Инфоурок Информатика КонспектыWeb бетшелерін құру. Front Page бағдарламасы. (интеграл сабақ)

Web бетшелерін құру. Front Page бағдарламасы. (интеграл сабақ)

Скачать материал

Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығы

Қалалық информатика пәні мұғалімдерінің семинары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

 

 

 

Тақырыбы: Web бетшелерін құру.

Front Page бағдарламасы.

(интеграл сабақ)

 

Сыныбы: 11 «А»

 

 

Өткізген: №28 орта мектеп информатика пәні мұғалімі:  Байболатова Жулдуз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтау қаласы, 2015 жыл

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Web бетшелер құру.  FrontPage бағдарламасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға FrontPage қосымшасы, FrontPage     функционалдық мүмкіндіктері туралы білімдерін жетілдіру.

          Дамытушылық: Оқушыларға FrontPage қосымшасы, FrontPage  функционалдық мүмкіндіктері туралы толық  түсіндіре отырып, өз беттерінше  жұмыс істей алуларына    дағдыландыру.

         Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, тазалыққа, кішіпейілділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ДК, тапсырмалар, FrontPage қосымшасы.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, баяндау, қазақ әдебиетімен байланыс, семантикалық карта, Венн диаграммасы,

Сабақтың жоспары:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үй тапсырмасы (казлото)

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Сабақты бекіту (компьютерге отырғызу).

5.      Сабақты қорытындылау.

6.      Бағалау.

7.      Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу.

2. INTERNET тақырыбы бойынша қайталау (казлото ойыны)

 

 

1)      Интернет дегеніміз не?

2)      Электрондық почтаның қызметі қандай?

3)      IP мекен жай дегеніміз не?

4)     Мына мекенжайдың жазылуын түсіндіріп бер www.relkom.ru?

5)     TCP/IP хаттамалары қандай болады?

6)     Rambler (www.rambler.ru) қашаннан бері жұмыс жасап келеді? Т.б.

 

3. Жаңа тақырып:

Өздерінің Web-беттерінде жасауға кірісу алдында бұл бөлімнің негізгі түсініктерімен және терминдерімен танысу керек. Сонымен, сайт дегеніміз не? Бүл - Web -серверде жататын беттердің НТМL пішіміндегі жиыны.

Web - сервер дегеніміз — бұл Интернетке үнемі қосылып тұратын компьютер, ол осы беттерді пайдаланушылардың сұратуы бойынша береді.

Web - торап — бұл Web -беттердің жай жиынтығынан анағұрлым үлкен. Бұл — торапты біртұтасқа байланыстыратын гиперсілтемелер жүйесі де, тораптың бірыңғай стилистикалық безендірілуі де, тораптағы ақпараттьің уақтылы жаңаруы да, жеке беттердің жүктелу жылдамдығы да және көптеген тағы  басқалар. Web - тің құжаттарының кәдімгі электрондық құжаттардан негізгі айырмашылығы — гиперсілтемелері болуында. Гипермәтіндік сілтемелер Web құжатын қарап отырып, оның басқа бөлігіне немесе Web - тің басқа құжатына өтуге, немесе Интернет қызметтерінің біріне қатынауға мүмкіндік береді.

   Әдетте, гиперсілтемеге сәйкес Web құжаты мәтінінің бөлігі көк түспен ерекшеленеді немесе асты сызылады. Гиперсілтемеге ауысқаңда тышқан меңзері саусағы нұсқаулы ашылған алақан пішінін қабылдайды. Егер мұндай нұсқағышпен гиперсілтемені шертсе, онда гиперсілтемеде көрсетілген адрес бойынша өту іске асырылады. Гиперсілтемеден бетке қайтқанда, көк түс шие-қызылға ауысады. Түс ауысуы пайдалаушыға "пайдаланылған" гиперсілтемелерді қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

        Үй беті (домашняя страница) дегеніміз — сұратуда Web атын көрсетіп,  бірақ нақты беттің атын бермеген пайдаланушының сұратуы бойынша сервермен берілетін Web-бет. Web-тің үй беті бар файлға index.htm немесе default.htm стандартты ат меншіктеледі. Үй беті – бұл Web -тің беті, сондықтан оны жобалауға және безендіруге ерекше мән беріледі, өйткені оның негізгі қызметі - пайдаланушыға Web – тің басқа беттері мен құжаттарына өтудің ыңғайлы әдістерін ұсыну.

НТМL тілі мағынасы «гипермәндік белгілеу тілі» деп  ашылады. Естілуі керемет болғанымен, іс жүзінде барлығы оңай. НТМL файлы дегеніміз — htm немесе һtml кеңейтілуі, браузерімізде (браузер — Интернеттің қарап шыққышы мысалы, Internet Ехрlоlег немесе Netscape Navigator) көретін беттің мәтіні бар кәдімгі мәтіндік файл және кейбір басқарушы жазбалар - тегтер. Көптеген жағдайларда бұл тілді білудің тіпті керегі де жоқ, сен үшін бәрін өздері-ақ жасап беретін арнайы редакторларды пайдалануға болады. Сондай редакторлардың бірі — кәдімгі Microsoft Word 2000. Әрине Microsoft Word 2000 бет жасаудың маңызды құралы деп санауға болмайды. Ол НТМL-дың мүмкіндіктерінің барлығын бірдей пайдалана алмайды, ондағы мәтіннің көрінісі де браузердегідей емес және т.б.

Неғүрлым маңызды НТМL  редакторы деп Місrosoft FrontPage-ні атауға болады. Бұл Интернетке арналған арнайы редактор және, бір жақсысы, ол  Word – қа ұқсайды, сондықтан оны ұғыну сендерге қиын болмайды.

Місrosoft FrontPage 2000-ның нұсқасының (бұдан былай  FrontPage 2000 немесе жай FrontPage Редакторы) редакциялау мүмкіндіктері мол. FrontPage Редакторы НТМL-ді бүге-шегесіне дейін білуді талап етпей-ақ, кәсіби сапалы беттер жасауға мүмкіндік береді. Егер бетті редакциялау барысында сөзді курсивпен ерекшелегілерің немесе тақырып түсін өзгерткілерін келсе, Word-тағыдай мәтіннің қажетті үзіндісін белгілеп, тиісті батырманы басыңдар — іс бітті. FrontPage НТМL -дің тиісті кодын өзі генерациялайды.

Қаласаңдар, тікелей Редакторда НТМL кодын жазып, сол уақытта, браузерді іске қоспай-ақ, өз жұмыстарыңның нәтижелерін көрулеріңе болады. Редактордың тамаша мүмкіндікгерінің бірі - оның беттерді WYSIWYG режімінде көрсете алатын қабілетінде ( what  уои sеe іs what you get -не көрсеңіз, соны аласыз). Бұл олар браузерде Редактордағыдай болатынын білдіреді. Күні кеше ғана  НТМL  кодтарында әрбір ұсақ-түйекті қолмен сипаттап отыруға мәжбүр болып, нәтиже ойдағыдай болатынына үміттеніп қана қоятын едік. Енді беттің Редакторда дұрыс көрінуіне  ғана қол жеткізу жеткілікті. FrontPage Редакторында жұмыс істеу Місrosoft Word мәтіндік процессорымен жұмыс істеуге өте ұқсас. Мұнда да жартылай қалың қаріп, курсив және астын сызу, маркер-ленген және нөмірленген тізімдер, операцияны қайталау және орындатпау сияқты стандартты батырмалар қолданылады. Редактор терезесінде мәтін енгізу дәл Word - тағыдай іске асырылады; орфографияны да Word - тағыдай тексеруге болады. Редакторда кестелер және фреймдер (frames) құру өте ыңғайлы. Word - тағыдай FrontPage Редакторы бір мезгілде бірнеше файл ашуға мүмкіндік береді, ал Редактор беттермен әрекет жасайтын болғандықтан, ол бір мезгілде бірнеше бет ашуға мүмкіндік береді деп еркін айтуға болады. Бұл мүмкіндік бір беттен басқасына жылдам өту қажет болғанда өте пайдалы. Сонымен қатар Редактор бетті Интернеттен көшіріп, (барлық HTML кодымен қоса) оны редакциялауға мүмкіндік береді. Өздерінің басқа сайттарыңнан жылдам ақпарат алғыларың келген жағдайда бұл ыңғайлы болады. Бетте кезекті элементті орналастыра отырып, қарапайым принципті ұстануға тырысыңдар: кәдімгі мәтіндік процессорда жұмыс істеп жатырмын деп санаңдар, мысалы, Microsoft Word - та. Редакторда көптеген бет элементтерімен манипуляциялау әдістері өздеріңе Word -пен жүмыс істегенде таныс әдістерге толығымен ұқсас. Көптеген меню және инструменттер панельдері де Word -тағы сондай элементтерді қайталайды.

Мұқағали Мақатаев
 (1931-1976)

М. Мақатаев - қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол ең алдымен ақын. Қазақтың қара өлеңінің құдіреті.

Ф.Оңғарсынова

Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді.    

    Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады. 

    Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңес қызметтерінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер, Қазақ радиосында диктор болған, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімін басқарған. Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарған.

     Тырнақ алды туындылары Нарынқол аудандық «Советтік шекара» (қазіргі «Хан тәңірісі») газетінде 1948 жылдары жариялана бастаған. 1954 жылы бір топ өлеңі «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналында, одан кейін бір шоғыр жыры Ә.Тәжібаевтың сәт сапар тілеген сөзімен «Қазақ әдебиетінде» жарияланған.

    Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді, әже, шырағын», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Н.Тілендиев ән шығарған.

 

 

4. Сабақты бекіту. Оқушыларға тапсырма М.Мақатаевқа веб бетшелер құруды беріп, компьютерге отырғызу.

5. Сабақты қорытындылау.

Балалар, сонымен біз бүгін Веб бет құруға арналған редактормен таныстық. Ол редакторды пайдаланып сендер өздеріңнің мектептеріңнің, ақын туралы веб – беттеріңді қалай құруға  болатыны туралы білесіңдер, өздерің берілген тапсырманы өз беттеріңше орындай алатындай болдыңдар.

 

 

VI. Бағалау.

Сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалау және тапсырмаларын орындаған оқушыларға да баға қою.

VII. Үйге тапсырма:

    «FrontPage қосымшасы» тақырыбын оқып, сұрақтарға дайындалып келуге.

        Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Web бетшелерін құру. Front Page бағдарламасы. (интеграл сабақ)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 525 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.02.2016 571
    • DOCX 499.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байболатова Жулдуз Кенжегалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6563
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 123 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Компьютерная грамотность для пенсионеров

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Курс повышения квалификации

Использование нейросетей в учебной и научной работе: ChatGPT, DALL-E 2, Midjourney

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 620 человек из 77 регионов
  • Этот курс уже прошли 951 человек

Курс повышения квалификации

Теоретические и методологические основы преподавания информатики с учётом требований ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 151 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 717 человек

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 60 человек

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 363 человека из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 168 человек