Инфоурок Музыка КонспектыДжанабаева Жамила конспект по музыку на тему "Үні сенсің, домбыра!"

Джанабаева Жамила конспект по музыку на тему "Үні сенсің, домбыра!"

Скачать материал

Мұнайлы ауданы

«Тұлпар» аула клубы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазағымның үні сенсің домбыра»

(күй тартыс)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚБП: Джанабаева Ж.С.

 

 

Қаңтар-2016 жыл

Тақырыбы: Қазағымның үні сенсің домбыра.

Сабақтың мақсаты: 

Білімділігі: Күйдің құдіреттілін таныта білу 

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан – жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың домбыра аспабына қызығушылығын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

                                            Барысы
  Жүргізуші: Қазақтың халық арасында ең кең тараған музыкалық аспабы – домбыра. Оның әлденеше себептері бар. Біріншіден – домбыраны жасау аса қиынға соқпайды, қолы ұсынақты адам көрінген ағаш затынан жасап ала береді.

Екіншіден – домбырада тарту, үйрену, басқа аспаптарға қарағанда аса қиынға соқпайды. Домбыраның пернелері барлық дыбыстарды скрипка сияқты мойын бойлап іздетпей, дәл үстіне түсіреді. Қай пернеде қандай дыбыс бар екенін баста біліп алса, ұмытпау дәрежесі айта қалғандай болса, орындаушы кейін де сол пернені оңай тауып алады.

Үшіншіден- домбырада түрлі жағдайда тартуға бола береді, үйде отырып та, түрегеліп тұрып та, шалқадан жатып та, ат үстінде де. Бұл айтылғандар, халық аралап жүрген домбырашылар үшін аса керекті жағдай. Халық күйшілерінің ат үстінде тұрып тартуларыда, шалқасынан жатып тартулары жайында ел аузында әңгімелер көп. Бірнеше күн бұрын кетіп қалып, екі-үш күннен кейін қайтып келіп, үйдің үстінде қалықтап жүрген Топан атты бүркітін түндіктің ашық жерінен көрген Дәулеткерейдің жақсы көрген қыранына арнап шалқасынан жатып тартып шығарған «Топан» күйі немесе Тәттімбетпен күй тартысқан Абайдың анасы Ұлжанның сіңлісі Тайғараның(Малғара) кей кездерде орнынан түрегеліп кетіп домбыраны емшектің үстіне қойып тарту – оның адам ыңғайына келе беретіндігін дәлелдейді.

Төртіншіден – домбыра сүйемелге де ыңғайлы. Мұнда шалқайыңқырап отырып әндетуге де болады. Әншінің даусына кесел келтірмейді. Сондықтан домбыра, бір жағынан әншінің жыршының ақынның да «қолқанаты».

Әрине, домбыра бәрінен бұрын күйдін аспабы. Қазақ күйлерінің көпшілігі домбыраға арналып шығарылған.

Халық арасында күй өнерінің саз-сарындары бойынша айырып тану үшін «төкпе күй» және «шертпе күй» деген атаулар қолданып жүр

Күй» дегеніміз не?

Қазақ халқының біздің дәуірімізге дейін сақталып қалған асыл мұрасы – күй өнері.Өткен ғасырларда нота сауаты жоқ      кезде дүниеге келген ән- күйлер өмірмен бірге қайнап, ауыздан-ауызға, қолдан- қолға көшіп біздің заманымызға жетті.Қазақ халқы өзінің көңіл- күйі мен  арманын, қоғамға деген көзқарасын домбыраның қос ішегі арқылы жеткізе білді.Суырып салма ақындар мен бармағынан бал тамған күйшілер арқылы бізге жеткен назды әндер, ғажайып күйлер халқымыздың музыка мұрасы ғана емес,мәдени байлыға, рухани азығы болып отыр.

Күй - домбыра және басқа аспаптарда халық аспаптарында орындалатын музыкалық шығарма

Күйлер тақырыбымен мазмұнына қарай: аңыз күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау, лирикалық, психологиялық күйлер болып жіктеледі

Аңыз күйлер - халықтың өткен тұрмыс - тіршілігі жайлы баяндайды. «Жетім бала», «Ақсақ құлан» т. б күйлерді жатқызамыз.

Тарихи оқиғаларға жоңғар шапқыншылығымен оған қарсы халқымыздың күресі «Ел айырылған», «Жеңіс» атты күйлер.

Арнау күйі - белгілі бір адамдарға арнап шығарған күй. Оларға «Абыл»,»Байжұма» күйлерді жатқызамыз.

Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде, оң қолдың тұтас сілтенуімен орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыс дауысты болып, оң қол саусақтарының ұшымен орындалады.

Домбырамен төкпе мен шертпенің айырмашылығын көрсету.

Ұлы күйшілеріміз: Құрманғазы, Дина, Сүгір, Қазанғап, Тәттімбет, Қорқыт, Дәулеткерей, Боғда, Махамбет т.б ал, қазіргі  заманда  күй жанрын елге танытқан, еңбек еткен Қ. Ахмедияров, Х. Тастанбеков, А. Райымбергенов, С. Тұрысбеков т.б. ағаларымызды айтып кетуіміз керек.

Күйдің сөзі болмағанымен, мазмұны, тақырыбы, шығу тарихы болады. Яғни бүгінгі сабағымыз күй тартыс туралы болмақ. 

Айтысты тек сөз арқылы ғана емес, ән айту, күй тарту арқылы да ұйымдастыруға болады. Сондай айтыстардың бірі – күй айтыс. Күй тартысқа екі немесе бірнеше адамның қатысуына болады. Күйшілердің күй айтысқа түсудегі негізгі мақсаттары: Өздерін елге таныту, шығармашылығын дамыту, өз шеберлігін сынау болып табылады.

Күй тартысты 3 түрлі негізде өткізетін болған. 
1. Күйді біріншісі тоқтаған жерден екіншісі жалғастыру. 
2. Күйшілер бір – бірінің орындаған күйлерін қайталамау. 
3. Бірі орындаған күйді қайталап тарту.

Күй айтыстың бірінші түріне мысал ретінде халықтың аңыз – күйі « Нар идіргенді » айтуға болады. Бұл күйдің қысқаша мазмұны: ботасы өлген түйені күй арқылы идіру. Күй айтысқа 3 кісі: шал, жас жігіт, жас бала түседі. 
Екінші түріне халық күйі « Мақтаншақ жігітті »мысал ретінде айтуға болады. Бұл күйгеде 3 кісі. Жігіт, қыз, қыз анасы қатысады. 
Үшінші түрі ең күрделісі болып саналады, яғни, қарсыласы тартқан күйді екіншісі білмеуі мүмкін. ХІХ – ғасырда күй айтыстың осы түріне Құрманғазы мен Дәулеткерей атты күйшілер түскен. Екі күйші бірін - бірі жеңе алмай отырған уақытта Дәулеткерей « Бұлбұл » атты күйін сол мезетте ойдан шығарса, Құрманғазы жауап ретінде « Бұлбұлдың құрғыры » атты күйін шығарып айтысты тоқтатқан екен деседі.

 

Жүргізуші: Сахнаға күй тартысқа түсетін оқушыларды шақырамыз.                  1. Аймагамбетов Асылбек                                                                                       2. Алтынгазиев Нұрғали                                                                                          3. Сарсенов Қоблан                                                                                                  4. Қоянбаев Нұрберген

 

Жүргізуші:  1.Сарсенов Қоблан мен Қоянбаев Нұрберген күй тартысады.

 

Жүргізуші:   2. Аймагамбетов Асылбек пен Алтынгазиев Нұрғали күй тартысады.

Мадақтау.  

Бағалау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Джанабаева Жамила конспект по музыку на тему "Үні сенсің, домбыра!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 105 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.04.2016 509
    • DOCX 38 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қалжан Айнұр Таңатарқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қалжан Айнұр Таңатарқызы
    Қалжан Айнұр Таңатарқызы
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6823
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении эстрадному вокалу

Преподаватель эстрадного вокала

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 88 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 267 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении игре на фортепиано

Преподаватель игры на фортепиано

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 295 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении игре на гитаре

Преподаватель игры на гитаре

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 215 человек

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы профессиональной деятельности эксперта в области индивидуального консультирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе