Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Еңбекке баулу 1-сынып қмж омж толық сабақ жоспарлары 2016-2017 оқу жылы

Еңбекке баулу 1-сынып қмж омж толық сабақ жоспарлары 2016-2017 оқу жылы

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Барлығы 66 сағат, аптасына 2 сағаттан .

Оқу ісінің меңгерушісі:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Табиғатқа саяхат


Сабақтың жалпы мақсаты

Табиғат жайлы түсініктерін молайту. Буын және оның түрлерін меңгерту.

Дамытушылық: оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік. Табиғаттың ұқыптылққа және шынайылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:Табиғаттың кереметтілігін ұғынады және оны қорғауды біледі. .

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ- жауап , түсіндіру .


Көрнекіліктер



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Допты лақтыру арқылы бір - біріне жақсы тілектерді айту .

Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылар сұрақтарға жауап береді , өткен сабақтан алған білімдерін пысықтайды.

Қызығушылықты ояту

hello_html_6e80bd25.jpghello_html_m42fd1697.jpg

Жаңа материалмен жұмыс.

Балалар міне менің қолымда «Үлкен жүрек» бар. Әр баланың өзінің жүрегі бар. Үлкен жүрек «Адам - анада» және «Табиғат анада» бар. Әркім өзінің қолындағы жүрекшесін анасына деген тілегін айта отырып, үлкен жүрекке әкеліп саламыз. Енді балалар қазір барлығымыз орнымызға отырайық, сабағымызды бастаймыз. Бүгін біз «Табиғат еліне» саяхатқа шығамыз. Әртүрлі аралдарды аралаймыз.
1. Табиғат аралына шығу үшін, сұрақтарға жауап береміз:
- табиғат деген не?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
Балаларға суреттер үлестіріп, суреттерді өлі табиғат пен тірі табиғатқа орналастыру.
- Өлі табиғат деген не? (өспейді, өнбейді)
- Тірі табиғат деген не? (өседі, өнеді, қоректенеді)
- Табиғат қасиеттері туралы түсініктер беру.
Халық өздері қастерлеген жерлерді «Әулие бұлақ», «Әулие ағаш» деп атаған.
Қарлығаш, аққу сияқты құстарды қасиетті санап, оларды өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.
Төле бидің «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» атаулының мағынасын түсіндіру.
Сергіту жаттығуы: «Орманға саяхат»
2. «Қызыл кітап» аралы
- Қызыл кітап деген не екенін суреттер көрсету арқылы түсінік беру.
- Қызыл кітап 1974 жылы Қазақстанда сирек кездесетін, әрі жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды қорғаумақсатныда шықты. Оның парақтары алуан түрлі болады.

Қызыл парақтарға – жойылып кету қаупі бар жануарлар енеді. Ақ парақтарда саны азайған жануарлар мен өсімдіктер енеді. Жасыл парақатарда қайтадан аялап күтсе, қалпына келетіндер енеді.
Мысалы: далада, тауларда топ – тобымен жүретін арқар, бұғы, қарақұйрық, құндыз, дуадақ т.б. жануарларды оңайлықпен табу қиын.
3 «Құстар» аралы Сұрақ- жауап
- Көктемде ең бірінші келетін құстар? (Ұзақ, тырна, үйрек)
- Олардың қандай пайдасы бар? (ағаштарды құрттардан тазалайды)
- Құстар немен қоректенеді? (Құрт, жаңғақ бүрлері)
- Адамадардың досы қандай құс? (Қарлығаш)
- Орман дәрігері қандай құс? (Тоқылдақ)
- Өз атын шақыратын құс? (Көкек)
- Қандай құс хат тасушы? (Ақ көгершін)
- Достық, махаббат символы қандай құс? (аққу)
Құстар туралы тақпақтар айту.
4.«Ойшылдар» аралы
Тиым сөздер айту
Гүлді жұлма,
Ағашты сындырма,
Құсты атуға болмайды,
малдың сүйегін отқа салма,

малдың басынан ұрма т.б.
Суретпен жұмыс («Жақсы – жаман»)
Суға қағаз лақтырған (жаман)
Ағаш егу (жақсы)
Құстарды ату(жаман)
Малды қуып ,тебу (жаман)
Үлкен кісіге орын ұсыну (жақсы)
Табиғатты қорғау үшін не істейміз? Балалардың пікірін тыңдау.
Жұмбақтар «Ауа, су, жер, күн» жөнінде
Көзге көрінбейді,
Ұстасаң білінбейді. (ауа)
Түсі жоқ,
Иісі жоқ
Шөл қандырады. (су)
5. «Экологиялық тұжырым» Қорытынды.
Балаларға жағдаяттар беріліп, өз ойларын дәлелдеп, қорытындылау.

Ой толғаныс

Мәтінді оқушылар тізбекпен оқып шығады.

Жұмбақтарды шеш

Дәмі  аузыңнан  кетпейді,

Қызыл  алша  шырын  бал

Көктей  тісің   өтпейді,

Піскен  кезде  үзіп  ал. (Алма)

Ағайынды  бәрі,

Шықса  жасыл

Түссе  сары.  (  Жапырақ  )

Тәтті,

Тәттінің  іші  қатты,

Қаттының  іші  тәтті.  (  Өрік  )

Көк  лағым  көгенде  жатып  семіреді.   (  Қауын 

Үйге тапсырма беру.

Әр топ «Табиғат» жайлы сурет салады және оны қорғайды

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .



Оқу ісінің меңгерушісі: 2 сағат

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Табиғи материалдардың түрлері мен оны сақтау жағдайы


Сабақтың жалпы мақсаты

Білімділік: Оқушыларды табиғаттан алынатын табиғи материал түрімен таныстыру.
Дамытушылық: Өсімдік дәндерінен бұйымдар жасауды, түрлі композиция құрастыруды меңгерту
Тәрбиелік: Табиғи материалмен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау,

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ- жауап , түсіндіру .


Көрнекіліктер

Табиғи материалдар түрлері , дәндер, жапырақтар, қайыршақтар мен тастар, ермексаз т. б.


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Еңбек туралы мақал – мәтелдер: «Еңбек – ер атандырады»
«Еңбек етсең - емерсің»
«Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті»

Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылар сұрақтарға жауап береді , «Табиғат» жайында салған суреттерін текеру .

Қызығушылықты ояту

hello_html_2262f86b.jpghello_html_m658014c7.jpg


Қағазбен жұмыс .

Жаңа материалмен жұмыс.

Мұғалімнің түсіндірмесі:

(Табиғи материалдан жасалған бұйымдармен таныстыру, көрсету)
Слайдпен аққудың түрліше суреттерімен таныстыру.
Аққу – құс. Аққу сөзіне талдау жасау. Ол топтанып ұшатын, жыл құсы. 300 - 400 жыл өмір сүреді.

hello_html_74569de2.jpghello_html_33d0d623.jpg

Жалпы құстарға тоқталу, олар ұшады, жұмыртқалайды, балапан басады.
«Жалғастыр» ойыны
1.... атпа,... сатпа.
2.... құссыз көл жетім
3. Аққу құсқа оқ тисе,
Қанатын суға тигізбес
4. Өлең енсе сөз сұлу,
... жүзсе - көл сұлу.
Кім жүйрік? Қауіпсіздік ережелерін еске алу
1. Ермексазды аузыңа салма
2. Киіміңе жабыстырма
3. Соңынын қолыңды жу
Суреттерге шолу (слайдтар)
1. «Аққулы көлде» композициясын көрсетіп әңгімелеу.
Қажетті құрал - жабдықтарды атап, оларды шығарып алу
Қатырма қағаз, көк түсті қағаз, ағаштың бүрі, немесе оның орнына жұмыртқаның қабығы,
өсімдіктің жапырақтары, жұмсақ сым.
Жасалу жолын айта отырып орындау. Көлді бейнелеу үшін көк түсті қағазды алып қорап ішіне жайып қоямыз. Аққудың мойынын сымнан иіп дайындап аламыз және оны жұмыртқа қабығына ермексазбен біріктіреміз. Содан соң денесі мен мойнын бірігіп аққу мүсіні шығады оны көлге орналастырамыз.
Айналасын көл бетінде өсетін кептірілген өсімдіктермен әсемдейміз

Ой толғаныс

Біз бүгін немен жұмыс жасадық?
Табиғи материал деген не?
Оны қайдан аламыз?
Аққу туралы ән білеміз бе?

Үйге тапсырма беру.

Аққудың суретін салып , аяқтау .

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .



Оқу ісінің меңгерушісі: 2 сағат

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Өсімдіктерден аппликациялар жасау «Көжек» .


Сабақтың жалпы мақсаты

1. Табиғи материалдан әр түрлі бейне, бұйымдар жасауға болатынын үйрету. Күз мезгіліндегі өзгерістер, қоян туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың табиғатқа ұқсату қабілеттерін байқау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шығармашылыққа баулу.
3. Жұмыс орындарын таза ұстауға, табиғи заттарды үнемдеуге, әдемілеп таза жапсыруға, икемділікке, ептілікке машықтандыру.
Көрнекілігі: жапырақ суреті, қоян бейнесі

Әдіс-тәсілдер

Сұрқ- жауап , түсіндіру .


Көрнекіліктер

Құрал – жабдық: теледидар, видео, қатты картон, желім, қарындаштар


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Жұмбақ шешу.
Тақырыптың атын мына жұмбақ арқылы табайық.
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып, ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
...... екен өзінің
- Жақсы.
Сонымен бүгінгі ертегіміз «Көжек» деп аталады.

Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылар сұрақтарға жауап береді , «табиғат» жайында салған суреттерін текеру .

Қызығушылықты ояту

hello_html_573a410c.jpghello_html_45d57a4c.jpg


Қағазбен жұмыс

Жаңа материалмен жұмыс.

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Еңбек туралы мақал - мәтел айту.
Теледидарға назар аударайық
Мультфильм көру.
Мультфильм кейіпкерлерін атау.
Қоян, қасқыр
- Басты кейіпкер?
Қоян
Ой қозғау: Қоян
Олай болса біз бүгін осы қоянның көжегін жапырақтан бейнелейміз. Біз жаңа жапырақ тірі табиғат екенін, түсі жасыл, күзде сарғаятынын айттық. Ағаштар әр түрлі болады. Соған сай жапырақтары да әр түрлі болады. ( суреттерін көрсету)
Өткен сабақта жапырақты қалай кептіру туралы өткен болатынбыз. Енді сол жапырақтан көжек жасаймыз.

hello_html_62aa819a.jpghello_html_m73987c86.jpg

Топтық жұмыс:
І топ: Көздеріңе елестете отырып, өздерің қалаған заттың бейнесін жасайсыңдар
ІІ топ көжек жасау
Көжектің бөліктерін атау: - басы, денесі, құлағы, қолы, аяғы, құйрығы. 8 жапырақ алу. Санату
Көжектің 2 құлағы, 2 аяғы, 2 қолы тепе - тең, яғни симметриялы.
Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
Практикалық жұмыс: (бірге көжек бейнесін жасау)
ІІ топпен жұмыс
1. Фон таңдау
2. Неше жапырақ керек екенін анықтау
3. Фон бетіне салып орналастырамыз, көжекке ұқсай ма?
Жапырақ орнын белгілеп аламыз
4. Әр бөлшекті өз орнына желімдейміз
5. Аппликацияны таза қағазбен жабамыз
6. Кепкенше бастырып қоямыз

ІІ. І топтың жұмысын тексеру.: Ұзын құлақ сұр қоян.
Көрме ұйымдастыру:
Шығармашылық тапсырма:
Қоян ----------------------------------- жапырақ
Жүреді -------------------------------- жарық керек
Өседі ---------------------------------- өседі
Ауа керек ---------------------------- тірі табиғат
Көбейеді ----------------------------- ауа керек
Сәбіз жейді -------------------------- қурайды
Тірі табиғат
Жапырақтың пайдасы
Ендеше осы бүгінгі ертегіміздің мазмұнын болжап көрейік.
Не туралы деп ойлайсыңдар?
- Жақсы. Енді мына мақалға назар аударыңдар.
«Туған жердей жер болмас,
Туған жердей ел болмас» .
- Кәне , кім мағынасын ашып береді.
- Осы айтқан ойымызды мәтін мазмұнымен салыстырайық. Кітабымызды ашып , тізбектей оқимыз.
- Балалар, әр сөйлемді оқыған кезде мағынасы таныс емес сөздердің астын сызып отырасыңдар.
- Жақсы. Алдымен таныс емес, мағынасы түсініксіз сөздерді талдайық.
Пұштиған - бұл кішкентай деген мағынаны береді.
Бір шыбын жанды - қорыққан деген мағына.
- Енді ертегідегі кейіпкерлерді алайық.
Осыдан соң әр топқа сұрақтар беріледі.
1 - топ: Ертегіден қандай ой түйдің? Бізді неге үйретеді?
2 - топ: Осы ертегідегі туған жерге деген сүйіспеншілікті неден көруге болады?
3 - топ: Шаруаның ісіне қандай баға беруге болады? Ол дұрыс істеді ме?
- Табиғаттың басты талабы не?
- Күз бейнесі есімізде қалай сақталады?
Оқушылардың жауаптарын тыңдау .

Ой толғаныс

Енді өздерің іштей бір оқып шығыңдар.
- Осы ертегіден көжектің қатты қорыққан жерін қандай сөздермен берген?
- Шаруа көжектің анасының істеген ісін дұрыс еместігін қандай сөзден көруге болады?
- Сонымен бұл ертегіден түйгенімізді бір - бір сөйлеммен қорытындылайық.

Үйге тапсырма беру.

Туған жер туралы мақал - мәтел жаттау. Осы ертегідегі көжектің суретін салып келу.

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .


Оқу ісінің меңгерушісі: 2 сағат

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Үлгі бойынша аппликация жасау .


Сабақтың жалпы мақсаты

аппликация ұғымымен таныстыру. Аппликацияны бейнелеуге қажетті құралдармен жұмыс жасаудың әдіс - тәсілдерімен таныстырып, бейнелеу іс - әрекеттерін меңгеруге баулу.
тәрбиелігі: Оқушының бейнелі ойлау, қол икемділі қабілеттерін қалыптастырып, жетілдіру. Түс жарасымдылығын, композициялық шешімін табуға баулу.

дамытушылығы: Оқушыларға форма, көлем, түс жайлы түсініктер бере отырып, олардың бейнелеу, безендіру, құрастыру қабілеттерін дамыту.

Әдіс-тәсілдер

Сұрқ- жауап , түсіндіру .


Көрнекіліктер

Түрлі қағаздан, матадан, табиғи материалдан жасалған аппликациялық суреттер.


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Өзіндік жұмыс.
Тақтаға салынған сурет бойынша, аппликация орындау

Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Өткенсабақ бойынша көжектің суретін салып келген оқушыларды тексеру .

Қызығушылықты ояту

hello_html_38e7e24c.pnghello_html_4feb458e.jpg

Жаңа материалмен жұмыс.

Мұғалімнің түсіндірмесі:

«Аппликация» атауы латынның «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Аппликацияны қолданылатын материалына қарай үшке бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – түрлі қағаздармен орындалатын аппликация. Екіншісі – әр түрлі мата, киіз, тері, шүберек, т. б. қолданумен орындалатын аппликация. Үшіншісі – табиғи материал (сабан, ши, қамыс т. б.) қолдану арқылы орындалатын аппликация.
Сурет түрінде орындалған аппликация түрі біздің заманымызға дейінгі ертеректе Греция өнерінде пайда болған.
Ал әр түрлі мата материалдарында орындалған аппликация түрі 16 ғасырда Италия мен Испанияда, 17 ғасырда Германия мен Францияда пайда болған. Аппликацияның силуэттік түрде орындалуы 18 - 19 ғ. Россияда жақсы дамыды. Аппликацияның қай халық өнерінде болса да алатын орны ерекше. Әсіресе қолданбалы өнерде көп қолданылады. Аппликация Қазақстанда да жақсы дамыған. Қазақ халқының ақ, қара киіз арқылы оюлап жасаған сырмағының өзі – аппликацияның бір түрі. Әсіресе ұлттық киімдерді ою - өрнекпен әшекейлеуде аппликация озық үлгіде дәріптеледі.
Сәндік аппликация түрлері қорап қағаздарды, открыткаларды безендіруде қолданылады. Сәндік аппликациямен қабырға газеттерді, альбом, папкаларды да безендіреді. Сәндік аппликация үлгісімен әр түрлі түсті қағаздардан гүлдердің алуан түрін жасауға болады. Сәндік өрнектік аппликацияны төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер ішінде ою - өрнектерден үйлестіріп орындауға болады.
Сюжеттік аппликация түрінде әр түрлі мазмұнда тапсырмалар орындаудың маңызы ерекше. Өйткені еркін, әр түрлі тақырыпта жасалған аппликация оқушылардың дербес ойлауына және шығармашылық жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады.
2. Жасалу жолдары:
a) Орындалатын суретті түрлі түсті қағаз бетіне қарындашпен салып, қайшымен ойып алу;
ә) Ойылған қиынды кескіндерді қағаз бетіне желімдемес бұрын,
үйлестіріп қойып, орындарын қарындашпен белгілеп алу;

б) Әрбір қиындыны нөмірлеп, рет бойынша белгіленген орынға желімдеу..

hello_html_m6bbe605b.jpghello_html_m63365c77.jpghello_html_m192cb571.jpg

Ой толғаныс

а) «Аппликация» қай елдің сөзі?
ә) Қазақша қандай ұғымды білдіреді? Қалай орындалады?
б) Түрлерін ата
в) Қазақ халқы аппликацияны қайда қолданған?
г) Алғаш қай елде пайда болды?
д) Сәндік аппликация түрлері қайда қолданылады?
(открытка, қабырға газеті, альбом т. б.)

Үйге тапсырма беру.

Аппликацияларды аяқау .

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .




Оқу ісінің меңгерушісі: 2 сағат

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

«Күнбағыс жасау» Биші пішінін құрастыру .


Сабақтың жалпы мақсаты


а) Мәтіннің түрлерімен таныстыру, сол арқылы оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Мәтін түрлерін бір - бірінен ажыратып, оны таба, құра білуге машықтандыру.
ә) Тазалық, ұқыптылық, білімге деген құмарлық, бір - біріне деген достық, қамқорлық қасиеттеріне, табиғатты аялауға баулу.
б) Сөздік қорын молайтып, ауызекі, жазба тілін, логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Оқыту әдісі: сөздік, көрнекі, талдау, салыстыру, ажырату, топтау, проблемалық ізденіс әдісі, өз бетінше жұмыс, жазба жұмысы, ойын әдісі

Әдіс-тәсілдер

Сұрқ- жауап , түсіндіру .


Көрнекіліктер

сөйлемдер жазылған қима қағаздар, күнбағыс мүшелерінің кескін суреттері, М. Жұмабаев портреті .


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.

Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақ бойыншв аппликацияларды аяқтау .

Қызығушылықты ояту

hello_html_63b4ccf1.jpghello_html_2e80fe3f.jpg

Сабақ барысында

Жаңа материалмен жұмыс.

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Өткен сабақты еске түсіріп, бүгінгі тақырыппен байланыстыру мақсатында «Құрастыр» дидактикалық ойынын өткізу.
- Алдымен жұмбақ шешіп алайық. Слайдтан көрініп тұрады.
Жұмбақ шешу: Қалпағы бар дөңгелек,
Сары гүлмен қоршалған.
Қарай қарай күнге ерек,
Мойны талып шаршаған.
- Күнбағыс.
- Балалар, күнбағыс туралы не білеміз? Дүниетанудан алған білімдеріне сүйеніп көрелік.
- Күнбағыс шөптекті өсімдік, оның әдемі сары гүлдері, ортасында қара дәндері, жап жасыл сабағы мен жапырағы болады. Оның дәндері өте пайдалы. Одан түрлі тағамдар мен май алынады. Ол үнемі күнді бағып тұратын гүл. Сондықтан да оны күнбағыс деп атаған.

hello_html_md1cb405.jpg
- Ендеше осы әдемі гүлді құрастыру үшін күнбағыстың мына мүшелерінің артындағы сұрақтарға жауап берейік. (Балалар күнбағыс мүшелерін таңдап, тақтаға шығып жауап беріп, күнбағыс гүлін құрастырады. слайдта сұрақтар көрініп тұрады)
1. Мәтін дегеніміз не?
2. Қандай сөйлемдер мәтін құрайды?
3. Мәтіннің қандай бөліктері болады?
4. Мәтіннің бөліктері қалай жазылады?
- Қандай әдемі күнбағыс гүлін құрастырдық, бұл гүл алдағы жаттығуды орындау барысында қажет болады.
2/ - Мәтін туралы есімізге түсірдік, енді мына қима қағаздағы мәтін бөліктерін дұрыстап ретімен орналастырып, мәтін құрау қажет, - деп алдымен компьютерде берілген бөліктерді бір оқушы ретімен орналастырып, қалған оқушы қолдарындағы қима қағазды тақтаға ретімен қойып мәтін құрайды. Салыстыра, оқиды. Қате болса өздеріне түзетуге мүмкіндік беру.
Мен 2 - сыныпта оқимын. Бізге Айман апай сабақ береді.
Біздің оқитын сыныбымыз ─ кең, жарық. Төбесі биік, қабырғалары аппақ.
Біз сыныпты таза ұстаймыз. Өйткені, ол біздің екінші үйіміз. Мұны балалардың бәрі жақсы түсінеді.
Осылайша тірек - сызба арқылы мәтін түрлерімен таныстыру. Слайдты пайдаланып сызба арқылы анықтаманы өздері айтады. Есте сақтап, жаттап алу.
Осы 199 - жаттығудан пайымдау мәтінін көшіріп алады. Өз бетінше орындалады.
3/ Көркем жазу
4/ Сергіту сәті «Би билейміз» қимылды ән
Иілеміз оңға бір, иелеміз солға бір.
Бір анда, бір мұнда, өзіңді өзің айнала.
Бас аяқты топ, топ, топ,
Шапалақта хоп, хоп, хоп.
Бір анда, бір мұнда, өзіңді өзін айнала.
Басымызды иеміз, би билейміз күлеміз,
Бір анда, бір мұнда, өзіңді өзің айнала.
5/ - Ендеше балалар, осы би билеп, айналып, секіріп, уайымсыз ойнап, шаттанып жүретін адамның қай шағы деп ойлайсыңдар? ─ деп 200─ жаттығуды орындауға дайындау.
Өлеңді оқып, автор М. Жұмабаевтың портретін іліп, ол туралы білетіндерін еске түсіру. Негізгі ойды табу. Осы автордың 40 - беттегі өлеңін еске түсіру.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайраты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін.
200─ жаттығудың соңғы екі жолын жатқа жазу.
6/ - Балалар, мана сабақтың басында құрастырған күнбағыс өсімдігіне оралайық. 201 - жаттығудағы тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрастырайық. Өзіндік жұмыс.
Бір оқушы тақтада әңгіме құрап жазады.
IV. Қорытынды: Сабақты сұрақ - жауап арқылы пысықтап, бекіту
- Балалар, бүгін сабақта немен таныстық?
- Мәтіннің қандай түрлері болады?
- Мәтіннің бөліктері қалай жазылады?
- 201 - жаттығудағы «Күнбағыс» мәтіні қай түрге жатады?

Ой толғаныс

а) «Аппликация» қай елдің сөзі?
ә) Қазақша қандай ұғымды білдіреді? Қалай орындалады?
б) Түрлерін ата
в) Қазақ халқы аппликацияны қайда қолданған?
г) Алғаш қай елде пайда болды?
д) Сәндік аппликация түрлері қайда қолданылады?
(открытка, қабырға газеті, альбом т. б.)

Балалар, сендер де күн мен күнбағыс сияқты бір бірімен дос болып, күндей күлімдеп, мына күнбағыстай жайнап, жадырап жүріңдер! ─ деп сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап, барлығын бағалау, естелікке күнбағыс бейнесін сыйлау.

Үйге тапсырма беру.

Ережені есте сақтап, жаттау.

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .




Оқу ісінің меңгерушісі: 2 сағат

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Гүлдер мен жапырақтардан жасалған ғажайып құрамақтар


Сабақтың жалпы мақсаты


Оқушыларды мәтінің түрлерімен таныстыру, сол арқылы оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Мәтін түрлерін бір - бірінен ажыратып, оны таба, құра білуге машықтандыру.
Сөздік қорын молайтып, ауызекі, жазба тілін, логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Әдіс-тәсілдер

Сұрқ- жауап , түсіндіру .


Көрнекіліктер

сөйлемдер жазылған қима қағаздар, күнбағыс мүшелерінің кескін суреттері, М. Жұмабаев портреті, компьютерден слайд,


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Иілеміз оңға бір, иелеміз солға бір.
Бір анда, бір мұнда, өзіңді өзің айнала.
Бас аяқты топ, топ, топ,
Шапалақта хоп, хоп, хоп.
Бір анда, бір мұнда, өзіңді өзін айнала.
Басымызды иеміз, би билейміз күлеміз,
Бір анда, бір мұнда, өзіңді өзің айнала.

Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақ бойынша әңгімені аяқтау .

Қызығушылықты ояту

hello_html_3a6722b7.jpghello_html_402e220b.jpg

Жаңа материалмен жұмыс.

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Бүгінгі өтілетін тақырып бойынша гүлдер мен жапырақтардан жасалған ғажайып құрамақтар тақырыбында сабақ . Жасалу жолы: Гүлдерді алып , жапырақтармен бірге ғажайып құрамақтар жасадық .

Алдымен жұқалау қатырма қағазды дайындаймыз. 2.Гүлдердің қалдықтары мен жарамсыз жапырақтары жинап , ретімен орналастырып оның үстіне қағаздар ғажайып құрамақтар жасаймыз

Қатырма қағаз –қағаздың қалың әрі тығыз түрі. Оны өндіру жолы қағаз жасаумен бірдей, тек қатырма қағаз үшін ірілеу және қаттылау ағаш талшықтары қолданылады. Қатырма қағаздан жасалатын заттарға: дәптер мұқабасы, дәрілік қораптар, кітап мұқабасы жатады.

- Ендеше балалар, осы би билеп, айналып, секіріп, уайымсыз ойнап, шаттанып жүретін адамның қай шағы деп ойлайсыңдар? ─ деп 200─ жаттығуды орындауға дайындау.
Өлеңді оқып, автор М. Жұмабаевтың портретін іліп, ол туралы білетіндерін еске түсіру. Негізгі ойды табу. Осы автордың 40 - беттегі өлеңін еске түсіру.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайраты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін.
200─ жаттығудың соңғы екі жолын жатқа жазу.
- Балалар, мана сабақтың басында құрастырған күнбағыс өсімдігіне оралайық. 201 - жаттығудағы тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрастырайық. Өзіндік жұмыс.
Бір оқушы тақтада әңгіме құрап жазады.
Қорытынды: Сабақты сұрақ - жауап арқылы пысықтап, бекіту
- Балалар, бүгін сабақта немен таныстық?
- Мәтіннің қандай түрлері болады?
- Мәтіннің бөліктері қалай жазылады?

Ой толғаныс

а) «Аппликация» қай елдің сөзі?
ә) Қазақша қандай ұғымды білдіреді? Қалай орындалады?
б) Түрлерін ата
в) Қазақ халқы аппликацияны қайда қолданған?
г) Алғаш қай елде пайда болды?
д) Сәндік аппликация түрлері қайда қолданылады?
(открытка, қабырға газеті, альбом т. б.)

Балалар, сендер де күн мен күнбағыс сияқты бір бірімен дос болып, күндей күлімдеп, мына күнбағыстай жайнап, жадырап жүріңдер! ─ деп сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап, барлығын бағалау, естелікке күнбағыс бейнесін сыйлау.

Үйге тапсырма беру.

Аппликацияны аяқтау .

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .





Оқу ісінің меңгерушісі: 2 сағат

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Тастардан «қадам» , тасбақа жасау .


Сабақтың жалпы мақсаты

1.Ойлауға үйрету, өз пікірін айтуға үйрету.
2.Өз байқаулары бойынша өзіндік ізденістерге жетелеу арқылы білім беру.
3.Әр түрлі стратегиялар арқылы ашық қарым-қатынасқа үйрету, бала бойындағы қабілеттерді ашу.
1.Сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін шыңдау.

Әдіс-тәсілдер

Сұрқ- жауап , түсіндіру .


Көрнекіліктер

Автор потреті, тасбақаның суреті, қосымша мәтін (теңіз тасбақасы), ватман, кесте картасы.Бағалау: Бақылау, салыстыру кестесі.


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

1.Мазмұнына байланысты: мәтінді толық талдай отырып, тасбақа туралы алған білімін өз өмірінде қолдана алатын болады.
2.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, мәтінді т.б. қосымша материалдарды зерттеп талқылап, тасбақа жайлы алған білімін өз бетімен ұйымдастырып, талдау жасай алатын болады.
3.Топпен жұмыс: кішігірім топтарда жұмыс жасай отырып, қорытынды жасайды.

Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақ бойынша әңгімені аяқтау .

Қызығушылықты ояту

hello_html_m23ba55f3.jpghello_html_c80f6e5.jpg

Жаңа материалмен жұмыс.

Мұғалімнің түсіндірмесі:
Тасбақа жайлы не білесіңдер немесе не білемін деп ойлайсыңдар? Серіктесіңізбен сол жайлы пікір бөлісіп, талқылап, пікірлесіңіз. Серіктесіңіз не білетінін сұрап, ортаға салыңыз. Шағын топтарда талдап, орталарыңыздан лидерге сөз беріңіз.
Мағынаны ажырату сатысы: INSERT стратегиясы бойынша жұмыс жасау жолын ескерте отырып, мәтінді оқу барысында қарындашпен белгі қоюларын ескертемін.
V – білемін
+ — жаңа білім
—   — білмедім, түсініксіз
? – таң қалдым, зерттеймін.
Сыныпта v, – екі белгімен жұмыс жүргізіледі де, +, ? белгісі бойынша үйге кесте толтыру тапсырылады.
Топпен жұмыс: карточкалар таратылады.
Ой толғаныс сатысы: Әр топ басшысы және т.б. оқушылармен тек сұрақтар бойынша талдау жүргізіледі. Енді тасбақа туралы 5 жылды өлең жазамыз. Оқушылар өздерінің авторлық дәптерлеріне өз өлеңдерін жазады.
hello_html_1796088d.jpg hello_html_34f45a57.jpg


Суретпен жұмыс .

1.Не? – Тасбақа.
2.Қандай? – Үлкен, қоңыр, шегір көзді.
3.Не істейді? – Тарбаңдайды, бұғады, тұқшаңдайды.
4.Жусандағы тасбақа.
5.Ол – бақыт арқалаған тасбақа т.б. өлеңдерін жазады.
6.Шағын топтарда жазған өлеңдерін талдау, әр топтан ортаға бір оқушыға сөз беремін.
7.Жалпы қорытынды ойды тақтаға ватманға жазамын.

Ой толғаныс

а) Балалар, бүгінгі жұмыс ұнады ма?
ә) Не жасап үйрендік?
б) Көрме ұйымдастыру.
в) Жұмыс орнын жинау.

Үйге тапсырма беру.

Тастардан жасалған тасбақаны аяқтау .

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .




Оқу ісінің меңгерушісі: 2 сағат


ЕҢБЕККЕ БАУЛУ

Әр сыныптың бір жылдық сабақ жоспарлары (кмж омж) 1000 теңгеден


Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне

не Каспийбанк депозиті арқылы ЖСН 750115401055 номеріне ақша аударып 

осы номерге телефон соғып, қажетті сабағыңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті сабақты жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған сабағыңыздың толық нұсқасы салынады.





Байланыс телефоны (ватсап) : 8-701-859-48-75 Сауле




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 07.11.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров52
Номер материала ДБ-327585
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх