Ең алғаш қолға қалам алып, әріп танытқан Хамитова Алтыншаш Мұстақымқызы ол кісінің ғибрат алар әрбір сөзі, кескін-келбеті, бәрі-бәрі мен үшін – үлгі-өнеге. Ол ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, адал, білімді және мейірімді жан.

Предпросмотр материала:

Менің алғашқы пір тұтатын сүйікті ұстазым Алтыншаш Мұстақымқызы !

                                                            

 

                                                                     Қоятұғын бағалап әр «бесіңмен»

                                                                              Ажарлы ұстаз, кетпесің мәңгі есімнен.

                                                                                Мен сен үшін бір түйір дәндей болсам,

                                                                              Ал, сен маған диқансың дәнді өсірген.

                                                                         Қазбалаймын оқудың кенін әр таң,

                                                                      Өзің берген білімге сенім артам.

                                                                               Өлең оқып, жыр жазып жүргенім бұл,

                                                                             Ардақты ұстаз!, білемін сенің арқаң!

     «Ұстаз-ұлы есім» - дейді Мұхтар Әуезов. Иә,расында да, «Ұстаз» деген сөздің астарында

мән-мағынаның бәрі бар, бәрі де бар: білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік, мейірімділік пен мейірбандық, талапшылдық пен турашылдық...Әрбір баланың тұлға болып қалыптасуына, дүниедегі әрбір мамандық иесінің болашаққа қанаттануына себепкер болатын жанашыр, ізденімпаз адам – ұлы ұстазымыз. Менің ойымша, әр шәкірттің жанына жақын келетін, ең сүйіктісіне айналатын, өмірлік ұстанымдарының  жаршысына айналатын ұстазы болады. Менің де сүйікті ұстазым бар. Ең алғаш қолға қалам алып, әріп танытқан Хамитова Алтыншаш Мұстақымқызы ол кісінің ғибрат алар әрбір сөзі, кескін-келбеті,

 бәрі-бәрі мен үшін – үлгі-өнеге. Ол ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, адал, білімді және мейірімді жан. Бәрімізді өзбаласындай көреді, ақыл айтып отырады, білмегенімізді үйретеді. Оның әрбір сабағы қызықты да, сапалы болып өтеді. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай хәкім айтпақшы, ұстазымды ең алғаш рет көріп-білгеннен бастап, ол кісіге деген құрметім, сабаққа деген зейінім артты. Осындай ұстаздардың ұлы көшін жалғап, егемен елдің ертеңін білім нәрімен сусындату, талмай еңбектену – менің басты мақсатым болып қала бермек. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол — Ұстаз.

 Мен ұстаздарымды мақтан тұтамын!

        Ойымды: «Мен үшін жақсы ұстаз бәрінен де артық, өйткені мұғалім –мектептің жүрегі» деген ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің сөзімен қорытындылаймын. Сондықтан да, ұстаздарыма зор денсаулық, қажымас қайрат, аянбай еткен еңбектеріне жеміс, шығармашылық табыс тілеймін!.

 

            

Солтүстік Қазақстан обл

Уалиханов ауданы

Қайрат ауылы

Капарова М.Ж.

  Қайрат  орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.

Ең алғаш қолға қалам алып, әріп танытқан Хамитова Алтыншаш Мұстақымқызы ол кісінің ғибрат алар әрбір сөзі, кескін-келбеті, бәрі-бәрі мен үшін – үлгі-өнеге. Ол ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, адал, білімді және мейірімді жан.

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Капарова Мира Жаманбайқызы

учитель истории, социальный педагог

  • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
  • Всего просмотров: 11995
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 2
  • 11995
    просмотров
  • 2
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Капарова Мира Жаманбайқызы.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: