Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыЕңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті

Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Еңбектің наны тәтті.

Мақсаты: Балалардың «еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-         еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-         еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну, іскерліктерін дамыту;

-         еңбек сүйгіштікке, табандылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдары: дәптер, оқулық, түрлі түсті қағаздар, қайшы.

  Шаттық шеңбері

Мұғалім балалармен бірге шаттық шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі. Мына өлең жолдарын дауыстап айтады:

Әдепті де өнерлі,

Еңбексүйгіш баламыз.

Жаңа істің шебері,

Жасаушысы боламыз.

Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру.

  -Алдыңғы сабақтарда біз өнер мен білімді игеру мен ақылды болу үшін көп еңбектену қажеттігі туралы қызықты шығармалармен таныстық. Адам еңбектің дәмін өзі тер төккенде ғана жақсы сезінеді. Бүгін біз осы туралы әңгімелесеміз.

  Әңгімелесу

Оқушылармен

*Адамға еңбекқорлық не үшін қажет?

*Өз еңбектеріңіздің жемісін көрген кезде қандай сезімде болдыңдар? Деген сауал бойынша әңгімелесу.

  Мәтінмен жұмыс

  Еңбек етудің мәнін түсіндіру үшін әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады.

Осы жерде мәтін таратылмас бұрын оқушыларға  3-топқа бөлінуді ұсыну.

Топтарға  үлестірмелі карточкада жазылған  мәтіндер таратып беру. Әр топ берілген мәтінді оқып мазмұнын әңгімелеп береді.

1-топ «Маңдай тер»  Б.Досымов.      

2-топ «Түскі тамақ пен кешкі тамақ» С.Көбеев.

3-топ «Еңбекпен тапқан тиын» ( грузин ертегісі)

Әр топқа өз мәтінінің мазмұны бойынша сұрақтар  қойылып, жауаптары тыңдалады.

   Сергіту сәті

   Еңбектің мәнін ұғындыру мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылады.

 

                      Еңбек

                                                        Н.Жанаев

Қырға шықсаң, өрлеп,

Мұның аты – Еңбек.

Кесте тіксең , зерлеп,

Мұның аты – Еңбек.

Сабағыңа жөндеп

Әзірленсең – Еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

    Дәйек сөз

  Оқушылардың ойлары дәйексөздің мәнін түсіндірумен түйінделеді.

Тақтаға «Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар» деген халық мақалын жазып қою және оның мәнін түсіндіру.

    - Әр адам өз еңбегінің нәтижесін көргенде асқан қуанышты сезімде болады, оны басқалардың таптауына жол бермейді. Әркімге өзінің еңбегімен келген нәрсе ыстық және қымбат. «Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар» деген халық даналығы осыдан шыққан.

     Тапсырма

   Сабақта оқушылардың алған білім-біліктерін дамыту мақсатында әр топқа тапсырма беріледі.

   1-тапсырма бойынша оқушылар оқулықта ұсынылған суреттерге қарап , өздеріне ұнайтын еңбек туралы айтып береді.

   2-тапсырма бойынша өз қолдарыңмен түрлі бұйымдар жасап, «Бәрі де еңбектің арқасы» атты  көрме ұйымдастырады.

    Жаңа ақпарат

Мұғалім оқушыларға еңбек, еңбекқорлық сөздерінің мағынасын ашып түсіндіреді:

    «Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады.»

    Ойын

    Балалардың денесін сергіту мен жұмыс істеуге дағдыландыру мақсатында « Аралар» атты ойын жүргізіледі

    Бір топ бала қол ұстасып, шеңбер жасап тұрады да, 3-4 бала ортаға шығады.

-         Баудағы кім?

-         Олар – аралар.

-         Ара болсаң, ызыңда

-         З-з-з, ж-ж-ж, з-з-з, ж-ж-ж!

-         Жұмыс істе , тығылма!

  Аралар бір-бірімен сөйлесе бастайды, қандай жұмыс түрін көрсететінін келіседі. «Жұмыс істе, тығылма!» -деген сөзді естіген кезде тоқыма тоқығандай, ағаш жарғандай, оны аралағандай, еден сыпырғандай қимыл-қозғалыстар жасайды:

      Топ-топ ара ұшады,

      Үстімен де бұтаның,

      Астымен де бұтаның.

     Үстімен де бұтаның.

   Балалар осылай әндетіп, аралардың қимылын қайталайды да: «Тап болсаң бір жалқауға, алып кел оны ортаға!» -деп хормен әндетеді.

    Аралар осы сөздерді айта жүріп, өздерінің қимылын қайталай алмаған «жалқауларды» ортаға шығарады да, өздері солардың орнына барып тұрады. Енді шеңбер жасап тұрғандардың бәрі  дауыстап әндетеді:

     Әй-әй , жалқау бұл қулар,

     Жалқауды тез қуыңдар!

   Сөйтіп, сұқ саусақтарын шошайтып жалқауларды аластайды. Бұдан кейін ойын қайта басталады.

    Дәптермен жұмыс

  Дәптердегі тапсырма оқушылардың еңбек туралы ойларын тереңдету мақсатында беріледі.

  Тапсырма: Дәптерде берілген Ертай Ақышбаевтың «Маңдай тердің жемісі» атты өлеңін оқып, мазмұнына сәйкес сурет салу.

   Қорытындылау

  - Адал еңбек адамды қуанышты сезінуге, өзіне деген сенімділікке жетелейді, бақытқа, байлыққа жеткізеді. Еңбексүйгіш адам айналасына да сыйлы, беделді болады. Әрқашан өз ісімізге адал болып, еңбектің тәтті дәмін сезіне білейік. Адал еңбекті бағалап, қадірлейік.

   Жүректен жүрекке

 Мұғалім балалармен бірге шеңбер құрып тұрады да кезегімен «Өз еңбегіңнің жемісі неліктен тәтті?» деген сұраққа жауап беріп шығады. Балалардың жауаптары «Өйткені ...»

деп басталады:

  -Өйткені өз қолыңмен жасайсың.

-  Өйткені өз күшіңді жұмсайсың.

-  Өйткені қиналып, шыдап көресің.

  Бір-біріне еңбектерінің жемісті болуына тілек білдірулерін сұрау.

 

 

                                      

 

 

 

                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты: Балалардың «еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-         еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-         еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну, іскерліктерін дамыту;

-         еңбек сүйгіштікке, табандылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдары: дәптер, оқулық, түрлі түсті қағаздар, қайшы.

  Шаттық шеңбері

Мұғалім балалармен бірге шаттық шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі. Мына өлең жолдарын дауыстап айтады:

Әдепті де өнерлі,

Еңбексүйгіш баламыз.

Жаңа істің шебері,

Жасаушысы боламыз.

Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру.

  -Алдыңғы сабақтарда біз өнер мен білімді игеру мен ақылды болу үшін көп еңбектену қажеттігі туралы қызықты шығармалармен таныстық. Адам еңбектің дәмін өзі тер төккенде ғана жақсы сезінеді. Бүгін біз осы туралы әңгімелесеміз.

  Әңгімелесу

Оқушылармен

*Адамға еңбекқорлық не үшін қажет?

*Өз еңбектеріңіздің жемісін көрген кезде қандай сезімде болдыңдар? Деген сауал бойынша әңгімелесу.

  Мәтінмен жұмыс

  Еңбек етудің мәнін түсіндіру үшін әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады.

Осы жерде мәтін таратылмас бұрын оқушыларға  3-топқа бөлінуді ұсыну.

Топтарға  үлестірмелі карточкада жазылған  мәтіндер таратып беру. Әр топ берілген мәтінді оқып мазмұнын әңгімелеп береді.

1-топ «Маңдай тер»  Б.Досымов.      

2-топ «Түскі тамақ пен кешкі тамақ» С.Көбеев.

3-топ «Еңбекпен тапқан тиын» ( грузин ертегісі)

 

Әр топқа өз мәтінінің мазмұны бойынша сұрақтар  қойылып, жауаптары тыңдалады. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 866 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.04.2015 10711
    • DOCX 36.5 кбайт
    • 20 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кувандыкова Толганай Демегеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18709
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Мини-курс

Создание и продвижение сайтов для достижения максимальных результатов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 15 регионов

Мини-курс

Основы программирования и мультимедиа: от структуры ПО до создания проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Судебные процессы и их особенности

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 13 человек