Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Еңбек-бәрін жеңбек" ашық сабағы

"Еңбек-бәрін жеңбек" ашық сабағы

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:Еңбек - бәрін  жеңбек

Мақсаты:
«Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
- Оқушылардың еңбек етуге деген қызығушылықтарын дамыту;
- Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Көрнекті құралдар: сюжетті суреттер, жеміс ағаштары, дәптер оқулық.
Шаттық шебері
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі, тілек айтады.
Өзіңді – өзің тану арқылы бойымызға жақсы қасиеттерді жинаймыз. Өзіңді – өзің тану өмірге бағыт береді.
Мұғалім: Мен барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын.Бүгінгі күнге арнап бір-біріңе жақсы тілек айтыңдар. Енді хормен А. Меңжанованың   «Болайықшы осындай»өлеңін бірге айтайық. (оқушылар хормен)
Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл
Құшағы гүлге толады.

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы досым-ай.
Таза бала мұнтаздай
Сүйсінеді қараған
Ұқыпты деп бұл қандай
Жақсы көрер бар адам.
Мұғалім: Енді бәріміз тақтаға назар аударайық. (Нақыл сөз ба әлде мақал – мәтел ма) «Еңбек түбі – зейнет», «Жақсы жұмыс – жанға тыныс», «Еңбексіз өмір – сөнген көмір»,
1. «Еңбек түбі – зейнет». Еңбек әрбір адамды зейнетке жеткізеді. Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек етсең барлық нәрсеге қол жеткізесің. Балалар сендердің еңбектерің сабақты жақсы оқып, әке – шешелеріңді қуанту. Жалқау, еріншек балалар үнемі 2, 3 бағаларын алып жатады. Өйткені олар еңбектеніп оқымайды.
2. «Жақсы жұмыс – жанға тыныс». Әрбір адам жұмысын бар ынтасымен тыңғылықты етіп жасаса, өзі де оған қасындағы жолдастары да риза болмақ.
3. «Еңбексіз өмір – сөнген көмір». Көмір отын екенін білесіңдер балалар. Ол жылыту үшін қажет. Ол жанбаса жылу болама? Әрине жоқ. Сол сияқты еңбек етпеген әрбір адам жылусыз сөнген көмір сияқты.

Әңгімелесу
- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

-Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
Адам өмір сүру үшін қажеттер: Ауа, су, тағам, нан, киім, жарық, жылу, білім, денсаулық, үй, көлік.
Еңбек дегеніміз – адамның өмір сүруі үшін қажетті іс - әрекеті.
Еңбек етпеген ішіп жемейді
(халық мақалы)
- Алдыңғы сабақтарда біз өнер мен білімді игеру мен ақылды болу үшін көп еңбектену қажеттігі туралы қызықты шығармалармен таныстық. Адам еңбектің дәмін тер төккенде ғана жақсы сезінеді. Бүгін біз осы туралы әңгімелесеміз.
Тапсырма
Топтастыру: суреттерге қарап, еңбектің түрлерін атаңдар. топтастыру
Оқулықпен жұмыс.
Еңбексіз өмір - сүреңсіз Б. Әділов
- Мұғалім мәтінді мазмұндау.
- Оқушыларға оқыту.
Сұрақ - жауап алу.
- Мысалы мәтіндегі Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?
- Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?
«Еңбексіз  өмір - сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіздер?

Дәйексөз
Тақтадағы дәйексөздің мәні түсіндіріледі.
Абайдың «Еңбек – қуаныш,
Жалқаулық айырылмас азап»
деген мақалының мағынасы түсіндіріледі.
Абай атамыздың бес асыл ісін ата
- Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш - қуатын, ақыл – ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншек адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.

• Сергіту сәті. Еңбектің мәнін ұғындыру мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылады.

Ойын.
Балалардың денесін сергіту мен жұмыс істеуге дағдыландыру мақсатында «Аралар» атты ойын жүргізіледі. Бір топ бала қол ұстасып, шеңбер жасап тұрады да, үш – төрт бала ортаға шығады.
- Баудағы кім?
- Олар – аралар.
- Ара болсаң, ызыңда
- З - з - з, ж - ж - ж, з - з - з, ж - ж - ж!
- Жұмыс істе, тығылма!
Аралар бір – бірімен сөйлесе бастайды, қандай жұмыс түрлерін көрсеткілерін келеді. «Жұмыс істе, тығылма!» - деген сөзді естіген кезде де тоқыма тоқығандай, ағаш жарғандай, оны аралағандай, еден сыпырғандай қимыл – қозғалыстар жасайды:
Топ – топ ара ұшады,
Үстімен де бұтаның,
Астымен де бұтаның.
Үстімен де бұтаның
Аралардың қимылын қайталайды да: «Тап болсаң бір жалқауға, алып кел оны ортаға!» - деп хормен әндетеді.
Аралар осы сөздерді айта жүріп, өздерінің қимылын қайталай алмаған «жалқауларды» ортаға шығарады да, өздері солардың орнына барып тұрады. Шеңбер жасап тұрғандардың бәрі хормен дауыстап айтады.
Әй - әй, жалқау бұл қулар,
Жалқауды тез қуыңдар!

Сахналау

Еңбектің адам өміріндегі мәнін рөлдік орындаулар арқылы түсіндіру үшін

Ө. Тұрманжановтың «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңін үшоқушы(автор,қуыршақ,

бауырсақ)рөлдерде мәнерлеп оқиды.
Дастарқанда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
- Қайдан келдің, бауырсақ?
- Деп сұрады қуыршақ.
- Дүкеннен келдім Нан сатқан,
- Деді оған бауырсақ.
- Дүкенге келдің қай жақтан?
- Наубайдан келдім нан жапқан.
- Наубайға келдің қай жақтан?
- Дирменнен келдім ұн тартқан.
- Диірменге келдің қай жақтан?
- Даладан келдім кең жатқан.
Жер – анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Суреттер бойынша(жаюлы дастархан үстінде шашылып жатқан бауырсақтың, нан дүкені сөрелеріндегі неше түрлі нандардың, нан жауып тұрған наубайшының, диірменнің, егіс даласының) оқушылар еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы «Нан дастарханға қандай еңбекпен к еледі?»- деген сұрақ аясында шығып сөйлейді.
Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі тапсырма оқушылардың еңбек туралы ойларын тереңдету мақсатында түсіндіреді.
«Еңбек бақыт бастауы» тақырыбына әңгіме жазу.

Шығармашылық жұмыс.
Бізде ойланып еңбектеніп көрейік. Оқушылар екі топқа бөлініп жұмыс істейік.

1-тапсырма: Еңбек туралы мақал - мәтел айту,

2- тапсырма: «Еңбекқорлар елін» безендіру. Оқушылар жемістер мен көкөністердің суреттерін қиып алып, жапсырып, бақшаны гүлдендіреді.

Иә, балалар, айта берсек еңбек туралы мақал да, тиым сөздер де көп. Еңбек түбі – береке, Еңбек етіп жақсы оқитын балалар үнемі шаттанып бізді де, ата – анасында қуантып жүреді.
Қорытындылау: Еңбек етпеген ішіп – жемейді.
Еңбек етпесең елге өкпелеме,
Егін екпесең жерге өкпелеме.
Сонымен балалар, еңбек етпеген адам еш нәрсеге де қол жеткізе алмайды екен, сондықтан да ерінбей, жалқау болмай еңбек етсек міне сол еңбегіміздің жемісін жейміз. Біздің ең бірінші еңбегіміз ол біліміміз. Міне көп оқып, тәртіпті болып, сабақты жақсы оқысақ болашақта жақсы оқу орындарына түсіп, сол оқудың, білгеннің арқасында еңбегіміздің жемісін жейміз екен. Сондықтан тек білімді болып денсаулығымызды күтіп, алға қойған мақсатымызға жетуге тырысуымыз керек.

Жүректен - жүрекке  
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып, бір - біріне жүрекжарды тілектерін айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          

                                                  



 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                   

                                                                                                                                                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Еңбек-бәрін жеңбек" ашық сабағы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты:
«Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
- Оқушылардың еңбек етуге деген қызығушылықтарын дамыту;
- Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Көрнекті құралдар: сюжетті суреттер, жеміс ағаштары, дәптер оқулық.
Шаттық шебері
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі, тілек айтады.
Өзіңді – өзің тану арқылы бойымызға жақсы қасиеттерді жинаймыз. Өзіңді – өзің тану өмірге бағыт береді.
Мұғалім: Мен барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын.Бүгінгі күнге арнап бір-біріңе жақсы тілек айтыңдар. Енді хормен А. Меңжанованың   «Болайықшы осындай»өлеңін бірге айтайық. (оқушылар хормен)
Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл
Құшағы гүлге толады.

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы досым-ай.
Таза бала мұнтаздай
Сүйсінеді қараған
Ұқыпты деп бұл қандай
Жақсы көрер бар адам.
Мұғалім: Енді бәріміз тақтаға назар аударайық. (Нақыл сөз ба әлде мақал – мәтел ма) «Еңбек түбі – зейнет», «Жақсы жұмыс – жанға тыныс», «Еңбексіз өмір – сөнген көмір»,

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 584 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.04.2015 869
    • DOCX 558.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кувандыкова Толганай Демегеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18711
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 197 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Мини-курс

Социальная и поведенческая психология

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов

Мини-курс

Фокусировка и лидерство: достижение успеха в условиях стресса и перемен

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе