Инфоурок / Другое / Конспекты / «Дәстүрлі ағаш егу» акциясы
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

«Дәстүрлі ағаш егу» акциясы

библиотека
материалов

«Дәстүрлі ағаш егу» акциясының іс – шара

БАҒДАРЛАМАСЫ



Мақсаты:

Туған жердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмысымен шұғылдандыру және табиғатты сүюге, аялдауға қорғауға әр азаматтың өз үлесін қосу.

Көрнекілігі: шарлар стенд, плакат, ұлағатты сөздер, көрме, гүлдерден

компазиция.

Қатысушылар саны -70 (оқушылар, мұғалімдер, білім бөлімінің әдіскерлері,

«Шу өңірі» газет тілшілері, ата – аналар, ауыл тұрғындары және

шақырылған қонақтар).

Ашылу салтанаты:

Жүргізуші:

Табиғат – тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат, Жер-ана, Атамекен, Туған жер, ауылым, деген бір-бірімен тамырлас әрі тағдырлас. Туған жердің барлық табиғи қадір қасиеті ананың ақ сүтімен тұла бойыңа тарайды.

Сұлу дала. Менің сүйгем еркемсің ,

Жаным сенен жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О,Туған жер! Тамашасың көркемсің.

Табиғат, қызығамын сенің суретіңе,

Бас ием сенің құдіретіңе.

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,

Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.

Құрметті ұстаздар, қадірменді ауыл тұрғындары және болашақ табиғат

қорғаушы өрендер! Бүгін «Дәстүрлі ағаш егу» акциясына қош келдіңіздер!

Ғ.Мұратбаев орта мектебінің 6 «Б» сынып оқушысы Қалибек Данагүл «наурыз көктем» әнін орындайды.

Жүргізуші: Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,

Бір-бір ағаш тал менен гүл егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.

Шу өңірі – табиғаты әсем, құт дарыған, киелі мекен, ал қазіргі кезде бұл өңірдің экологиялық жағдайы қорғауды қажет етіп тұрған бірден-бір өлке болып табылады.

Ауылым-ырысы мол құт мекенім

Мәңгіге ақ бесігін тербетемін.

Саянда ойнап, өсіп, білім алып,

Алаңсыз асыр салып ер жетемін.

«Жерұйық» жас натуралистер станциясының директоры Р.Абдикеримова сөз кезегін берейік.

Жүргізуші:

Арманы көп адамның,

Талабы көп қоғамның.

Тілін табу баланың ,

Талабы ғой заманның

Ғ.Мұратбаев орта мектебінің 6 «Б» сынып оқушысы Болатбек Айбек – « Жарайма » әнін орындайды

Жүргізуші:

«Жерұйық» жас натуралистер станциясының оқу - ісі жөніндегі орынбасары: Шакирова Рая Шайымкулқызына сөз кезегін берейік.

Жүргізуші:

Айгөлек –ау, айгөлек –ау

Айдың жүзі дөңгелеп,

Айдай туған кезімде

Би билейік дөңгелеп.


Ғ. Мұратбаев орта мектебінің оқушыларының қазақша биі


Жүргізуші:

Білім орда мекені

Табиғатты сүйеді

Табиғаттың тынысын

Адамзатқа үйретер


Ғ.Мұратбаев орта мектебінің директоры: сөз кезегі беріледі.

Жүргізуші:

Табиғат алтын күнім, күміс айым

Шашылған жұлдыз, меруерт жастанайын.

Үңілем таңнан тұрып терезеге,

Ашық па, жабық па деп қас-қабағың.

Табиғат - көркем жырым, асқақ әнім.

Сен ана, мен қашанда жас баламын.

Сөйлеші жерде гүл боп, көкте күн боп,

Тіліңді түсінуге тырысайын.

Ғ. Мұратбаев орта мектебінің оқушыларының өзбек биі


Жүргізуші:

Табиғат , сен тіршілік тұнып тұрған

Сен күнсің көтерілген күліп қырдан

Сен көлсің, сен ормансың, сен бұлақсың

Адамға сұлулықты шын ұқтырған


Ғ.Мұратбаев орта мектебінің 2 «Б» сынып оқушысы Амангелды Еркежан - «Туған жер» әнін орындайды.

Жүргізуші:

Қорыта келе айтарымыз еліміз кең байтақ. Бүкіл әлем елдер арсында жер көлемі жөнінде тоғызыншы орында тұр. Сол кең байтақ жеріміздің тек 4,5 пайызы ғана орманды жер екені баршамызға мәлім. Сондықтан, еліміздегі әрбір елді мекенді, әрбір ауланы жас желекпен көмкеруге, көректендіруге, көгеріштендіруге атсалысайық.

«Бір тал кесең- он тал ек» демекші барлықтарыңызды тал көшеттерін отырғызуға атсалысуға шақырамыз.

Бүгінгі акциямыздың негізгі мақсаты «Дәстүрлі ағаш егу мерекесін қолдайық» атты үндеуді қолдай отырып, бәріміз бір кісідей далаға ағаш егу шығайық.


Марапаттау рәсімі : «Жерұйық» жас натуралистер станциясының директоры мен әдіскер Садыкова Қуанышкуль марапаттады.


Жабылуы: хормен «Атамекен» әні орындалады.




Бөлім меңгерушісі А.Камзолданова





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-048267

Похожие материалы