Инфоурок Другое КонспектыДәріс «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау және оның ақыры».

Дәріс «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау және оның ақыры».

Скачать материал

 Елімізде соңғы уақытта адамдар көп жиналатын сауда орталықтары, банктер, мектептер, әуежай, тағы да басқа жерлерде жарылғыш заттар­дың орнатылғаны туралы жалған ақ­парат беретіндер көбейіп кетті. Осы бір құқық бұзушылықты еліміздің қай заңнамасы реттеледі, қалай олайсыздар?

-         «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заңның 3-бабында Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимылдың барысы жан-жақты баяндалады. Терроризм әлем жұртшылығын алаңдатып отырған кесел. Біздің еліміз ғана емес, осы бір террористік қауіп көрші елдерде, тіпті, одан әрі асып дамыған шет мемлекеттерде де орын алып жатыр.


Сондықтан, дәл қазіргі уақытта терроризм бойынша қылмыстық жауапкершілік қатаң бақылауға алынған. Қай елді алсаңыз да кез келген тәртіпсіздікке жауапкершілік көзделген. Қазақстан Республикасы
 Қылмыстық кодексінің 242-бабында дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қатаң жаза қарастырылған. Аталмыш жазадан басқа мұндай қылмыс жасау мемлекетке де материалдық шығын әкелетіні рас. Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы жалған ақпарат беру нәтижесінде тұрғындар арасында үрей, қорқыныш туындайды әрі жарылыс затын іздеу­ге, залалсыздандыруға көп адам жұ-­мылдырылып, орынды қор­шау, адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізіліп, тө­тенше жағдай қызметінің күші қажет етіледі. Бір өкіндіретіні, терроризм туралы жалған хабарлаушылар өз істерінің соңы қылмыстық жа­уапкершілікке соқтыратынын, мем­лекетке зиян келтіретінін ойлан­бай­тындығы.
 

– Ел азаматтары осындай жал­ған хабар беріп, құқықбұ­зу­шылыққа бармас үшін не істеуге болады және заңда тәр­тіп бұзғандарға қандай жауапкершілік көзделген? 
– Бірінші сауалыңызға тоқ­та­лар болсам, әрине, қарапайым халықтың құқықтық сауатын арт­ты­руы­мыз қажет. Расымен де, екі­нің бірі құқықтық сауат­ты емес. Сауаттың кемелдігі аза­мат­тарды жауапкершілікке итер­ме­лейді. Мысалы, айта кетейін, жалған терроризм туралы хабарлаған адамға 200-ден 500-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айып­пұл салынады. Немесе жеті жыл­ға, иә болмаса, алты жылға бас бос­тан­дығынан айырылады.
   Бұ­рын аталған бап орта деңгейлі қыл­мыс­қа жататын әрі ең жоғары жаза 3 жылға бостандығынан айы­руды құраған-ды. Бүгінде заң қа­­тай­ды. Енді елге де түзелетін уақыт жетті. 
   Сонымен қатар, көрінеу жал­ған ақпарат таратуға да байланыс­ты жауапкершілік бар. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 242-1-бабында қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтар мен ұйымдардың құқықтары, заңды мүдделеріне не қоғамның, немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақ­па­рат тарату 1000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға болмаса бір жыл­ға дейінгі мерзімге бас еркін шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жаза­ланады. Және де адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқы­лы немесе қызмет бабын пай­далана отырып, бұқаралық ақ­па­рат құралдарын, ақпараттық-коммуникациялық желілерді пай­даланып жасалған дәл сол іс-әре­кет 5000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айып­пұл салуға не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бос­тандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі. 
Жоғарыда аталған баптың бірінші немесе екінші бөлік­те­рінде көзделгеніндей, адамға, ұйымға, мемлекетке ірі нұқсан немесе басқа да ауыр зардаптар келтірген іс-әрекеттер 7000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл са­луға я болмаса үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бос­тан­дығынан шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал, осы баптың бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде баяндалғанындай, төтенше жағ­дайда, ұрыс жағдайында, соғыс уақытында немесе көпшілік іс-шаралар өткізу кезінде жасалған іс-әрекеттер бес жылдан он жыл­ға дейінгі мерзімге бас бос­тан­дығынан айыру жазасына әкеп соқтырады.
 

  – Бір қызығы, жалған ақ­парат тарататындар арасында үлкендермен қатар, балалар да жүреді. Осындай келеңсіздікке барған жасөспірімдерге де жауапкершілік нақтыланған болар?
  – Жалған терроризм жа­йын­да ақпарат берушілердің қа­та­рында үлкендерді былай қой­ғанда, жасөспірімдердің де жүретіні өкін­діреді. Балаға бала деп қа­ра­сақ та, еліміздің Қыл­мыстық кодексінде оларға да жауапкершілік көрсетілген. Мысалы, Қыл­мыстық кодекстің 15-бабында он төрт жасқа толғандардың жа­уапкершілікке тартылатыны жөнінде нақты айтылған.
Статистикалық көрсет­кіш­терге сүйенсек, 25 пайызға жуық терроризм туралы жалған хабар 14 жасқа толмаған жасөспірімдерден түсетін көрінеді. Бұған бейжай қарамау керек. Керісінше, бұза­қы­лыққа барғандардың ата-аналарын азаматтық-құқықтық жа­уапкершілікке тарту қажет.  Осындай жалған ақпар таратып елді әбігерге салатындар, телефон бұзақылары енді жазадан қашып құтыла алмайды. Оған себеп, шұғыл қызметтердің жаңа техникалық желілермен жаб­дық­талғандығы. Жаңа  құ­рылғылар қоңыраудың қай жерден түскенін тез анықтап береді. Тіпті, ұялы телефондарды да анық­тай алады. Және де қоңырау шалған адамның атын, тегін, мекенжайын көрсетіп беретін ком­пьютерлік бағдарламалар да бар. Қоңыраулар үнтаспаға жа­зы­ла­тын­дықтан, қауіп-қатер дабылы түскен жерге бірнеше минутта-ақ шұғыл қызметкерлер жетіп келеді.
  Жалған терроризм тек қана құқық қорғау органдарының, заң қорғау ведомстволарының проблемасы емес. Ол еліміздің барлық адамдарына қауіп төнді­ре­тін­діктен, экстремизммен кү­ре­суге құқық қорғау органдарымен қатар, барлық мемлекеттік мекемелер, тіпті, кез келген адамның атсалысқаны абзал. Сондай-ақ, жиілеп кеткен теле­фон алаяқтары фактілеріне бай­ла­ныс­ты жалған телефондық хабарлар түскен уақытта мұқият болу қажеттігін ескерте кете­йін. Осындай фактілер кездесе қал­ған жағдайда алаяқтардың айт­қанына ермей, тез арада құқық қорғау органдарына хабарласу керек.
 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дәріс «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау және оның ақыры»."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 791 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.04.2016 3314
    • DOCX 19.8 кбайт
    • 36 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аткенов Медет Турсунбекович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аткенов Медет Турсунбекович
    Аткенов Медет Турсунбекович
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6264
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой