Инфоурок / Другое / Научные работы / Еңбекке баулу пәнінен "Табиғи материалдардан "Құмырадағы гүл" композициясын жасау

Еңбекке баулу пәнінен "Табиғи материалдардан "Құмырадағы гүл" композициясын жасау

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Пәні: Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдардан «Құмырадағы гүл» композициясын

құрастыру

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғи материалдардан «Құмырадағы гүл»

композициясын құрастыруды үйрету

Білімділік: Оқушылардың композиция туралы білімдерін кеңейту,

«Құмырадағы гүл» композициясын құрастырудың әдіс-

тәсілдерін көрсету.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, белсенділікке, шапшаңдыққа,

тазалыққа баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, дүниетанымын арттыру

шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдіс –тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі : Құмырадағы гүлдер

Керекті құрал-жабдықтар: апельсиннің қабығы, желім, қатты картон, мата, ине,

жіп, қайшы т.б

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

IV. Қорытындылау

V. Үйге тапсырма беру

VI. Бағалау

І.Ұйымдастыру бөлімі:

М: Балалар, бүгін бізде өте ерекше сабақ. Өйткені бізге қонаққа апайлар келіп отыр. Осы апайларға өздеріңді жақсы жақтарыннан көрсете білулеріңе тілектеспін.

Психологиялық дайындық

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

М: Үйге қандай тапсырма берілді?

О:Жемістің қабығын үзбей кесіп әкелу

М: Барлығымыз жемісті кесіп әкелдік пе?

О:

ІІІ. Жаңа сабақ

Кіріспе әңгіме

М: Табиғи материалдарға нелер жатады?

О: Ағаш, жаңғақ, бұтақ, тас, топырақ, қағаз т.б.

М: Жарайсыңдар, балалар, бүгін біздер табиғи материалдардан «Құмырадағы гүл» композициясын құрастырамыз.

Табиғат байлығы алуан түрлі. Табиғи материалдардан тамаша кәдесыйлар жасап үйренуді ары қарай жалғастырамыз. Біз бүгін цитрусты жемістердің қабығы мен жапырақтарынан әртүрлі материалдардан «Құмырадағы гүл» композициясын құрастырамыз.

Композиция (латын сөзі – kompositio – құрастыру, тәртіпке келтіру) – көркем шығарманың құрылысы. Көркем әңгіме не поэма, не роман, қайсысын оқысақта әр алуан сюжетке құрылады. Сюжет дегеніміз- шығармадағы адамдардың бір-бірімен байланысы, қарым-қатынасы, күрес-тартыстары, шығармадағы оқиғалардың дамуы болып есептеледі. Ендеше оқиға қалай болса солай суреттелмейді. Белгілі бір тәртіппен дамиды. Бір оқиға себеп болса, екіншісі оның нәтижесі. Адамдар арасындағы қарым-қатынас күрес-тартыстар тек кездейсоқ емес, өмір шындығы, өмірге екі түрлі көзқарас, екі түрлі мінездің түйісуі екендігі аңғарылады. Оқиғаның белгілі бір мезгілде болғандығы көрсетіледі. Шығармада кездесетін оқиғаның осылар тәрізді әр алуан бөлшектердің қалауын тауып жазушы асқан шеберлікпен қиюластырып, бір бүтін нәрсе етіп шығарады. Міне осыны шығарманың композициясы- құрылысы деп атайды.

Композиция (құрылыс)- көркем шығарманың барлық түріне қатысы бар ұғым. Ал сюжет тек оқиғалы шығармаларға ғана қолданылады. Ал еңбекке баулу пәнінде композиция дегеніміз- бұл түрі, түсі әртүрлі безендіру элементтерін, бөліктерін бір-бірімен сәйкес үйлестіріп орналастыру. Енді қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.

Қауіпсіздік ережесі

  1. Желімді пайдаланған кезде жұмыс орнына целлофан немесе қағаз төсе.

  2. Желімді қылқаламмен көп іліп алма.

  3. Қылқаламды арнаулы орынға қой.

  4. Қайшымен ойнауға болмайды.

  5. Инені киіміңе шаншыма.

  6. Инені арнаулы орында сақта.

  7. Құралдармен ойнама.

  8. Біреуге үшкір затты ұсынғанда ұшын өзіңе, сабын кісіге қаратып бер.



Жұмыстың орындалу реті.



  1. Бір түсті мата дайындап, оған өлшемі 1см кем қатырмақағазды қойып артық бөлігін қайырып желімде.

  2. Матаның тең ортасынан бормен тік сызық түсір. Құмыра мен гүлдің орнын белгіле.

  3. Апельсиннің қабығын біркелкі болатындай етіп, үзбей кесіп ал.

  4. Кесілген қабықты раушан гүлінің түріне келтіріп ора.

  5. Гүлді матадағы белгіленген орынға тігіп, ағаш жапырақтарын жапсыр .

  6. Түсті қағаздан құмыраның пішінін қиып, белгіленген орынға желімде.

(Оқушылардың жасаған жұмыстарынан шағын көрме ұйымдастырылады.)





IV. Қорытындылау

М: Сонымен балалар біз не жасап үйрендік?

О:

М: Сендерге бүгін сабақ ұнадыма?

О:



V. Үйге тапсырма беру

М: Балалар, үйден құстың қауырсынын, қатты картон, желім, қайшы әкелу.



VI. Бағалау

М: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мақтау, мадақтау әдісі арқылы бағалаймын.











































.












Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-088274

Похожие материалы