Инфоурок Начальные классы Рабочие программыЕңбек бәрін жеңбек (1 сынып)

Еңбек бәрін жеңбек (1 сынып)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «Жыл мезгіліне саяхат» 
Мақсаты: 
А) Білімділік: Балаларға жыл мезгілдері жайлы, ондағы өзгерістер мен ерекшеліктер жайлы мағлұмат беру. 
Ә) Дамытушылық: Балалардың дүниетанымын, сөздік қорын, көре отырып әңгімелеп беру қабілетін, ойлау қабілетін дамыту. 
Б) Тәрбиелік: Экологиялық, эстетикалық, еңбек, тәрбиелеріне баулу. 
Әдістер: Сұрақ-жауап, сурет көріп әңгімелеу, тақпақ айту, дидактикалық ойын ойнату, сергіту сәтін жасату, сурет бояу. 
Көрнекіліктер: жыл мезгілдерінің суреттері, дидактикалық ойынға қажетті суреттер. 
Сабақтың барысы: 
Тәрбиеші: -Балалар біз қай республикада тұрамыз? 
- Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. 
- Біздің Елбасымыз кім? 
- Біздің елбасымыз Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев. 
- Біздің рәміздерімізді атап бере қойыңдаршы? 
- ту, әнұран, елтаңба. 
- Біз қай ауданда тұрамыз? 
- Біз Индер ауданында тұрамыз. 
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? 
- Қыс мезгілі. 
- Саян , қыс мезгілінің айларын атап бере қойшы? 
- желтоқсан,қаңтар, ақпан,
- Бір жылда неше жыл мезгілі бар? 
- Төрт мезгілі бар. Күз, қыс, көктем, жаз. 
Тәрбиеші: Осы төрт жыл мезгілі туралы тақпақ айтып берейікші. 
Шаһадат: Күз айы басталды, 
Құстар қайта бастады. 
Жапырақтар сарғайып, 
Жерге түсе бастады.
Айдын: Жапалақтап ала қар, 
Жауады күнде қайталап. 
Қырға шықты балалар, 
Шаңғыларын арқалап, 
Асланбек: Көктемде көңілді, 
Құстар кеп жатқанда. 
Құлпыртып өңірді, 
Гүл ектік бақтарға. 
Ерасыл: Жайқалып жапырақ, 
Құлпырып қызғалдақ. 
Тұратын көз тартып, 
Жаз келді күн шуақты
Нұрсат: Тынық күнде,бір мезет,
Жел тұрады гуілдеп.
Құлақ салып тыңдасаң,
Дыбыстайды у-у-у-деп. (қыс)

Сабина: Күзгі орманда жапырақ,
Жел тұрғанда шуылдап.
Дыбыстайды ыш-ыш-ыш – деп. (күз)

Мақсат: Бұлт үйірілсе аспанда,
Түнереді атырап.
Жаңбыр жауса бір мезет,
Дыбыстайды тырс-тырс –деп (көктем)

Көктем туралы мақалды кім айтады: 
Нұрлыбек: 1. Сәуір болса.
Күн күркірер.
Күн күркіресе,
Көк дүркірер.
2.Қысына қарай көктемі,
Диқанына қарай кетпені.

Нұрдәулет: 3.Мезгіл жетсе,мұз ерір.
4.Сәуір дегі жауын, сауып тұрған сауын.

Қыс туралы мақалды кім айтады?
Асылбек: 1 Қыс азығын, жаз жина.
Нұрсұлтан: 2.Арбаңды қыста сайла,
Шанаңды жазда сайла.

Расул: 3.Ақ қар көп болса,
Ақ нан көп.

1. Егіндікті күз суар,
Күз суарсаң , жүз суар

Әсем: 2. Жаз –береген,
Күз-алаған

Құралай: 3. Көктемде түскен бір дән,
Күздің күні мың дән болады.
Тағы кім маған жаз туралы мақалдар айтады?
Малика: 1.Жаздың қамын, қыс ойла,
Бір ойлама, үш ойла.
Сабина: 2.Жаз келді,үйрек ұшып, қаз келді.
Әсем: 3.Жазда шөпті жинасаң,
Қыста мал азығы.
Тәрбиеші: Жылдың неше айы бар,
Ерте кезде белгісіз 
Жыл деген бір шал екен,
Бірі мыңға белгісіз 
Төрт баласы бао екен.
Қыс пен күз 
Көктем жаз 
Сүйсіндіріп халықты 
Әкелерін мәз еткен 
Немересі төрт ұядан
Он екен тараған. 
Жанерке:Жылдың 12 айы бар.
Күз айлары:қыркүйік,қазан,қараша.
Қыс айлары:желтоқсан,қаңтар,ақпан.
Көктем айлары:наурыз,сәуір,мамыр.
Жаз айлары:маусым,шілде, тамыз.
Жұмбақтар шешейік.
Қыста ғана болады,
Ұстасан қолын тоңады. (Қар)
Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды ( Қар ) 

Сатайын десем ауыр кілем, 
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)

Таңмен көзін ашады,
Әдемге нұр шашады. (Күн)

Сырылдатады шәйнегін,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады, 
Бірақ сүртпейді. (Жаңбыр)

Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды. (Күз)

Қозғалып жүрер жортақ шам,
Барлығымызға ортақ шам. (Күн)



Киіз үйімнің төбесі
Түбітке толы. О несі? (Бұлттар)

Төбесінде даланың 
Төбесінде қаланың
Аяғы жоқ –
Жүреді,
Езуі жоқ –
Күледі. (Күн)

Көктен түседі,
Жер ішеді. (Жаңбыр)
Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, 
Алдынан жел еседі. 
Кіп-кішкентай ағаштар, 
Үлкен болып өседі. 
Оң қолымда бес саусақ 
Сол қолымда бес саусақ 
Бәрін қосып санасақ 
Болашаққа жол ашам. 
Ормандағы аюдың 
Құлпынайы көп екен ,
Теріп –теріп алайық 
Қалтамызға салайық . 
Тәрбиеші: -Балалар, міне жылдың төрт мезгілін біледі екенбіз. Қане барлығымыз қайталап жіберейікші: Күз, Қыс, Көктем, Жаз. 
Тәрбиеші: -Ендеше, осы жыл мезгілдеріндегі ерекшеліктер, өзгешеліктер туралы қане білейікші. 
- «Күз» мезгілі аяқталған соң, қай жыл мезгілі келеді; 
- Қыс 
- Ендеше осы «қыс» мезгіліне не қажет, білеміз бе? 
- Ия. 
Дидактикалық ойын: «Қыс мезгіліне не керек? 
Ойынның мақсаты: Балаларды қысқа қажетті заттармен таныстыру. 
Ойынның барысы: «Қыс» мезгілі суреттің жанына, қатысты суреттерді іріктеп ілу. (М: шана, қолғап т.б) 
Оқушылар ойын толықтыру.
Ойын: «Әріптер сыр шертеді»

Өтілген әріптерден сөз құрау
Мысалы: қолғап,шана,қар,боран
Сабақты қорытындылау: 
Тәрбиеші: -Балалар, сонымен бүгін не туралы айттық? 
- Жыл мезгілдері 
- Қане атап өтейікші. 
- Күз, қыс, көктем, жаз. 
Ендеше «қыс,жаз,күз,көктем» мезгілдерінің суретін салып, бояйықшы. 
Сау болыңыздар.

1.      Жаңа сабақтың тақырыбын жұмбақтар шешу арқылы табу. 
Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды. (Күз)

Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды. (Қар)

Көктен түседі.
Жер ішеді. (Жаңбыр) 

Гүл-гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезен? (Көктем)

 

Үй жануарлары
Сабақтың мақсаттары: 
Білімділік: Оқушыларға үй жануарлары туралы білім беру, олардың адамдарға пайдасы мен маңызы туралы айту. Олардың түрлерін бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Мал мен адам арасындағы байланысты ашу. Тақпақтар айтқызып жұмбақтар шешкізу.

Дамытушылық: Оқушыларға сұрақтар қойып, тақпақтар мен мақал-мәтел айтқызып, жұмбақтар шешкізе отырып сөйлеу тілін дамыту, ой-өрісін молайту, сөздік қорларын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Коррекциялық: Оқушылардың танымдық қызметін түзеу, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге баулу.
Тәрбиелік: Үй жануарларына қамқоршы бола білуге, еңбексүйгіштікке, оларды баптап күту керектігі туралы тәрбие беру.
Көрнекілік: Үй жануарларының суреттері, тыйым сөздер, жұмбақтар, сүт, құрт, айран, ірімшік, қолғап, шұлық т.б.заттар.
Сабақ түрі : Ашық сабақ.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрсету, ойын, слайд.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Балалардың назарын сабаққа аудару.
- Балалар, қай сабақ басталды?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс айларын атаймыз.
- Бүгінгі ауа райы қандай?
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақты естеріне түсіру, қайталау.
Көкөністер жемістер. Оларды атау және ажырату.
Пияз, қызылша, картоп, сәбіз. Олар бақшада өседі. Денсаулыққа өте пайдалы.
Алма, алмұрт, лимон, апельсин т.б жемістер. Жемістер де денсаулыққа пайдалы.
Жемістер мен көкөністердің айырмашылығы қандай?
Көкөністер қайда өседі? Жемістер қайда өседі? Жемістерден не жасайды? Көкөністерден не жасайды? Көкөністер мен жемістерді не үшін жуу керек?
II. Сергіту сәті.
Біз гүлдерше өсеміз
Жапырағы жайқалған

Сабақтары салалы
Жерге ырғалып жайқалған.

VI. Жаңа сабақ. Кіріспе әңгіме. 
-Балалар, адамдардың күнделікті тіршілік етіп өмір сүретін баспанасы қалай аталады?
- Үй.
- Дұрыс айтасыңдар балалар, мына суретке қараңдаршы.
Плакат қағазға салынған әдемі үйдің суреті. Үй бөліктері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды? Төбесі үшбұрышқа, есігі тіктөртбұрышқа, терезелері төртбұрышқа, қабырғалары тік төртбұрышқа ұқсайды. 
- Ал, балалар сендер білесіңдер ме үйді күзететін қай жануар? 
- Ия, дұрыс айтасыңдар «ит». 
- Балалар, «ит» бұл - үй жануары. Міне бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да үй жануарлары деп аталады. Бүгінгі сабақта үй жануарларының түрлерімен және олардың адамдарға тигізетін пайдасы туралы, оларға қандай қамқор көрсету керектігі туралы әңгімелесеміз.
–Балалар, сендердің үйлеріңде иттерің бар ма? Оларды қандай атпен атайсыңдар? Үй жануары болған «ит» бүгінгі сабағымыздың қонағы. Оған біз -- «Ақтөс» деп ат қояйық. Иттен басқа тағы да қандай үй жануарлары бар екендігін білу үшін 
«Ақтөс» сендерге мынандай жұмбақтар дайындап әкеліпті. Жұмбақтың жауабын тапсаңдар ғана иттен бақа қандай үй жануарлары бар енендігін біле аласыңдар. Ол жұмбақтарды мына әдемі үйдің терезелеріне жасырып қойған екен.
– Қане балалар, бірінші мына үйдің неше терезесі бар екендігін санап көрейікші.
1, 2, 3, 4, 5, 6. Жарайсыңдар 6 терезесі бар екен. Осы терезелерге «Ақтөстің» жасырып қойған жұмбақтарын мен сендерге оқып беремін, сендер мұқиятпен тыңдаңдар.
1 ТЕРЕЗЕ. Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар. \ қой \
2 ТЕРЕЗЕ. Төрт аяғы бар,
Басында екі таяғы бар
Иегінде екі сақалы бар. \ ешкі \
3 ТЕРЕЗЕ. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ
Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. \ жылқы \
4 ТЕРЕЗЕ. Екі найзасы бар
Төрт аяғы бар. \ сиыр \
5 ТЕРЕЗЕ. Сүтті жақсы көреді
Жылы жерде ұйықтайды. \ мысық \
6 ТЕРЕЗЕ. Үстінде екі тауы бар
Қызық бір жануар. \ түйе \
-Міне балалар, «Ақтөс» жасырған жұмбақтардың жауабын шештік. Үй жануарлары плақтқа салынған үйдің ауласына орналастырылады.
Балалар, осы аталған үй жануарларын бір сөзбен «төрт түлік» - деп атайды.
Сергіту сәті: Атқа жақсы қараймын
Жал құйрығын тараймын
Мініп алып сол атқа
Барып жүрмін қонаққа.
Балалар, оларды не үшін үй жануарлары деп атаймыз? Өйткені олар, адамдардың көмегісіз өздігінен өмір сүре алмайды, адамның көмегімен үйде өсіріледі.Қыста суыққа үседі, ал күннің ыстығында шөлден өліп қалады, жем беріп шөп салмасан аштан өліп қалады. Қыста оларды жылы қораларда ұстайды. Жаздың ыстық күндері салқын жайлауда жайып бағады. Адамдар оларды бағады, шөп, жем, су береді, сауады, көптеген күтім жасайды. Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Мал олардың киімі , тамағы, көлігі болған . Адамдардың осы қамқорлықтары үшін үй жануарларының адамдарға баретін пайдасы өте көп. Сондықтан да қазақтар малды өсіріп , көбейтіп бағып қағуды жаксы көрген. Халқымыздың байлығы да , берекесі де осы малдар. Сүтін ішеміз, етін жейміз, терісі мен жүнін киім қыламыз.

Осы кезде боранның ысқырығы естіліп, есікті тоқылдатып Әжей кіріп келеді.
ӘЖЕЙ: - Сәлеметсіңдер ме балалар, амансыңдар ма боталарым? Мен, сонау алыс ауылдан, қалада оқып жатқан немеремді сағынып, келе жатып, адасып кеттім, таппай жүрмін. 
Күн суық жаурап, әбден шаршаған соң, немерем осы сыныпта емес пе екен деп, сендерге кірдім. – Мында да, жоқ көрінеді.
МҰҒАЛІМ: Әжей сіз ренжімеңіз, сіздің немереңізді табуға көмектесеміз. Көмектесеміз бе балалар? - Балалар, ауылдан келген Әжей немересін іздеп адасып көп жүріп шаршаған сияқты. Олай болса, біздің сыныпта біраз тынығып дем алып, бүгінгі сабағымыздың қонағы болсын.
МҰҒАЛІМ: Әжей, бүгін біз балалар мен үй жануарлары туралы әңгімелесіп жатырмыз. Ендеше сіз де, балаларымыздың білімін тамашалаңыз.
ӘЖЕЙ: - Бәрекелді, жарайды құлындарым!
МҰҒАЛІМ: Мысық - үй жануары. Ол адамдармен бірге үйде тұрады. Ол сүт ішкенді ұнатады. Мысықтың да адамдарға пайдасы бар .Ол үйде тышқан болса, оны ұстайды. Егер үйде мысық болса, тышқан да болмайды. 
Итті жеті қазынаның бірі дейді – халқымыз. Ол да үй жануары. Ол үй сыртында, үйшікте өмір сүреді. Иттің де адамдарға тигізетін пайдасы көп. Ол үй күзетеді. Үйге бөтен танымайтын адамдар келсе үреді. Осы үй жануарларын жабайы жануарлардан қорғайды. 

Сиырды адамдар көп сүті үшін ұстайды. Сиырдың 
Сүтінен қаймақ, май, айран, құрт, сүзбе , ірімшік жасайды, етін тамақ 
қылады.
Қой мен ешкі төрт түліктің ұсағы. Қойдың сүті – қою, жағымды 
болады.Оның терісінен тон тігеді. Жүніне киіз басады. Жіп иіріп, қолғап, 
шұлық тоқиды.
Жылқы – саусаң қымызы сусын, мінсең – көлік. Еті де , қымызы да ем. 
Түйе – көштің көлігі. Оған көбіне жүк артады. Сүтінен шұбат дайындайды. Жүнінен жылы киім тоқиды. 
ӘЖЕЙ: - Бәрекелді, балалар мына апайларың айтып тұрған әңгімесі өте дұрыс. Мына дорбамда, сонау ауылдан немереме біраз базарлықтар алып келгем – деп добасынан (сүт, айран, құрт, май, ірімшік, құрт, қымыз, шұбат, жүннен тоқылған қолғап, шұлық, тоқылған жеңсіз) шығарып балаларға көрсетіп, түсіндіріп айтып береді.Сабақтарың біткен соң сендерде дәм татасыңдар боталарым!
МҰҒАЛІМ: - Рахмет сізге Әжей! Міне, балалар, көрдіңдер ме? Үй жануарларын адамдар көбінесе ауылдық жерлерде ұстайды, олардың адамдарға беретін пайдасы мол екен.
- Балалар, осы аталған үй жануарларының қайсылары сендердің үйлеріңде бар? Сендер оларға қандай қамқор көрсетесіңдер?

- Балалар, сендерді ата-әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?
- Балалар: Ботақаным, қозым, құлыным, қошақаным. 
- Сендерді ата-әжелерің жақсы көріп осы сүйкімді жануардың аттарымен еркелетеді екен, қандай тамаша! 
- Енді балалар, сендермен «Төлдерін тап!» деген ойын ойнаймыз. Үй жануарларының төлдері адасып аналарына жете алмай жүр екен. Оларға өз аналарын табуға көмектесеміз бе? 
Мысалы: Сиырдың баласы – бұзау. Түенің баласы – ботақан. Қойдың баласы – қошақан. Ешкінің баласы – лақ. Жылқының баласы – құлыншақ. Иттің баласы – күшік. Осы төлдердің суретін тақтаға қатармен іліп қою. 
Осы малдардың төлдерін балалар өздері анасының қасына апарып қояды, және олар қалай дыбыс шығаратындығын айтады.
Сиыр мөө мөңірейді, қой мә-мә маңырайды, түйе бө – бө боздайды, 
ешкі бе – бе бақырады, жылқы е- е-е деп кісінейді, күшік аф –аф деп үреді.
- Жарайсыңдар балалар,бәрекелді төлдер өз аналарына жетті. Рахмет!
Үй жануарларына байланысты тыйым сөздер бар.
1. Малды теппе, ақты төкпе. 
2. Мал басынан ұрма.


VII. Сабақты бекіту. Үй жануары болған мысық пен ит туралы тақпақ жаттату.

Мысығым кел, кел маған
Сүт беремін мен саған
Ит кеп қалса қоғаймын
Көтерейін сен маған.
VIII. Сабақты қорытындылау.

- Балалар, биылғы келген жана жылымыз қалай аталтынын білесіңдер ме?
-Ия , биыл «қой» жылы. Қанеки балалар,олай болса достық шеңберін құрып осы қой жылына арналған тілектерімізді айтайық! 
Аспанымыз ашық болсын! 
Деніміз сау болсын!
Төрт түлігіміз түгел болсын!
Ақ мол болсын!
Мұғалім: Осы тілектеріміз қабыл болсын!
-Балалар, бүгінгі сабақта не туралы білдіңдер?
IX. Бағалау.
Оқушылардың білімдерін бағалау, мадақтау.
X. Үйге тапсырма беру.
Үй жануарлары туралы түсінгендерін әңгімелету.

к мал

Жарияланды 1-04-2014, 19:19 Категориясы: Бала-бақша 

Білім саласы: Қатынас
Бөлім: Тіл дамыту
Тақырыбы: Төрт түлік мал
Мақсаты: балалардың тілін дамыта отырып, ата - бабамыздан келе жатқан кәсіпке толық мағлұмат беру, төрт түлік малдың пірлерімен оның пайдасына тоқталу, сахналау, сөз құрау, жұмбақ шешу, қызықты есептер шығару арқылы олардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, төрт түлік малды қадірлеуге тәрбиелеу болды.
Көрнекілігі: төрт түлік малдың және төлдерінің суреттері, төрт түлік пірлері, жайлау суреттері, сүт, қымыз, жүннен тоқылған киімдер.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрсету, ойын.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Кіріспе
ІІІ. Негізгі бөлім.
Шаттық шеңбері:
Қане біздер қол ұстасып,
Күлімдесіп қарайық.
Бір - бірімізге «сәлем» айтып,
Шүбірлесіп тарайық.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ болады. Егер сендер менің сұрақтарыма толық жауап берсеңдер, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.
1 - сұрақ. Мезгілдер, айлар, ауа райындағы өзгерістер жайлы.
2 - сұрақ. «Бір апта». Өлең шумақтарын айту.
3 - 4 - сұрақ. 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санау (өлеңмен).
5 - сұрақ. Санамақ «Он дегенім осы»
6 - сұрақ. «Қызықты есептер».

Тәрбиеші: Ал, енді балалар, қалған әріпті ашамын. Сендер оқып бере қойыңдар. Біздің бүгінгі тақырыбымыз «Төрт түлік мал» жайлы балалар әңгімелейді.
Балалар: Қойдың пірі – Шопаната.
Жылқының пірі – Қамбар ата.
Түйенің пірі – Ойсыл қара.
Сиырдың пірі – Зеңгі баба.
Ешкінің пірі – Сексек ата.

Тәрбиеші: Балалар, мен жұмбақ жасырайын. Егер жұмбақты шешсеңдер жауабы ретінде төрт түліктің пайдасына тоқталасыңдар.
Ащыдан басқа жемейтін,
Ыстық шөлде отаны.
Шөлдесе су демейтін,
Шешуі бұл қай жануар? (түйе)
Тәрбиеші: Түйенің пайдасын айта қойындар.
Балалар: Түйенің сүтін шұбат дейді. Шайға қосады, сусын ретінде ішеді, шұбатты ашытады. Ол айраннан сұйық, қымыздан қою. Шұбат - әрі сусын, әрі тамақ. Емдік қасиеті бар. Терісінің де пайдасы адамға көп. Мінсе көлік. Түйе жүнінен жасалған кеудеше жылы болады.
Тәрбиеші:
Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар
Бұл қай жануар? (ешкі)
Балалар: Ешкінің пайдасы ең бірінші жүні. Жүніне қарай ангор деген ерекше түрі бар. Оның жүнінен биялай, күртеше, орамал тоқылады. Сүті өте пайдалы, кішкентай балалрға береді.
Тәрбиеші:
Аласа ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Бұл қай жануар? (қой)
Балалар: Қойдың пайдасына келсек, терісі пайдалы, еті тәтті, қойдың жүнінен көрпе, күртеше, қолғап, байпақ тоқиды, киіз басады.
Тәрбиеші:
Екі айнасы бар,
Төрт тармағы бар.
Бір шыбыртқысы бар,
Қай жануар? (сиыр)
Балалар: Сиырдың ерекшелігі сүтті өте көп береді. Сүтінен тәтті айран, құрт, ірімшік, май жасайды. Жайлауда жайылғанды ұнатады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Енді төрт түліктің төлдерін қалай атайтынын көрейік.
Сиыр төлі – бұзау
Жылқы төлі – құлын
Ешкі төлі - лақ
Қой төлі – бота
Сахналық көрініс. «Төлдер айтысы»
(Төлдер айтысып болған соң, Шопан ата келеді)
Шопан: Менің кішкентай төлдерім, сендер бостан - босқа таласпаңдар. Мен сендердің барлығыңды жақсы көремін. Адам үшін барлығың да
керексіңдер. Сендерсіз адам қалай өмір сүреді? Одан да жүріңдер. Сендер жайлы балалардың не білетінін көріп қайталық.
Тәрбиеші: Әрине, Шопан ата жақсы келдіңіз. Енді біздің балалар төрт түліктің пірлерінің аталуын және қалай шақыратынын айтып береді.
«Төлді қалай шақырады?» өлеңін балалар мәнерлеп айтып береді.
Бой сергіту сәті.
Мақалар
• Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл - көсір.
• Малды баға біл,
Бабын таба біл.
• Мал төлімен жарасты,
Жер гүлімен жарасты.
• Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын.
• Ер қанаты – ат.
• Сиырдың сүті – тілінде.
• Байлықтың көзі – жылқының түгі.

«Мал баласын қалай сүйеді?»
Бала:
Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,
Ештеңені білмейтін «момыным» деп.
Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,
Қараңғыға баспаған «қоқағым» деп.
Түйе сүйеді баласын «тайлағым» деп.
Жабу жапса жарасқан «жайнағым» деп.
Сөзжұмбақ
1. Түйенің төлі.
2. Сүттен кейін не жасалады?
3. Жылқы төлі.
4. Сүттің бетіне шығатын зат.
5. Малды кім бағады?
6. Ешкі төлі.
7. Балаға ең жақын адам.

Тәрбиеші: Сөзжұмбақ дұрыс шешілсе, тігінен балабақшамыздың аты шығады.
Дидактикалық ойын. «Не, қайда өмір сүреді?»
Тәрбиеші: Ал, енді балалар, Шопан атаға қорытынды ретінде «Жайлау» көрінісін жапсырып, сыйлық жасаймыз.

Төлді қалай шақырады?
Қойдың төлі қошақан: Пұшайт, пұшайт!
Ешкі төлі лақ: Шөре, шөре!
Жылқы төлі құлын: Құрау, құрау!
Сиыр төлі бұзау: Аухау, аухау!
Түйе төлі бота: Көс, көс

Төрт түлік

Жарияланды 17-09-2014, 22:57 Категориясы: Мектепалды дайындық 

Айналамен таныстыру

Сабақ тақырыбы: Төрт түлік
Сабақ мақсаты: Балаларға төрт түлік малдың пайдасы туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыра отырып, төлдерін атау, алынатын өнімдер туралы әңгімелеу.
Малды шақыру\қоралау\. Балаларға төрт түлікті бағып күту туралы түсіндіру. Ойын, тілдік қорын, дүниетанымын кеңейту.
Әдісі: Сұрақ - жауап, көрсету.
Көрнекілігі: Ойындар. Суреттер. Интерактвиті тақта. СД дискі («Табиғаттың сиқырлы әуені»), ойыншықтар.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Жүрісі:
І. Ұйымдастыру.
Жылулық шеңбері.
Аспанымыз ашық болсын,
Хан туымыз биік болсын.
Әке - шешем аман болсын.
Деніміз сау болсын.

ІІ. Оқулықпен жұмыс.
Сурет бойныша жұмыстар жүргізу. Малдардың төлдерін атау.
(Боталы түйе, бұзаулы сиыр, қозылы қой, лақты ешкі, құлынды бие, жылқы.
Малдың пірлері: қойдың пірі Шопан ата.
Мал ұрпақ көбейтеді, төлдейді.
Ешкі лақтайды.
Түйе боталайды.
Жылқы құлындайды.
Сиыр бұзаулайды.
Қой қоздайды.

Сурет салу. Қойдың суретін салу.
«Кім тапқыр?» Берілген сөздерге сөйлем құрап айту.
Сиыр бұзаулайды. Қорада қой қоздады.

Сергіту сәті. Біздің үйдің ешкісі
Күнде тәртіп бұзыпты
Балаларды сүзіпті,
Жемістерді үзіпті
Міне, осындай алыпты
Анам көріп қалыпты
Мүйізін қағып алыпты.

Дыбыстық жұмбақ. СД дискіден малдардың даусын айырып, шақыру.
Сиыр - әукем, әукем; Қой – пұшайт, пұшайт; Ешкі – шөре, шөре; Түйе – көс, көс; Жылқы – құрау, құрау.

Жұмбақтар шешу.
Қабат – қабат тоны бар
Кішкентай ғана тоны бар
Айналдырып киген тоны бар. \қой\
Екі айнасы бар
Екі найзасы бар
Төрт сылдырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар. \сиыр\
Киелі бір жануар
Үстінде екі тауы бар. \түйе\.

«Артығын тап» ойыны.
Сиыр, түйе, жылқы, қоңыз, қой.

Сабақты қорытындылау.
Біз нені үйрендік? Не туралы әңгіме айттық?

Назначение мастер-класса: изготовление подарков для мам к 8 марта, украшение группы.

Цель:

- Познакомить детей с новым способом  объёмного изготовления  цветов из бумаги.

- Воспитывать художественный вкус, любовь и бережное отношение к природе.

Ход мастер класса:

Бумагу можно брать любую:  обычную цветную или  цветную  бумагу для офиса (но с ней труднее работать). Я взяла офисную бумагу зелёного и жёлтого цвета.

http://ped-kopilka.ru/images/1(84).jpg

Начинаем изготавливать стебель цветка. От листа зелёной бумаги отрезаем 10 см.Этот маленький кусочек пригодится нам  потом для листочков. А из большей части делаем стебель: накручиваем лист на карандаш и подклеиваем кончики бумаги.

http://ped-kopilka.ru/images/2(89).jpg

http://ped-kopilka.ru/images/3(76).jpg

Приступаем к изготовлению цветка. Делим лист жёлтой бумаги на 4 части.

http://ped-kopilka.ru/images/4(76).jpg

Разрезаем по намеченным линиям.

http://ped-kopilka.ru/images/5(75).jpg

Теперь каждую часть складываем пополам и делаем надрезы ножницами не доходя до края на 2-2.5 см.

http://ped-kopilka.ru/images/6(64).jpg

Накручиваем заготовку на стебель закрепляем клеем.

Повторяем это с   другими заготовками. Потом распушаем наш гиацинт из бумаги.

http://ped-kopilka.ru/images/8(58).jpg

Из оставшегося кусочка зелёной бумаги вырезаем листочки и приклеиваем к стебельку.

http://ped-kopilka.ru/images/9(48).jpg

Вот такие гиацинты у нас получились.

http://ped-kopilka.ru/images/10(44).jpg

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Еңбек бәрін жеңбек (1 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

    Тақырыбы:      Еңбек бәрін жеңбек

 

Мақсаты

 

-еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру, өзінің және өзгенің еңбегін құрметтеуге еңбекті сүюге баулу;                                                        

 

-еңбексүйгіштікке, тәртіптілікке тәрбиелеу;                                                                                            

 

- зейінін, есте сақтау, саусақ қозғалысының икемділігін дамыту, ауызша сөйлеу, көру қабілеттерін және ұстаздардың айтқандарын орындау дағдысын қалыптастыру;

 

  Көрнекіліктері: Слайдтар, түймелер, жіп, аяқ киімдер, карточкалар, доп.

 

Ұйымдастыру кезеңі

 

-Сәлеметсіздерме, балалар. Мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп отырмын. Біздің бүгін тәрбие сағатымыз аптаның сәтті күнінде яғни, сәрсенбі күні өтіп жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік. Мен барлығыңды жылулық шаттық шеңберіне шақырамын. Слайд

 

- Бәріміз шеңбер бойлай алдымен оң жағымыздағы, содан кейін сол жағымыздағы тұрған баланың қолын қысып, онымен құшақ жая амандасайық.                                                                                                                                      – Келші, досым, айналайын                                                                                                                                                                                 - Құшақтайын аймалайын.                                                                                                           Бәрі осылайша амандасып шығады.                                                                                                          – Отыра қойыңдар. Енді менің сұрағыма жауап беріңдер.                                               –Біздің бір қолымызда неше саусақ бар?                                                                                    - Екі қолда неше саусақ бар?                                                                                                          - Біз қолымызбен не істейміз?                                                                                                                                             Сонымен қол біздің көмекшіміз. Тағы қандай көмекшілерің бар?                                                   Қол, көз, мұрын, аяқ.                                                                                                                                          – Тәнертең тұрғаннан кейін не істейсіндер? Жаттығу.                                                                    – Одан кейін не істейсіндер? Жуынамыз                                                                                                               - Жуынып болғаннан соң тістеріңді тазалайсындар.                                                                       – Қәзір балалар мына екі баланың тістерін  қалай тазалағанын көреміз. Қайсысы дұрыс тазалағанын қадағалап отырыңдар.                                                                                         Слайд                                                                                                                                   - Жақсы балалар жуынып болғаннан кейін не істейсіңдер?                                                        Төсегімізді жинаймыз.    

 

                                                                                                                          – Мына суретте төсектердің қайсысы дұрыс жиналған?                                                                          Слайд.                                                                                                                                                         Төсектеріңді жинап болғаннан соң киінеміз.                                                                              – Балалар сендерге мынадай тапсырма (саусақ моторикасын дамыту)                                                                                                                                                                                                             1. Түймелердің үлкенін бір бөлек, кішісін бір бөлек қылып жіпке тізу.                                                                                                                                                     2. Аяқ киімдерді реттеп, оң-терісін ажыратып орындарына қою.                                                         3. Мына қағаздан бәтеңкенің және түрлі түсті баулар суреті қойылған. Бәтеңкеге сәйкес келетін бауды тыңдап дұрыс қою керек.              Ойын «Мен еңбекқор баламын.»                                                                                                                                        Балалар дөңгелене тұрып ойын бастаушы бір балаға лақтырады. Допты қағып алған бала үйде не істегені жайлы айтып береді, допты басқа балаға лақтырады.                                                                                               – Мен төсегімді жинадым .                                                                                                                                               - Мен тісімді тазаладым.                                                                                                                    – Мен киімдерімді реттедім.                                                                                                                                                             – Мен ойын бөлмесін сыпырдым.                                                                                                                                                   – Мен ойыншықтарды жинадым.                                                                                                        – Мен досыма көмектестім.                                                                                               – Мен шаң сүрттім. т. б.                                                                                                            Жақсы енді орындарыңа отыра беріңдер. Тақтаға қараймыз.                                                               Слайд.                                                                                                                                                    Ойын «Не жоқ.» (Зейінін дамыту)                                                                                                                            – Ненің суретін көріп отырмыз?                                                                                                                                                                                                                                                                       Жаңағы айтылып жатқан еңбектердің бәрін қолымызбен істейміз.                                              – Қолымыз тағы не үшін қажет? Сурет салу, жазуға.                                                                              – Енді балалардың жаттап келген тақпақтарын тыңдайық

 

     

 

 

 

 Жүректен жүрекке.                                                                                                                                       Сабақ  сәрсенбі күні өтіп отырғандықтан «сәрсенбі сәтті күн»   деген мақалмен басталса енді осы ырымды жалғастырып, кішкене жүрекшелерге   жазып, балалар бір-біріне бата береді.                                                 – Ерхан еңбегің жемісті болсын.                                                                                                – Еңбек етсең емерсің деген осыны ұмытпа                                                                            - Сүйіп  істеген іс шаршатпайды. Сондықтан өзіңе ұнайтын істерің көп болсын.                                                                                                                                      – Өмірдегі тірегің еңбек болсын.                                                                                      – Ешқашан жалқау болма.                                                                                                                                                      

 

 

 

 

 

 

 

                               

 

 

 

                                                                                                                                                Қорытынды.        

 

Ертенгі жаттығу, тіс тазалау, ойыншықтарды жинау т.б. жұмыстар, жағымды іс-әрекеттер баланың еңбегіне жатады. Ал осының бәрінорындаған баланы еңбекқор, тіл алғыш, ұқыпты бала деп атаймыз. Адам жас кезінен еңбекқор, тіл алғыш,  ұқыпты болса ондай балаларды бәрі жақсы көреді, сыйлайды, үлкендердің батасына ие

 

болады, алғысқа ие болады. Осымен тәрбие сабағымыз аяқталды.              Рахмет.                                                                                    

 

 

 

  Тақырыбы:      Еңбек бәрін жеңбек

Мақсаты

-еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру, өзінің және өзгенің еңбегін құрметтеуге еңбекті сүюге баулу;                                                        

-еңбексүйгіштікке, тәртіптілікке тәрбиелеу;                                                                                            

- зейінін, есте сақтау, саусақ қозғалысының икемділігін дамыту, ауызша сөйлеу, көру қабілеттерін және ұстаздардың айтқандарын орындау дағдысын қалыптастыру;

  Көрнекіліктері: Слайдтар, түймелер, жіп, аяқ киімдер, карточкалар, доп.

Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіздерме, балалар. Мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп отырмын. Біздің бүгін тәрбие сағатымыз аптаның сәтті күнінде яғни, сәрсенбі күні өтіп жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік. Мен барлығыңды жылулық шаттық шеңберіне шақырамын. Слайд

- Бәріміз шеңбер бойлай алдымен оң жағымыздағы, содан кейін сол жағымыздағы тұрған баланың қолын қысып, онымен құшақ жая амандасайық.                                                                                                                                      – Келші, досым, айналайын                                                                                                                                                                                 - Құшақтайын аймалайын.                                                                                                           Бәрі осылайша амандасып шығады.                                                                                                          – Отыра қойыңдар. Енді менің сұрағыма жауап беріңдер.                                               –Біздің бір қолымызда неше саусақ бар?                                                                                    - Екі қолда неше саусақ бар?                                                                                                          - Біз қолымызбен не істейміз?                                                                                                                                             Сонымен қол біздің көмекшіміз. Тағы қандай көмекшілерің бар?                                                   Қол, көз, мұрын, аяқ.                                                                                                                                          – Тәнертең тұрғаннан кейін не істейсіндер? Жаттығу.                                                                    – Одан кейін не істейсіндер? Жуынамыз                                                                                                               - Жуынып болғаннан соң тістеріңді тазалайсындар.                                                                       – Қәзір балалар мына екі баланың тістерін  қалай тазалағанын көреміз. Қайсысы дұрыс тазалағанын қадағалап отырыңдар.                                                                                         Слайд                                                                                                                                   - Жақсы балалар жуынып болғаннан кейін не істейсіңдер?                                                        Төсегімізді жинаймыз.    

                                                                                                                          – Мына суретте төсектердің қайсысы дұрыс жиналған?                                                                          Слайд.                                                                                                                                                         Төсектеріңді жинап болғаннан соң киінеміз.                                                                              – Балалар сендерге мынадай тапсырма (саусақ моторикасын дамыту)                                                                                                                                                                                                             1. Түймелердің үлкенін бір бөлек, кішісін бір бөлек қылып жіпке тізу.                                                                                                                                                     2. Аяқ киімдерді реттеп, оң-терісін ажыратып орындарына қою.                                                         3. Мына қағаздан бәтеңкенің және түрлі түсті баулар суреті қойылған. Бәтеңкеге сәйкес келетін бауды тыңдап дұрыс қою керек.              Ойын «Мен еңбекқор баламын.»                        &nb

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 765 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.02.2015 3241
    • DOCX 591.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Максутова Гульзат Каримовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Максутова Гульзат Каримовна
    Максутова Гульзат Каримовна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12691
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 482 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 274 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 593 человека

Мини-курс

Основы изучения творческих дисциплин: введение в пропедевтику дизайна и изобразительного искусства

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе