Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Ең үздік оқушы интеллектуалдық ойын

Ең үздік оқушы интеллектуалдық ойын


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

«Ең үздік оқушы» интеллектуалдық ойыны

(10-11 сынып оқушыларына арналған)


Мақсаты:

Оқушылардың білімдерін саралап, жан-жақты толтыру. Оқушылардың арасынан озық ойлы жүйрікті анықтау. Өз мүмкіндігіне дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.


Көрнекіліктері: интерактивті тақта


Жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және көрермендер!


Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына – деп, бүгінгі «Ең үздік оқушы» деп аталатын интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Өз білімдерінді паш етіп, бақ сынасар сайыскерлерімізді қол соғып, қошеметтеп ортаға шақырамыз.


Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

Білімді топты хлайық,

Қол соғып қарсы алайық.

(әр оқушыны атай отыра ортаға шақырылады)


Жүргізуші:

Сайыскерлер, сіздерге сәттілік тілейміз!

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі тапқыр алар.

Кім өнерлі, кім тапқыр – шешу қиын

Қазылар алқасы болмаса нық сын алар,-дегендей, қандай да сайыс бағалануы тиіс.

Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар:


Сайыс 6 турдан тұрады.


1 тур: «Таныстыру»

Жүргізуші:

Армысыз, айналайын дана халқым,

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.

Тіл ұшына оралар кездескенде,

«Сәлем - сөздің анасы» деген нақыл.

Сәлемдесу парызы әрбір жастың

Өнерлерін паш етер өнегелі,

Сәт те келіп қалғандай танысатын,-дей отырып, өздерін таныстыру үшін сайыскерлерімізге сөз береміз. (сайыскерлер кезекпен өздерін таныстырады)


2 тур: «Мен ұнататын пән»


Қазақ тілі


  1. «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман» тіркесінің мағынасын айту.

  2. «Бөркін аспанға лақтыру» тіркесінің мағынасын айту.

  3. Екі одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғым білдіретін сөз қандай сөз деп аталады.

  4. Септіктер туралы не білесіз?

  5. Сөз таптарын атап бер.


Қазақ әдебиеті


  1. Төле бидің толғауың жалғастыр:

Атың жақсы болса,

Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы,

Әйелің жақсы болса,

Бірінші - ..., (иманың)

Екінші - ..., (жиғаның)

Үшінші - ... (ырысыңның тұрағы)

  1. «Бес жаратылысты» ата.

(күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн)

  1. Қазақ халқында 13 жасқа толған қыз баланың саусағына «Құс мұрын» сақинасын кигізген. Неге?

(құс сияқты бос, егер үшкір жағы ішке қараса, аттасқан деген мағынаны білдіреді)

  1. «Ұрын той» мағынасын түсіндір

(жігіттің қалындыққа келгендегі жасалатын тойы)

  1. Жұмбақ - дегеніміз не?



3 тур: «Кім тез?»

(логогрифтерді шешіп, шешуін орыс, ағылшын тілдеріне аудару)


  1. Мені жұтсаң, қуанып,

Тыныс алып тұрасың.

Қоссаң алдан бір әріп,

Маған суды құясың,

Малдарыңды суарып.


  1. Қуанғанда қиқулайсың мені айтып,

Қуанышты қостаушыны молайтып.

«Б» әрпін қос әлгі сөздің басына,

Балдырған боп жетіп барам қасыңа.


  1. Өнеге жайлы толғансаң,

Сол сөзді еске аласың.

Бір әріп қосып, ойласаң,

Сүртінер затты табасың.


  1. Шуақты мол төгемін,

Гүлге бөлеп беремін.

Бас әріпті өшірсең,

Көкіректі керемін.


  1. Моншағы көп тізілер,

Шуағын төксе күліп күн.

Соңғы әріп «К» болса,

Әжем қолға тағады.


4 тур: «Саған кім болады?»

(жауап жазбаша беріледі)

  1. Әкеңнің әкесі -

  2. Шешеңнің ағасы -

  3. Әпкеңнің қызы -

  4. Жеңгеңнің әкесі -

  5. Өзіңнен кейінгі қыз -

  6. Өзіңнен үлкен ер бала -

  7. Жеңгеңнің сіңлісі -

  8. Өзіңнен үлкен қыз -

  9. Өзіңнен кіші бала -

  10. Ағаңның әйелі -

  11. Әпкеңнің күйеуі -

  12. Әкеңнің шешесі -


5 тур: «Ой қозғау»

(мәтінді аяқта, тақырып қой)


- Арман атасымен ауылдан келді. Оның анасы қалада тұрады. Арман атасы мен әжесінің тұңғыш немересі еді. Арман келешекте атасы мен әжесінің қолында тұруды көп жоспарлайтын болды. Неге?



6 тур: Финал «Тапқыр болсаң, тауып көр»

(қалған екі оқушының логикалық тапсырмалардың шешуін дұрыс, әрі тез тапқаны «Ең үздік оқушы» атағын жеңіп алады)


  1. Малшы үш түрлі мал бағып жүр, қой, сиыр, жылқы. Барлық малдар саны 3936. Осының 123 бөлігі сиырлар, ал жылқылар сиырлардан 54 есе көп. Сонда малшының алдында неше қой бар?

  2. Апалы-сіңілілер ағайындыларға тұрмысқа шыққан және олардың бір баласы болған. Сонда барлығы ... (5) жан.

  3. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сан? (1, 2, 3)


Жүргізуші:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жетізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер! – деп,бүгінгі «Ең үздік оқушы» атты интеллектуалдық ойынымыздың жеңімпазын құттықтаймыз, сайысқа белсене қатысқан оқушыларымызға рақмет айтамыз.


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 14.11.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров5
Номер материала ДБ-351499
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх