Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Статьи / Дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру және сабақ процесінде жаңа технология әдістерін қолдану.

Дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру және сабақ процесінде жаңа технология әдістерін қолдану.


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру және сабақ процесінде жаңа технология әдістерін қолдану.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлес қалыптасуда. Бұл процесс білім программасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға өзін-өзі өзектілендіруге, өзін толықтыруға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптасуға бағытталған. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, оқу үрдісіне енгізу. Америкада,Ұлыбританияда,Ресейде т.б мемелекеттерде жүргізілген зерттеулерде оқытудың технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлелденген. Елімізде оқыту мазмұны жаңартылып 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мақсатында жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғаліммен жаңаша жұмыс істеуін ізденіс, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып оқушыны қызықтырып оқыту керек. Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдында қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инноватциясыніс-әректін қалыптастырып, оны меңгеріп сол жаңа технологияларды жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру қажет. Сонда ғана жаңа педагогиклық технологияларды меңгерген өз практикасында қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады. Оқытудағы «Кембридж» тәсілінің негіздерінде түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, орта білім беру жүйелерінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізгені анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында теориялық оқыту тәсіліне басымдылық берілген. Бұл оқытудың басты бағыты – ойлауды дамыту болып табылады. Барлық оқыту үрдісін ұйымдастырып , көшбасшылық жасайтын мұғалім болғандықтан ең алдымен ойлау қабілеттері жоғары деңгейде дамыған оқушыларды терең ойлау қабілеттерін дамытқан жөн. Мұнда балаларға білім дайын күйінде берілмейді, керісінше оқушылардың өздерін еркін ұстауға, ойлануға мүмкіндік жасалады. Олар өз беттерімен және өзара әрекеттесе оқып үйренеді, ортақ бір шешімге келуге бағытталады. Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модулі түрінде берілген олар оқыту барысында аралас түрінде ұсынылады.

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері.

  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйреу.

  3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

  4. Оқыту мен оқуда ақпараттық комуникатциялық технологияларды АКТ-ы пайдалану.

  5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

  6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

  7. Оқытудың басқару және көшбасшылық .

Баланың бойындағы қызығушылығын жойып алмай үнемі алға жылжуға, шығармашылығын жетілдіру. Білімді өз бетінше іздну арқылы алуға қолайлы жағдай жасау. Мұғалім бала бойындағы шығармашылық сапалардың болатындығын мойындап, әрі қарай дамыту керек. Мұғалім мен оқушы көшбасшылығы- мұғалім жеті модельді тиімді пайдаланып, нәтижеге қол жеткізе алса мұғалімнің көшбасшылығы, оқушыда топта айырықша белсенділік танытқан оқушы- көшбасшы, ол әдетте басқа оқушыға көмектесіп, соған жауап бергізуге тырысады, ол өзін емес сыныптастарын топты алға сүйрейді. Осы жеті модель идеяларын тұрақты пайдалану арқылы жоғарғы нәтижеге қол жеткізуге болады.




Автор
Дата добавления 27.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Статьи
Просмотров110
Номер материала ДВ-488754
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх