Инфоурок / История / Другие методич. материалы / «Е.Өмірбаевтың педагогикалық қызметі тәуелсіз Қазақстанның жаңа ұрпағын отансүйгіштікпен ұлттық салт дәстүрге сай тәрбиелеудегі озық тәжірибе» атты баяндама
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 224 курсов со скидкой 40%

«Е.Өмірбаевтың педагогикалық қызметі тәуелсіз Қазақстанның жаңа ұрпағын отансүйгіштікпен ұлттық салт дәстүрге сай тәрбиелеудегі озық тәжірибе» атты баяндама

библиотека
материалов



«Е.Өмірбаевтың педагогикалық қызметі тәуелсіз Қазақстанның жаңа ұрпағын отансүйгіштікпен ұлттық салт дәстүрге сай тәрбиелеудегі озық тәжірибе» атты баяндама

1916 жылдың 16 мамырында дүниеге келген Есбол Өмірбаев Шадырақұлы 16 жасында шаруалар мектебіне оқуға қабылданып,онда 1932 жылға дейін 5 сыныпты бітіреді.III Интернационал атындағы ұжымшарда балықшы болып жұмыс жасаған кезінде де оқуын жалғастыра берді.Кейіннен Форт Шевченко қаласындағы сауатсыздықпен күресу орындарының бірінде сабақ береді.Ол педагогикалық училищені тәмамдаған соң,Маңғыстау мектептерінде оқытушылық қызмет атқарады,алайда ол мұнымен қанағаттанып қана қоймай,1940 жылы Орал мұғалімдер институтын,1962 жылы Атырау педагогикалық институтын бітіреді.Ол 30 жылға жуық өмірін педагогикалық қызметке арнайды.Өзінің бұл жұмысты еңбегінің нәтижесінде «Халық ағарту ісінің үздігі» атағына ие болады.Ол балаларға сабақ беріп қана қоймай,оларды өз туған өлкесін сүюге үйретеді.Форт- Шевченко қаласындағы мектептерде оқу ісінің меңгерушісі,директор болып қызмет атқарды.ЕӨмірбаев өмірінің барлық жұмысы өлке тарихын зерттеу,насихаттау болды,оның өлкетанушы тарихшы ретіндегі қызметі қазақ жеріндегі украин ақыны Т.Г.Шевченко шығармашылығы мен оның өмірі жайындағы материалдарды жинақтау мен зерттеуден басталды.1977 жылы Украинада басылып шыққан екі томдық сөздікте Е.Өмірбаев Қазақстанда Т.Г.Шевченко шығармашылығын насихаттаушы ретінде көрсетілген.Өзінің орасан зор пірадарлық еңбегі КССР Мәдениет Министрлігінің «Үздік жұмысы үшін» белгісімен марапатталды. Ал 1980 жылдың 25 ақпанында Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының жарлығымен оған «Қазақ ССР нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» құрметті атағы берілді. Е.Өмірбаевтың «Шевченко және қазақ әйелдерінің бейнесі», «Терең тамырлы туыстық», «Азапты сапарлар» және т.б.көптеген мақалалары Т.Г.Шевченко шығармашылығына арналды.Көпжылдық еңбектерінің нәтижесі Анатолий Костенкомен бірге жазған «Гүлденді дала» («Оживут степи») кітабы болды.70 жылдардың басында Е.Өмірбаевтың бастамасымен,оның күшімен Т.Г.Шевченко музейі жанынан шағын өлкетану бөлімі ашылды.Мұнда өлке тарихына қатысты археологиялық материалдар,ежелгі тарихи және этнографиялық тұрмыс заттары жинақталған еді.Е.Өмірбаев Маңғыстау жеріндегі көптеген белгілі адамдар мен жанұялардың тарихи тағдырлары жайындағы өмірбаяндарды жинақтап,шығарумен айналысты.Мысалы,1925-1926 жылдары Түркістан мен Шалқар уездік комитетінің секретары,Қырым АССР- ның балық өнеркәсібі бас басқармасы орынбасарының қызметтерін атқарған,ОГПУ өкілі Баймырзаев Зұлқаш Оспанұлы,Адай ревкомының орынбасары,Түркменстанда тап жауларын жоюға қатысқан,екі халықтың ұлы Ахметов Сұлтан туралы деректерді жариялады.Геология-минерология ғылымдарының докторы,профессор Құрбан Аманниязов Есағанның педагогикалық қызметін былай еске алады.Есбол Өмірбаев-ерекше тұлға,ғалым, зерттеуші, археолог, өз бетімен іздеген тарихшы деп баға берді. 1943 жылы, соғыстың ауыр жылдарында Тельман поселкасынан Форт-Шевченкоға келіп орта мектепке директор болды. Бұл жылдар өте қиын ауыр, аштық жылдары еді. Соғыстың алғашқы жылдары барлық жоғары сыныптар жабылды, жоғары кластықтар соғысқа кетті.Барлық мұғалімдер майданға кетті, тек үлкен адамдар, әйелдер, 8-9 класты бітіргендер қалды.Мектеп жеті жылдық болып қалды.Дәл осы уақытта Есбол Өмірбаев біздің мектепті басқаруды бастады.Соғыстың қиын жылдарында бізді тамақпен қамтамасыз етті. Біз сабаққа жарты литрлік банкамен, қасық алып бардық Ауыр соғыс жылдарында балалардың ыстық тамақпен қамтылуы -бұл үлкен жұмыс еді.Ол директор ретінде көптеген істер тындырды және ол оған оңай болған жоқ.Мысалы:мектепті жылумен қамтамасыз ету қажет еді.Біздің мектеп қашанда жылы болды, оны тұрақты көмірмен, ағашпен қамтамасыз етіп отырды.Ол кездерде жөндеу жұмыстары аз болған жоқ, оған оқушылар күші тартылды.Жоғары кластықтар төменгі кластықтарға пионер вожатый болды.Мен алғаш рет Есбол Өмірбаевпен біздің класқа СССР-дің Конституциясынан сабақ беруге келгенде таныстым.Бірде ол маған сабақ жібергенім үшін 2 қойды.Ол кезде біздің семья жайлауға көшіп кеткен, ол Форт-Шевченкодан 10 км қашықта еді.Мама және тәтем сиыр сауатын, мен оны Баутино, Аташ, Форт-Шевченкоға таситынмын. Таңертең ерте сағат 4 жарымда тұрып Баутино поселкасына сүтімді сатып, сосын сағат 8-дерде мектепке қарай жүгірдім.Сөйтіп жүріп бірде сабақтан кеш қалдым. Есбол Өмирбаев маған Конституциядан саған 2 деді.Мен Советтік адам Конституциядан 2 алуы мүмкін емес, олай болса ол Советтік адам емес дедім. Ол күлді де журналдағы 2-ні сабақта болған жоқ деп түзетемін деді.Кыстын бир кешинде директор биздин уйге келди.Сосын ол меннин кандай китаптарды окитыныммен, кандай китаптарым бар екендигине назар аударды.Мен бул китаптарды толык окыганымды айттым,ол маган мектеп китапханасына жазылуды усынды.Мен мектеп китапханасы гана емес,аудандык китапханага баратынымды жане китапханалардагы бар китаптарды окыганымды айттым.Есбол Омирбаев тангалды да, уйине конакка шакырды. Мени болмесине алып келди. Болме китаппен толы болды, адамда сонша коп китап болганын мен биринши рет кордим. Мен еки китап тандадым. Биреу Шакаримнын шыгармасы «Дубровский» казак тилинде. Китаптарды уйиме алып кетип еки кунде окып кайтып акелдим.Сойтип Есбол Омирбаевпен дос болдык, маган оз китапханасын пайдалануга руксат берди.Бул жерде ұстаздық ғұмырында алдына қойған проблемасын іске асыру үшін оқушының танымдық негізін қалыптастыра отырып,табиғи, тарихи, ғылыми ұғымды негіздеп, елін сүйер, ұлт жанды, адамгершілігі жоғары азамат тәрбиелеуді міндеті мен мақсаты деп ұстанады.

Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі Жәңгірхан Смағұлұлының естелігіне көз жібертсек:Аз шегініс жасап,соғыс жылдарындағы қиын кезде мектептердегі талап пен тәрбиенің ерекшелігін еске алсақ,ол жылдарда үлгермейтін оқушыларға ешқандай жеңілдік болмайтын.Төртінші сыныптан бастап,негізгі пәндерден сынақ болады.Үлгермеуші оқушы күзгі сынға қалдырылады.Тапсыра алмаған оқушы міндетті түрде екінші жылға сол класында оқиды.Жыл ішінде үлгермейтіндер төменгі сыныпқа түсіріледі. Оқушылар ережесін бұзғандарға сатылы ескерту шаралары қолданылады,яғни тәртіп бұзған оқушылар арнайы партаға отырғызылатын.Немесе екінші бір қатар класқа педагогикалық кеңестің шешімімен ауыстырылатын.Тіпті көрші мектепке жіберілетін.Бұл шаралардың ықпалы өте әсерлі болды.Жұмыстың нәтижесі көбінесе оқу орнындағы жалпы тәртіпке байланысты екендігіне дау жоқ. Мәселенің ең бастысы тәрбиенелеушімен қолма-қол істес болып отыратын тәрбиешінің өз басына байланысты болады

Е.Өмірбаев жайында замандасы Әбіш Байбосынұлы былай деп еске алады: «Есағаңның мектеп директорлығы Отан соғысымен дәл келіп,сабақ барысында күн сайын соғыс жүрісінен хабар беріп отырды.Соғыс кезінде мұғалім кадрлары тапшы еді.Неміс тілінің мұғалімі керек болып,Есағаң Махачкалада кеме тоқтайтын жерде бір жас қызбен танысып,оның қайда баратынын сұрайды.Сөйтсе ол Астрахань қаласына жүргелі отырғанын айтады.Оның неміс тілін жақсы білетінін білген,соғыста аудармашы болғанын естіп,жағдай жасайтынын,екі жүктеме беретінін айтып Роза Зальнбурн есімді өзге ұлт қызын Форт Шевченкоға ертіп келеді.Ол ұзақ жыл шәкірттерге неміс тілін үйретіп,кейін Астраханьға қайтып кетті».Соғыс аяқталарда мұғалім жетпегендіктен,Фортта қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылып,оның меңгерушісі Есағаң болды.Сабыр Қазыбаевпен бірге Есағаң көрнекі құралдар мен өзі басқарған мектеп тарихын жазып,оны «Қызыл кітап» деп атаған.Есағаңның адалдығы мен алыбы,мейірмандылығы мен кішіпейілділігі жұртты күлдіріп,анау мынауға ашу шақырмайтындығы,жайдарылығы айналасындағыларға шуақ шашыпсәулелендіріптұратын.Орынды жерде әділдікті арашалап,қатал да талап қоя білетін.Есағаңның адамға деген жақсылығы мол еді.Мектеп бітірушілерді Орал пединститутына өзі ертіп баруы,сондағы Шайқы Еркеғұловқа айтып,оқуға түсіртуі үлкенн адамгершілік емес пе?Немесе,Долгийде мектеп директоры болып,Фортқа келгенде бір топ шәкірттерін ертіп келіп,кешкі мектеп арқылы бітіруіне көмектесті.Айталық мұрағаттарды ақтарып жүріп,қанша адамдарға құжат тауып,зейнеткерлік жәрдем тағайындауларына мұрындық болғаны бар. Есбол Өмірбаев тың педагогикалық қызметі тәуелсіз Қазақстанның жаңа ұрпағын отансүйгіштікпен ұлттық салт-дәстүрге тәрбиелеудегі озық тәжірибе.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен қатар Отан тарихындағы көптеген өзекті мәселелер жаңаша тұрғыдан қаралып,жаңаша ой пікірлер мен тқжырымдар қалыптаса бастады.Сондықтан,қазіргі тәуелсіз күнімізде елі үшін қызмет еткен тұлғаларымыздың бірі Е.Өмірбаевтың ерлікпен пара пар еңбегіне құрметпен қарап,мақтанышпен еске ала аламыз.Е.Өмірбаевтың туған жері туралы,өскен ортасы,өлкетанушы ретіндегі қызметі,өз халқына сіңірген еңбегі оның бейнесін жас ұрпаққа үлгі тұтатын нағыз патриоттық сезім ұялататын тұлға ретінде барлық маңғыстаулықтардың жүрегінің төрінен орын алған аптал азамат екендігінде дау жоқ. Маңғыстаудың кәрі шаңырағы Форт- Шевченкода туған жерін өлшеусіз зор махаббатпен сүйе білген халқының қадірлі ұлы болып өткен ,жас ұрпақты тәрбиелеуде ұлағатты ұстаз бола білген өлкетанушы,тарихшы,артына өшпейтін із қалдырған ұстазымыз Есбол Өмірбаевтың 90 жасқа толған мерейтойында жергілікті бір ақынымыз,былайша толғаған:Елім деп өтіп,таусылмай кеткен арманы.

Есболдай арыс ағалар асқар тауларым.

Еске алар бүгін құрметпен ауыл аймағың,

Аунап бір түссін аруағың.

Кешір аға,жан аға.

Жатсам қозғап атыңды.

Сәуле құйған санаға

Істерің көп татымды.

Сырлас болған түзбенен

Жоқтар сені бар ұлан.

Қалдың мәңгі бізбенен,

«Маңғыстаулық Марғұлан!» деп жырлады.

Көзінің тірісінде ешқандай атақ,лауазым алған жоқ,тек жергілікті ақын Уәйіс Қайралапов айтқандай «ғылыми атақ алмаған,ауылдың пролфессоры «Маңғыстаулық марғұлан»» атанды.Шынында да ешбір ғылыми дәрежесіз ақ,өзінің туған Маңғыстауына бір профессордай тер төкті,Форт Шевченконы музей қалаға айналдырып кетті. Кетіктен шыққан шежіреші,ұстаз,мәдениет қызметкері,жазушы ешқандай ғылыми атақ алмай,дала профессоры, «Маңғыстау Марғұланы» атанған Есағаңдай болып өмір сүре білу,өмірінің мәнін күрескерлік рухта өткізу,бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі болашағын гүлдендіретін ұрпаққа,жастар қауымына үлгі өнеге болмақ.





Дайындаған:Г.Ибраева





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

1916 жылдың  16 мамырында дүниеге келген Есбол Өмірбаев  Шадырақұлы 16 жасында шаруалар мектебіне оқуға қабылданып,онда 1932 жылға дейін 5 сыныпты бітіреді.III Интернационал атындағы ұжымшарда балықшы болып жұмыс жасаған кезінде де оқуын жалғастыра берді.Кейіннен Форт Шевченко қаласындағы сауатсыздықпен күресу орындарының бірінде сабақ береді.Ол педагогикалық училищені тәмамдаған соң,Маңғыстау мектептерінде оқытушылық қызмет атқарады,алайда ол мұнымен қанағаттанып қана қоймай,1940 жылы Орал мұғалімдер институтын,1962 жылы Атырау педагогикалық институтын бітір

Общая информация

Номер материала: 472236

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"