Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табуға есептер шығару

Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табуға есептер шығару



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ74

Күні: 21.11.2015

Сынып: 5 «а»

Сабақтың тақырыбы: Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табуға есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: ЕҮОБ пен ЕКОЕ-ті табуға есептер шығару. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.

Сабақ түрі: білімдерін жүйелеу, жинақтау

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

1. Тренинг «Тыныштық сәті»
- Балалар, бүгін қай мезгілі?
- Күз
Олай болса, барлығың бір тыныштық сақтап тренинг ұйымдастырайық: көзді жұмып, денемізді бос ұстап, елестетеміз. Ал, қанеки, көзімізді жайлап жұмамыз. «Көктем келді. Айнала жасыл шөпке оранды. Біздер сыныбымызбен серуенге шықтық. Күн шуағын бізге төгуде. Барлығымыздың көңіл - күйіміз өте жақсы. Далада доп ойнап, тамақтанып, таза ауамен тыныстап қайттық». - Ал, көзімізді ашайық! Өздеріңді қалай сезіндіңдер? Осы сабақ бойы осындай көңіл - күйде болайық.


2. Үй тапсырмасын тексеру. (Интерактивті тақта арқылы)


3. Бағалау парағын тарату.


Оқушының аты-жөні.________________________

Өзін-өзі бағалау

1.

Үй тапсырмасын тексеру

 

 2.

Сәйкестігін тап

 

 3.

Евклид алгоритмы бойынша ЕҮОБ табу

 

 4.

Есеп шығару.

 

 5.

Тест

 

Сабақтағы қорытыңды баға

 

Қөніл- күйінді белгіле (смайлик)

 

ІІ. «Сәйкестігін тап».


ЕКОЕ (2; 12)=

ЕҮОБ (4;20)=

ЕКОЕ (3;23)=

ЕҮОБ (3;23)=

ЕКОЕ (50;75)=

ЕҮОБ (50;75)=


ІІІ. Евклид алгоритмі

Ежелгі грек математигі Евклид осыдан шамамен 2300 жыл бұ-рын жай сандардың шексіз көп екендігін, ең үлкен жай санның болмайтынын дәлелдеді.

Евклидтен біршама кейінірек өмір сүрген ежелгі грек ғалымы Эратосфен жай сандардың кестесін жасаудың тәсілін ұсынды.

Біз ЕҮОБ және ЕКОЕ екі тәсілмен шығаруды үйрендік.Бұл тәсілдер өте ұзақ.

Грек математигі Евклид өте қысқа және сандарды жай көбейткіштерге жіктемеу тәсілін тапты.

Бұл тәсіл Евклид алгоритмі деп аталады.

Мұнда қалдық пен бөлу қолданылады.


Мысалы: ЕҮОБ (102,84) Евклид алгоритмі арқылы табу.

102 :84 = 1 (18 қалдық), 102=84 * 1+18, 0<18 <84

84 : 18 = 4 (12 қалдық), 84 18*4 +12, , 0<12 <18

18 :12 = 1 (6 қалдық), 18 12*1 +6, 0<6 <12

12 : 6 6 hello_html_m23785cf1.gif ЕҮОБ (102,84)=6


ІІІ. Есептер шығару

1.Әкесінің адымы 70 см, ал баласының адымы 50 см болса, онда қандай қашықтықтан кейін әкесінің ізіне баласының ізі сәйкес келеді?


2.60 ақ және 80 сары раушан гүлдерінен мүмкіндігінше

көп гүл шоқтары жасалады және барлық гүл шоқтарында ақ және сары гүлдердің саны бірдей болады.

Қанша гүл шоғы жасалады? Гүл шоқтарында неше ақ раушан және неше сары раушан гүлдері бар?


3. "Ақжелкен" мектебінің оқушылары мен ата-аналарын

демалуға апару үшін орын саны бірдей бірнеше автобус бөлінді. Автобустағы әр орынға бір адамнан отырып, 424 адам Медеуге, 477 адам тауға кетті. автобустар нешеу және әр автобусқа неше адам отырған?


IV. Тест

1. Берілген санның ішінен 3 – ке және 5 – ке бөлінетін санды көрсет.

1113; 914; 3040; 7035.

2. 54 пен 60 санының ең үлкен жай бөлгішін бабыңдар.

21; 17; 13; 15.

3. 555 пен 275 сандарының ең үлкен ортақ бөлгішін табыңдар.

3; 7; 5; 15.

4. Келесі көбейтінділердің қайсысы 54 санының жай көбейткіштерге жіктелуі болады:

9*6; 2*3*3*3; 2*3*6; 2*3*9.

5. Берілген сандардың ішінен 2 – ге және 5 – ке бөлінетін санды көрсет.

8016; 195; 4050; 1113.


V. Үйге тапсырма

351

VI. Қорытындылау

Рефлексия: «Мақсат» стратегиясы бойынша стикерге пікірлерін жазады.


  1. Бүгінгі сабақта қандай үш тапсырманы жақсы орындадың?

  2. Келесі сабақта нені жақсартар едіңіз?

  3. Оны қалай орындайсыз?

VIІ. Бағалау

Оқушының орындаған тапсырмасына қарай бағалау парағы бойынша бағаланады.






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 24.11.2015
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров541
Номер материала ДВ-185124
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх