Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Әдістемелік оқу құралы.2014-2015 оқу жылы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Әдістемелік оқу құралы.2014-2015 оқу жылы

библиотека
материалов

hello_html_m6b55a949.gifhello_html_12062e90.gifhello_html_m3038ec0e.gifhello_html_736b37a9.gifhello_html_mfc8f8f1.gifhello_html_22f36bf7.gifhello_html_78943768.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifӘдістемелік оқу құралы.2014-2015 оқу жылы

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов Атындағы ауданы

Мұқыр ауылы Жеңіс негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Базарбаева Айгүл Оразалықызы















Шағын жинақты бастауыш мектептегі пәндерді оқыту


барысын ұйымдастырудың ерекшелігі















Әдістемелік оқу құралы.2014-2015 оқу жылы



ШЖМ-тің бастауыш сыныптар мұғалімдеріне арналған











2014 - 2015 оқу жылы


Мен Жеңіс негізгі шағын жинақты мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп келемін.

Шағын жинақты мектептердің өзіндік ерекшелігі мұғалім бір мезгілде екі, үш, кейде төрт сыныптың оқушыларымен қатар жұмыс істейді. Бұл ерекшелік оқу-тәрбие жұмыстарының өзгешелігін айқындайды.


Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті көрсеткіші- білім деңгейімен өлше-неді .Сондықтан әлемдік білім кеңістігіне кірігіп білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отыр-ғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады» деген екен К. Д. Ушинский.
Нақты айтқанда,1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдасты-тудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп»ШЖБМ-

те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы Жол» жолдауында : Жаңа Экономикалық Саясат – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді. Нәтижесінде ол әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен өмір сапасында көрініс табады. Ал , ең бастысы-осының бәрі болашақ ұрпақтың байлығы ретінде біздің жерімізде қалады.Тек білекті сыбанып ,іске кірісу қажет - деген.

Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті көрсеткіші - білім деңгейімен өлше-неді .Сондықтан әлемдік білім кеңістігіне кірігіп білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отыр-ғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады деген екен К. Д. Ушинский.
Еліміздің жаңа бағыттағы өзгерістері, қоғамның тез ақпараттандыруы және серпінділігі білім беру жүйесіне қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Осыған орай білім беруді жаңғырту педагогтардың өз жауаптылығы мен кәсіби деңгейін ұғынуға және білім үрді-сіндегі әр түрлі мәселелерді шешуге жеке дара қатыстығына тәуелді болып келеді

Білім беру саласындағы басты мақсат – еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлға дайындау, олай болса, шағын жинақты мектептердің ұстанымы да осыған келіп саяды. Бұл мақсатты орындауда шағын жинақты мектептердегі оқыту жүйесін дамыту, соның ішінде оқу-әдістемелік база құру: арнайы бағдарламалар, оқулықтар, әдістемелік құралдар әзірлеу өзекті мәселелерді шешу қажет.

Шағын жинақты мектептердің өзіндік ерекшелігі мұғалім бір мезгілде екі, үш, кейде төрт сыныптың оқушыларымен қатар жұмыс істейді. Бұл ерекшелік оқу-тәрбие жұмыстарының өзгешелігін айқындайды.






hello_html_m4df28724.png


Алғы сөз


«Шағын жинақты бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» оқу құралы Қазақстан Республикасы шағын жинақты мектептердің бастауыш сыныптар мұғалімдеріне арналған. Өйткені, кейінгі жылдары елімізде шағын жинақты мектептердің көбейіп келе жатқаны айқын байқалуда. Осыған орай шағын жинақты бастауыш мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету қажет.

«Шағын жинақты бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» оқу құралының мазмұны мен құрылысы шағын жинақты бастауыш мектептің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, бастауыш сыныптар мұғалімдерін кәсіби білім деңгейлерін көтеруге бағытталған.

Шағын жинақты бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» оқу құралы төмендегідей тараулардан тұрады:

- шағын жинақты мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың педагогикалық негіздері;

- шағын жинақты бастауыш мектеп оқшыларының білім, білік және дағдыларын меңгеру барысын ұйымдастыру;

Тарауда шағын жинақты бастауыш мектептің тарихы мен қазіргі жайына талдау жасалып , ШЖМ-те оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктеріне және ШЖБМ-ге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама сипаттама берілді.

Шағын жинақты бастауыш мектепте оқушылардың білім, білік және дағдыларды меңгеру барысын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды, сабақ кестесін құру технологиясы мен сабақ жоспарларының үлгісі, оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру жолдары баяндалды.

Шағын жинақты бастауыш мектепте пәндерді оқыту барысында қолданылатын қосымша материалдар ұсынылды.Сабақ кестелері мен ШЖБМ-тегі қазақ тілі және математикадан сабақ жоспарларының үлгілері, сыныптан тыс жұмысқа арналған тапсырмалар, тест және бақылау жұмысының тапсырмалары берілді.




Шағын жинақты бастауыш мектептегі пәндерді оқыту барысын ұйымдастырудың ерекшелігі

Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз - балалардың саны аз, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектеп.

Нақты айтқанда, 1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп». ШЖБМ-те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды.

Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.

Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1- сынып комплект, 15-тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 сынып-комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. (Гигиенические требования к условиям обучения школьников в различных видах современных общеобразовательных учреждений № 2.01.07.-99.г §2 Пункт 9.11 - 21 стр.).

Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда 1 сынып-комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген.

«ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерде»: (-2000 ж. №32 (6)) «Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үдерісін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі»,- делінген.

ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты – бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу.

ШЖМ-нің оқу-тәрбие үдерісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, сабақтың ерекшеліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрылысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.

  • өздік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс;

  • сабақтың екінші ерекшелігі – тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі;

  • осы екі ерекшелік – ШЖМ-нің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін туғызады: бір сыныптың өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты.

Екіншіден, 3-4 сынып қатар оқытылатындықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.

ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:

- бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-10 сабаққа, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет.

- бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;

- мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.

ШЖМ-нің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:

- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар.

- дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады.

- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады.

- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді.

- бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді.

- әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол.

- аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады.

ШЖМ-тің жоғарыда келтірілген артықшылықтарымен қоса, кешшіліктері, кері жақтары да бар:

- мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды;

- сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды;

- мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;

- мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады;

- өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;

- белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;

- оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;

- ШЖБМ оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады;

ШЖБМ бағдарламасын өз деңгейінде орындап шығу қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау төмендегі жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады: - егер мұғалім ШЖМ -нің өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне, сезіне алатын болса;

- егер мұғалім ШЖМ математика сабағын ұйымдастырудың мәселелері бойынша қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен болса;

- математика сабағында мұғалім балаларды қызықтыра алатындай, сабақты түрлендіре жүргізетін, олардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын дұрыс қолданатын болса.

ШЖБМ мұғалімдерінің жұмысындағы қиындықтарға қарамастан, республикамыздың мұғалімдері оқушыларды екінші жылға қалдырмай, толық үлгеріммен жұмыс істеп, оқушыларға терең және берік білім беріп, олардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда.

Шағын жинақты бастауыш мектептерді көрнекі құралдармен жабдықтау ісінде үлкен табыстарға қол жеткізген, өз тәжірибелерін жинақтап, тарата білген үздік мұғалімдер – Ы.Құсайынов пен Б.Құсайыновалар болды. Олардың мектепті көрнекі құралдармен және оқушыларға таратып беретін дидактикалық материалдармен жабдықтау жөніндегі іс-тәжірибелері аудандық, облыстық, республикалық және сол кездегі Кеңес Одағы көлеміндегі газет-журналдарда жарияланып тұрды. Құсайыновтардың іс-тәжрибелерін таныстыратын кең ауқымды экспозиция Мәскеудегі ХШЖ-нің (ВДНХ) «Халық ағарту» павильонына көрмеге жіберілді. Осындай табыстары үшін кезінде Ы.Құсайынов алтын медальмен, Б.Құсайынова қола медальмен марапатталған болатын. Кейін олардың озық іс-тәжірибесі жеке кітапша болып 1970 жылы «Аз комплектілі қазақ мектебі» деген атпен басылып шықты. Бұл еңбек – мұғалімдер үшін өте қажетті және таптырмас көмекші құрал. Шағын жинақты бастауыш мектеп мұғалімдері Құсайыновтар ойлап тапқан жиналмалы тақтаны (универсальная доска), сондай-ақ сызба-кестелерді, дидактикалық карточкаларды, лотолар мен грамматикалық ойындарды өз жұмыстарына еркін пайдалана алады.

А.П.Усова ұсынған дидактикалық құралдардың жіктемесі М.А.Данилов, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткиннің құралдарына сәйкес келеді. Бұл ғалымдар оқыту құралдары ақпаратты беру ненің – сөздің, көрнекіліктің, практикалық әрекеттің көмегімен қамтамасыз ету деп түсінеді.

Оқыту құралдары

Оқу-әдістемелік құралдар

Көрнекі құралдар

Техникалық оқыту құралдары

Бағдарлама оқулық

Дидактикалық материалдар

Оқыту әдістемесі

Дидактикалық ойындар

Суреттер

Карточкалар

Кестелер

Перфокарталар

Сызбалар

Санау материалдары

Графопроектор

Үнтаспа

Кинопроектор

Лингофондық құрылыс

Бейнефильмдер

Компьютер

Микрокалькулятор


Оқу-әдістемелік құралдарға оқу-әдістемелік топтама (ОӘТ) құрамына енетін мына құралдар жатады:

  1. Бағдарлама (1-4 сыныптар);

  2. Оқулықтар (1-4 сыныптар);

  3. Қазақ тілін оқыту әдістемесі (2-4 сыныптар)

  4. Математикадан дидактикалық материалдар (1-4сыныптар);

  5. Математиканы оқыту әдістемесі (мұғалімдерге арналған көмекші құрал (1-4 сыныптар);

  6. 1 және №2 - математика дәптерлері (1сынып);

  7. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар (1-2 сыныптар)

  8. Бастауыш математика курсындағы шығармашылық жаттығулар: оларды орындау технологиясы (1-4 сыныптар);

ШЖБМ оқу үдерісінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес мектеп оқушыларына арналған оқыту құралдарына нақты талаптар қойылады.

Оқу құралдарының әдістемелік аппараты алдымен онда кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастырып қана қоймай, сонымен бірге, жабдықтар да, оқу құралдары да оқушының өз бетімен жұмысын басқаруға септігін тигізуі керек.

Мұғалімдер, әдіскерлер және ғалымдар ШЖМ-ке арналған оқу құралдарын дайындау жөнінде әр түрлі пікірлер айтуда. Ол құралдар мектеп ерекшелігіне сай бір оқу бөлмесінде бірнеше сыныппен жұмыс істеп отырған мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына септігін тигізуі тиіс. Онда ең алдымен баспадан шыққан оқулық пен дәптер қажет. Одан басқа сынып-комплектінің барлық балаларын қамтитындай, сабаққа тартуға арналған санау материалдары бар қосымша, кестелер, ауызша есептеу мен математикалық диктанттың баспаға түсірілген түрі, санау материалдары, есепті шешуге үйретуге арналған графопроектордың транспоранты.

1964 жылы В.П.Стрезикозиннің басшылығымен ШЖБМ-нің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес жасалған комплекс құралдарының тиімділігін анықтауға арналған жұмыстар ұйымдастырылып, әр түрлі үлгілері жасала бастады. 1970 жылдан Г.Ф.Суворованың басшылығымен ауыл мектептеріндегі оқу пәндерін оқытып-үйрету мәселелері жөнінде зертхана қызметкерлері жұмысты жалғастырды.

Қазіргі кезде ШЖБМ-ке арналған әдістемелік жиынтыққа енетін бірнеше құралдар дайындалған. 1987 жылы ШЖМ мұғалімдерінің жұмыс орны – стенка-шкаф шығарылған, онда жылжымалы сынып тақтасы, экран, барлық оқу жабдықтарын сақтайтын заттар, қарапайым техникалық оқу құралдарын қоятын мұғалім үстелі бар.

Сынып-кабинетті әдістемелік жабдықтауға да баса назар аударылуда. Әдістемелік жабдықтауға мыналар кіреді: оқушыларға арналған дидактикалық материалдар, аудио-визуалдық және техникалық оқыту құралдарын сабақта оқушылардың өз бетімен қолдануы жайлы мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар, сынып-комплектімен жұмыс істеуге арналған әрбір пән бойынша тақырыптық жоспарлар.

Бұлармен қоса, арнайы ШЖМ-ке арналған құрал-жабдықтар бар:

  1. Қарапайым лингофондық құрылыс, бір сынып оқушыларымен мұғалім жұмыс істеп жатқанда, екінші сынып оқушыларының өз бетімен жұмысын ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.

  2. Шахтылы (шахтный) экран, жарықта қолдануға болатын экран, яғни оларды қолдану кезінде бөлмені қараңғылау қажет емес.

  3. Әр түрлі перфокарталар, планшеттер, блок-сигналдар; олар оқушылардың білімдерін тиянақтау, бекіту, тексеру, есепке алу кезінде, сондай-ақ оқу үдерісінің барлық кезеңдерінде қолданылады.

Практика көрсеткендей, қалыпты мектептерде қолданылатын оқыту, көрнекі құралдарды, жабдықтарды ШЖБМ ерекшеліктеріне сәйкестендіре қолдануға болады. Мысалы, сынып тақтасы, қалталы полотно (өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға болады), карточкалар (мұнда фланелограф не магниттік тақтаға көлемі мен мазмұны әр түрлі тапсырмалар беріледі), тәжірибелер жасау және ірі көрнекі құралдарды пайдалану үшін астына қойылатын (подставка) заттар.

Сабақта үнемі пайдалану үшін суреттер, кестелер, плакаттар алдын-ала ілініп, беті жабылады.

ШЖБМ-те қалыпты мектептерге арналған оқу құралдарын қолданатындықтан, аталмыш мектептердің өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, типтік оқыту құралдарын толықтырып, сәйкестендіріп, мүмкін болса, күнтізбелік жоспарды сынып-комплектінің ыңғайына қарай қайтадан жасауға, өңдеуге болады.

Оқу жылындағы оқушы мен оқытушының күнбе-күнгі оқу еңбегі сабақ кестесімен анықталады. Шағын жинақты мектептерде оқыту, тәрбиелеу жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін дұрыс, жан-жақты ой елегінен өткізілген сабақ кестесін жасау қажет. Сабақ кестесі мектептегі балалар мен сынып санына байланысты жасалады. Егер мектепте барлық балалар саны 10-нан аспайтын болса, онда бір оқытушы немесе бір комплектілі мектеп, ал 12 оқушы болса, екі комплектілі, 15-тен артық болса, ол үш комплектілі болып есептеледі. Егер мектепте барлық сыныпқа бір оқытушы болса, яғни бір комплектілі мектеп болса, тиімді сабақ кестесін жасау керек болады. Мектепте екі оқытушы болса, әр сыныптың оқушылар саны мен білім деңгейі, дайындықтарына байланысты біріктіріледі.

Дұрыс сабақ кестесін жасау үшін оқытушылар қандай пәндерді біріктіргенде, өзіндік жұмысты ұйымдастыруға барынша мүмкіндік беретін принципті ескеру керек.

Екі сыныппен жүргізілетін сабақтың сапалы болуы үшін сабақ кестесіндегі пәндерді қалай болса солай біріктіре салуға болмайды. Екі сыныпта екі түрлі пәнді жүргізгеннен гөрі, екі сыныпта да бір пән бойынша, мәселен, қазақ тілін қазақ тілімен, арифметиканы арифметикамен біріктіріп өткізген жеңіл болатынын тәжірбие көрсетіп отыр. Бұл өзінен өзі түсінікті, өйткені пәндерді біріктіріп жүргізгенде мұғалімнің зейіні бір пәнге бағытталған болады, сол себептен де жұмыс сапалы жүргізіледі.

Өзбетінше жұмыс істеуді ұйымдастыруға барлық пәндердің бірдей дәрежеде мүмкіндік бере бермейтінін есте ұстау керек. Мысалы: музыка мен денешынықтыру сабақтарын біріктіруге болмайды, тек сабақты топқа бөліп өткізуге болады.

Тиімді сабақ кестесін құрастыру үшін комплект құру, пәндерді біріктіру проблемасы негізгі сұрақ болып табылады. Аптаның сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері – оқушылардың ең жоғарғы деңгейде жұмыс істей алатын күндері. Бірдей жағдайда екінші, үшінші сабақ оқушылардың іскерлігіне әсер ететін, нәтижелі сабақтар болып саналады. Барлық жағдайда екі, үш, төрт сыныппен барлық сабақтарды біріктіріп, сабақ кестесінің түрлерін әр нұсқада ұсынуға болады. Сабақ кестесінің түрлері қатар оқытылатын сыныптардағы оқытылатын пәндердің ретіне байланысты. Қатар оқытылатын сыныптарда бір пәнді бір мезгілде оқытуға, әр пәндік, бір тақырыптық негізде өткізуге болады. Сонымен бірге, бір сыныпты жеке оқытып, 2-3 сыныпты қатар оқытуға болады.

Сабақ кестесін жасағанда 1-топпен 2-топты біріктіріп жасауға да болады. Қазақ тілі сабақтарында барлық сыныпқа ортақ сұрақтар беру, диктант, қызықты тапсырмалар, дидактикалық ойындар жүргізуге болады.

Көп жағдайларда 2-3 сыныпты біріктіріп сабақ өткізуге тура келеді. Келесі сыныптарда 3-сабаққа ауыстыруы керек. Мысалы: қатар оқитын 1-4, 1-3 үшін күніне 1 пән немесе 2 пән қатар оқытылады. Ал қалған пәндер 2 сыныпта 30 мин бөлек жүргізеді. Мұндағы негізгі мақсат 1-сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеріп, 1-сыныпқа 30 минут бөлек уақыт беру керек. Қатарынан 1-2-3 сынып үшін, 1-3-4 сыныптар үшін, 2-3-4 сынып үшін бұл жағдай сабақ өткізудің қиындығын болдырады. Сондықтан, күніне 1 рет 1 пәнді қатар өткізеді. Қалғанына өзіндік жұмыстар беріледі. Оқушылардың санына байланысты, сынып комплектісін құру, сабақ кестелерінің үлгілерін оқушыларға түсіндіріп оқыту керек. Мысалы: бақылау жұмысы мен диктант сабақтарын біріктіру, математика сабақтары үшін тиімді болады. Ал, кей жағдайларда тиімді бола бермейді. Мұндай кезде еңбек, бейнелеу сабақтарын бірге өткізіп, аталған пәндерді бөлек оқыту керек. Сабақ кестесі жарты жылдық уақытқа арналып құрастырылады..

Шағын комплектілі мектеп мұғалімдері күнделікті 8 не 14 сабақ жоспарын жазып, оған көрнекілік дайындайды. Сондықтан да оқу-тәрбие жұмысының нәтижелі болуына сабақ кестесінің әдістемелік тұрғыда дұрыс жасалуының маңызы зор. Осыған орай қосымша материалдарда бір пәндік жүйедегі сабақ кестесінің үлгілерін ұсынамын.


ШЖБМ-тегі сабақтардың өзара үйлесуі


Қоғамымызда болып жатқан саяси және әлеуметтік өзгерістер білім берудің негізгі сатысы ретінде бастауыш мектепке аса зор мән беріп отыр. Өйткені, бастауыш оқытудың негізгі көздейтін мақсаты - оқушыларды үздіксіз білім берудің мемлекеттік жүйесінің талаптарына сай жоғарғы сыныптарда ғылым негіздерін терең игеруге дайындығын мүмкіндігінше көтере түсу. Осыған орай, бастауыш мектептегі білім мазмұнын жетілдіре түсудің басты бағыттары айқындала түсуде. Сол бағыттардың бірі бастауыш буында орындалатын әр түрлі ғылым негіздерінің арасындағы үйлесімді жолдарын анықтауға келіп саяды. «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында» осы мәселеге, яғни «бір пәннен алған білім, білік, дағдыны екінші пәнді оқытуға тірек ету» керектігіне ерекше мән берілген.

Жаңа мемлекеттік стандартқа сай дайындалған бастауыш мектеп бағдарламаларында “Пәнаралық байланыс” деген арнайы бөлім берілген. Математиканы оқыту үдерісінде балалардың білімі мен біліктерін, танымдық қабілеттерін дамыту үшін пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажет. “Математика” курсының бағдарламасында: пәнаралық байланыс - “ғылымның әр түрлі салаларының арасында айқын шекара жоқ екендігі және олардың бір-бірімен тығыз байланыста болатыны туралы түсініктерді, сондай-ақ, дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыруда табиғат құбылыстарының біртұтастығын, өзара байланысын көрсетуге мүмкіндік туғызады” делінген. Сонда оқушының бір сабақта алған білімі, әсері, ойы, қиялы басқа пәнге келгенде тежеліп қалмай, ары қарай жалғасып, дами түседі, яғни бір пәннен басқа пәндерге көшудің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.

Математика мен қазақ тілі арасындағы байланыстар:

  • грамматикалық және математикалық ережелердің пайдаланылуы;

  • математикалық терминдер енгізу арқылы тіл байлығының арттырылуы;

  • сөйлем құрастыру барысында модельдеудің пайдаланылуы;

  • сөйлемдегі сөздер байланысының сызбасының көмегімен өрнектелуі;

  • сөйлем құрау, ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің дамытылуы;

  • математикалық тілдің қалыптастырылуы. («Математика» бағдарламасы, 1-4-сыныптар).

Математика мен әдебиеттік оқу арасындағы байланыстар:

  • ортақ немесе дербес белгілерін салыстыру арқылы анықтау немесе ажырату;

  • халық ауыз әдебиеті үлгілерінің жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, мақал-мәтелдер, ойын өлеңдердің және т.б. математика сабақтарында қолданылуы;

  • көркем шынармаларда сипатталатын ата-дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып, үлгі-өнеге, тәлім тәрбиелік материалдарды математика мазмұнына сіңіру;

  • ауызша шығарылатын халықтық логикалық ежелгі есептердің мазмұнын сапалы түсіну;

  • Математика мен дүниетану арасындағы байланыстар:

  • өзіндік пікір айту және оны дәлелдеу, өз көзқарасын білдіру;

  • математикалық есептердің мазмұны арқылы өзін қоршаған ортамен, табиғатпен және қоғаммен баланы қарым-қатынасқа келтіру;

  • айналадағы дүниеден танып-білген, жинақтаған деректер мен мағлұматтарды математика сабағында қолдану;

  • еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, байлығын, шаруашылығының түрлерін, ғылым мен мәдениетін, табиғатын сипаттайтын фактілерді, деректерді, мәліметтерді және анықтағыш материалдарды пайдалану.

Математика мен бейнелеу өнерінің арасындағы байланыстар:

  • заттарды түсіне, пішініне, өлшеміне қарай салыстыру, теңестіру, кеңістік жайында түсінік қалыптастыру,;

  • кескіндеу,бейнелеу, безендіру, құрастыру жұмыстары барысында математикалық дәлдіктің және симметрияның пайдаланылуы.

  • Ұлттық ою-өрнектер мен таңбаларда геометриялық фигуралардың қолданылуы.

Математика мен еңбекке үйретудің арасындағы байланыстар:

  • баланың еңбекке дайын болуын, математикалық білімдерін өмірде, нақтылы жағдайларда практикалық мәселелерді шешу үшін пайдалана алуын қалыптастыру.

  • күнделікті өмірге және тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауда математикалық білім, білік, дағдылардың пайдаланылуы;

  • құрастыру және бұйым жасау жұмыстарында математикалық дәлдіктің және симметрияның пайдаланылуы.

Математика мен саздың арасындағы байланыс:

  • сазды әуен мен ырғақта матеметикалық дәлсіздіктің және сан мен үлестің пайдаланылуы;

  • нота сауатында математикалық білімнің пайдаланылуы;

  • саздық аспаптардың жасалуында және құрылымында математикалық білімнің пайдалануы;

  • халықтық ән, күй, би, айтыс және терминдерді математика мазмұнына сіңіру;

Математика мен дене тәрбиесінің арасындағы байланыстар:

  • баланың кеңістікті болжауы және сәйкес түсінікті пайдалануы;

  • уақыт аралығы жайындағы түсініктердің қалыптастырылуы;

  • баланың қимыл қозғалысындағы реттік тәртіп пен дәлдік;

  • қозғалмалы ұлттық ойындардың қолданылуы;





ШЖБМ-те пәндерді оқытуды жоспарлау


Математикадан оқу барысын жоспарлау оқу жоспары, оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар және оқулықтарда көрсетілген математикадан бағдарламалық материалдардың мазмұнымен анықталады.

Оқу жоспары негізінде күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасалады, онымен толық сәйкестікте белгілі бір тақырып бойынша математиканың әр сабағының жоспары дайындалады.

Мұғалімнің сабаққа дайындалуы төмендегідей болуы мүмкін:

  1. Сабақтың тақырыбы мен типіне, сондай-ақ сол сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай сабақтың мақсаты мен міндеттері анықталады:

  • білімділік міндеттері: жаңа білімді меңгеру, білік және дағды қалыптастыру, бастауыш математика курсының материалдарын игеруге арналған өткенді қайталау, жүйелеу, жетілдіру, тереңдету, кеңейту және тиянақтау.

  • дамытушылық міндеттері: балалардың танымдық қабілеттерін, зейіндерін, есін, логикалық ойын; өзіндік, шығармашылық белсенділігін дамыту; бақылау, салыстыру, ұқсастық пен айырмашылықты бөліп көрсете алу, талдау, жинақтау, жалпылау, абстрактілеу сияқты ой операцияларын орындай алу біліктерін дамыту; ауызша санау дағдыларын дамыту; дұрыс, нақты, логикалық математикалық тілді дамыту.

  • тәрбиелік міндеттері: оқытудың өмірмен, ғылымның практикамен байланысын нығайтуға мүмкіндік туғызатын ғылыми диалектикалық көзқарасты тәрбиелеу; математиканы оқып-үйренуге қызығушылықты арттыру, пәнге сүйіспеншілікке тәрбиелеу; Отанына – Қазақстан Республикасына, туған жерге, туған өлкеге сүйіспеншілікке; біздің республикамызда тұратын халықтарды құрметтеу және сүюге тәрбиелеу; халқымыздың салтын, дәстүрін және мәдениетін құрметтеу; дәптермен жұмыс, практикалық жұмысты орындау кезінде ұқыптылыққа тәрбиелеу; әдемілікті (әдемі көрнекілік, мұғалімнің сырт көрінісі) көре және сезіне білу; жолдастық өзара көмек, жәрдемдесу, қиындыққа ортақтасу сезімі (топтық, пармен жұмыс, жарыс); еңбек етуге, еңбексүйгіштікке, тәртіптілікке, еңбекті дәл ұйымдастыруға баулу; дербестікке, ұқыптылыққа, ден қоюшылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу, істі аяғына дейін жеткізе білуге үйрету және т.б.

  • практикалық мақсаттары: алынған теориялық білімді практикада, математика тақырыптары бойынша білімді келесі сыныптарда және басқа пәндерді оқуда қолдана алу; оқулықты, оқу құралдарын, кестелерді, өлшеу және сызба құралдары мен аспаптарын қолдана алуға үйрету; оқу және қосымша әдебиеттерден өз бетінше білім алу біліктеріне дағдыландыру.

  1. Сабақтың құрылымын анықтау: әр кезеңге бөлінетін уақыт пен сабақтың барлық кезеңдері:

  2. Алдыңғы және кейінгі сабақтар арасындағы байланысты ескере отырып, әр кезеңдегі жұмыс мазмұнын іріктеу. Мұндайда мұғалім:

  • оқу-әдістемелік топтаманы (ОӘТ);

  • сабақтың жоспарын шығармашылық тұрғыдан дайындауды жүзеге асыру үшін қосымша әдебиетті пайдалануы тиіс.

  1. Сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруды, яғни оқушылармен жұмыс формасын ойластыру. Ұйымдастырудың негізгі формаларына сынып жұмысы, сыныптан тыс жұмыс, үй жұмысы жатады. Ұйымдастырудың қосымша формаларына ұжымдық жұмыс, жаппай жұмыс, топтық жұмыс, пармен жұмыс, жеке-дара жұмыс, өзіндік жұмыс, практикалық жұмыс, бақылау жұмысы жатады.

Сонымен бірге, жұмыс дербес, өзіндік, практикалық та болуы мүмкін.

Қандай жұмыс формаларын біріктіруге болады, сабақтың тығыздығын (мысалы, бір уақытта карточка бойынша дербес жұмысты, тақтада өзіндік жұмысты және барлық сыныппен жаппай жұмысты өткізуге болады) көтеру үшін бір уақытта қандай жұмыс атқаруға болатындығы жан-жақты ойластырылуы қажет.

Әсіресе өзіндік жұмысты өткізу және оны тексеру (өзара тексеру, өзін-өзі тексеру, шапшаң тексеру және т.б.) жұмысына ерекше назар аударылады.

5. Сабақтың әрбір кезеңдеріндегі жұмыстың әдістемесін анықтау. Алдымен оқушының білім, білік, дағдыны өз бетімен алуына, өзін көрсете білуіне, сондай-ақ оқыту мазмұнына сай субъективті қатынастарды жүзеге асыруға себепші болатын қазіргі заман оқыту әдістерін қолдануды; кіші жастағы оқушылардың зейіні 5-7 минут қана тұрақтанатындығын ескеріп, олардың жалығып кетпеуі үшін іс-әрекет түрлерін ауыстырып отыруды жоспарлау; жаңа материалды қарастыру әдістемесін ойластыру: оны түсіндіру, оқулықпен, дәптермен, оқушылардың дара ерекшеліктеріне сай дидактикалық материалдармен жұмыс, сондай-ақ жаңа материалды алғашқы бекіту мақсатында практикалық жұмыс жүргізу; қандай жаттығулар ауызша, ал қандай жаттығулар жазбаша орындалуы қажеттігін шешу қажет.

6. Сабақтың көрнекілігін дайындау:

- алдын-ала дайындау, қажет материалдар өз уақытында көрсетіліп, артық зат баланың назарын аудармас үшін уақытында алынуын қадағалап, оларды тиімді орналастыруды ойластыру;

- тақтаға жазуды ойластыру: қандай жазулар алдын-ала жазылып, жабылады; қандай жазулар сабақ барысында жазыладыжәне оларға арнайы орын қалдыру, тақтадағы артық жазуды өшіру;

- дидактикалық материалдарды қолдану әдістемесін дайындау және олардың сапасына назар аудару: әдемілігі, ұқыптылығы, көркемдігі, қолжетерлігі, әсерлілігі.

7. Жұмысты қорытындылау:

- сабақтың әр кезеңінің соңында қандай қорытынды (мұғалім өзі қорытындылайды) жасауға болатынын ойластыру;

- сабақтың соңында қорытынды жасау және жалпылау, мұғалімнің жетекші сұрақтарына жауап бере отырып, оқушылардың қорытынды жасауы: жаңа не білдік? Есептеудің қандай тәсілімен таныстық? Не үйрендік? Не қайталадық? Не ұнады? Нені естеріңде сақтап қалдыңдар?

8. Сабақтың нәтижесін хабарлау:

- қандай оқушылардың жұмыстары бағалануы керектігі алдын-ала ескеріледі;

- мадақтау түрлерін: мақтау, ұялту, жүлде беру және т.б. анықтау.

9. Үй тапсырмасын ойластыру:

- сабақ тақырыбымен қалай байланысты (өтілетін материалдың күрделілігі мен оны игеру деңгейіне байланысты)?

- тапсырма қандай мақсатпен беріледі?

- балаларға қандай нұсқаулар (оны орындауға арналған) беру қажет: нені қайталау керек, кейде оны орындау үлгісін де беруге болады.

Мұғалімнің тәжірибесіне байланысты сабақта жұмыстың жазбаша жоспары жасалады:

а) сабақ жоспары – мұғалімнің сұрақтары және тапсырмаларымен, оқушылардың шамамен беретін жауаптарымен жазылған толық жоспар.

б) ашық жоспар – оқушылардың жауаптарынсыз, әлдеқайда қысқа жоспар.

в) қысқаша жоспар, мұнда мұғалімнің сұрақтары мен оқушылардың жауаптары жоспарланбайды.

2 -4- сынып сабақ кестесі

Д

1.Математика

2.Әдебиеттік оқу

3.Өзін -өзі тану

4.- Орыс тілі

Б

1 . Қазақ тілі

2. Әдебиеттік оқу

3 . Еңбекке баулу

4 . Музыка

5.- Орыс тілі

С

1 . Математика

2. Әдебиеттік оқу

3 . Қазақ тілі

4. Бейнелеу

5.Дене шынықтыру

Ж

1 . Математика

2 . Қазақ тілі

3. Дүниетану

4. Дене шынықтыру

5. Тәрбие сағаты


С

1.Әдебиеттік оқу

2.Математика

3.Еңбекке баулу

4.Дене шынықтыру


С

1. - Математика

2. Ағыл –Дүниетану

3. Қазақ тілі


Мақсатым : Логикаға сүйене отырып ,

оқушының шығармашылығын дамыту ,

ойлау қабілетін арттыру


Факультатив сабақтары :


Қазақ тілі --- сәрсенбі , сағат -4


Математика --- бейсенбі ,сағат -4


1.Өткен материалды қайталау арқылы өтетін сабақтың үлгі жоспары мынадай болып жасалуы мүмкін:

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\презент\188[1].gifC:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\презент\185[1].gifC:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\презент\185[1].gif

Төменгі сынып:

Жоғары сынып:

1.Балалардың өздігінен істейтін жұмыстары. Өткенді пысықтау, қайталау, үйге берілген тапсырманы әрі қарай жүргізу; мұғалімнің басшылығымен өткізілетін сабаққа даярлану − 10 мин

1. Мұғалімнің басшылығымен істелетін жұмыс. Өткенді өздігінен қайталау немесе пысықтау үшін берілген тапсырманы тексеру үшін бақылау жұмысы − 10 мин.


2. Мұғалімнің басшылығымен істелетін жұмыс. Балалардың өздігінен істеген жұмыстарын тексеру, өткенді қайталауға

немесе пысықтауға байланысты жаттығулар жасау немесе әңгіме өткізу; сыныпта немесе үйде балалардың өздігінен орындауы үшін тапсырма беру − 20-25 мин.

2. Балалардың өздігінен істейтін жұмыстары Өткенді пысықтауға немесе қайталауға, балалардың білімін тексеру мақсатымен берілген мұғалімнің тапсырмасын орындау (сынып бойынша оқу, жаттығу жұмысы т.б.) − 20-25 мин.

3.Балалардың өздігінен істейтін жұмыстары. Өткенді пысықтау және

қайталау үшін берілген мұғалім тапсырмасының біразын орындау (жазбаша жаттығу, кітап оқу) − 10 мин.

3. Мұғалімнің басшылығымен істелетін жұмыс. Балалардың өздігінен істелетін жұмыстарын тексеру; балалармен өткенді қайталау − 10 мин.

2.Тіл – мәдениеттің негізгі тұғыры, ұлт болып жасауының шарты. Тіл арқылы әрбір адам өз ойын, пікірін жеткізеді, қоршаған ортамен байланысқа түседі. Тілді дұрыс пайдалану адамның сөздік қорына және оны орынды қолдануына байланысты. Сөз байлығы мол балалардың ойы ұшқыр болып, шешен, әсерлі сөйлейді. Бүгінгі білім беру жүйесінің негізгі бағыттарының бірі – оқушыларда осындай қасиеттерді қалыптастыру және дамыту. Шәкірттердің тілі бай болса, онда ол ұлт тарихын, мәдениетін халықтың ғасырлар бойы жинаған асыл маржандарын оңай игереді. Бұл - балаларды ұлтжанды етіп тәрбиелеудің алғы шарты.

Мұғалім жаңа сабақ түсіндірмес бұрын оқушыларға сабақтың мақсаты және міндет-

терімен таныстырады.

Мұғалім сөзі:

- Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, халықтың жаны. Тіл болмаса, сөз

болмайды, сөз болмаса, адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі.Осы-

ған байланысты ана тілімізді құрметтеу – әрқайсымыз үшін парыз.Ана тілін біз кіш-

кентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз.Ана сүтіндей

бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Ана тілі арқылы даналар сөзін оқып білеміз,одан үлгі-

өнеге аламыз. Өзінің тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сү-

ре алмайтыны белгілі. Сондықтан ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі.


Екі сыныпты (2-4) біріктіре жүргізген қазақ тілі сабағының жоспарын ұсынамын.


F:\Captured\Photo0359.jpgF:\Captured\Photo0371.jpg

2-сынып. Қазақ тілі

4-сынып. Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Зат есімнің көпше түрі

Зат есімнің барыс септігінде септелуі


Сабақта көзделген мақсат:

1)Оқушылардың зат есім туралы білімдерін толықтыру;

2) Көптік мағынасын білдіретін жалғауларды түсіндіру.

Барыс септігінің сұраулары мен жалғаулары, жай және тәуелді түрі, түбір сөздің соңғы буынына орай жалғаулардың түрлері

hello_html_m252e9fa9.pngСабақтың көрнекілігі: hello_html_m1b19f61c.png

Жеке және көп затты бейнелейтін суреттер, әр оқушыға арналған тапсырмасы бар конверт,доптағы тапсырма, кесте

Барыс септігінің кестесі, доптағы тапсырма, зат есімді септеуге арналған перфокарталар, барыс септігінің сұрақтары

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыстар.(2-4- сыныптарға ортақ қайталау)

Зат есім туралы өткен ұғымдар сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады. Сұрақ екі сыныпқа ортақ қойылады:

hello_html_m31525e00.png


  • Зат есім дегеніміз не?Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді? Оқушылар зат есімнің анықтамасын айтып, сигналдық карточкаларынан сұрақтарын көрсетті. Содан соң екінші сынып оқушыларына өздігінен орындайтын жұмыс тапсырылды, ал үшінші сынып оқушыларына ауысып, сұрақтар жалғастырылды.

  • Зат есім сөзді қатыстырып, үш сөйлем ойлап жазыңдар да, зат есімнің астын сызыңдар.

  • Оқушылар жаңа сабаққа даярлық ретінде жеке және көптік мағынаны білдіретін сурет бойынша жұмыс жасады. Сол суретте бойынша оқушылар үстел-үстелдер, ешкі-ешкілер, әтеш-әтештер, бала-балалар, т.б. сөзде-рін жазды. Қосымша заттың көпше түрін қандай жалғау арқылы білетіндігін анықтау да тапсырылды.

Зат есімнің қандай жалғаулары бар? Қан-дай септіктерді өттік? Қазақ тілінде неше септік бар? Сұрақтарына жауап алып, өткен материал пысықталды. Жаңа материалды түсіндіру.

Барыс септігінің кесте-сіндегі сөйлемдерді оқытып, оқушыларға бір септіктің жалғауын жабу тапсырылды. Осындай жұмыс арқа-сында оқушылардың өз-деріне «Барыс септігі қандай сұраққа жауап береді және қандай жалғау жалғанып тұр? деп сұралды. Оқулық-тан барыс септігінің ережесін оқытып, өздік-терінен орындайтын жұ-мысқа 237-жаттығу бе-рілді.

Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс

а) сурет бойынша жа-зылған сөздерді оқытып, «бұл көп пе, әлде аз ба? екені сұралды.

ә) қалған тапсырмалар да осындай ретпен тек-серілді.

б) кестеде жазылған сөз-дерді оқытып, зат есім-нің жеке түріне –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер жалғаулары жалғануы арқылы көпше түрі жасалатыныныа көздері жеткізілді. Оқулықтан ережені оқытып, ауызша мысал айтылды.


Өз бетімен орындалатын жұмыс. Дайын тұрған конверттен кар-точкаларды алып, бе-рілген тапсырмаларды орындату (онда жеке заттарды көпше түрде және керісінше, сөз құ-растыру.




Мұғалім басшылығымен орындалатын жұ-мыс.

Орындалған жұмыстар тексерілді. Жаттығу және перфокарта бойынша жазғандарын кезектестіріп оқытылды.

Сергіту сәті

Екінші сынып оқушылары зат есімдерді теріп жазып, оны көпше түрге айналдырылды.

Төртінші сынып оқушылары барыс септігінде айтылған сөздері бар сөйлемдерді жазды.

Осылайша сабақ соңында бірінші сыныпта тіл дамыту жұмысы жүргізілсе, екінші және төртінші сыныптарда жаңа материалға қорытынды жасалды.


Дүниетану сабағының жоспарының үлгісі

C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\ФОТО\Шынгыс0105.jpgC:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\Mama\DSC02597.JPG


2-сынып. Дүние тану

4-сынып. Дүние тану

Сабақтың тақырыбы:

Тамыр

Еліміздің егіншілік және мал шаруашылы-ғы. Адамның егіншілік және мал шаруа-шылығын дамыту үшшін жасаған жағдайлары


Сабақта көзделген мақсат:

Оқушыларды өсімдіктің жер астындағы мүшесі - тамырдың қызметімен, оның түрлерімен таныстыру; өсімдіктің топырақтағы бөлігі, оның қызметі туралы түсініктерін қалыптастыру;логикалық ойлауларын дамыту; табиғаттағы барлық жануарлар мен өсімдіктерге орынсыз зиян келтірмеуге тәрбиелеу.

Дала мен шөлді аймақтағы егіншілік пен мал шаруашылығы жайында түсінік беру.Өрісін, тіл байлығын , ойын жинақтап айту қабілеттерін дамыту. Табиғатты қор-ғауға , еңбексүйгіштікке ,адамгершілікке тәрбиелеу.


Сабақтыңтүрі :

Сабақтың көрнекілігі:

«Өсімдік мүшелері» кестесі.

Дала мен далалы жер туралы суреттер, карта.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару

Қайырлы таң досым!

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгі күн дүйсенбі,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

Өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткен, көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ.Жаңа сабаққа дайындық.

- Өсімдіктің мүшелерін ата? Өсімдіктің жер асты мүшесі қалай аталады?

- Тамырдың қандай түрлерін білесіңдер?

- Тамыр - өсімдіктің жер астындағы мүшесі. Ол өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды және әсімдікті қорекпен қамтамасыз етеді.ІІІ.Таблицамен жұмыс.

Тамыр

Өзекті

Шашақты

ІҮ.Жаңа материалмен жұмыс.

1. Кіріспе бөлім.-Тамыр өсімдікке қандай пайда әкеледі?

- Тамыр топырақтан суды сіңіріп, оларды сабақ арқылы жапыраққа, бүршікке, жемістерге жеткізеді.

- Тамыр өсімдікті минералды және қоректік заттармен қамтамасыз етеді.

2. Негізгі бөлім.

а) Осы жерде өткен сабақтарда алған білімдері еске түсіріледі. Судың қасиеттері туралы алған білімдері пысықталады.

ә) Оқулықтағы мәтін оқытылады.

б) Мәтіннен тамырдың өсімдіктің тіршілігіндегі алатын орны, маңызы туралы баяндалған жерді тапқыздыртып оқыту.

в) Кесте бойынша жұмыс. Оқушылар өсімдіктің жер асты бөлігі - тамырдың алуан түрлі екенін әңгімелейді.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Шалғын өсімдіктері мен жануарлары туралы ,оны қорғау жайлы мазмұнын сұрау.

-Шалғын деген не?Көгал деген ше?

-Шалғында мал жемейтін қандай өсімдіктер бар?

-Шалғынды аман сақтап қалу үшін не істеу керек?Пішенді қай кезде даярлау керек?

Дәптерлеріне жазған атауларды оқыту, аралап тексеру.

ІІІ Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Дала мен шөлді аймақтағы егіншілік пен мал шаруашылығы

ІҮ. Өзіндік жұмыс.

1.Карта боынша еліміздегі жазықты алқаптарды еске түсіру.

2. Еліміздің солтүстік және орталық аймақтарының топырағы ылғалды, құнарлы келеді.Сондықтан арнайы суармай-ақ ол жерлерден бидай ,сұлы, арпа сияқты дақылдардан мол өнім алуға болады. Жауын-шашын аз жылдары ғана арнайы қондырғылар пайдаланады. Арамшөбі тазаланып, егістік күтіледі.Оларда әр түрлі дақылдар, бау—бақшалар егіледі.


3. Суреттерін көрсету және картадан оларды өсіретін аймақтарды көрсету.


4 . Оқулықпен жұмыс.

Ү.Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс

1.Оқушылар мәтін соңындағы сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды орындайды.

2.Оқулықпен жұмыс.1.Кезекпен минутпен оқыту.2. Дайын тұрған қалташалардан кәртішкелерді алып, берілген тапсырмаларды орындату

3.Орындалған жұмыстар тексерілді. Жазғандарын кезектестіріп оқытылды.

Сергіту сәті

Тамырдың түрлері

Ол/ң сипат/ы

Пиязшық

Тамыр сабақ

Түйнек

Тамыр жеміс



Қорытындылау:

-Егіншілігі мен мал шаруашылығындағы қандай ерекшеліктерді байқадыңдар? Өздеріне түсінгені бойынша әңгі-мелету .

VІ. Үйге : Үйге : 51 –бет . түсініп оқу

ҮІІ.Бағалау

VІ. Үйге : оқу, мазмұны.

ҮІІ.Бағалау



3. Есеп дегеніміз- мәнді белгілері бар математикалық жаттығудың ерекше түрі:

  1. Есеп мәтінмен беріледі.

  2. Сол мәтінде өмірдегі нақты жағдаят сипатталады.

  3. Есептің сұрағы болады.

  4. Сол сұраққа жауап беру үшін арифметикалық амал орындалады.

  5. Арифметикалық амалдардың мән-мағынасын ашуға арналған есептер

  6. Амал қатынастарының мән-мағынасын ашуға арналған есептер

  7. Амал компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысқа негізделген есептер

  8. Үлес және бөлшек” ұғымдарымен байланысты есептер

  9. Пропорционал шамалар арасындағы тәуелділікке негізделген есептер

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\презент\853[1].gif

Математика сабағының жоспарының үлгісі


F:\Captured\Photo0361.jpgF:\Captured\Photo0355.jpg


1- сынып

3- сынып

Тақырыбы :

7 санын қосу және азайту тәсілі.

(89-90 б.)

78+22 және

100-22 жағдайларындағы

қосу мен азайту тәсілі

Мақсаты :

  1. 7 санының құрамын білуге үйрету;

7 санының құрамы жайлы түсінікті 2 санның қосындысы түрінде жазуды,

сәйкес кері амалдарын дұрыс жазуды қалыптастыру.

Санның құрамы, амалдардың қасиеттерісәйкес ондықтар мен бірліктерге амалдар жүргізу сияқты білімге сүйене отырып, орындалатын қосу мен азайту тәсілдерін түсіндіріп беру.

  1. Өз бетімен жұмыс істеу, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;

Цифрларды дәптерге әдемілеп жазуды жаттықтыру.

  1. Оқушыларды адамгершілікке баулу; тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Әдістері: Сұрақ-жауап, көрнекілік, әңгімен.

Көрнекілігі: разрядтық кесте, карточка, суреттер,ноутбук .


Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа дайындығын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру барысында байқалған кемшіліктерді жою, білімін, білікті бағалау.

ІІ. Ой шақыру : «7» санының қасиеті туралы түсіндіруТәулік- күн-7 күн-

АПТА




1 2 3 4 5 6 7

Дүйсенбі сейсенбі сәрсенбі бейсенбі жұма сенбі жексенбі



1.Оқушылардың білімін тексеру 2692738

а) тез есептеу сәті.

ә) көркем жазу.

7 . . . . . . . 1

70 . . . . . . . . . 79

б) матем диктант

7 бірлік

5 бірлік

3 бірлік

7 ондық 3 бірлік,

9 жүздік, 4 бірлік

8 жүздік, 6 ондық

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі:

Практикалық іс әрекет:

  1. 7 асықты қоржынның екі басына қалай бөліп салуға болады?

7 = 1 + 6 7= 2 + 5

7 =3 + 4 7 = 4 + 3

7= 5 + 2 7 = 6 +1 7 = 7 + 0




2. Өздігімен жұмыс:

1ж.  + 7

қосындыларды құрастырады

1ж.  - 7

қосынды кестесінің негізін туындайтын жағдайларды қарастыру.

3. Тақтада ілініп тұрған сюжетті суреттерге сәйкес әңгіме құрып, 7 цифрын пайдаланып, 7 санының құрамын схемаға сәйкес анықтау.

7 7 7 7


6 1 5 2 3 4 7 0

Бұл тұста қосудың ауыстырымдылық

қасиетін еске түсіру арқылы білімі

бекітіледі.


1. 70 асықты қоржынының екі басына қалай бөліп салуға болады?

70 = 70 + 0 70 = 10 + 60

70 = 20 + 50 70 = 30 + 40

70 = 40 + 30 70 = 50 + 20

70 = 60 + 10 70 = 0 + 70

  1. 1ж. Мұғ. басш. жұмыс. Оқуш. назарын берілген 4 мысалға аударту:

  1. + 22

70 + 20, 8 + 2. 90 + 10

мұнда, 78 + 22 қосындысын ондықтардың және бірліктердің қосындысы түрінде жазып, 78 + 22 =

(70 +8) + (20 + 2), содан кейін терімділік қасиетін пайдаланып мынандай жазу шығарып беріледі:

78 + 22 = (70 +20) + (8 + 2),

осыған сүйеніп ондықтан аттайтың жағдайлардағы түрлі тәсілдерді қалай пайдалануға болатының түсіндіреді:

78 + 22 = (78 +20) + 2

78 + 22 = (78 +2) + 20

  1. 2 ж. – оқуш өздігімен орындайды:

66 + 34 = (60 +6) = (30 + 4)

66 + 34 = (60 +30) = (6 + 4)

66 + 34 = (66 +4) + 30

66 + 34 = (66 +30) + 4

Сергіту сәті. Ноутбуктан музыка ырғағына сәйкестендіре жаттығу жасату.

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\презент\1766[1].gif




IV. Оқылған материалды бекіту кезеңі:

2.№3 жұмыс. Мұғ.басшылығымен

100 – 22; 100 – 10;

90 – 20; 10 – 2; 70 + 8;

Мына жазулар нені білдіреді? – деп талдай отырып

айырманың мәнін түсіндіруге болады.

100 – 22 = (100 – 20) – 2;

100 – 22 = (100 – 2) – 20.



5. 1) №3 – дәптермен , өзіндік жұмыс

көк к. минус 9 см

қызыл к. + 7 см ?

ж.к. – 3 см

9 < 7 + 3

2) Практикалық жұмыс – дәптерге кесінділерді сызып, тапсырмаларды орындайды.


2.№4 ж оқуш. өз беті. орындайды.

100 – 34; 100 – 0,

90 – 30, 10 – 4, 60 + 6,

IV. Оқылған материалды бекіту кезеңі.

6. Өздігімен есептер шығарады:


5hello_html_m7754eeb2.gif



C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\Новая папка\Photos\Captured\Photo0096.jpg

4.Логикаға қалайсың?

1.Тал басында тізіліп,

Он жапырақ тұр еді.

Жел соқты да үзіліп,

Ұшып кетті екеуі.

Ізінше оның жұлынып,

Түсті тағы бесеуі.

Тұр әлі де ілініп,

Жапырақтың нешеуі?(3)



C:\Users\Гость\Desktop\Анимация\школа\62.gif

2.Нанбасаңыз сұраңыз,

Бір ауылда тұрамыз.

3 Ардақ, 2 Бауыржан, 4 Медет,

1 Сабыржан тез есепте

Дәл санын, сонда

Біздер қаншамыз?(10)

C:\Users\Гость\Desktop\Анимация\школа\45.gif



3.Бір – бірімен жарысқан

2 аю, 1 арыстан, 2 қоян, 3 түлкі

Бәрі нешеу айтшы?(8)









4. Табақта 17 өрік

Қолында 5 өрік.

Қосқанда барлығын,

Болады неше өрік? (22)





5.Тауық бір аяқпен тұрғанда 5 кг, ал 2 аяқпен тұрғанда неше кг болады?(5)

C:\Users\Гость\Desktop\Анимация\школа\15.gif

6.4 жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 1 жұмыртқа неше минутта піседі?(4)

C:\Users\Гость\Desktop\Анимация\школа\1.gif



7.Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Үйде неше мысық отыр?(4)


5.Сергіту сәттері


  1. Ағаштарда тербеліп,

Жерге түсті жапырақ

Ал, кәнекей, жинайық,

Себеттерге молырақ





Орманның біз емшісіміз

Тоқ- тоқ- тоқ

Құрт біткенді жоқ етеміз,

Тоқ- тоқ- тоқ

Жоқ- жоқ- жоқ







  1. Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз

Көкке қолды созамыз

Қарлығаштай самғаймыз,

Бір отырып, бір тұрып,

Жаттығулар жасаймыз.





  1. Орнымыздан тұрамыз

Белге қолды қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір

Бір, екі, үш, бір, екі, үш,

Жоғары қолды созамыз,

Тып-тыныш қана отырамыз.



  1. Бұралып билейді,

Күйші домбыра тартады.

Спортшы жүгіріп, секіреді,

Оқушы оқып сабақ оқиды.








6. Математикалық бұрыш. Оны оқушылар мұғалімнің басшылығымен құрады. Онда математикалық дәптерлер көрмесі, есеп құрастыру үшін цифрлі мәліметтері бар газет қиындыларынан жасалған альбомдар, өз бетімен құрастырылған есептер жинағы, математикалық есептер, мысалдар және түрлі жаттығулар орындауға арналған тапсырмалары бар түрлі-түсті кестелер болады. Математикалық газеттің атауы қызықты болуы тиіс, мысалы, «Жас математик», «Тапқыр болсаң, тауып көр», «Тапқышбектер клубы», «Ойлан, тап!», «Ойлайық та, ойнайық!», «Математик-ғалымдар», «Менің білгім келеді» т.б. Газет бетінде берілетін тапсырмалар әр сынып балаларына арналуы тиіс, мүмкін болса, әр сынып балаларына арнап, жеке-жеке газет шығарылса ролі орасан зор болар еді. Әрбір газетте балалардың тізімі, апталық не бір күннің тапсырмалары, оқушының жауабына арналған конверт болуы тиіс. Газет тапсырмалары мерзімі келгенде, міндетті түрде тексеріліп, бағаланып, ұпаймен қорытындыланады.

3. Математикалық кеш (математикалық ертеңгілік). Математикалық кеш өткізілмес бұрын газет шығарылып, онда әрбір сынып арасында жарыс ұйымдастырылатыны айтылады. Әділ қазылар мүшелері сайланып, карточкалар, тапсырмалар дайындалып, оқушыларға қарсы топқа сұрақтар дайындауға тапсырмалар беріледі. Кеште 3 және 4 сынып оқушылары жарысуы мүмкін.

Жоспары:

  1. Кешті ұйымдастыру.

  2. Әңгіме. (жалпы кеш белгілі бір тақырыпқа құрылуы мүмкін). «Адамдар санауды қалай үйренген?», «Бізді қоршаған ортадағы шамалар»

  3. Жарыс – тапсырмалар (екі топқа ортақ сұрақтар).

  4. Ойын «Арифметикалық жүгіру».

  5. Тақырыпқа берілген тапсырмалар.

  6. Ең мықты есептеушіге сұрақ.

  7. Топтардың қарсы топқа қоятын сұрағы.

  8. Викторина.

  9. Қорытынды.

Математика үйірмесі. Онда математикаға ерекше бейімі бар оқушылардан 3-4-сыныптан бастап ұйымдастырылады. Үйірме сабақтары белгілі жоспар бойынша, оқушылардың тұрақты құрамымен жүйелі түрде айына 2-3 рет жүргізіледі. Онда балаларды есептеудің жаңа әдістерімен, қиынырақ есептерді шығару тәсілдерімен, кейбір математика тарихы мәселелерімен таныстырылады. Үйірме мүшелері газет шығаруға, бұрыш жасауға, кеш ұйымдастыруға ерекше тартылады.





Мазмұны



Алғы сөз………………………………………………………...... 3



Шағын жинақты бастауыш мектептегі пәндерді оқыту барысын ұйымдастырудың ерекшелігі ................................. 4


ШЖБМ-тегі сабақтардың өзара үйлесуі.................................8


ШЖБМ-те пәндерді оқытуды жоспарлау...............................10







Пайдаланылған әдебиет тізімі


  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы: – Алматы, 1999.

  2. ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. – Алматы, РОНД, 2002.

  3. ҚР бастауыш білімнің мемлекеттік стандарттары. – Алматы, 1998.

  4. Оспанов Т.Қ., Құрманалина Ш.Х. Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі. ІІ – бөлім. – А., Республикалық баспа кабинеті, 1996.

  5. Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.Қ.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. – Астана, Фолиант, 2007.

  6. Құсайынұлы Ы.Қ., Адыбаева Л.Д. Шағын жинақталған мектептердегі бастауыш сыныптардағы оқыту әдістері. – Алматы, 2001.





Краткое описание документа:

Әдістемелік   оқу  құралы.2014-2015 оқу жылы

 

Солтүстік Қазақстан  облысы  Ғабит Мүсірепов Атындағы ауданы

Мұқыр ауылы  Жеңіс негізгі   мектебінің   бастауыш сынып  мұғалімі

Базарбаева Айгүл Оразалықызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шағын жинақты бастауыш мектептегі пәндерді оқыту

 

барысын  ұйымдастырудың ерекшелігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдістемелік   оқу  құралы.2014-2015 оқу жылы

 

 

ШЖМ-тің бастауыш сыныптар мұғалімдеріне арналған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014 -  2015   оқу жылы

 

         Мен Жеңіс негізгі шағын  жинақты мектебінде  бастауыш сынып  мұғалімі болып 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп келемін.

Шағын жинақты мектептердің өзіндік ерекшелігі мұғалім бір мезгілде екі, үш, кейде төрт сыныптың оқушыларымен қатар жұмыс істейді. Бұл ерекшелік оқу-тәрбие жұмыстарының өзгешелігін айқындайды.

 

       Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті көрсеткіші- білім деңгейімен өлше-неді .Сондықтан әлемдік білім  кеңістігіне кірігіп білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отыр-ғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады» деген екен К. Д. Ушинский.
       Нақты айтқанда,1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдасты-тудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп»ШЖБМ-

те  мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды.

     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы Жол» жолдауында : Жаңа Экономикалық Саясат – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді. Нәтижесінде ол әрбір қазақстандықтың  әл-ауқаты мен өмір сапасында  көрініс табады. Ал , ең бастысы-осының бәрі болашақ ұрпақтың байлығы ретінде біздің жерімізде қалады.Тек білекті сыбанып ,іске кірісу қажет -  деген.

       Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті көрсеткіші - білім деңгейімен өлше-неді .Сондықтан әлемдік білім  кеңістігіне кірігіп білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отыр-ғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады деген екен К. Д. Ушинский.
    Еліміздің жаңа бағыттағы өзгерістері, қоғамның тез ақпараттандыруы және серпінділігі білім беру жүйесіне қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Осыған орай білім беруді жаңғырту педагогтардың өз жауаптылығы мен кәсіби деңгейін ұғынуға және білім үрді-сіндегі әр түрлі мәселелерді шешуге жеке дара қатыстығына тәуелді болып келеді

Білім беру саласындағы басты мақсат – еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлға дайындау, олай болса, шағын жинақты мектептердің ұстанымы да осыған келіп саяды. Бұл мақсатты орындауда шағын жинақты мектептердегі оқыту жүйесін дамыту, соның ішінде оқу-әдістемелік база құру: арнайы бағдарламалар, оқулықтар, әдістемелік құралдар әзірлеу өзекті мәселелерді шешу қажет.

Шағын жинақты мектептердің өзіндік ерекшелігі мұғалім бір мезгілде екі, үш, кейде төрт сыныптың оқушыларымен қатар жұмыс істейді. Бұл ерекшелік оқу-тәрбие жұмыстарының өзгешелігін айқындайды.

 

 

 

 

 

 

 

Алғы сөз

 

 «Шағын жинақты бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» оқу құралы Қазақстан Республикасы шағын жинақты мектептердің бастауыш сыныптар мұғалімдеріне арналған.  Өйткені, кейінгі жылдары елімізде шағын жинақты мектептердің көбейіп келе жатқаны айқын байқалуда. Осыған орай шағын жинақты  бастауыш  мектеп  мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету қажет.

«Шағын жинақты бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» оқу құралының мазмұны мен құрылысы шағын жинақты бастауыш мектептің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып,  бастауыш сыныптар мұғалімдерін кәсіби білім деңгейлерін көтеруге бағытталған.

Шағын жинақты бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері»  оқу құралы төмендегідей тараулардан тұрады:

- шағын жинақты мектепте  оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың педагогикалық негіздері;

     -  шағын жинақты бастауыш мектеп оқшыларының білім, білік және дағдыларын меңгеру барысын ұйымдастыру;

Тарауда шағын жинақты бастауыш мектептің тарихы мен қазіргі жайына талдау жасалып , ШЖМ-те оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктеріне және  ШЖБМ-ге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама сипаттама берілді.

Шағын жинақты бастауыш мектепте оқушылардың білім, білік және дағдыларды меңгеру барысын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды, сабақ кестесін құру технологиясы мен сабақ жоспарларының үлгісі, оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру жолдары баяндалды.

Шағын жинақты бастауыш мектепте пәндерді оқыту барысында қолданылатын қосымша материалдар ұсынылды.Сабақ кестелері мен ШЖБМ-тегі қазақ тілі және  математикадан сабақ жоспарларының үлгілері,  сыныптан тыс жұмысқа арналған тапсырмалар, тест және бақылау жұмысының тапсырмалары берілді.

 

 

 

Шағын жинақты бастауыш мектептегі пәндерді оқыту барысын ұйымдастырудың ерекшелігі

Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз - балалардың саны аз, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектеп.

Нақты айтқанда, 1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп». ШЖБМ-те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды.

Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.

        Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1- сынып комплект, 15-тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 сынып-комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. (Гигиенические требования к условиям обучения школьников в различных видах современных общеобразовательных учреждений № 2.01.07.-99.г §2 Пункт 9.11 - 21 стр.).

Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда 1 сынып-комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген.

«ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерде»: (-2000 ж. №32 (6)) «Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үдерісін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі»,- делінген.

ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты – бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу.

ШЖМ-нің оқу-тәрбие үдерісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, сабақтың ерекшеліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрылысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.

·                    өздік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс;

·                    сабақтың екінші ерекшелігі – тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі;

·                    осы екі ерекшелік – ШЖМ-нің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін туғызады: бір сыныптың өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты.

Екіншіден,  3-4 сынып қатар оқытылатындықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.

ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:

- бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-10 сабаққа,  олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет.

- бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;

- мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет. Өз бетімен  жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.

ШЖМ-нің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:

- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар.

- дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады.

- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады.

- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді.

- бір оқу бөлмесінде  күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді.

- әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол.

- аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады.

ШЖМ-тің жоғарыда келтірілген артықшылықтарымен қоса, кешшіліктері, кері жақтары да бар:

- мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды;

- сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды;

- мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;

- мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады;

- өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;

- белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;

- оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;

- ШЖБМ оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады;

ШЖБМ бағдарламасын өз деңгейінде орындап шығу қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау төмендегі жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады: - егер мұғалім ШЖМ -нің  өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне, сезіне алатын болса;

 - егер мұғалім ШЖМ математика сабағын ұйымдастырудың мәселелері бойынша қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен болса;

- математика сабағында мұғалім балаларды қызықтыра алатындай, сабақты түрлендіре жүргізетін, олардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын дұрыс қолданатын болса.

ШЖБМ мұғалімдерінің жұмысындағы қиындықтарға қарамастан, республикамыздың мұғалімдері оқушыларды екінші жылға қалдырмай, толық үлгеріммен жұмыс істеп, оқушыларға терең және берік білім беріп, олардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда.

Шағын жинақты бастауыш мектептерді көрнекі құралдармен жабдықтау ісінде үлкен табыстарға қол жеткізген, өз тәжірибелерін жинақтап, тарата білген үздік мұғалімдер – Ы.Құсайынов пен Б.Құсайыновалар болды. Олардың мектепті көрнекі құралдармен және оқушыларға таратып беретін дидактикалық материалдармен жабдықтау жөніндегі іс-тәжірибелері аудандық, облыстық, республикалық және сол кездегі Кеңес Одағы көлеміндегі газет-журналдарда жарияланып тұрды. Құсайыновтардың іс-тәжрибелерін таныстыратын кең ауқымды экспозиция Мәскеудегі ХШЖ-нің (ВДНХ) «Халық ағарту» павильонына көрмеге жіберілді. Осындай табыстары үшін кезінде Ы.Құсайынов алтын медальмен, Б.Құсайынова қола медальмен марапатталған болатын. Кейін олардың озық іс-тәжірибесі жеке кітапша болып 1970 жылы «Аз комплектілі қазақ мектебі» деген атпен басылып шықты. Бұл еңбек – мұғалімдер үшін өте қажетті және таптырмас көмекші құрал. Шағын жинақты бастауыш мектеп мұғалімдері Құсайыновтар ойлап тапқан жиналмалы тақтаны (универсальная доска), сондай-ақ сызба-кестелерді, дидактикалық карточкаларды, лотолар мен грамматикалық ойындарды өз жұмыстарына еркін пайдалана алады.

А.П.Усова ұсынған дидактикалық құралдардың жіктемесі М.А.Данилов, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткиннің құралдарына сәйкес келеді. Бұл ғалымдар оқыту құралдары ақпаратты беру ненің – сөздің, көрнекіліктің, практикалық әрекеттің көмегімен қамтамасыз ету деп түсінеді.

Оқыту құралдары

Оқу-әдістемелік құралдар

Көрнекі құралдар

Техникалық оқыту құралдары

Бағдарлама   оқулық

Дидактикалық материалдар

Оқыту әдістемесі

Дидактикалық ойындар

Суреттер

Карточкалар

Кестелер

Перфокарталар

Сызбалар

Санау материалдары

Графопроектор

Үнтаспа

Кинопроектор

Лингофондық құрылыс

Бейнефильмдер

Компьютер

Микрокалькулятор

Оқу-әдістемелік құралдарға оқу-әдістемелік топтама (ОӘТ) құрамына енетін мына құралдар жатады:

1.      Бағдарлама (1-4 сыныптар);

2.      Оқулықтар (1-4 сыныптар);

3.      Қазақ тілін оқыту әдістемесі (2-4 сыныптар)

4.      Математикадан дидактикалық материалдар (1-4сыныптар);

5.      Математиканы оқыту әдістемесі (мұғалімдерге арналған көмекші құрал (1-4 сыныптар);

6.      №1 және №2 - математика дәптерлері (1сынып);

7.      Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар (1-2 сыныптар)

8.      Бастауыш математика курсындағы шығармашылық жаттығулар: оларды орындау технологиясы (1-4 сыныптар);

ШЖБМ оқу үдерісінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес мектеп оқушыларына арналған оқыту құралдарына нақты талаптар қойылады.

Оқу құралдарының әдістемелік аппараты алдымен онда кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастырып қана қоймай, сонымен бірге, жабдықтар да, оқу құралдары да оқушының өз  бетімен жұмысын басқаруға септігін тигізуі керек.

Мұғалімдер, әдіскерлер және ғалымдар ШЖМ-ке  арналған оқу құралдарын дайындау жөнінде әр түрлі пікірлер айтуда. Ол құралдар мектеп ерекшелігіне сай бір оқу бөлмесінде бірнеше сыныппен жұмыс істеп отырған мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына септігін тигізуі тиіс. Онда ең алдымен баспадан шыққан оқулық пен дәптер қажет. Одан басқа сынып-комплектінің барлық балаларын қамтитындай, сабаққа тартуға арналған санау материалдары бар қосымша, кестелер, ауызша есептеу мен математикалық диктанттың баспаға түсірілген түрі, санау материалдары, есепті шешуге үйретуге арналған графопроектордың транспоранты.

1964 жылы В.П.Стрезикозиннің басшылығымен ШЖБМ-нің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес жасалған комплекс құралдарының тиімділігін анықтауға арналған жұмыстар ұйымдастырылып, әр түрлі  үлгілері жасала бастады. 1970 жылдан Г.Ф.Суворованың басшылығымен ауыл мектептеріндегі оқу пәндерін оқытып-үйрету мәселелері жөнінде зертхана қызметкерлері жұмысты жалғастырды.

Қазіргі кезде ШЖБМ-ке арналған әдістемелік жиынтыққа енетін бірнеше құралдар дайындалған. 1987 жылы ШЖМ мұғалімдерінің жұмыс орны – стенка-шкаф шығарылған, онда жылжымалы сынып тақтасы, экран, барлық оқу жабдықтарын сақтайтын заттар, қарапайым техникалық оқу құралдарын қоятын мұғалім үстелі бар.

Сынып-кабинетті әдістемелік жабдықтауға да баса назар аударылуда. Әдістемелік жабдықтауға мыналар кіреді: оқушыларға арналған дидактикалық материалдар, аудио-визуалдық және техникалық оқыту құралдарын сабақта оқушылардың өз бетімен қолдануы жайлы мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар, сынып-комплектімен жұмыс істеуге арналған әрбір пән бойынша тақырыптық жоспарлар.

Бұлармен қоса, арнайы ШЖМ-ке арналған құрал-жабдықтар бар:

1.      Қарапайым лингофондық құрылыс, бір сынып оқушыларымен мұғалім жұмыс істеп жатқанда, екінші сынып оқушыларының өз бетімен жұмысын ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.

2.      Шахтылы (шахтный) экран, жарықта қолдануға болатын экран, яғни оларды қолдану кезінде бөлмені қараңғылау қажет емес.

3.      Әр түрлі перфокарталар, планшеттер, блок-сигналдар; олар оқушылардың білімдерін  тиянақтау, бекіту, тексеру, есепке алу кезінде, сондай-ақ оқу үдерісінің барлық кезеңдерінде қолданылады.

Практика көрсеткендей, қалыпты мектептерде қолданылатын оқыту, көрнекі құралдарды, жабдықтарды ШЖБМ ерекшеліктеріне сәйкестендіре қолдануға болады. Мысалы, сынып тақтасы, қалталы полотно (өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға болады), карточкалар (мұнда фланелограф не магниттік тақтаға көлемі мен мазмұны әр түрлі тапсырмалар беріледі), тәжірибелер жасау және ірі көрнекі құралдарды пайдалану үшін астына қойылатын (подставка) заттар.

Сабақта үнемі пайдалану үшін суреттер, кестелер, плакаттар алдын-ала ілініп, беті жабылады.

ШЖБМ-те қалыпты мектептерге арналған оқу құралдарын қолданатындықтан, аталмыш мектептердің өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, типтік оқыту құралдарын толықтырып, сәйкестендіріп, мүмкін болса, күнтізбелік жоспарды сынып-комплектінің ыңғайына қарай қайтадан жасауға, өңдеуге болады.

Оқу жылындағы оқушы мен оқытушының күнбе-күнгі оқу еңбегі сабақ кестесімен анықталады. Шағын жинақты мектептерде оқыту, тәрбиелеу жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін дұрыс, жан-жақты ой елегінен өткізілген сабақ кестесін жасау қажет. Сабақ кестесі мектептегі балалар мен сынып санына байланысты жасалады. Егер мектепте барлық балалар саны 10-нан аспайтын болса, онда бір оқытушы немесе бір комплектілі мектеп, ал 12 оқушы болса, екі комплектілі, 15-тен артық болса, ол үш комплектілі болып есептеледі. Егер мектепте барлық сыныпқа бір оқытушы болса, яғни бір комплектілі мектеп болса, тиімді сабақ кестесін жасау керек болады. Мектепте екі оқытушы болса, әр сыныптың оқушылар саны мен білім деңгейі, дайындықтарына байланысты біріктіріледі.

Дұрыс сабақ кестесін жасау үшін оқытушылар қандай пәндерді біріктіргенде, өзіндік жұмысты ұйымдастыруға барынша мүмкіндік беретін принципті ескеру керек.

Екі сыныппен жүргізілетін сабақтың сапалы болуы үшін сабақ кестесіндегі пәндерді қалай болса солай біріктіре салуға болмайды. Екі сыныпта екі түрлі пәнді жүргізгеннен гөрі, екі сыныпта да бір пән бойынша, мәселен, қазақ тілін қазақ тілімен, арифметиканы арифметикамен біріктіріп өткізген жеңіл болатынын тәжірбие көрсетіп отыр. Бұл өзінен өзі түсінікті, өйткені пәндерді біріктіріп жүргізгенде мұғалімнің зейіні бір пәнге бағытталған болады, сол себептен де жұмыс сапалы жүргізіледі.

            Өзбетінше жұмыс істеуді ұйымдастыруға барлық пәндердің бірдей дәрежеде мүмкіндік бере бермейтінін есте ұстау керек. Мысалы: музыка мен денешынықтыру сабақтарын біріктіруге болмайды, тек сабақты топқа бөліп өткізуге  болады.

Тиімді сабақ кестесін құрастыру үшін комплект құру, пәндерді біріктіру проблемасы негізгі сұрақ болып табылады. Аптаның сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері – оқушылардың ең жоғарғы деңгейде жұмыс істей алатын күндері. Бірдей жағдайда екінші, үшінші сабақ оқушылардың іскерлігіне әсер ететін, нәтижелі сабақтар болып саналады. Барлық жағдайда екі, үш, төрт сыныппен барлық сабақтарды біріктіріп, сабақ кестесінің түрлерін әр нұсқада ұсынуға болады. Сабақ кестесінің түрлері қатар оқытылатын сыныптардағы оқытылатын пәндердің ретіне байланысты. Қатар оқытылатын сыныптарда бір пәнді бір мезгілде оқытуға, әр пәндік, бір тақырыптық негізде өткізуге болады. Сонымен бірге, бір сыныпты жеке оқытып, 2-3 сыныпты қатар оқытуға болады.

Сабақ  кестесін жасағанда 1-топпен 2-топты біріктіріп  жасауға да болады. Қазақ тілі сабақтарында барлық сыныпқа ортақ сұрақтар беру, диктант,  қызықты тапсырмалар,  дидактикалық ойындар жүргізуге болады. 

      Көп жағдайларда 2-3 сыныпты  біріктіріп сабақ өткізуге тура келеді.  Келесі сыныптарда  3-сабаққа ауыстыруы керек.  Мысалы: қатар оқитын  1-4, 1-3 үшін күніне 1 пән немесе 2 пән қатар оқытылады. Ал қалған пәндер 2 сыныпта 30 мин бөлек жүргізеді. Мұндағы негізгі мақсат 1-сынып оқушыларының  жас ерекшелігін ескеріп,  1-сыныпқа 30 минут бөлек уақыт беру керек. Қатарынан 1-2-3 сынып үшін, 1-3-4 сыныптар үшін, 2-3-4 сынып үшін бұл жағдай сабақ өткізудің  қиындығын болдырады. Сондықтан, күніне 1 рет 1 пәнді қатар өткізеді. Қалғанына өзіндік жұмыстар беріледі. Оқушылардың санына байланысты, сынып комплектісін құру, сабақ кестелерінің үлгілерін оқушыларға түсіндіріп оқыту керек. Мысалы: бақылау  жұмысы мен диктант сабақтарын біріктіру, математика сабақтары үшін тиімді болады. Ал, кей жағдайларда тиімді  бола бермейді. Мұндай кезде еңбек, бейнелеу сабақтарын бірге өткізіп, аталған пәндерді бөлек оқыту керек. Сабақ кестесі жарты жылдық уақытқа арналып құрастырылады..

     Шағын комплектілі мектеп мұғалімдері күнделікті  8 не 14 сабақ жоспарын жазып, оған көрнекілік дайындайды. Сондықтан да оқу-тәрбие жұмысының нәтижелі  болуына сабақ кестесінің  әдістемелік тұрғыда дұрыс жасалуының маңызы зор. Осыған орай қосымша материалдарда бір пәндік жүйедегі сабақ кестесінің үлгілерін ұсынамын.

Автор
Дата добавления 29.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров3672
Номер материала 348636
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх