Web беттерде сабақ кестесін құру технологиясы (Ашық сабақ)

Предпросмотр материала:

Сабақтың тақырыбы: Web беттерде сабақ кестесін құру технологиясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:
HTML редакторында жұмыс жасауға жаттықтыру . Тектермен жұмыс жасауға және кестелерді құруды үйрену.

Дамытушылық:
Өз мамандығына қызығушылығын артыру. Сөздік қорларын дамыту. Белгілі бір

қадамдарды орындай отырып, қорытынды нәтижеге жетуге қол жеткізу. Ақпараттық

технология жетістіктерін тиісті мақсаттарда пайдалана білу.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, өз өмірлеріне сақ болуына,  компьюьтермен жұмыс жасау кезінде  ұқыптылықпен қарауға, уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

Өтілетін орны:  Информатика кабинеті

Сабақтың материалдық – техникалық жабдықталуы – модуль бойынша дайындалған нұсқау карталары.
Компьютер, интерактивті тақта, бағдарламалық жасақтамалар: Блокнот, Internet Explorer

Сабақтың түрі: Машық

Пайдаланылған технология: Модульдік

Сабақтың барысы:

 

І Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушыларды журнал бойынша тексеріп, түгелдеу, олардың сырт келбетімен жұмыс киімдерін бақылау, сабаққа қажетті құрал саймандарын тексеру

 

ІІ Кіріспе нұсқау:
Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау, техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстырып. Нұсқау карталарын пайдалана отырып, тапсырмаларды орындау жайын түсіндіру және жасап көрсету, бақылау және тексеру әдістері мен ретін үйрету.

Сұрақтар қою арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауға дайындығын тексеру, жұмысты атқаруға қажетті құрал-жабдықтарды үлестіріп, оқушыларды жұмыс орындарына орналастыру.

Тақырып бойынша компьютерде орындалатын тапсырмаларды және нұсқау карталарын уйлестіру. Алдымен оқушылармен бірге веб сайтты жасаудың кезеңдерін естеріне түсіріп, қайталау.

 

ІІІ Ағымдағы нұсқау: Оқушылардың өз бетімен жұмысы – компьютерге күнделікті техникалық күтім жасай отырып, нұсқау картасына сәйкес тапсырмаларды орындау.

Кіріспе нұсқауға және нұсқау картасына сай тапсырманың орындалу ретіне бақылау жасау, компьютерді дұрыс пайдалануын қадағалау, қажет болса олардың тиімді тәсілдерін жасап көрсету, техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау, егер онда қателіктер кетсе, дереу жұмысты тоқтатып, қайтадан техника қауіпсіздігі ережелері нұсқауын өткізіп, жұмысты қайта жалғастыру. Жұмыс сапасын тексеру, оны қабылдау және бағалау.

 

ІV Қорытынды нұсқау:
Әрбір оқушының жұмыстарындағы жетістіктері мен кемшіліктеріне талдау жасау, қажет деген кейбір жұмыс тәсілдерін көрсету, оқушылардың білімі мен еңбегін бағалау, үйге тапсырма беру.

 

Краткое описание материала

Web беттерде сабақ кестесін құру технологиясы (Ашық сабақ)

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Рахимгалиев Тимур Шынбулатович

Мастер п\о

  • На сайте: 10 лет и 9 месяцев
  • Всего просмотров: 21428
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 15
  • 21428
    просмотров
  • 15
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Рахимгалиев Тимур Шынбулатович.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: