндау, әр кейіпкердің сахнадағы өзін-өзі ұстау ерекшеліктеріне тоқталу. Кейіпкерлер костюмі, сахнаның безендірілуі, сахналық қосымша әрлегіш құралдар (музыкалық фон, дыбыстық құралдар т.б) түсіндіру. Костюмдер мен безендірулерді дайындауға көмек көрсету.

1

 

11

1,2- көріністердегі рольдермен жұмыс жасау. (Диалог барысындағы мимикамен, ой екпінімен, сахналық безендірумен жұмыс жасау)

2

 

12

3,4,5,6,7 - көріністердегі рольдермен жұмыс жасау. (Диалог барысындағы мимикамен, ой екпінімен, сахналық безендірумен жұмыс жасау)

2

 

13

8,9,10- көріністердегі рольдермен жұмыс жасау. (Диалог барысындағы мимикамен, ой екпінімен, сахналық безендірумен жұмыс жасау)

2

 

14

Ертегі мазмұнын ашуға сай келетін музыка таңдау. Дайындық жұмысы.

2

 

15

Костюмдермен, безендірумен, музыкалық қосымшамен бірге күрделі дайындық жұмысын жүргізу.

2

 

16

Ертегіні оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер алдында қою.

2

 

17

Үйірмені сырттан бақылаушылармен және қатысушылармен бірге талдау жұмысы (келесіде қайталанбауға тиісті жіберілген кемшіліктері). Іс- әрекетті талдау (Ертегімен жұмыс жасау қызықты болды ма, оның қажеттілігі болды ма, ұжыммен бірге әрі қарай не жасайтындығына - келесі іске ұжымдық жоспар құру)

1

 

Әдеп пен мәдениет

18

Әдептің жалпы адам мәдениетімен байланысы Адамның бір-біріне сыйластығы, жер табиғатына, Отанға,балалық шаққа, кәрілікке, ата-анаға, нанға, білімге, өз-өзіне және барлық білмейтін нәрсеге сыйластық қарым-қатынас.

2

 

19

«Адам – ұлы құндылық» тақырыбында өз жақындарының суреттерімен әңгіме құрау. Әлемде қызықсыз адам жоқ»)

2

 

20

Сахналық этюд «Театр ілгіштен басталады, ал, әдеп «сиқырлы» сөздерден басталады» (Әдеп).

1

 

21

Жағымсыз қылық, іс-әрекеттердің зияны (Мәдениет)

1

 

22

«Әдеп пен мәдениет» тақырыбында шығармалармен танысу.

3

 

ІІ жартыжылдық

Сөйлеу мәдениеті мен техникасы

1

Тыныс алуды дамыту мен сөйлеу мүшелерінің еркін жұмыс істеуіне бағытталған ойындар мен жаттығулар

1

 

2

Тілдік сөйлеу қызметін дамытуға арналған ойындар «Басын іздейміз», «Құрастырушы», «Екінші жартысын табайық», «Алғашқы әріп бойымен» , «Бірнешеуден біреуін»

3

 

3

«Білім - күш» сабағы. Оқу-білім тақырыбындағы шығармалармен жұмыс жасау.

2

 

Қимыл-қозғалыс икемділігі

4

Затсыз этюд (инеге жіпті салу, киімдерді чемоданға жинау, қарындаштың ұшын шығару, шай құю, т.б.)

1

 

5

Сахналық этюд «Жарнама», «Мүсін», « Қайшылық» , жұптық сахналық этюдтер «Өте үлкен сурет», «Пейзаж»

2

 

6

Сахналық этюдтер. Мәтін бойынша шумен безендіру, топқа бөліну, сахналық этюдтерді жасау.

3

 

7

Қимыл-қозғалыстың икемділігіне дайындық. Доптармен жаттығулар.

1

 

Театральдық ойын

8

Мәтіндегі ойға сөздік іс-әрекет. Сөйлеу мен дене әрекеті (дене мен сөйлеу жұмыстарын елестету, жасау, ой қимыл икемділігі арқылы ашылады)

2

 

9

Байқау қабілетін дамыту. (Өз бақылауы негізінде этюд көрсету. Адам мінезін, оның қоршаған ортаға қарым-қатынасын түсіну мен түсіндіру).

1

 

10

Күрделі суретпен жұмыс жасап үйрену және елестеру қабілетін дамыту жағымсыз бейнелер»).

2

 

11

Артикуляция мүшелерімен, дикциямен (мәнер) және орфоэпиялық ережелермен танысу жұмыстары (Әріптерді қайталау, дауыстыларды, дауыссыздардың түрлерінің кезектесіп келуімен жаттығулар жасау, мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштар арқылы жаттығу)

3

 

12

Кейіпкермен жұмыс. Бет әлпет мимикасымен жұмыс жасау, талдау. Шаш үлгісі мен париктер.

3

 

13

«Мақта қыз бен мысық» ертегісінің сценариімен танысу.

1

 

14

Оқушыларды бет-әлпет, мінез-құлық, дауыс мәнері ерекшеліктеріне қарай рольдерге бөлу. (сырт бейнесі, және т.б. сай келуі ескеріледі. Жекелеген көріністермен дайындық.

2

 

15

Ұсынылатын, қажетті жағдайларды ұйымдастыру, әр кейіпкердің сахнадағы жүріс-тұрыс ерекшелігіне тоқталу. Сахналық безендірулер мен костюмдер, музыкалық әрлеу туралы әңгімелеу.

3

 

16

Пантомимикалық іс-әрекеттермен дайындық. Афишалар дайынау.

3

 

17

Сахналық безендірумен, костюмдермен,музыкалық әрлеумен бірге күрделі дайындық жұмысы.

3

 

18

Белсенді оқушылар алдында сахналау.

2

 

19

Сахналауды талдау. (Белсенді оқушылар мен жетекшілері шақырылады).

1

 

Әдеп пен мәдениет

20

Әдептілік түсінігі. Қасиеттің алтын ережесі « Өзгелер сенімен қандай қарым-қатынаста болғанын қаласаң, сен де олармен сондай қатынас жаса» (Әдептілік пен мәдениет тақырыбындағы өлең-жырлар)

1

 

21

Әдептілік тақырыбын дамыту. (Сахналық этюдтер «Автобус», «Сын», «Жол», «Керіс»)

2

 

22

Сөйлеу мәдениеті адам бейнесі мен оның тартымдылығын құрайтын негізгі бөлік ретінде

1

 

23

Сөйлесу ережесі мен өзін-өзі ұстау тәртібінің ережесі (Сахналық этюдтер қою)

2

 

24

Сахналық этюдтер («Қоғамдық орындарда» «Үйде, отбасында»)

3

 

Театральдық ойын

25

Диалог – жануарларға дыбыстық еліктеу мен олардың дыбысын салу. (Әтеш –тауық, шошқа – сиыр, арыстан – қой, ит- мысық, екі маймыл, үлкен ит- кіші ит)

1

 

26

Костюм элементтерін ойнау. Сахналық кеңістікті игеру.

2

 

27

Мысалшылар мысалдарымен танысу. Образдап оқу.

1

 

28

Оқушылардың сұрауы бойынша рольдерге бөлу. Костюмдері мен сахналық безендірулерді әңгімелеу. Аңдардың бетпердесін дайындау.

2

 

29

Рольдерін ойнау, дайындық. Диалог кезіндегі мимикамен, ой екпінімен жұмыс жасау.

3

 

30

Күрделі дайындық

3

 

31

Сахналау (ата-аналар немесе мұғалімдер мен оқушылар алдында есеп беру).

1

 

32

Істі талдау. (Оң, теріс жақтары).

1

 

33

Бір жылдың жұмысын талдау.

1

 

2-жылдың І жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары

 1

Кіріспе. Үйірме жоспарымен танысу. Үйірмеге қатысушылар тізімін жасау. Үйірме бұрышын дайындау.

 3

 

Сөйлеу мәдениеті мен техникасы

2

Тыныс алуды дамытуға, сөйлеу аппаратының еркіндігіне, дұрыс артикуляцияға бағытталған жаттығулар жұмысы.

1

 

3

Нақты мәнерді, сөйлеу мен орфоэпияны дамытуға арналған ойындар.

1

 

4

Бейнелі байланысқан сөйлеуді дамытатын ойындар.

2

 

5

«Көп мағыналы сөздер» шағын әңгіме құрау.

1

 

6

«Ойынды білімділер жүргізеді» газетін шығару. (әңгімелеу, материал таңдау, міндеттемелерді бөлісу).

3

 

Қимыл ептілігі

7

Пантомимиканы дайындап көру.

2

 

8

Қимыл икемділігіне жаттығулар.

1

 

9

Пантомимикалық этюд «Біреуі жасайды, екіншісі кедергі келтіреді». («Кейіпкер қозғалысы», «Күту», «Диалог»).

2

 

10

Сымбат пен жүрісті меңгеру

1

 

11

Пантомимикалық этюдтер «Тірілген суреттер».

1

 

Театральдық ойын

12

Өнер бөлшектерінің мәні мен маңызы

1

 

13

Ұсынылатын жағдайларды, сахналық тапсырмаларды меңгеру.

2

 

14

Актер шығармашылығының негізі – іс-әрекет.

1

 

15

  • Елестетуге арналған этюдтер.

  • Мәтін үзінділерін оқи отырып, әртүрлі дыбыстар мен шуларды бейнелеу.

  • Берілген жағдайдағы күту күйіне арналған этюд (5 адам бір уақытта).

2

 

16

Сөйлесу екі немесе бірнеше адамның сезімі мен ойын қабылдау, бере білу әрекеті ретінде.Әртүрлі жағдаяттарға арналған этюдтерді ұйымдастыру.

1

 

17

Кеуде қуысының жұмысын дамытуға арналған жаттығулар. Пойыз»). (Жаңылтпаштар мен мақалдар).

1

 

18

Грим техникасы. Жарық көлеңкесі

1

 

19

Дене мен бет әлпет формасы туралы. Көзді бояу қажеттіліг. Румяна. Толық және сопақша беттердің гримі

1

 

20

Өз бетіңнің мимикасын талдау.

1

 

21

Мысалшылардың мысалдарындағы қанатты сөздерге сахналық этюдтер

1

 

22

Халық ертегісі «Өнер күші» оқу, талдау, әңгімелеу. Ертегінің тақырыбын, идеясын, қижетті құрал-жабдықтарды әңгімелеу. Рольдерді бөлу.

2

 

23

Рольдерді оқу. Диалог кезіндегі мимикамен, ой екпінімен жұмыстар. Маскалар мен безендірулерді дайындау.

4

 

24

Күрделі дайындық. Сахнаны безендіру.

3

 

25

Премьера. (Бастауыш сынып оқушылары алдында сахналау)

2

 

26

Сахналық көріністі талдау.

1

 

27

Зиянды әдет-қылықтардың қасіреті. Олардан аулақ болу. Теледидардан көріністер қарау.

4

 

28

Бекітілген кейіпкерге арналған этюдтер

1

 

29

Қажетті кейіпкерге ене отырып, өлеңді мәнермен оқып үйрену.

2

 

II жартыжылдық

Әдеп пен мәдениет

1

(Әдеп ). Сөйлеу мәдениеті адамды құрайтын негізгі бейне ретінде, оның тартымдылық қасиетінің бөлшегі. Сөйлеу мәдениеті. Сөздерді , интонация ны таңдау мен сөйлесім түрі, сөйлеудегі қателіктерсөйлеудің қаттылығ мен жұмсақтығы. Сахналық этюдтерді дайындау мен көрсету.

2

 

2

(Әдеп).Пікірлесу және тәртіп ережелері. Көшедегі, көліктегі, телефонмен сөйлесудегі, қоғамдық орындардағы әдеп ережелері. Оқушылар мысалы. Сахналық этюдтер.

2

 

3

Адамның, отбасының, халықтың жадысы. Жадысыз ұят та жоқ. Шығармашылық жұмыстарға талдау жасау.

2

 

4

Әдеп пен мәдениетке қатысты көріністер қарау, талдау.

3

 

Тетарльдық ойын

5

Этюд актер тәрбиелеудегі негігі құрал ретінде. Этюд - «өмірді еске түсіру құралы» (К.С. Станиславский). Шулы әрекетті бейнелеу.

1

 

6

Қарама –қарсылыққа арналған, затсыз этюдтер (2 адам, сахна екіге бөлінген) «Сынған фотоаппарат», «Дыбыстық ойындар», «Көрінбейтін кейіпкермен телефонмен сөйлесу» этюдтері. (1 адам)

2

 

7

Сөйлеу дауысының күшін дамытатын жаттығулармен жұмыс.

1

 

8

Кейіпкермен жұмыс. Ертегідегі гримдер .

2

 

9

«Қоршаған орта экологиясы мен оны күзету» балалар спектаклімен танысу. Пьесаның тақырыбын, идеясын, қажетті ойындар мен қосымша құралдар туралы әңгімелеу

1

 

10

Оқушылардың талап, тілектеріне қарай рольдерді бөлу. Әр рольді ойнаушының сыртқы түр-әлпетін, дауыс мәнері мен т.б. ерекшеліктерін есепке алу. Ертегінің рольдерге бөліп, мәнерлеп оқу.

2

 

11

Ұсынылатын қажетті жағдаяттарды, әр кейіпкердің сахнадағы өзін-өзі ұстау ерекшеліктерін ақылдасу. Сахналық декорациялар мен костюмдер, музыкалық сүйемелдеуді ақылдасу. Жекелеген эпизодтарға дайындық.

3

 

12

Жекелеген эпизодтарға дайындық. Маскаларды дайындау.

3

 

13

Жекелеген эпизодтарды дайындау. Сахналық безендірулерді әзірлеу.

3

 

14

Сценарийге үйлесетін музыкалық сүйемелдеуді табу.

1

 

15

Бірнеше эпизодтарды артқа тастау арқылы қосымша жұмысты қажет ететін орындарды анықтау, дайындау.

2

 

16

Костюмдермен, сахналық әрлеумен, музыкалық сүйемелмен күрделі дайындық.

3

 

17

Спектакль премьерасы.

2

 

18

Қойылымды талдау.

1

 

Сөйлеу техникасы мен мәдениеті

19

Сөздік қорды байытуға және назар аударуды дамытуға арналған әзіл сөздік жұмбақтар.

1

 

20

«Мен сұлулық, достық әлеміндемін, әлем менде» (Достық, сұлулық тақырыбындағы шығармалар ) Ситуациялық жағдайларды шешу.

1

 

21

Метаграмма және логогриф жұмбақтар. (сөзді сезіну мен өзгеше ойлау қабілеті).

1

 

22

«Үміт» . Таңдалған мақал-мәтелді құрастыру мен талдау.

2

 

23

Эмоция ерекшеліктері. Тестілеу. Тест қорытындысын талдау.

1

 

24

«Шығар, ойлан, жасап көр!» газетін шығару. (әңгімелеу, материалдар жинау, міндеттерді бөлісу).

3

 

Дене ептілігі

25

Пантомимикалық этюд – көлеңке.

1

 

26

Қозғалыс үйлесімділігі ( 10 адам) . Жануарлар әрекетін бейнелеу. (5 адам) . Бақылағыштыққа этюд .

2

 

Әдеп пен мәдениет

27

« Сөйлесу әліппесі» дөңгелек үстел

2

 

28

Сахналық этюдтер дайындау. («Таксиде», «Көшеде», «Көлікте, лифтіде», «Пойыз вагонында», «Демалыста», «Сәлемдесу», «Халыққа сөз»

1

 

29

Психологиялық автопортрет. (Өзінің психологиялық мінездемесін жасау).

2

 

30

Бір жылдық жұмысты талдау.

1

 







Краткое описание документа:

Драма  үйірмесінің   бағдарламасы  мен  тақырыптық  жұмыс  жоспары

1.      Мақсаты:  оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;

- оқырмандық, көрермендік  талғамды қалыптастыру;

 - ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

2.     Міндеті:

- әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуге, мән – мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғызу;

 - көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту;

 - жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру;

 - актерлік шеберлігін қалыптастыру, дамыту.

                3. Жаңашылдығы:                           

                             бағдарламада  театрлық-ойын  әрекетінің  құралдары   жүйеленген, балалар  шығармашылығының  түрлі  жанрлары  театрлық  көрініске  ену арқылы  іске асуына    негізделген.  

Кіріспе.

      Оқушылардың  тілі мен ойлау  қабілетін қалай дамытуға  болады? Сөздің  сырын  түсінуге  қалай  үйрету керек? Әлемді  тануға, елгезектік пен қайырымдылық, біреудің қайғысына ортақтаса білу мен  барлық тіршілік иесін жақсы көруге қалай үйрету керек?

      Эмоционалдық  ұялшақтықтан, қысылып-қымтырылудан  арылу мен  сөзді, образды  сезіне білу мен кейіпкерге ене білуді үйренудің  ең дұрыс жолы  - бұл  ойын  қиялдау мен құрастыра білу. Мұның  барлығын да  театрландырылған  үйірме  бере алады. Аталмыш  бағдарламада  балалар  театры тек қана  көркемдік  нәтижеге  жету  құралы , яғни  спектакль  қою ретінде    ғана  қарастырылмайды.  Сонымен  қатар,театр өнерімен шұғылдану  оқушылардың  ойлау қабілеті мен  таным  қызығушылығын белсендіруі, қиялы мен  елесін  оятуы, ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығын  оятуы  өте  маңызды. Үйірме -  оқушылардың іс- әрекетінің сабақтан   гөрі   басқа бір түрі. Оқушы  дайын  сабақты  алумен шектелмейді, ол сондай-ақ,  оны  жасайды, өзі құрастырады. Үйірмеде  балалар  назары  мәселені  өздері  қоюға,  ойлану мен  жетекші  көрсетіп берген  бағытта  өздік  жұмыстарын дамытуға , таным қабілеттерін  дамытуға  бағытталады. Олар  тапсырманы  орындауда жеке, ұжымдық  жұмыстарды  жасай отырып, қажетті  құралдар мен әдіс-тәсілерді өздері  таңдайды. Сенімділік,  оқушылар мен жетекшінің  біріккен  қызметі, дидактикалық  материалмен  бірігіп жұмыс жасау, өнердің  басқа  түрлерімен  байланыс, бәрі-  оқушының  жеке тұлғасының  дамуына  әсер етеді.

 

 

Түсінік  хат

Үйірме  бағдарламасы  бастауыш  сыныптардағы  оқушылардың  екі  жылдық  жұмыс  жоспарына  сай  есептеліп  жасалған. Үйірме – бұл  мұғалімнің  оқушылармен әріптестік  қатынаста  және  нәтижеге  қол  жеткізуі  үшін  жұмыс  жасауына  арналған. Бұл  технология  қатысушыларды  ізденімпаздыққа, таным мен  өзін-өзі  тануға  бағытталған. Үйірменің  өз  жұмыс  мақсаты  мен  міндеттері  бар. Сезіну,елестету, көру, тапсырманы  орындау, содан  соң  ізденімпаздықты   ұйымдастыру – жетекшінің  тілеген  әрекеттері  міне, осылар. Оқушының  үйірмеге  ұмтылысын  күшейтетін  нәрселер – өз  идеяларын  ұсыну, жарнамалау, өз  жұмысының  нәтижесін көру. Үйірме  жұмысы  үнемі  өз  жұмысын  талдаумен, өз  әсерімен  бөлісумен  аяқталып  отырады. Үйірме  жұмысы  бірнеше  бөлімдерден  құралған  бағдарламадан  тұрады. «Сөйлеу  мәдениеті  мен  техникасы»  бөлімініде тыныс  алу,  сөйлеу  мүшелерінің  еркін  жұмыс  жасауына  бағытталған  жаттығулар  мен  ойындар  жүргізіледі. Сондай-ақ, нақты  мәнер мен ойлау, орфоэпиялық  заңдылықтар  түсіндіріледі. Бөлімге  байланыс  қабілетін  дамытатын, қысқаша  ертегілер мен әңгімелер  құрауға  үйренетін, қарапайым  іс-әрекеттерді  таңдай  білетін сөздік  ойындар  енгізілген.

       Келесі  «Сымбат пен  мүсін икемділігі»  бөлімінде  баланың  қозғалыс  қабілеттерін, дене  әрекетінің  әдемі  қимыл қозғалысын, оқу   күшін  жеңілдетуге   бағытталған  дамыту  ойындары мен  жаттығу  жұмыстары  жүргізіледі.

        «Театральдық  ойын»  бөлімінде  оқушының  тек  қана  кәсіби  шеберлігін  дамыту  қарастырылмайды, сондай-ақ, ойын  әрекетіндегі эстетикалық  сезімін  дамыту, құрдастары мен  үлкендер  түрлі  жағдаяттар  арасында өзін  дұрыс  ұстай  білу  тәртібі  үйретіледі. .

             «Әдеп  пен  мәдениет»  бөлімінде оқушылардың  өмірдің  мәні  мен  құндылықтарын түсіну,  жалпы адамзаттық  бағалы  қасиеттерді  ұғыну, сөйлесу  мәдениеті мен  өзін  ұстай  білу   әдебін, эстетикалық  мәдениетті (талғамы бар  оқырман, көрермен бола білуге)   білу  үйретіледі.

              Үйірменің  жұмыс  кестесі  бастауыш   үш  сыныпқа  аптасына  екі  рет  жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

Күтілетін  нәтижелер:

Оқу  жылының  аяғына  қарай  оқушы:

Біледі:

1.     Театр  деген  не?

2.     Театр  басқа  өнер  түрлерінен  несімен  ерекшеленеді

3.     Театр  неден  пайда болды?

Театрдың  қандай  түрлері  бар?  (Қуыршақ,драмалық,опера,балет,музыкалық комедиялар,халықтық)

4.     Театр  қойылымдарын  (спектакльдерді)  кімдер  жасайды?

Түсінігі  болады

1.     Сахнаның   негізгі  техникалық  құралдары  жөнінде

2.     Сахнаның  безендірілуі жөнінде

3.     Сахна  мен  көрермен  залында  өзін – өзі  ұстау  ережелі туралы

Үйренеді:

1.     Өзінің  өмірдегі  құбылыстарға  қатынасын  сахнада  көрсетуді

2.     Бейнелі  ойлауды

3.     Назарын  аудара білуді

4.     Өзін  сахна  кеңістігінде   сезінуді

Таланттарын  үстемелейді:

1.     Кейіпкермен   (сыныптастармен)  сөйлесу

2.     Қарапайым  актер шеберлігі

3.     Қоршаған  әлемді  бейнелі  қабылдау

4.     Сыртқы  зиян келтірушілерге  дәл, бейнелі әсер  ету

5.     Ұжыммен  жұмыс

 

 

   Сондай-ақ,  артық  ұялшақтықтан, қоғамнан  қорқудан,  «сыртқы  көзқарастан»  қысылудан  арылады, тіл  табысқыштық, ашықтық, қоршаған  ортаға  қамқорлық,  ұжым  алдындағы  жауапкершілік  қасиеттерін  алады.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Екі жылға арналған  жұмыс  жоспары

 

Бағдарлама тараулары

Сағат саны

1 жыл

2 жыл

1

Кіріспе

   

2

Сөйлеу мәдениеті мен техникасы

   

3

Сымбат,мүсін  икемділігі

   

4

Театральдық  ойын

   

5

Әдеп пен  мәдениет

   

 6

Барлық сағат саны

   

 

 

Екі  жылға арналған  тақырыптық  жұмыс  жоспары

Сабақтың  тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1-оқу жылындағы 1-жартыжылдыққа арналған оқу-тақырыптық жұмыс жоспары

1

Кіріспе  әңгіме. Үйірменің  жұмыс  жоспарымен таныстыру. Үйірмеге  қатысушылар  тізімін жасау.

1

 

Сөйлеу мәдениеті мен  техникасы

2

Назар  аударуды    дамыту  ойындары. 

3

 

3

Түрлі  әңгімелерден  рольдік  ойындарға  этюдтер  жасау.

2

 

Сымбаттылық, икемділік

4

Психофизикалық  тренинг, этюдке  дайындық. Сымбат  пен  жүріс  әсемдігін  меңгеру.

2

 

5

Сахналық «Көрерменге  сөйлеу»  этюдін  үйрену. Отработка сценического этюда «Обращение» («Танысу», «Тілек тілеу», «Айна»).

2

 

Театральдық ойын 

6

Театр  құрылымымен, оның  негізгі  мамандары: актер, режиссер, сценарист, суретші, гримермен   танысу.Сахналық  этюд «Театр  мамандарын»  үйрену.

2

 

7

Грим  техникасы. Гримнің және  гримдегі  техникалық  құралдардың   гигиенасы. Жалпы  рең  берудің  әдістері 

1

 

8

Ертегінің  сценариімен танысып үйрену.

Автор
Дата добавления 25.03.2015
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров7807
Номер материала 457427
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх