Инфоурок Другое СтатьиЕңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды оқытудың жолдары

Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды оқытудың жолдары

Скачать материал

Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды оқытудың жолдары

Адамның жеке басы және оның бойындағы адамгершілік құндылықтардың, кәсіби шеберліктерінің дамып, жетілуіне оқыту процесіндегі білімнің әсері зор. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттау үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.

Жас ұрпаққа сапалы білім және өнегелі тәрбие беру – бүгінгі күннің басты мәселесі.

Тәуелсіз мемлекетімізге қажетті еңбекқор, кәсібін терең түсінетін, білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандарды дайындау – оқу орындарының алдында тұрған негізгі талап.

Ахмет Байтұрсыновтың айтуынша «...әуелі бізге елді түзетуді оқыту ісін түзетуден бастау керек. Неге десек, болашақ та, билік те, халық та оқумен түзеледі...».

Қазіргі кезде баланың білім алуына 5 түрлі жағдай елеулі әсерін тигізеді:

1.     отбасы

2.     мектеп

3.     қоғам

4.     ақпарат құралдары

5.     қоршаған орта құндылықтары.

Еңбек нарығына қажетті мамандарды дайындаудың қолайлы жүйесін қалыптастыру үшін оқытудың мазмұнын, әдісі мен формасын айқындап, мақсатын анықтап алу керек. Сонымен қатар студенттер өздерінің таңдап алған мамандықтарына қызығушылығын арттырып, іскерлік дағдыларын қалыптастырып, білім алуға деген қызығушылықтарын дамытуы қажет. Әсіресе студентердің  оқуға деген ынтасының бәсеңдеуін, өзінің қабілетіне деген сенімсіздіктің бой алуына жол бермеу керек.

Оқу орындарында білім алудың алғашқы кездерінде студент оқу-тәрбие процесінің объектісі ретінде көбірек әрекет етеді.  Бой үйрету барысында ол жаңа шарттар мен міндеттерді игеру шарт. Студенттің оқу-тәрбие ісінің объектісі ретінде қалыптасуына іздемпаздық, жұмыс көлемі мен мәнінің артуы, ынта ықыласы пайда болуы көмектеседі.

Осы орайда бүгінгі студенттердің іскерлі дағдысын қалыптастырудың бірнеше жолдары ұсынылады:

1. Студенттердің орындаған өзіндік бақылау жұмыстарын өздерін тексертіп, бағалату, бірақ оның өзіне қойылатын қорытынды баға - өзінің орындаған жұмысы мен тексерген жұмысының сапсына негізделіп қойылады.

Бұл тәсілдің басты ерекшелігі:

- өзіндік жұмыста қарастырылған тақырыпты қайталап,  білімін нақтылайды;

- біреудің білімін бағалау арқылы өз білім көрсеткішін айқындай» түседі;

- жіберген қателіктерін түсінеді және тапқан қателеріне талдау жасайды;

- көтеріңкі баға қою не оте қатаң бағалау – студентті оқытушының алдындағы және өзінің жұмысын тексерген курстасының алдындағы жауапкершілігін түсініп, әділ болуына ықпалын тигізеді.

2. Үлгерімі нашар студентке тақтада шығарылған есепті түсіндірту

- оны да тақырыптан тыс қалдырмай еңбекке баулу;

- сөйлеу, өз ойын басқаларға жеткізе білуге тәрбиелеу;

- намасы оятып, жігерлендіру

3. студентке әрбір практикалық сабақ алдында, сол күнгі тақырып көлемінде қайталап, материалдарға өте қысқа, нақты шолу жасату.

- қарастырылатын тақырыпты қайталау негізінде, білім қорын толықтырады;

- олардың теорияны толық меңгеруі практикалық сабақтың өз деңгейінде өтуіне ықпалын тигізеді. «Естігенімді ұмытамын, көргенімді түсінемін, өз жасағанымды есте сақтаймын» деген қытай мақалы да осяған дәлел.

Біз оқығанымыздың 10%, естігеніміздің 20%, көргеніміздің 30%, көріп және естігеніміздің 50%, айтқанымыздың 80%,  айтып және жасағанымыздың 90% есте сақтаймыз.

Сондықтан, бұл тәсілдің тиімділігі студенттердің болашақта білімді де білікті маман болып қалыптасуына зор әсерін тигізері сөзсіз.

Әлемдік  білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап етеді. Осы талаптарды     жүзеге асыру үшін шәкірттер мен мамандарды қазіргі қоғам үрдісіне сай инновациялық технологиялармен білім беру негізінде меңгерту қажет. Инновациялық технологияны жүйелеу мәселесін А.Я. Савельев, В.М.Максимов және т.б ғалымдар қарастырды. В.М.Максимов өзінің зерттеулері бойынша келесі жіктеулерді ұсынады: құрылдымдық-логикалық технология, интеграциялық технология, ойындар технологиясы, тренингтік технология, ақпаратты технология, диалогтық технология.

Жаңаша оқытудың негізгі түрлері оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп, беделі мен қадір-қасиетін дамыту.

Швед педагогы И.Г. Песталлоцци «оқыту кезінде бас, жүрек, қол бірге қарастырылуы қажет» деп айтқан. Сол үшін білімгерлер баспен ойлап, жүрекпен түсініп, қолдарымен істеуі керек. Ол үшін әрбір ұстаз мына қағидаларды ескеруі қажет:

-                    баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген талап-тілектерін жетілдіру;

-                    білімді өзбетімен алуға жағдай жасау;

-                    өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру

Шын қызықтырған нәрсе ғана адамды өзіне ие етеді. Бір кәсіпке, не өнерге талпыну үшін адамға бәрінен бұрын табандылық керек.

   Дүние жүзілік ғылым мен мәдениеттің қорына зор үлес қосқан Әл-Фарабидің педагогикалық мұрасы шексіз. Оның оқу-білім, тәлім-тәрбие мәселелері жәйлы айтқан пікірлерінің құятын үлкен бір арнасы адам атаулының гуманистік, ізгілік қасиеттерге баулу мәселесіне келіп тіреледі.  Білім мен өнерді меңгергеннен кейін адамда іскерлік пен өз бетінше әрекеттену, одан соң парасаттылық пайда болады, адам біртіндеп логикалық ойлауға  машықтанады.

  Егер адам әрекетіне, не істеп жатқанына өзінің зейінің аудармаса, бірде-бір психикалық процесс мақсатқа дәл бағытталып жемісті болып шықпайды.

Ұлы Абай 32 сөзінде былай деген: «Көңілің өзге нәрседе болса санаңа ешқандай білім мен ғылым қонбайды. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім, ғылымның өзіде адамға мейірленіп тезірек қолға түседі. Білімді болу деген сөз- белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз, білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше ашалады.».

Барлық ғұламалар болашақ жастардың білімді болуын, біріншіден әрбір жастың өзіндік сана сезіміне, зейіне, дара қасиеттеріне, ақыл ойына тәуелділігін; екіншіден ұстаздың білімділігі мен шеберлігіне тәуелділігін; үшіншіден ата-ананың үлкен жауапкершілігіне байланысты екенін дәлелдеген.

Әл-Фарабидің психологиялық- педагогикалық тұжырымдамаларының негізінде келесі міндеттерді әрбір маман толығымен жүзеге асыруға қабілетті болуы қажет:

Біріншіден зейін мен ақыл-ойды қажетті мәселеге тұрақтандыру қажет

Екіншіден, мәселенің жалпы мазмұны мен мәнін ойша жүйелеп, өзіндік пікірді қалыптастыру қажет;

Үшіншіден, теориялық білімдерді тәжірибеде қолдану  шеберлігін толық меңгеру қажет;

Төртіншіден, жаңаша ойларды шығармашылықпен қоғамға бейімдеу қабілетін дамыту қажет. Осы міндеттерді әрбір маман жүзеге асырса, еліміз бәсекеге қабілетті нағыз мамандардың барлығына сенім білдіре алады.

Қорыта келгенде, еңбек нарығына қажетті мамандарды шығару үшін біріншіден пәндердің материалдық базасының байлығымен үйлесімділігі, екіншіден студенттердің өзіндік жұмыстарының орындалу барысын қадағалау және бағалау, үшіншіден тәжірибелі мамандардың шеберлігіне үлкен көңіл бөліп және басқа оқу орындарымен тәжірибе алмасу қажет.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды оқытудың жолдары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 852 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.05.2016 2232
    • DOCX 39 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Батанова Акгул Толеуовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Батанова Акгул Толеуовна
    Батанова Акгул Толеуовна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20105
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой