Инфоурок Биология КонспектыӘдістемелік нұсқау "Абай тағылымы рухани биікке бастайды " мақала биологияны оқытуда Абай тағылымын дәріптеу

Әдістемелік нұсқау "Абай тағылымы рухани биікке бастайды " мақала биологияны оқытуда Абай тағылымын дәріптеу

Скачать материал

Мектепте биология пәнінен Абай тағылымын

оқып – үйрену.

                                                                                     

                                                                        Күләш Мұңайтбасова

                                                Атырау қаласы

                                                                    № 10 орта мектебінің

                                                                    химия, биология пәндерінің    

                                    мұғалімі.

 

 

 

        

    Өзімнің 30 жылдан астам  педагогикалық еңбегімінің барысында Абай тағылымын мектепте қазақ, орыс, шет тілдері және әдебиет пәндерін оқытуда ғана емес, басқа пәндер, мысалы,  биологияны оқытуда және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыруда Абайдың қара сөздерінің жинағы  мұғалім үшін бірден – бір рухани қазына екендігіне тоқталғым келеді.

         М.О. Әуезов «Қазақ халқының ұлы ақыны» деген мақаласында («Абай Энциклопедия» 13 бет) Абай жаңа поэзияның биік мақсаты, міндеті – халыққа қызмет ету, адамды қайта тәрбиелейтін және қоғамды қайта құруға көмегі тиетін жаңалыққа шақыру деп біледі, - деп атап көрсеткен.

АБАЙ тағылымындағы жастарға білім мен тәрбие беру мәселесі халықтық педагогикамен үндесіп жатқандығын әбден байқауға болады. Мектептерде "Атамекен", "Елім-ай" бағдарламаларына байланысты өткізілетін тәрбие жүмыстары халықтық педагогиканың тармақтары. Ал пәндерді оқытуда халық педагогикасы элементтерін қолдану пәннің ерекшелігіне, мүғалімнің ғылыми-әдістемелік жүмысы барысына тығыз байланысты. Ол мұғалімнің ізденісі, шеберлігі және шығармашылығы арқасында іске асырылады.

Абай тағылымын мектептерде оқушылардың білімге қызығушылығын көтеруге, алған білімдерін табиғат, өмір заңдылықтарымен байланыстыруға, керек болса өмірде қолдана білуге, оқушылардың ойлау қабілетін, тілдің актив қорын кеңейтуге, еңбекқорлыққа үйретуге кеңінен пайдалануға болады.

Мысалы, 8 сыныпта биологиядан "Жоғары дәрежелі жүйке жүйесі" тарауын өткенде Жан қуаты туралы ұғым беруде Абайдың қара сөздері оқушылардың алған іргелі білім элементтерін еске сақтап, мәнін түсінуде атқарар ролі зор. Себебі қара сөздердің психологиялық астары - мақал-мәтелдерде, ал Абайдың көптеген қара сөздері мақал-мәтелдерден басталады. Сол мақалдардың мазмұнын ақыл-кеңестері арқылы түсіндірсек, көп ұтамыз. Бірнеше мысалдар келтірейік. Абай: "Жан қуаты деген қуат- бек көп нәрсе", - дейді де, соның ерекше үш түрін айырады. "Біреуі, .. Не көрдің, есіттің, әрнешік білдің, соны тездікпенен ұғып, ұққандықпен тұрмай, арты қайдан, алды қайда барады, сол екі жағына да ақылды жіберіп, қармаққа тез қозғап жібереді." Яғни, оқу процесінде керекті білімді бақылап, қабылдап, ұғып қана қоймай, түсініп отыру. Сонда ғана оқу тиімді болады деген мағынада айтылған. Ал, Жан қуатының екінші міндеті деп жаңалықты қабылдау барысында ұқсағандарды тексеріп отыру қажеттігін айтады.

"Сезім мүшелері және олардың маңызы" тарауын өту барысында, адамның ең бір жетілген құралы-сөз. Сөз адам ақыл-ойының, ішкі мәдениетінің және тәрбие дәрежесінің көрсеткіші болып табылатындығын, адамның көңіліне келіспейтін өрескел сөздер, қисынсыз әзілдер, мінездің топастығы, менмендік, мақтаншақтық және т.б. сезім мүшелері арқылы қабылданып, ішкі мүшелердің ұмысын өзгертетіндігі түсіндіріледі. Әсіресе физиологиялық жағынан жетіліп келе жатқан жасөспірімдердің психологиясының дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Ұлы Абай:

"Өсек, өтірік мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз", - деп, жаман қылықтардан аулақ болуды, ал:                                                                                      

"Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой",- деп жастарды жақсылыққа шақырады. Ал бұл айтылған сөздердің астарын оқушылармен бірге отырып талдаған жақсы.

Сонымен қатар жоғарыда аталған тарауды өткенде «Көру, есту, иіс сезу, дәм сезу анализаторлары маңызы» тақырыбын түсіндіруде Абайдың он тоғызыншы «Адам ата-анадан туғанда  есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған  адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады,» -  деген сөзін негізге ала отырып, әр адам өсіп жетілгеннен кейін білім, тәрбие арқылы дүние танымының дамитындығын, мектеп қабырғасында –ақ әр оқушы өз ойын, өз көзқарасы пікірі бойынша жеткізе білуге тәрбиелеуі қажет.

Сол сияқты Қай айналымының жүйесі тарауы бойынша "Жүрек құрылысы, қызметі, жүрек аурулары, олардың алдын алу" тақырыбы өту барысында Абайдың төмендегі тағылымын келтіруге болады.

"...Жүректі мақтаншақтық, пайдакүнемді, жеңілдік, салғырттық- бұл төрт нәрсемен кірлетпей таза сақтаса, сонда сырттан ішке барған әр нәрсенің суреті жүректің айналасына анық раушан болып түседі. Ондай нәрсе тұла бойына жайылады, тез ұмыттырмайды". Бүл сөйлемнің астары білімді терең игеру үшін жаман қасиеттерге бой бермей, барынша беріліп жүмыс істеу қажеттігін айтады. Ал "Жан қуатының бәрінің басты күші-талап", - дейді Абай.

Абай қырық төртінші сөзінде: "Адам баласының ең жаманы-талапсыз", -дейді. Ал он жетінші сөзінде:  "адамның адамгершілігі неден құралады,-   дегенде,-   қайрат,   ақыл,   жүрек"-   үшеуін   айтып,   ғылымға жүгіндіреді. Абай жүрекке бірінші орын береді. Бірінші- жүректің сезгіштігі. Мұның өзін көрегендік екендігін түсіну қиын емес.

11 сыныпта "Адам нәсілдері" тақырыбында қазақ ұлты, оның шығу тарихына, төл шежіресіне тоқтала келе, жеті атаны білу туралы мәлімет айтылады. "Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі", "Жеті атасын білмеген жетесіз", т.б. мақал-мәтелдердің мәні түсіндіріледі. Жеті атаны білу-біріншіден, ата-бабаға құрмет, екіншіден, болашақ ұрпақтың тазалығын сақтау, яғни туыс адамдардың некелесуіне болмайтындығы, үшіншіден, мәдениеттілік екендігі ескеріледі.

Тағы басқа сабақтарға енетін Абай тағылымын келтіруге болады. Ең бастысы- еңбектерді жинақтап, жүйелі түрде жоспарлау, сабақтың білімдік, тәрбиелік мақсаттарын жетілдіру, оның әдіс-тәсілдерін анықтап алудан бастау қажет деп ойлаймын.

Абай тағылымы туралы ойдың түйініне Сағат Әшімбаевтың "Шындыққа сүйіспеншілік"  атты сын мақалалар жинағындағы мына бір жолдарына назар аударып көрейік: "Абайдың тағылымын тұту дегеніміз-Абай тағылымынан шындап үлгі-өнеге алу, тәлім-тәрбие көру, Абай тағылымынан үйрену деген сөз өз өміріне және өзгелерге де Абайдың көзімен әділ баға беруге үйрену , барыңды да жоғында да Абай таразысына  салып өлшеп көру.Абай көрсеткен кемшіліктерге кеңшілік бермеу дегенді  баса айтқымыз келеді. Абайдың беретіні сол, біздің одан  тек батпандап ала біліуіміз ғана . Абай біздің еркімізден тыс құпиясы мол құбылыс , ал біз шындап өмір сүргіміз келсе, оның еркінен тыс өмір сүре алмаймыз осыны ұмытпауымыз керек . Абай бізсізде мың мен жалғыз аласып өмір сүрген және сүре де беретіні мәлім.  Абайсыз өмір сүру-рухани бейшаралық пен адамдық ақыл-ой мешеулігінен, сезім жұтандығынан, айналып келгенде осыдан  туатын жазылмас жан жарасының қасыретінен арыла алмау деген сөз. Бір сөзбен айтқанда, Абай тағылымы – ауыр тағылым . Сондықтан да оны еріксіз мойындауға тура келеді, өйткені ол бәрі бір мойындатпай қоймайды.

Қорыта айтқанда Абай тағылымы бүгінгі таңда да өміршең екендігі сөзсіз. 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдістемелік нұсқау "Абай тағылымы рухани биікке бастайды " мақала биологияны оқытуда Абай тағылымын дәріптеу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Абай тағылымын мектепте қазақ, орыс, шет тілдері және әдебиет пәндерін оқытуда ғана емес, басқа пәндер, мысалы,  биологияны оқытуда және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыруда Абайдың қара сөздерінің жинағы  мұғалім үшін бірден – бір рухани қазына екендігіне тоқталғым келеді.

         М.О. Әуезов «Қазақ халқының ұлы ақыны» деген мақаласында («Абай Энциклопедия» 13 бет) Абай жаңа поэзияның биік мақсаты, міндеті – халыққа қызмет ету, адамды қайта тәрбиелейтін және қоғамды қайта құруға көмегі тиетін жаңалыққа шақыру деп біледі, - деп атап көрсеткен.

АБАЙ тағылымындағы жастарға білім мен тәрбие беру мәселесі халықтық педагогикамен үндесіп жатқандығын әбден байқауға болады. Мектептерде "Атамекен", "Елім-ай" бағдарламаларына байланысты өткізілетін тәрбие жүмыстары халықтық педагогиканың тармақтары. Ал пәндерді оқытуда халық педагогикасы элементтерін қолдану пәннің ерекшелігіне, мүғалімнің ғылыми-әдістемелік жүмысы барысына тығыз байланысты. Ол мұғалімнің ізденісі, шеберлігі және шығармашылығы арқасында іске асырылады.

 

Абай тағылымын мектептерде оқушылардың білімге қызығушылығын көтеруге, алған білімдерін табиғат, өмір заңдылықтарымен байланыстыруға, керек болса өмірде қолдана білуге, оқушылардың ойлау қабілетін, тілдің актив қорын кеңейтуге, еңбекқорлыққа үйретуге кеңінен пайдалануға болады.Мысалы, 8 сыныпта биологиядан "Жоғары дәрежелі жүйке жүйесі" тарауын өткенде Жан қуаты туралы ұғым беруде Абайдың қара сөздері оқушылардың алған іргелі білім элементтерін еске сақтап, мәнін түсінуде атқарар ролі зор. Себебі қара сөздердің психологиялық астары - мақал-мәтелдерде, ал Абайдың көптеген қара сөздері мақал-мәтелдерден басталады. Сол мақалдардың мазмұнын ақыл-кеңестері арқылы түсіндірсек, көп ұтамыз. Бірнеше мысалдар келтірейік. Абай: "Жан қуаты деген қуат- бек көп нәрсе", - дейді де, соның ерекше үш түрін айырады. "Біреуі, .. Не көрдің, есіттің, әрнешік білдің, соны тездікпенен ұғып, ұққандықпен тұрмай, арты қайдан, алды қайда барады, сол екі жағына да ақылды жіберіп, қармаққа тез қозғап жібереді." Яғни, оқу процесінде керекті білімді бақылап, қабылдап, ұғып қана қоймай, түсініп отыру. Сонда ғана оқу тиімді болады деген мағынада айтылған. Ал, Жан қуатының екінші міндеті деп жаңалықты қабылдау барысында ұқсағандарды тексеріп отыру қажеттігін айтады.

"Сезім мүшелері және олардың маңызы" тарауын өту барысында, адамның ең бір жетілген құралы-сөз. Сөз адам ақыл-ойының, ішкі мәдениетінің және тәрбие дәрежесінің көрсеткіші болып табылатындығын, адамның көңіліне келіспейтін өрескел сөздер, қисынсыз әзілдер, мінездің топастығы, менмендік, мақтаншақтық және т.б. сезім мүшелері арқылы қабылданып, ішкі мүшелердің ұмысын өзгертетіндігі түсіндіріледі. Әсіресе физиологиялық жағынан жетіліп келе жатқан жасөспірімдердің психологиясының дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Ұлы Абай:

"Өсек, өтірік мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз", - деп, жаман қылықтардан аулақ болуды, ал:                                                                                      

"Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой",- деп жастарды жақсылыққа шақырады. Ал бұл айтылған сөздердің астарын оқушылармен бірге отырып талдаған жақсы.

Сонымен қатар жоғарыда аталған тарауды өткенде «Көру, есту, иіс сезу, дәм сезу анализаторлары маңызы» тақырыбын түсіндіруде Абайдың он тоғызыншы «Адам ата-анадан туғанда  есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған  адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады,» -  деген сөзін негізге ала отырып, әр адам өсіп жетілгеннен кейін білім, тәрбие арқылы дүние танымының дамитындығын, мектеп қабырғасында –ақ әр оқушы өз ойын, өз көзқарасы пікірі бойынша жеткізе білуге тәрбиелеуі қажет.

Сол сияқты Қай айналымының жүйесі тарауы бойынша "Жүрек құрылысы, қызметі, жүрек аурулары, олардың алдын алу" тақырыбы өту барысында Абайдың төмендегі тағылымын келтіруге болады.

"...Жүректі мақтаншақтық, пайдакүнемді, жеңілдік, салғырттық- бұл төрт нәрсемен кірлетпей таза сақтаса, сонда сырттан ішке барған әр нәрсенің суреті жүректің айналасына анық раушан болып түседі. Ондай нәрсе тұла бойына жайылады, тез ұмыттырмайды". Бүл сөйлемнің астары білімді терең игеру үшін жаман қасиеттерге бой бермей, барынша беріліп жүмыс істеу қажеттігін айтады. Ал "Жан қуатының бәрінің басты күші-талап", - дейді Абай.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 895 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.03.2015 932
    • DOCX 1.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем МУНАЙТБАСОВА КУЛЯШ ХАМИТОВНА. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    МУНАЙТБАСОВА КУЛЯШ ХАМИТОВНА
    МУНАЙТБАСОВА КУЛЯШ ХАМИТОВНА
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 106482
    • Всего материалов: 26

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

ФГОС общего образования: формирование универсальных учебных действий на уроке биологии

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 88 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 359 человек

Курс повышения квалификации

Государственная итоговая аттестация как средство проверки и оценки компетенций учащихся по биологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 273 человека

Курс профессиональной переподготовки

Биология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 158 человек

Мини-курс

Психоаналитический подход: изучение определенных аспектов психологии личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии клиентоориентированного бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

GR: аспекты коммуникации и взаимодействия с государственными органами

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе