Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Дәріге емес, дәруменге үйір бол"-тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Дәріге емес, дәруменге үйір бол"-тәрбие сағаты

библиотека
материалов

«Абыхан Жексембеков атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы

бар қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Дәріге емес, дәруменге үйір бол






Сынып жетекшісі: Демесинова А.

Сыныбы: 2Ә










2015 – 2016 оқу жыл

Бекітемін

Мектеп директоры

Г.Б.Қасымжанова




Сабақ тақырыбы: Дәріге емес, дәруменге үйір бол


Мақсаты:

Оқушыларға дәрумендердің ағзадағы рөлі және дәрумендер жетіспегеннен болатын аурулар, жемістердің пайдасы туралы білімдерін жетілдіру мақсатында ізденуге, тез ойлауға, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.


Көрнекілігі: тақырыптық суреттер, көкөніске толы себет, слайд


Өтетін күні: 18.01.2016ж


Уақыты: 13.10-13.55


Сыныбы:


Пәп мұғалімі: Демесинова Ақерке






















Сабақтың тақырыбы: Дәріге емес, дәруменге үйір бол


Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім: - Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар!

C:\Users\akerke\Desktop\дәрумендер\дәрумендер\5268e309ddac1.jpg - деп Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз айтып кеткендей. Денсаулық зор байлық, сондықтан да біз өз денсаулығымызды күте білуіміз керек дей, отырып біз бүгінгі дәрумендерге байланысты «Дәріге емес, дәруменге үйір бол» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Мұғалім: Адамның денсаулығы –қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау, адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз дені саудың-жаны сау деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі. балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың –салауаты өмір салтын сақтау. Біздің өмірімізді жарық қылатын, жан жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсындар?

Оқушылар : Денсаулық

ІІ. Негізгі бөлім

І-жүргізуші: Әдемі

«Табиғатта адам үшін табиғи тағамнан артық дәрі де, дәрумен де жоқ. Дәрі деген адамды емдемейді, тек аурудың бетін жасырады. Ол ауру қазір беті қайтқандай болғанмен біраз уақыттан кейін жаңа күшпен қайта өршіп кетеді.

ІІ-жүргізуші: Гүлім

Дұрыс айтасың Әдемі тек дұрыс тамақтану, тағамды таңдай білу, күтіну ғана адамды барлық ауру-сырқаудан құтқара алады».

І-жүргізуші: Әдемі

Гүлім ал сен Дәрумендер - адам ағзасы үшін өте қажетті биологиялық белсенді зат болып табылатынын. Олар ағзаға күнделікті ішіп-жейтін тағамдар арқылы берілетінін білесің бе?

ІІ-жүргізуші: Гүлім

Ия. Сол үшін де Әдемі тағамның құнарлы болғанына көңіл бөлген жөн. Ал бірыңғай құнарсыз тағамдарды тұтыну - дәруменнің жетіспеушілігін туғызады.

І-жүргізуші: Әдемі

Дәрумендер – ерекше органикалық заттар болып саналатындықтан, адам олардың аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ, дәрумендерсіз ағзаның қалыпты жұмыс істеуі және жетілуі мүмкін емес.

ІІ-жүргізуші: Гүлім

Ғалымдардың айтуынша адамзаттың ой еңбегін арттыруға, өсуін дамытуға, сондай-ақ, ағзаның ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз ету үшін дәрумендердің пайдасы мол екен.

І-жүргізуші: Әдемі

Егер тағам құрамында дәрумендер жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлап, соның салдарынан адам түрлі ауруға тез шалдығады екен.

ІІ-жүргізуші: Гүлім

Ал дәрігерлердің айтуынша, дәрумендер өсімдіктер мен жануарлардың өнімдерінен алынатын азық-түліктерде болады.

Витаминдер тірегің

АВСДЕ деп аласың

Жетіспесе бір оның

Ауырып сен қаласың

І-жүргізуші: Әдемі

А-сы қажет көзіңе

В-сы жүйкені тоғайтар

С-дан микроб безінер

Д- сүйекті нығайтар – дей отырып Медицинада дәрумендерді А, В, С, D, және т.б. латын әріптерімен белгілейді. Адам ағзасы үшін олардың әрқайсысының түрлі қасиеттері мен пайдалы жақтары бар.

ІІ-жүргізуші: Гүлім

Олай болса сол дәрумендердің қандай пайдасы бар, олар қандай жемістерде кездесетінін дәрумендердің өзінен сұрап өтейік


Ақерке: А

Мен болмасам егерде

Көзің жақсы көрер ме?

Жетіспесе ағзаңда

Бойың биік өсер ме?

Мен сарғыш не қызыл  түсті тағамдарда кездесмін. Олар - сәбіз, қауын, қызанақ, балық майы, сиыр бауыры, жұмыртқа, сары май, ірімшік, рауғаш, қаймақ, т.б. Құрамында А дәрумені бар  тағамдарды күн түспейтін қараңғы жерде сақтайды. Оларды ыстық сумен жумайды.

А дәрумені көздің көру процесіне қатысады.

Гүлбану: В

Менсіз жүйке шаршайды

Ашуланып кеп саларсың айқайды

Қан азайып әлсірейді жүрегің

Асқазаның қорта алмайды

Ақбота: С

Мен болмасам бойыңда

Тісің дұрыс өспейді

Ішкен асың бойыңа

Жөнімен тарап сінбейді

Мен итмұрын, қарақат, пияз, қызанақ, картоп, капуста, алма, апельсин, бүлдірген, қарбыз, сәбіз, қияр, жүзім, алмұрт, асқабақ құрамында боламын.

Азамат: Д

Мен жетіспей қалғанда

Мешел болып өсерсің

Қаңқаң қисық болғанда

Өкінумен өтерсің

Мен жұмыртқа, сары май, қаймақ, сүт, саңырауқұлақ, балық майы құрамына боламын. Сүйектің минералдануы мен қатаюына көмектесемін.

Мадияр: Мен К дәрумені күнделікті пайдаланатын барлық тағамдарда кездесемін. Олар тіпті ішектегі кейбір бактериялардың әсерімен жаңадан пайда болып отырады. Сондықтан бұл дәруменнің жетіспеуі бойға тараған кейбір аурудың салдарынан деп түсіну керек. К дәруменінің қанды ұйытудағы маңызы зор.

Ринат: Мен Р дәрумені шайдың құрамында көп боламын. Сондықтан қазақ келіншектерінің арасында бұл дәруменнің жетіспеуі өте сирек кездеседі. Оларда қан тамыры ауруы да жиі болмайды. Өйткені ол ұсақ қан тамырларын бекітіп, серпімділігін арттырады. Шайдың маңызын осыдан көруге болады.

Абылай: Мен Е – дәрумені тері мен шырышты қабаттың жазылуын жақсартамын. Жаңғақта, көк бұршақта, жүгеріде, цитруста, өсімдік майында боламын.

І-жүргізуші: Әдемі

Міне, аталған дәрумендердің бәрі ағзаға үлкен әсер ететінін білдік. Олар денеде бір-бірімен тығыз байланыста. Біреуі жетіспесе, екіншісі орнын басуы да ықтимал. Қазір бірнеше дәрумендер қосылған дәрілер өте танымал. Оны көктем, қыс кезінде пайдаланған дұрыс.

 

Мұғалім: «Кім көп ойлап табады?» сайысы (Көкөністерді ұстап атын айтқызу, көзі байлану керек.)

ІІ-жүргізуші: Гүлім

Әдемі жалпы, әр адамның денсаулығы үшін дәрумендердің алар орны ерекше. Сол себепті, құнарлы тағамдарды көбірек жеген дұрыс. Ал дайын дәрумендерді пайдаланғанда дәрігердің кеңесіне жүгінген жөн.

І-жүргізуші: Әдемі

Дұрыс айтасың Гүлім бұл сөзіңе келісемін.

ІІ-жүргізуші: Гүлім

Жеміс-жидек, көкөніс, өсімдік шырыны, міне осының бәрі дәруменге бай. Тамақтанған кезде  алдымен осылардан бастаған дұрыс.

І-жүргізуші: Әдемі

Мәссаған! Гүлім мына қызықты қарашы, жемістер бір – бірімен айтысып жатыр екен. «Мен пайдалымын» деп шу шығарып жатыр.

 ІІ-жүргізуші: Гүлім

Ия Әдемі қане оларды да тыңдап көрейікші.


Мерей: Мен алмамын. Менің құрамымда - А, В1, В2, В6, С, Р дәрумендері бар. Шырынымнан шарап, сусын дайындалады, жемісім емдік дәрі ретінде де, адам ағзасын ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.
Менің пайдам өте көп. Қан қысымын түсіремін. Бүйректе тас пайда болудың алдын аламын. Жөтелдің алдын алу үшін ұсақтап туралған құрғақ алманы қайнаған сумен араластырып ішеді.

Нұрлыбек: Ал менде - А, В, С, Р дәрумендері болады . Жемісімді жас күйінде және кептіріп те жеуге болады, одан банан ұны, консерві, мармелад, шәрбат, шарап дайындалады.
Егер сіздің қан қысымыңыз жоғары болса, күнделікті дастархан мәзіріне
мені қосқаныңыз жөн. Дәрігерлер күніне екі рет банан жеген қан қысымын төмендетеді дегенді айтады. Сондай-ақ күніне тек банан ғана жесеңіз, артық салмақтан арылуға да болады.

Айым: Мен Жүзіммін. Менің құрамымда - С, В1, В2, РР дәрумендері бар. Менің құрамымдағы дәрумендердің миға пайдасы өте зор. Түстен кейін қос уыс жүзім жеу немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу ағзаға өте пайдалы дейді дәрігерлер. Жүзім қатерлі ісіктен (рак) қорғау ерекшелігіне ие.

Дана: Мен лимонмын - Қант диабетімен ауыратындарға менің жапырағымды кептіріп шай қылып ішсе өте пайдалы. Шырынымды сығып алып бетке жақса, ондағы қара дақ пен секпілді тазартады. Және шырынымды күн сайын ішсе, бүйректегі тас пен құм түсіреді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады.

Жанболат: Ал мен апельсинмін. Құрамымда В1, В2, Р және РР дәрумендері бар. Темекі қағазына оралған апелсинді мамыр айына дейін сақтап қоя аласың. Әсіресе, оның қабығы дәруменге өте бай. Семіздіктен емдегенде апелсин, алма, қияр күндерін тағайындайды. Осыған орай бұл күндер жеңілдену күндері деп аталады.

Байбол: Мен анармын. Шырынымды және жемісімнің қабығын медицинада асқазанның жұмысы бұзылғанда, кепкен бұтақтарым мен діңінің қабығын ішек құртына қарсы дәрі ретінде пайдаланады.
Асқазаны ауыратындар анардың ащы сорттарын пайдаланбау қажет.

Роза:

Ал менің құрамымда - С, В, Е, К дәрумендері бар. Мен артық салмақтан арылуға, көздің жақсы көруіне көмектесемін. Асқабақтың шырынын балмен ұйықтар алдында ішсе, тыныш ұйықтайсыз және ол асқазан ішек жолдарын тазартады.


ІІ-жүргізуші: Гүлім

Барлығың да дәмдісіңдер,
Шырқап айтар әнімсіңдер.
Көз тоймайтын кереметтер,
Дастарханның сәнісіңдер!


Хор: халық әні «Дастархан»

І-жүргізуші: Әдемі

Гүлім қазір қыс мезгілі, ал қыста біздің ағзамызға иммунитетін сақтап, суықтан қорғайтын көп күш қажет. Нені жеу, қалай тамақтану керектігін білуіміз керек.

ІІ-жүргізуші: Гүлім

Ия Әдемі не жеу керек екенімізді де білуіміз керек. Жиі тамақтанған өте маңызды. Ең дұрысы күніне 5 мәрте, 3 негізгі ас, 2 жеңіл тамақ, аралары 3 сағаттан аспайтын. Ағзамызды қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін, қандай тағам, қанша мәрте  жеуімізді білген дұрыс.

І-жүргізуші: Әдемі

Қалай керек?

Көкөністер мен жемістер – төзімділікті дамытатын қажетті дәрумендер мен минералдарды құрайды. Күндіз – көкөністер. бұрыш, брокколи, брюсель қырыққабаты, сәбіз, қияр, цитрус жемісі, алма болу керек. Оларды шикі күйінде жеген жақсы, бірақ пісіруге де болады. Оларды мұздатып, сақтауға да болады. Сарымсақты ұмытпаңыз, оның бактерияға қарсы қасиеті бар.

ІІ-жүргізуші: Гүлім

Балық - әсіресе тұздалған балық, - 3 – топ амин қышқылының құнды қайнар көзі. Олар ағзаны  бактериядан қорғайды.

І-жүргізуші: Әдемі

Ет және сүт тағамдары – ағзамызға қажетті белок береді. Сапасы жақсы, майлылығы төмен етті салқындатылған күйде қыстың кезінде жеңіз. Сүт тағамдары - сүт, майлылығы аз ірімшік, жұмыртқа – зат алмасуды жақсартады, құрамында D дәрумені күн сәулесі аз кезінде тиімді. Белок негізгі астың үшеуінде де болу керек.

ІІ-жүргізуші: Гүлім

Қыстың кезінде емдәм мәзірін дайындау өте қиын, өйткені онда қажетті нәрлі заттар болу керек. Қосымшаларды байқап пайдаланыңыз, себебі олар басқа заттармен келіспеуі мүмкін.   Қосымша тағам жөнінде өз дәрігеріңізбен және дәрі-дәрмек маманымен кеңесіңіз.

ІІ-жүргізуші: Гүлім

Ендігі кезекте дәрігерден бет күтімі жайлы кеңес алсақ (көрініс)



Мұғалім: Өте жақсы Дәрумендер туралы көп нәрсе үйрендік деп ойлаймын. Ендеше денсаулығымыз дұрыс болу үшін дұрыс тамақтануды да білуіміз керек .

( тамақ суреттері слайд)

ЗИЯНДЫ ТАҒАМДАР

Адам – өз құмарлығының құлы. Ол пайдалы нәрсені көре тұрса да, өзі бұрыннан бой үйретіп алған пайдасыз нәрсені тастап кете алмайды. Ал, ең пайдасыз нәрсе – қолға не түссе, сонымен қоректенеді.

Чипсыдың зиянды әсері

Егер сіз күніне картоп чипсыйының бір пакетін жесеңіз, бұл бір жыл ішінде бес литр сұйық май ішкеніңізбен тең болады. Британдық медиктердің зерттеуі бойынша британдық оқушылардың 50 пайызы күніне кемінде бір пакет картоп чипсыйын жейді екен.

Дана:

Ас адамның арқауы

Деген сөз бар ежелден

Бойдан сіңіп тарауы

Үшін керек ереже

Нұржан:

Тамақты ішсең күнде сен

Белгілі бір мезгілде

Таңертең, түс, түстен соң

Жатар алды кезінде.

Ой толғау

Тамақтанудың ережелері:

  1. Артық тамақ жемеу

  2. Жеңіл тамақ ішпеу

  3. Тағамдарды толық және дұрыс шайнау

  4. Майлы тамақтан тартыну

  5. Өте тұщы және ащы тамақтан бас тарту

  6. Ас ішерде асықпа

  7. Ыстық тамақтан соң іле-шала суық тамақ ішкен зиян

  8. Тәулігіне 4-5 рет тамақтану

  9. Тамақ піскен, жаңа дайындалған болу керек

  10. Дастарқанаға тамақ ішкің келгенде ғана отыру керек.



ІІІ. Қорытынды:

Ойын: Пайдалы, пайдасыз тағамдарды топтастыру

1- топ 2-топ

Пайдалы Пайдасыз

Балық Фанта

Айран Қуырылған ет

Геркулес Торт

Сәбіз Шоколад

Пияз Чипсы

Орамжапырық Кола

Алма

Алмұрт

ІІ-жүргізуші: Гүлім

Жалпы, әр адамның денсаулығы үшін дәрумендердің алар орны ерекше. Сол себепті, құнарлы тағамдарды көбірек жеген дұрыс. Ал дайын дәрумендерді пайдаланғанда дәрігердің кеңесіне жүгінген жөн.

І-жүргізуші: Әдемі

Қорыта келе, Біз денсаулығымыз жайында көбірек ойлауымыз керек. Рухани тәрбиенің орны бөлек. . Ал денсаулығына тікелей әсер ететін жәй – дұрыс тамақтануы, жеміс-жидекке үйір болуы, дәріге емес, дәруменге, яғни, витаминдерге, онда да жасандысына емес, табиғиларына жақын жүруі.


Мұғалім: - «Бірінші байлық - денсаулық» деген халық мақалы бекер айтылмаса керек. Адам баласы ерте заманнан – ақ денсаулық үшін күрес жүргізіп келеді. Осымен «Дәріге емес, дәруменге үйір бол» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Сіздерге көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет айта отырып, зор денсаулық және дастархандарыңыз жемістерге толы болсын демекпіз!







Автор
Дата добавления 18.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров423
Номер материала ДВ-351722
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх