Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Еңбек жапсыру " 0 класс

"Еңбек жапсыру " 0 класс

Скачать материал

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Қағаз, мата табиғи заттар туралы түсінік

Мақсат- міндеттері: қайшы, желіммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыс жасау кезінде ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Қайшымен жұмыс жасау ережелерін сақтау.

Балаларға жапсыру сабағы жөнінде мағұлмат беру

Құралдар: сабаққа қажетті құралдар, түрлі- түсті қағаздары, қайшы, желім

 

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалардың назарын сабаққа аударту. Сабаққа қажетті құралдарды дайындау

Балалар сабаққа қажетті құралдарды алады (түрлі- түсті қағаздар, қайшы, желім)

Негізгі 

Мұғалім балаларға жапсыру сабағы жөнінде мағұлмат береді.

-Балалар бүгінгі сабағымыздың аты Жапсыру, бұл сабақта біз қайшымен, түрлі- түсті қағаздармен және желіммен жұмыс жасап үйренеміз. Түрлі- түсті қағаздардан әр түрлі заттар қиып алып, ақ қағаздың бетіне желімді пайдаланып жапсыруға болады.

Мұғалім балаларға түрлі- түсті қағаздарды алып көрсетеді.

-Қандай түстер бар екен?

- Бұл түстерден не қиып алуға болады?

- Ал бұл қағаздардан белгілі бір нәрсені қиып алу үшін не пайдаланамыз?

- Ал қайшымен тағы не қиюға болады?

- Қайшымен қалай жұмыс істеуге керек?

- Қайшы өткір болғандықтан онымен абай болу керек, қайшыны бір- бірлеріне сермеу керек, әйтпесе байқамай тиіп кетуі мүмкін.

- Ал қиылған түрлі- түсті қағаздарымызды немен жапсырамыз?

- Желіммен тағы не жапсыруға болады?

- Желіммен де байқап жұмыс істеуіміз керек. Желімді түрлі- түсті қағаздың тек ақ (теріс) жағына жағу керек, содан кейін барып ақ қағазға жапсырамыз да, алақанымызбен жай ғана бастырып жүргіземіз. Желімді көп те, аз да жағуға болмайды. Аз жақсақ қағазымыз дұрыс жабыспай қалады, ал көп жағып қойсақ ол кір болып, кеппей қояды.

- Желіммен жұмыс жасағанда таза және ұқыпты болуымыз керек.

- Ал жұмысымызды бітірген соң барлық қиылып қалып қойған қағаздың қиындыларын қоқысқа тастауымыз керек, және желім, қайшы, түрлі- түсті қағазды орнына жинап қоюымыз керек.

Сергіту сәті

Ақ қоян тұршы

Бетіңді жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Мұғалім балаларға түрлі- түсті қағаздан өз қалаулары бойынша  жұмыс жасауды ұсынады, әр балаға көмектесіп жүреді.

Балалар мұғалімнің көмегімен өздерінің қалаулары бойынша түрлі- түсті қағазбен жұмыс жасайды.

Қорытынды

Балалардың жасаған жұмыстарын  қарау, талдау, бағалау. Жасалған жұмыстардан  көрме жасау.

Балалалар жұмыс орындарын жинастырып, заттарын орындарына қояды.

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: «Отбасы портрет»

Мақсат- міндеттері: Балаларға отбасылық фотолардан отбасылық портрет жасауды үйрету

Қайшы, желіммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыс жасау кезінде ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Қайшымен жұмыс жасау ережелерін сақтау.

Құралдар: сабаққа қажетті құралдар, түрлі- түсті қағаздары, қайшы, желім

 

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалардың назарын сабаққа аударту. Сабаққа қажетті құралдарды дайындау

Балалар сабаққа қажетті құралдарды алады (түрлі- түсті қағаздар, қайшы, желім)

Негізгі 

Мұғалім балаларға алдын- ала отбастарының фотоларын алдырады. Әр балаға өзінің отбасы жайлы әңгімелеуді ұсынады.

-Бүгін біз отбасы портретін жасаймыз. Ол үшін бізге өзіміздің отбасымыдың фотолары керек болады. Сендер ата, әже, мама, папа, іні, қарыңдас, сіңілдеріннің фотоларын алып келдіңдер, енді біз сол суреттерді жеке – жеке болғандықтан бәрін бір ақ параққа біріктіріп, қиып жапсырамыз.

Мұғалім балаларға бір отбасылық портреттін жасалу тәсілін көрсетеді. Алдымен барлық отбасы мүшелерінің суреттерін қиып аламыз, содан кейін оларды ақ парақтың бетіне әдемілеп жапсырамыз.

Мұғалім суреттердің орналасу тәртібін де айтып кетеді. Ең үстіне ата мен әженің суретін жапсырамыз, содан кейін мама мен папаларыңның суреті жапсырылады, ең астына блалардың, яғни сендердің іні, қарындас, сіңілдеріңнің және өздеріннің суреттерін жапсырылады.

-Міне біздің отбасы портретіміз осылайша шықты, енді бұл толықтай портрет болу үшін ақ қағаздың жан- жағына рамкасын жапсыруымыз керек. Рамкасын түрлі- түсті қағаздан қиып аламыз, сосын жапсырамыз.

Сертігу сәті

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп- кішкентай ағаштар

Біп- биік боп өседі

Мұғалім балаларға жоғарыда көрсетілгендей жұмысты жасауға ұсынаы, әр балаға көмектесіп жүреді

Балалар мұғалімнің көмегімен отбасы портретін жасайды.

Қорытынды

Балалардың жасаған жұмыстарын  қарау, талдау, бағалау. Жасалған жұмыстардан  көрме жасау.

Балалалар жұмыс орындарын жинастырып, заттарын орындарына қояды.

 

 

 

 

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Қуыршақ киімдері

Мақсат- міндеттері: Қатырма қағаздан жасалған қуыршақтарға арналаған киім үлгілерін симметриялық әдіс- тәсілдерімен қиып жасауға жаттықтыру. Қатырма қағаздан жасалған үлгіге салып, киім үлгісін дайындауға үйрету. «Ұлттық киім» деген ұғымды қалыптастыру.

Қайшы, желіммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыс жасау кезінде ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Қайшымен жұмыс жасау ережелерін сақтау.

Құралдар: сабаққа қажетті құралдар, түрлі- түсті қағаздары, қайшы, желім

 

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалардың назарын сабаққа аударту. Сабаққа қажетті құралдарды дайындау

Балалар сабаққа қажетті құралдарды алады (түрлі- түсті қағаздар, қайшы, желім)

Негізгі 

Мұғалім балаларға «Ұлттық киім» деген сөздің мағынасын түсіндіреді.

-Басқа да халықтар сияқты қазақ халқының өзін тән ұлттық киімдері бар, олардың аттары қандай?

Олар: қамзол, сәуеле, желет, тақия, шапан, т.б. Ұлттық киімдерді әр түрлі мақсаттарға пайдаланатының назар аударады. Мысалы: ерекше айтулы той болғанда, үйлену тойы болғанда ұлттық киімдердді қолданады. Ал олардың түстері мен түрлерінжыл мезгілдеріне және адамдардың жас ерешелігіне де байланысты пайдаланады. Мұғалім балаларға қуыршақты киіндіру үшін қағаздан киім үлгілерін жасауға болатының айтып, іс- әрекетке бағыттайды. Үлгіні көрсетеді. Жұмыстың келесі кезеңінде балалар мұғаліммен бірге тіктөртбұрыш қағазды екіге бүктейді (бұл мата болады), оған үлгіні (шаблон немесе трафарет болады) қояды, оны қарандашпен сызып алып, қайшымен қияды.

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп- теріп алайық

Қалтамызға салайық

Мұғалім әр балаға жүріп қуыршақтың киімдерін қиып алуға көмектеседі. Қайшымен желіммен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауды естеріне түсіреді.

Әр бала қажет үлгіні алып, матаны таңдайды да оған үлгіні сызып, қайшымен қиып, қалаған киім үлгісін жасайды. Балалар өздері жасағанкиім үлгілерін бір- бірлерімен салыстырып көреді, қуыршақтарын киіндіреді

Қорытынды

Балалардың жасаған жұмыстарын  қарау, талдау, бағалау. Жасалған жұмыстардан  көрме жасау.

Балалалар жұмыс орындарын жинастырып, заттарын орындарына қояды.

 

 

 

 

 

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Тіктөртбұрышты, дөңгелек формалары

Мақсат- міндеттері: Балалардың қайшымен тік төрттұрыш және жолақ қағаздарды қия білу дағдыларын қалыптастыру, шаршыны қиып үшбұрыш жасауға жаттықтыру, қағаздан композиция құрастыру дағдысын, ой- қиялын дамыту.

Қайшы, желіммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыс жасау кезінде ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Қайшымен жұмыс жасау ережелерін сақтау.

Құралдар: сабаққа қажетті құралдар, түрлі- түсті қағаздары, қайшы, желім

 

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалардың назарын сабаққа аударту. Сабаққа қажетті құралдарды дайындау

Балалар сабаққа қажетті құралдарды алады (түрлі- түсті қағаздар, қайшы, желім)

Негізгі 

Мұғалім балаларға бүгін сабақта тік төртбұрыштардан, дөңгелек, үшбұрыш формалы қағаздарды қиып, олардан мозайка жасауды үйренетінің айтып кетеді. Мұғалім балаларға мозайка бейнеленген көрнекіліктерді көрсетіп, бұл- мозайка деп аталатының, оның геометриялық пішіндерден құралатынына, әсемдігіне назар аударады. Мозайкамен сәулет ғимараттарын безендіруге болатының айтады. Содан кейін түрлі- түсті қағаздардан осындай мозайканы өздеріне құрастыруды ұсынады. Алдымен бұл мозайкада қандай пішінді геометриялық фигуралар бар екенін айтып түсіндіреді.

-Оларды қалай қиюуға болады?

Балаларың назарын өрнектердің қалай орналасқанына аударады. Олардың қандай элементтерді қиятынын нақтылап көрсетіп, түсіндіреді. Өрнектердің түс үйлесілімділігіне көңіл бөліп, заттардың пішініне сәйкес орналастыра білуіне бағыт береді.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы- қырлы жерлермен

Ытқып- ытқып секірді

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі  екен өзінің

Мұғалім балаларға жұмыс жасау барысын көрсетіп, түсіндіреді.

1.       Өзі жасайтын мозайкаға өрнектер таңдап алу ұсынылады

2.       Олардың жеке бөліктерін дайындап алады

3.       Алдымен геоиетриялық пішіндерден өрнек құрап қойып алады

4.       Ұқыпты түрде біртіндеп, кезекпен, ретімен жапсыра бастайды.

Балалар мұғалімнің көмегімен әр түрлі формалы геометриялық пішіндерді қиып алып, әр түрлі мозайка жасап жапсырады.

Қорытынды

Балалардың жасаған жұмыстарын  қарау, талдау, бағалау. Жасалған жұмыстардан  көрме жасау.

Балалалар жұмыс орындарын жинастырып, заттарын орындарына қояды.

 

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Арба

Мақсат- міндеттері: Түрлі- түсті қағаздардан геометриялық фигураларды қиып алып, олардан арба жасауды үйрету.

Қайшы, желіммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыс жасау кезінде ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Қайшымен жұмыс жасау ережелерін сақтау.

Құралдар: сабаққа қажетті құралдар, түрлі- түсті қағаздары, қайшы, желім

 

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалардың назарын сабаққа аударту. Сабаққа қажетті құралдарды дайындау

Балалар сабаққа қажетті құралдарды алады (түрлі- түсті қағаздар, қайшы, желім)

Негізгі 

Мұғалім балаларға арбаның суреттерін көрсетіп, талдау жасату

-Мынау не?

- Ол не үшін керек?

- Арбаны қайда көруге болады?

- Арбаның қандай бөліктері бар?

- Дұрыс айтасыңдар балалар, арбаның әр түрлері болады, машинаның артына ілінетін арбалар, адам сүйрейтін арбалар т.б. Бірақ барлық арбаларға адамдар әр түрлі заттарды салып тасиды. Арбаның дөңгелектері, ұстайтын жері, зат салатын жері болады.

- Біз бүгін түрлі- түсті қағаздан осындай арбаны қиып алып жасаймыз.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы- қырлы жерлермен

Ытқып- ытқып секірді

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің

Мұғалім жұмыстың жасау барысын түсіндіріп, көрсетеді.

1.       Алдымен арбаның жүк салатын орның қағаздан қиып алады, пішіні тік төртбұрышты

2.       Арбаның екі дөңгелегін қиып алады

3.       Арбаның ұстайтын қолдарын ( ұзын жолақша пішінді) қиып алады.

4.       Қағаз бетіне желіммен жапсырады.

5.       Жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережелері мен тазалыққа аса мән береді.

Балалар мұғалімнің көмегімен арбаны қағаздан қиып алып, жапсырады.

Қорытынды

Балалардың жасаған жұмыстарын  қарау, талдау, бағалау. Жасалған жұмыстардан  көрме жасау.

Балалалар жұмыс орындарын жинастырып, заттарын орындарына қояды.

 

 

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Ұшақ

Мақсат- міндеттері: Қағаздан ұшақ қиып алуды үйрету

Қайшы, желіммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыс жасау кезінде ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Қайшымен жұмыс жасау ережелерін сақтау.

Құралдар: сабаққа қажетті құралдар, түрлі- түсті қағаздары, қайшы, желім

 

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалардың назарын сабаққа аударту. Сабаққа қажетті құралдарды дайындау

Балалар сабаққа қажетті құралдарды алады (түрлі- түсті қағаздар, қайшы, желім)

Негізгі 

Мұғалім балаларға жұмбақ жасырады.

Темір тұлпар, қанаты бар

Зымырап ұшар.

                        (Ұшақ)

Мұғалім балаларға ұшақ туралы мағұлмат береді.

-Ұшақ та машина, кеме, пойыз сияқты көлік. Бірақ ол көлік тек әуеде ғана жүретін көлік.

- Әуеде жүретін тағы қандай көліктін түрлерін білесіңдер?

- Кім ұшаққа мініп көрді?

- Ұшақтың іші қандай болады екен?

- Біз бүгін түрлі түсті қағаздрдан ұшақтың моделін қиып алуды үйренеміз.

Мұғалім балаларға жұмыс жасау барысынын алдында сергіту сәтін жасатады.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы- қырлы жерлермен

Ытқып- ытқып секірді

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің

Мұғалім балаларға жұмыс жасау барысын түсіндіріп, көрсетеді. Мұғалім алдын ала дайындалған ұшақтың моделін балаларға таратып береді. Балалар шаблонды түрлі- түсті қағаға бастырып, қиып алады да ақ қағазға жапсырады

Балалар мұғалімнің көмегімен қағаздан ұшақ қиып алып, жапсырады

Қорытынды

Балалардың жасаған жұмыстарын  қарау, талдау, бағалау. Жасалған жұмыстардан  көрме жасау.

Балалалар жұмыс орындарын жинастырып, заттарын орындарына қояды.

 

 

 

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Вагон

Мақсат- міндеттері: Түрлі- түсті қағаздардан вагон қиып алуды үйрету

Қайшы, желіммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыс жасау кезінде ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Қайшымен жұмыс жасау ережелерін сақтау.

Құралдар: сабаққа қажетті құралдар, түрлі- түсті қағаздары, қайшы, желім

 

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалардың назарын сабаққа аударту. Сабаққа қажетті құралдарды дайындау

Балалар сабаққа қажетті құралдарды алады (түрлі- түсті қағаздар, қайшы, желім)

Негізгі 

Мұғалім балаларға теміржолдың суретін көрсетеді.

-Бұл не?

- Бұл жолмен қандай көліктер жүреді?

- Пойыздың қандай бөліктері болады?

- Дұрыс тепловоз және вагондар болады.

Балаларға пойыз туралы әңгімелетеді.

-Балалар біз бүгін пойыздың вагонын қағаздан қиып аламыз. Вагонның пішіні қандай болады?

-Вагонның тағы нелері болады?

- Терезелері, есіктері. Олар қандай пішінді болады?

Мұғалім балалармен вагонның ерекшеліктерін сипаттап береді.

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп- теріп алайық

Қалтамызға салайық

Мұғалім балаларға вагонның моделін қиып алуды ұсынады. Балалар тіктөртбұрышты пішінді, төртбұрышты терезелерімен тіктөртбұрышты екі есікті, дөңгелектерін қиып алады. Мұғалім вагонның, терезелерінің, есіктің және дөңгелектердің  парақ бетіне дұрыс орналасуын қадағалайды.

Жұмыс жасау барысында желіммен, қайшымен  дұрыс жұмыс істеуін қадағалайды.

Балалар мұғалімнің көмегімен вагонның моделін, терезелеремен есігін қиып алады, жапсырады

Қорытынды

Балалардың жасаған жұмыстарын  қарау, талдау, бағалау. Жасалған жұмыстардан  көрме жасау.

Балалалар жұмыс орындарын жинастырып, заттарын орындарына қояды.

 

 

 

 

 

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Геометриялық фигуралардан ою құрау

Мақсат- міндеттері: Әр түрлі геометриялық фигуралардан композиция жасауға үйрету

Қайшы, желіммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыс жасау кезінде ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Қайшымен жұмыс жасау ережелерін сақтау.

Құралдар: сабаққа қажетті құралдар, түрлі- түсті қағаздары, қайшы, желім

 

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалардың назарын сабаққа аударту. Сабаққа қажетті құралдарды дайындау

Балалар сабаққа қажетті құралдарды алады (түрлі- түсті қағаздар, қайшы, желім)

Негізгі 

Мұғалім дайын тұрған үлгіні көрсетеді. Талдайды.

-Не көріп отырсыңдар?

- Мұнда қандай фигуралар бар?

- Олардың көлемдері қандай?

- Түстері қандай?

- Бұл суретте көбіне шаршы пішінді фигуралар қолданған екен. Шаршылырдың көлемі әр түрлі, бұл шаршыларды әр түрлі түсті қағадан қиып алған, содан кейін осындай әдемі ою құрап жапсырған. Бүгінгі сабақта бізде сындай шаршыларды қиып алып, осындай ою құрап көреміз.

Сергіту сәті

Ақ қоян тұршы

Бетіңді жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Мұғалім балаларға әр түрлі түсті қағааздардан шаршы, тік төртбұрыш, үшбұрыш және дөңгелек қиып алуды ұсынады. Содан кейін балалар әдемі композиция құрастырады. Мұғалім алдын ала балаларға ескерту жасап айтады, композиция құру барысында олардың симметриялы болуын қадағалауы керек. Мысалы: егерде орамал  жасайтын болса, оның төрт бұрышына бірдей фигураларды орналастыру керек, т.с.с.

Балалар мұғалімнің көмегімен қағаздан әр түрлі геометриялық фигураларды қиып алып, өздеріне ұнаған композиция жасайды

Қорытынды

Балалардың жасаған жұмыстарын  қарау, талдау, бағалау. Жасалған жұмыстардан  көрме жасау.

Балалалар жұмыс орындарын жинастырып, заттарын орындарына қояды.

 

 

 

 

 

 

 

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Дастарханды безендіру

Мақсат- міндеттері: Қайшыны дұрыс ұстай білу, ны еркін пайдалана білуді, жіңішке және жалпақ жолақ қағаздарды қию дағдыларына жаттықтыру.

Геметриялық  пішіндерден жлақ қағазға, дөңгелекке, шаршыға өрнектер құрап ретімен орналастырып жапсыруды үйрету.

Жұмыс жасау кезінде ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Қайшымен жұмыс жасау ережелерін сақтау.

Құралдар: сабаққа қажетті құралдар, түрлі- түсті қағаздары, қайшы, желім

 

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалардың назарын сабаққа аударту. Сабаққа қажетті құралдарды дайындау

Балалар сабаққа қажетті құралдарды алады (түрлі- түсті қағаздар, қайшы, желім)

Негізгі 

Мұғалім балаларға «өрнек» (орнамент) деген сөзі латын тілінен аударғанда әшекейлеу деген ұғымды білдіреді деп түсіндіреді. Ол бірнеше ою- өрнек элементтерінің ретімен орналасуынан құралады. Әрбір өрнектің өзіндік орналасу заңдылығы сақталады.ол симметриялы және ырғақпен кезектесіп орналасады. Өрнектер  кез- келген көркем бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданылады. Ою- өрнек заттарға әсемдік береді, оның пшіні мен сапасында мәнрі көрсетеді.

Мұғалім балалармен әңгімелескен соң оларға геометриялық фигуралар таратып береді де осы фигуралармен дастарханды өрнектеуді ұсынады.

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп- теріп алайық

Қалтамызға салайық

Мұғалім балалардың қолдарындаағы геометриялық фигуралар, яғни дастарханды өрнектеуде өзінің орнын тауып, түр- түсі, пішіні, көлеміне сәйкес орналасуына бағыт береді. Мысалы: шаршы тәрізді пішінге төртбұрышты келетін өрнектер, дөңгелек пішінді заттарға дөңгелек өрнектер немесе киімдердің шеттеріне (жағасына, жеңіне) жлақ тәрізді өрнектермен әшекейлесе, заттардың әдемі болатынын ескертеді.

Балалар мұғалімнің көмегімен түрлі- түсті қағаздан дстарханды безендіреді.

Қорытынды

Балалардың жасаған жұмыстарын  қарау, талдау, бағалау. Жасалған жұмыстардан  көрме жасау.

Балалалар жұмыс орындарын жинастырып, заттарын орындарына қояды.

 

 

 

 

 

 

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Сиқырлы дөңгелек

Мақсат- міндеттері: Дөңгелек пішінді фигураларды түрлі- түсті қағаздан қиып алуды үйрету

Қайшы, желіммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыс жасау кезінде ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Қайшымен жұмыс жасау ережелерін сақтау.

Құралдар: сабаққа қажетті құралдар, түрлі- түсті қағаздары, қайшы, желім

 

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалардың назарын сабаққа аударту. Сабаққа қажетті құралдарды дайындау

Балалар сабаққа қажетті құралдарды алады (түрлі- түсті қағаздар, қайшы, желім)

Негізгі 

Мұғалім балаларға түрлі- түсті қағаздардан қиылған әр түрлі көлемдегі дөңгелектерді көрсетеді.

-Мынау қандай пішінді фигура?

- Неге біз оны дөңгелек дейміз?

- Дөңгелек қандай заттарға ұқсас келеді?

- Балалар естеріне түсіріңдерші, біз сурет сабағында сиқырлы дөңгелек, сиқырлы үшбұрыш және сиқырлы төртбұрыштардың суреттерін салып едік, содан олады басқа заттарға айналдырдық. Мысалы: дөңгелекті біз машинаның дөңгелегі, доп етіп, үшбұрыштарды біз шырша, үйдің шатыры етіп, ал төртбұрышты біз үйдің қабырғасы, коробка етіп салғанбыз. Енді бүгінгі жапсыру сабағында да біз сондай сиқырлы дөңгелек қиып аламыз да әр түрлі заттар жасаймыз.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы- қырлы жерлермен

Ытқып- ытқып секірді

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің

Мұғалім балаларға әр түрлі көлемде дөңгелек пішінді шаблондар таратып береді. Балалар шаблонды бастырып, әр түрлі көлемде дөңгелектерді қиып алады. Содан кейін балалар дөңгелектерін ақ қағазға жапсырып, ол дөңгелектерді түрлі- түсті қарындаштармен толықтырады.

Мысалы: машинаны салуға болады. Алдымен балалар машинаның дөңгелектерін жапсырады, соан кейін оны толықтырып, машинаның үстін салады.

Балалар мұғалімнің көмегімен түрлі- түсті қағаздардан дөңгелектерді қиып алып, әрі қарай өздерінің ой- қиялына сәйкес етіп жапсырады.

Қорытынды

Балалардың жасаған жұмыстарын  қарау, талдау, бағалау. Жасалған жұмыстардан  көрме жасау.

Балалалар жұмыс орындарын жинастырып, заттарын орындарына қояды.

 

 

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Шырша ойыншықтары

Мақсат- міндеттері: Түрлі- түсті қағаздан шырша ойыншықтарын жасауды үйрету

Қайшы, желіммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыс жасау кезінде ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Қайшымен жұмыс жасау ережелерін сақтау.

Құралдар: сабаққа қажетті құралдар, түрлі- түсті қағаздары, қайшы, желім

 

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалардың назарын сабаққа аударту. Сабаққа қажетті құралдарды дайындау

Балалар сабаққа қажетті құралдарды алады (түрлі- түсті қағаздар, қайшы, желім)

Негізгі 

Мұғалім балалармен жаңа жыл туралы суретті қарап, оны талдайды.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қандай мереке жақындап қалды?

-Ол мерекеде бізге кімдер келеді?

-Ал жаңа жылдың ағашы қандай ағаш еді?

-Біз шыршаны не істейміз?

-Дұрыс айтасыңдар балалар, жаңа жыл мерекесі жақындап қалды, ол меркеге бізге Аяз ата мен Ақшақар келеді, олар бізге сыйлық әкеледі. Біз шыршаны безендіреміз. Шыршаға әртүрлі шырша ойыншықтарын ілеміз. Біз бүгін сондай шырша ойыншығн жасап үйренеміз.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп- кіщкентай ағаштар

Біп- биік боп өседі.

Мұғалім балаларға алдын- ала дайындаған «Шырақ» атты ойыншықты көрсетіп, оның жасау тәсілін түсіндіреді.

1.       Алдымен түрлі- түсті қағазды алып (түсін өздері таңдайды), екіге ортасынан бүктейді

2.       Бүктелген жерінен жолақ тәрізді етіп қияды, бірақ аяғына дейін қимау керек екенін түсіндіреді.

3.       Қиылған қағазды ашады, сосын оны дөңгелетіп, шеттерін желімдейді

4.       Желімдеп болған соң, ілетін ілгішін қағаздан жолақ қиып алып, жапсырады.

Мұғалім әр балаға көмектесіп жүреді.

Балалар мұғалімнің көмегімен шырша ойыншықтарын жасайды.

Қорытынды

Балалардың жасаған жұмыстарын  қарау, талдау, бағалау. Жасалған жұмыстардан  көрме жасау.

Балалалар жұмыс орындарын жинастырып, заттарын орындарына қояды.

 

 

 

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Аққала

Мақсат- міндеттері: Балаларға аққаланы қиып алуды үйрету.

Қайшы, желіммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыс жасау кезінде ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Қайшымен жұмыс жасау ережелерін сақтау.

Құралдар: сабаққа қажетті құралдар, түрлі- түсті қағаздары, қайшы, желім

 

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалардың назарын сабаққа аударту. Сабаққа қажетті құралдарды дайындау

Балалар сабаққа қажетті құралдарды алады (түрлі- түсті қағаздар, қайшы, желім)

Негізгі 

Мұғалім балаларға аққаланың суретін көрсетеді.

-Мынау не?

- Ол неден жасалады?

- Пішіні қандай?

- Оны біз қай жыл мезгілде жасаймыз?

- Дұрыс айтасыңдар балалар  бұл аққала, аққаланы қыс мезгілінде қардан жасалады. Аққаланың бөлшектері дөңгелек пішінді болып келеді. Үш бөлігі болады екен, оларды бірінін үстіне бірін қоямыз, сосын оған көзін, аузын, мұрнын жасаймыз. Басына қалпағын кигіземіз.

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп- теріп алайық

Қалтамызға салайық

Мұғалім балаларға қара және қара түсті қағаз береді. Қара түске ақ қағаздан домалақтар қиып алып, аққаланы жапсырады. Мұғалім әр балаға көмектесіп жүреді.

Балалар мұғалімнің көмегімен ақ қағаздан аққаланы қиып алып, жапсырады.

Қорытынды

Балалардың жасаған жұмыстарын  қарау, талдау, бағалау. Жасалған жұмыстардан  көрме жасау.

Балалалар жұмыс орындарын жинастырып, заттарын орындарына қояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Балапан

Мақсат- міндеттері: Балалардың сопақша , дөңгелекпен тіктөртбұрышты қию дағдыларын жетілдіру, қарапайым пішіндерден балапанның бейнесін жапсыра білуге үйрету

Қайшы, желіммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыс жасау кезінде ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Қайшымен жұмыс жасау ережелерін сақтау.

Құралдар: сабаққа қажетті құралдар, түрлі- түсті қағаздары, қайшы, желім

 

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалардың назарын сабаққа аударту. Сабаққа қажетті құралдарды дайындау

Балалар сабаққа қажетті құралдарды алады (түрлі- түсті қағаздар, қайшы, желім)

Негізгі 

Мұғалім балаларға жұмбақ жасырады.

Ақ сарайды талқандап,

Шықты біреу талтаңдап.

                             (Балапан)

Балалар жұмбақтың шешуін тапқан соң, балапанның суретін көрсетіп, оның түсін сұрайды.

-Балапанның түсі қандай?

- Ол жарып шыққан жұмыртқаның түсі қандай

- Сендердің үстелдерінің үстінде екі түсті қаға бар, олардың түстерін атаңдар

- Қағаздардың пішіні қандай?

- Тік төртбұрыштардан сопақша, дөңгелек жасау үшін неістейміз? Мұғалім шаршыдан дөңгелек, тік төртбұрыштан сопақша дөңгелекті қиюдың жолдарын көрсетіп, түсіндіреді (шеткі бұрыштарың қисық сызықпен дөңгелектеп қию)

Сергіту сәті

Ақ қоян тұршы

Бетіңді жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Балапан жұмыртқаны жарып шыққанда оның шеттері тегіс емес болып қалады екен. Сондықтан біз ақ қағазды екіге бөліп алып, оның біреуін жұлмалап қию тәсілмен қиямыз. Содан соң балалар сары түсті сопақшаа дөңгелекті қиып, балапанды жапсырып алады, бұл балапанның денесі, сары түсті шаршыдан балапанның басын жасап жапсырамыз. Ал енді жұмыртқаның қабығының жартысын сары сопақша дөңгелектің төменгі жағына, екіншісін оның жанына орналастырып жапсырамыз.

Мұғалімнің көмегімен балалар балапанды жасап, жапсырады.

Қорытынды

Балалардың жасаған жұмыстарын  қарау, талдау, бағалау. Жасалған жұмыстардан  көрме жасау.

Балалалар жұмыс орындарын жинастырып, заттарын орындарына қояды.

 

 

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Клоун

Мақсат- міндеттері: Түрлі- тсті қағаздан сайқымазақтың бейнесін қиып алуды үйрету

Қайшы, желіммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыс жасау кезінде ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Қайшымен жұмыс жасау ережелерін сақтау.

Құралдар: сабаққа қажетті құралдар, түрлі- түсті қағаздары, қайшы, желім

 

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалардың назарын сабаққа аударту. Сабаққа қажетті құралдарды дайындау

Балалар сабаққа қажетті құралдарды алады (түрлі- түсті қағаздар, қайшы, желім)

Негізгі 

Мұғалім балаларға сайқымазақтың суретін көрсетіп талдайды.

-Мынау кім деп ойлайсыңдар?

- Ол қайда болады?

- Ол не істейді?

- Не себепті оны біз сайқымазақ дейміз?

- Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл сайқымазақ (клоун), ол көбіне цирктерде болады. Ол адамдарды күлдіріп жүреді. Әр түрлі күлдіргі іс- әркеттер жасайды.

Балалардың естеріне циркке барғанда көрген сайқымазақтың іс- қимылдарын естеріне түсіреді.

-Балалар ал осы сайқымазақтың киімдері қандай болады екен?

- Дұрыс айтасыңдар, оның киімдері әр түрлі түсті болып келеді.

Біз бүгін осындай сайқымазақтың бейнесін түрл- түсті қағаздан қиып алып жапсырамыз.

Сергіту сәті

Аққу болып ұшамыз

Көлге келiп қонамыз

Көлдiң бетiн құшамыз

Қайта самғап ұшамыз.

Мұғалім балаларға сайқымазақтың жасалу тәсілін көрсетіп, түсіндіреді.

1.       Алдымен сайқымазақ жасау үшін түрлі- түсті қағаздар таңдап аламыз

2.       Содан кейін сайқымазақтың аяқ- қолдарын сопақша пішнді фигура етіп қиып аламыз

3.       Денесін де сопақша етіп қиямыз

4.       Басын дөңгелек етіп қиып аламыз, басына үшбұрышты етіп қалпағын қиып аламыз, енді ақ қағазға желімдеп жапсырамыз.

5.       Қара қарындашпен сайқымазақтың саусақтарын, аяқ киімін, бетінің мүшелерін саламыз.

Балалар мұғалімнің көегімен сайқымазақты қиып алып, жапсырады.

Қорытынды

Балалардың жасаған жұмыстарын  қарау, талдау, бағалау. Жасалған жұмыстардан  көрме жасау.

Балалалар жұмыс орындарын жинастырып, заттарын орындарына қояды.

 

 

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Бақа

Мақсат- міндеттері: Қағаздан бақаның бейнесін қиып алуды үйрету

Қайшы, желіммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыс жасау кезінде ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Қайшымен жұмыс жасау ережелерін сақтау.

Құралдар: сабаққа қажетті құралдар, түрлі- түсті қағаздары, қайшы, желім

 

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалардың назарын сабаққа аударту. Сабаққа қажетті құралдарды дайындау

Балалар сабаққа қажетті құралдарды алады (түрлі- түсті қағаздар, қайшы, желім)

Негізгі 

Мұғалім балларға бақа туралы тақпақ оқып береді.

-Бақа, бақа балпақ,

Басың неге жалпақ?

-Темір телпек көп киіп,

Басым содан жалпақ.

- Бақа, бақа балпақ,

Көзің неге тостақ?

- Көрінгенге көп қарап,

Көзім содан тостақ.

- Бақа, бақа балпақ,

Бұтың неге талтақ?

- Су ішінде көп жүзіп,

Бұтым содан талтақ.

-Балалар тақпақ не туралы екен?

- Бақаның басы неге жалпақ, көзі неге тостақ, бұты неге талтақ екен?

- Бақалар қайда өмір сүреді?

- Олардың түстері қандай болады?

- Біз бүгін сондай бір бақаның бейнесін жасауды үйренеміз

Сергіту сәті
Бала, бала, балақай,

Қол соғайық, алақай!

Бiр,екi,үш деп айтайық,

Саусақтарда тартайық.

Жалқау бала болмайық,

Қолды қысып, ойнайық.

Мұғалім балаларға бақаның жасау тәсілін көрсетеді.

1.       Алдымен бақаның денесін сопақша етіп киып аламыз

2.       Одан кейін басын және аяқтарын қиып аламыз

3.       Мұғалім балаларға бақаны қалай жапсыру керек екенін көрсетіп, әр балаға жұмыс жасау барысында көмектесіп жүреді.

Балалар мұғалімнің көмегімен бақаны қиып алып, жапсырады.

Қорытынды

Балалардың жасаған жұмыстарын  қарау, талдау, бағалау. Жасалған жұмыстардан  көрме жасау.

Балалалар жұмыс орындарын жинастырып, заттарын орындарына қояды.

 

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Тұмар

Мақсат- міндеттері: Тұмар туралы түсінік беру,қағаздан тұмарды қиып алуды үйрету. Халық өнеріне деген сүйіспеншілікті арттыру

Қайшы, желіммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыс жасау кезінде ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Қайшымен жұмыс жасау ережелерін сақтау.

Құралдар: сабаққа қажетті құралдар, түрлі- түсті қағаздары, қайшы, желім

 

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалардың назарын сабаққа аударту. Сабаққа қажетті құралдарды дайындау

Балалар сабаққа қажетті құралдарды алады (түрлі- түсті қағаздар, қайшы, желім)

Негізгі 

Мұғалім балаларға тұмардың суретін көрсетіп, тұмар туралы түсінік береді. Тұмар зиянды тылсым күштерден, тіл-көзден сақтайды деп сенген ежелден келе жатқан қазақ халқының бұйымы. Тұмар сөзі "туған жер" мағынасын береді. Яғни, көне түркілер тұмарға туған жердің топырағын салып жүрген.  Тұмарлар әр түрлі болады.Жастық тұмар - төрт бұрышты түсті металдан жасалған көркемдік тұмар.

Қиық тұмар - сәндікке мойынға тағылатын жалтырауық заттардан істелген тұмар.

Лағыл тұмар - лағыл таспен безендірілген тұмар.

Сіркелі қолтық тұмар - бетіне сіркелеп өрнек салынған тұмар.

Алтын тұмар - күміс бетіне сіркелеп алтын жалатылған тұмар.

Тұмарша - асыл тасты күмістен жасалған, мойынға тағылатын әшекейленген тұмар.

Сергіту сәті

Тереңдет ойыңды,

Тiк ұста бойыңды.

Құстарға ұсайық,

Қалықтап ұшайық.

Шық алға оң қанат,

Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде

Қонайық жорғалап

Мұғалім балаларға бүгінгі сабақта тұмар жасайтының айтып кетеді.

Тұмардың жасау тәсілдерін көрсетеді.

1.       Алдымен ақ қағаздан үшбұрышты қиып алады

2.       Оның ішіне алдын- ала мұғалім дайындаған қазақтың ұлттық ою- өрнектерін жапсырады.

Балалар мұғалімнің көмегімен тұмарды қиып алып, жапсырады.

Қорытынды

Балалардың жасаған жұмыстарын  қарау, талдау, бағалау. Жасалған жұмыстардан  көрме жасау.

Балалалар жұмыс орындарын жинастырып, заттарын орындарына қояды.

 

 

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Оюлы сырмақ

Мақсат- міндеттері: Қазақтың ою- өрнектері жөніндегі білімдерін бекіту, сырмақ туралы түсініктеме беру, сырмақты түрлі- түсті қағаздардан қиып алуды үйрету.

Қайшы, желіммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыс жасау кезінде ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Қайшымен жұмыс жасау ережелерін сақтау.

Құралдар: сабаққа қажетті құралдар, түрлі- түсті қағаздары, қайшы, желім

 

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалардың назарын сабаққа аударту. Сабаққа қажетті құралдарды дайындау

Балалар сабаққа қажетті құралдарды алады (түрлі- түсті қағаздар, қайшы, желім)

Негізгі 

Мұғалім  балаларға оюлы сырмақ туралы мағұлмат береді.

«Сыр­мақ» атауы оны дайындау әдісінен алынған. Қазақта «сыру» деген сөз арасын жиі етіп тігетін тігістің түрі, жиі етіп бастырып тігу дегенді білдіреді.  Арнайы басылған киізге басқа түсті киізден, матадан қиып дайындалған ою-өрнекті сырып тігу арқылы жасалады. Сырмақ сырудың, яғни сырып тігудің негізгі үш тәсілі кеңінен тараған. Олар: қайып сыру, тепшіп сыру, қабып сыру. Бұларды негізінен жіп салып сыру және жіп салмай сыру деп екі түрге топтастырады Әдетте сырмақ  жасалатын киіз не шымқай ақ, не шымқай қара болуы шарт. Киізде түйіртпек, ошаған, тесік болмауы тиіс.

Көлем жағынан қазақ сырмақтары негізінен 4 түрге бөлінеді. Мұның ең үлкені — көш сырмақ. Екіншісі — төсеніш сырмақ, үшіншісі — төр сырмақ, төртіншісі — төсек сырмақ немесе төсек алды сырмағы деп те атайды.

-Балалар біз бүгін осындай оюлы сырмақты жасауды үйренеміз. Бірақ біздің сырмағымыз қағаздан жасалады.

Сергіту сәті

Секіреміз топ-топ,

Шапалақтап көп-көп.

Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,

Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.

Мұғалім балаларға ақ қағаз таратып беріп, бұл қағаздың бетіне алдын- ала мұғалім дйындаған оюларды әдемі орналастырып жапсыру керек екенін түсіндіреді, балалармен қосылып жұмыс жасайды.

Балалар мұғалімнің көмегімен оюлы сырмақты қиып алып, жапсырады.

Қорытынды

Балалардың жасаған жұмыстарын  қарау, талдау, бағалау. Жасалған жұмыстардан  көрме жасау.

Балалалар жұмыс орындарын жинастырып, заттарын орындарына қояды.

 

 

 

 

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Түс киіз

Мақсат- міндеттері: Қазақтың ұлттық ою- өрнек элементтерін қағаздан қию дағдыларын қалыптастыру, «тұскиіз», «текемет», «сырмақ», «алаша», «түкті кілем» деген ұғымдармен таныстырып, олардың айырмашылығын түсіндіру.

Ою- өрнек элементтерін шаршы немесе тік төртбұрышқа орналастыра білуге үйрету.

Көз мөлшерін дамыту

Ұқыпты жұмыс істей білуге, шыдамдылыққа, төзімділікке, сабырлыққа тәрбиелеу.

Құралдар: сабаққа қажетті құралдар, түрлі- түсті қағаздары, қайшы, желім

 

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалардың назарын сабаққа аударту. Сабаққа қажетті құралдарды дайындау

Балалар сабаққа қажетті құралдарды алады (түрлі- түсті қағаздар, қайшы, желім)

Негізгі 

Мұғалім балалармен бірге ұлттық тұтынатын бұйымдарды қарап, олардың ерекшелігі, ою- өрнегі, түр- түсіне назар аудартады.

-Жақсылап қараңдар киіз үйден бастап, барлық тұтынатын бұйымдар: текемет, сырмақ, тұскиіз, әдемі кілемдер үйге көрік беріп тұрады. Текеметтің бояуының түстері әр алуан: көк, сары, қызыл,т.б. ал сырмақтың түсі ақ және қара. Тұскиіз- қызыл және қараматадан жасалып, әр түрлі ою- өрнектермен  әшекейленген. Кілемдердің түсі де әр түрлі өрнектермен безендірілген. Түкті кілемдерден басқа  түксіз алашалар болады. Олардың өрнектері жолақта ретімен орналасқан, оның кілемнен айырмашылығының өзі ою- өрнектерінің ерекше орналасуында.

Сергіту сәті

Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

Мұғалім балаларға тұскиізді өрнектеудің әдіс-тәсілдерін көрсетеді. Балалар қалаулары бойынша сырмақ, алашаны әшекейлейді.. мқғалім әр балаға көмектеседі. Безендіру кезінде түстеріне , олардың үйлесімділігіне назар аудартады.

Балалар мұғалімнің көмегімен тұс киізді қиып алып, жапсырады.

Қорытынды

Балалардың жасаған жұмыстарын  қарау, талдау, бағалау. Жасалған жұмыстардан  көрме жасау.

Балалалар жұмыс орындарын жинастырып, заттарын орындарына қояды.

 

 

 

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Өрнекті кілем

Мақсат- міндеттері: Қазақтың ұлттық ою- өрнек элементтерін қағаздан қию дағдыларын қалыптастыру, «тұскиіз», «текемет», «сырмақ», «алаша», «түкті кілем» деген ұғымдармен таныстырып, олардың айырмашылығын түсіндіру.

Қайшы, желіммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыс жасау кезінде ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Қайшымен жұмыс жасау ережелерін сақтау.

Құралдар: сабаққа қажетті құралдар, түрлі- түсті қағаздары, қайшы, желім

 

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалардың назарын сабаққа аударту. Сабаққа қажетті құралдарды дайындау

Балалар сабаққа қажетті құралдарды алады (түрлі- түсті қағаздар, қайшы, желім)

Негізгі 

Мұғалім балалармен бірге ұлттық тұтынатын бұйымдарды қарап, олардың ерекшелігі, ою- өрнегі, түр- түсіне назар аудартады.

-Жақсылап қараңдар киіз үйден бастап, барлық тұтынатын бұйымдар: текемет, сырмақ, тұскиіз, әдемі кілемдер үйге көрік беріп тұрады. Текеметтің бояуының түстері әр алуан: көк, сары, қызыл,т.б. ал сырмақтың түсі ақ және қара. Тұскиіз- қызыл және қараматадан жасалып, әр түрлі ою- өрнектермен  әшекейленген. Кілемдердің түсі де әр түрлі өрнектермен безендірілген. Түкті кілемдерден басқа  түксіз алашалар болады. Олардың өрнектері жолақта ретімен орналасқан, оның кілемнен айырмашылығының өзі ою- өрнектерінің ерекше орналасуында.

Кілем— әсемдік үшін, сондай-ақ үйдің жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету үшін пайдаланылатын түрлі-түсті ою-өрнек салып тоқылған бұйым. Кілем бір немесе бірнеше қабатты, түкті немесе тықыр болып келеді. Түкті кілем бірнеше қабаттан тұрады. Мұндай кілемнің негізі және арқауы жекеленген жіптерден, бірақ бір-біріне тығыз орналасқан түйіндерден тұрады. Жіптердің ұшы біркелкі қырқылғаннан кейін пайда болатын қалың түк мұндай түйіндерді көрсетпей жауып тұрады.

Сергіту сәті

Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

Мұғалім балаларға тұскиізді өрнектеудің әдіс-тәсілдерін көрсетеді. Балалар қалаулары бойынша сырмақ, алашаны әшекейлейді.. мқғалім әр балаға көмектеседі. Безендіру кезінде түстеріне , олардың үйлесімділігіне назар аудартады.

Балалар мұғалімнің көмегімен өрнекті кілемді қиып алып, жапсырады.

Қорытынды

Балалардың жасаған жұмыстарын  қарау, талдау, бағалау. Жасалған жұмыстардан  көрме жасау.

Балалалар жұмыс орындарын жинастырып, заттарын орындарына қояды.

 

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Көбелек

Мақсат- міндеттері: Балаларға түрлі түсті қағаздан көбелек қиып алуды үйрету

қайшы, желіммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыс жасау кезінде ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Қайшымен жұмыс жасау ережелерін сақтау.

Құралдар: сабаққа қажетті құралдар, түрлі- түсті қағаздары, қайшы, желім

 

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалардың назарын сабаққа аударту. Сабаққа қажетті құралдарды дайындау

Балалар сабаққа қажетті құралдарды алады (түрлі- түсті қағаздар, қайшы, желім)

Негізгі 

Мұғалім балаларға көбелек туралы өлең оқып береді.

Мен тимеймин, жасқанба

Дос болайық көбелек

Жайнап тұрған бақшамда

Гүлдерімді көре кет

Тұтқиылдан састыра

Жаңбыр жауса себелеп

Тақиямның астына

Тығыла ғой көбелек

Мұғалім балалармен бірге көбелектердің суреттерін көріп, талдау жасайды.

-Көбелектер қандай болады?

- Оның түсі қандай, көлемі ше?

- Қараңдаршы балалар мына көбелектер неткен әдемі, түстері де әр түрлі болады екен.

- Балалар біз бүгін осындай көбелекті түрлі- түсті қағаздан жасап үйренеміз.

Сергіту сәті

Секіреміз топ-топ,

Шапалақтап көп-көп.

Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,

Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.

Мұғалім балаларға көбелектің шаблонын беріп, оны бастырып, қиып алуды ұсынады. Мұғалім балаларға әр түрлі түстерді пайдалануды ұсынады, әр балаға көмектеседі.

Балалар мұғалімнің көмегімен көбелекті қиып алып, жапсырады.

Қорытынды

Балалардың жасаған жұмыстарын  қарау, талдау, бағалау. Жасалған жұмыстардан  көрме жасау.

Балалалар жұмыс орындарын жинастырып, заттарын орындарына қояды.

 

 

 

 

 

 

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Ою-өрнек

Мақсат- міндеттері: Балаларды қазақтың ұлттық ою- өрнектерімен таныстыру, балалардың қазақ халқының шығармашылық туындыларына деген сүйіспеншілікті арттыру

қайшы, желіммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыс жасау кезінде ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Қайшымен жұмыс жасау ережелерін сақтау.

Құралдар: сабаққа қажетті құралдар, түрлі- түсті қағаздары, қайшы, желім

 

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалардың назарын сабаққа аударту. Сабаққа қажетті құралдарды дайындау

Балалар сабаққа қажетті құралдарды алады (түрлі- түсті қағаздар, қайшы, желім)

Негізгі 

Мұғалім қазақтың сәндік- қолданбалы өнері туындыларын көрсете отырып, «өрнек» туралы ұғымдарымен таныстырады.

Өрнек латын тілінен аударғанда  «әшекейле», «өрнекте» деген сөздің мағынасын білдіреді.

Мұғалім балаларға ою- өрнектердің әр түрлі болатынын айтып түсіндіреді.

-Ою- өрнектің бір түрі «Қызғалдақ». Осы ою- өрнекпен біз бүгін сурет саламыз.

Аталған өрнекті балаларға көрсетіп, таныстарып, ерекшелігіне, суретті салу жолдарына тоқталып, талдайды.

Содан кейін осындай қызғалдақ өрнегімен әр түрлі заттарды әшекейлеуге болатынын айта келе, сырмақ пен тұскиіз туралы түсіндіреді.

-Бұл қазақтың- қолданбалыөнерінің қайталанбас туындылары және халық тұрмысының мақтанышы екеін айтады.

Сырмақтың төрт түрі болады., олардың әрқайсының өзіндік орны, мәні болады. Мысалы: ақ сырмақ қадірлі қонақтарды сыйлап, күтіп алғанда төселеді., ең үлкен сырмақ көшеп жамылғы ретінде қолданады.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы қырлы жерлермен

Ытқып ытқып секірді

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің

Балалар мұғалімнің көмегімен сырмақты әшекелеуге кіріседі.

Алдымен қызғалдақ өрнегін қарындашпен салып алып, содан кейін оларды қиып алуды ұсынады да қағаз бетіне жапсырады

Балалар мұғалімнің көмегімен ою- өрнекті қиып алып, жапсырады.

Қорытынды

Балалардың жасаған жұмыстарын  қарау, талдау, бағалау. Жасалған жұмыстардан  көрме жасау.

Балалалар жұмыс орындарын жинастырып, заттарын орындарына қояды.

 

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Құмыра

Мақсат- міндеттері: Балаларға түрлі- түсті қағаздан құмыра қиып жасауды үйрету

қайшы, желіммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыс жасау кезінде ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Қайшымен жұмыс жасау ережелерін сақтау.

Құралдар: сабаққа қажетті құралдар, түрлі- түсті қағаздары, қайшы, желім

 

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалардың назарын сабаққа аударту. Сабаққа қажетті құралдарды дайындау

Балалар сабаққа қажетті құралдарды алады (түрлі- түсті қағаздар, қайшы, желім)

Негізгі 

Мұғалім балаларға әр түрлі құмыралардың суреттерін көрсетіп, талдау жасайды.

-Балалар бұл не деп ойлайсыңдар?

- Ол не үшін керек?

-Дұрыс айтасыңдар, бұл құмыра, құмыраға адамдар гүлдерді салып қояды. Адамдар құмыраларды тек гүл салу үшін пайдаланбайды, сонымен қатар әр түрлі сусындарды да құюға пайдаланады.

- Ал сендер білесіңдерме құмыраларнеден жасалатынын?

- Құмыралар шыныдан, сазбалшықтан және пластмассаданда жасала береді екен.

Ал біз бүгін осындай бір құмыраны түрлі- түсті қағаздан қиып алып, қағазға жапсырамыз

Сергіту сәті

Секіреміз топ-топ,

Шапалақтап көп-көп.

Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,

Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.

Мұғалім балаларға құмыраның шаблондарын таратып береді де, балаларға оны түрлі- түсті қағазға бастырып, қиюды ұсынады.

Қиылып алынған құмыраны ақ параққа тігінен жапсырылады. Құмыраның ішіне түрлі- түсті қарындаштармен гүлдердің суретін салу ұсынылады.

Балалар мұғалімнің көмегімен құмыраны қиып алып, жапсырады.

Қорытынды

Балалардың жасаған жұмыстарын  қарау, талдау, бағалау. Жасалған жұмыстардан  көрме жасау.

Балалалар жұмыс орындарын жинастырып, заттарын орындарына қояды.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Еңбек жапсыру " 0 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный аналитик

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 515 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.11.2015 5686
    • DOCX 66.6 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Омарова Мадина Даняровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Омарова Мадина Даняровна
    Омарова Мадина Даняровна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19126
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 222 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 351 человек

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 306 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 610 человек

Мини-курс

Фундаментальные принципы здоровья и двигательной активности

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное продвижение и организация проектов в сфере искусства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе