Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / "Еxcel диаграммалар" 10 сынып

"Еxcel диаграммалар" 10 сынып

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Excel диаграммалары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, топтама

Дидактикалық материалдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Қоңырау оғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Жаңа материалдың мазмұны:

Excel диаграммалары Диаграмма – мәліметтерді көрнекі түрде бейнелеудің бір тәсілі. Ол кесте

ішінде орналасқан сандық мәндерді диаграмма немесе график түрінде көрсетеді. Кітап бетіндегі кестелерге оларды салыстыру, талдау қиынға түседі. Диаграммадағы мәліметтер оның типіне қарай нүкте, сызық, сектор және басқа да элементтер арқылы көрсетіледі.

Диаграмманың типі диаграмма құруға арналған мәліметтерге байланысты таңдалады. Диаграмманың типтерін және олардың қолданылуларын қарастырайық..

  • Гистограммаларды бір немесе бірнеше мәліметтер жиынындағы мәндерді салыстыру кезінде қолдану ыңғайлы.

  • Сызықтық диаграммалар өстері басқа бағытта орналасқан диаграммалар. Гистограммалардан айырмашылығы мұнда катигориялар өсі вертикаль, ал мәндер өсі горизонталь бағытта орналасқан.

  • Дөңгелек диаграммалар бүтін нәрсенің оның бөліктерге бөлінуін көрсетеді. Бұл бүтін диаграммада әр бөлік бүтіннің қандай бөлігін құрайтыны анық көрінеді.

  • Нүктелік диаграммалар статистикада кеңінен қолданылады. Бұл диаграммада мәліметтердің бір – бірінен алшақ орналасуын, сондай – ақ бірнеше мәлімет жиындары аралығындағы реттеуді көрнекі түрде көрсете аламыз.

  • Аймақты диаграммалар графиктер тәрізді болады. Бұл диаграммалар бірқатар уақыт аралықтарындағы мәліметтердің өзгеруін көрсетеді. Аймақты диаграммалар дөңгелек диаграммалар сияқты бүтіннің қандай бөліктерден тұратынын көрсете алады.

  • Сақиналы диаграммалар – дөңгелек диаграмманың бір түрі. Бұл диаграммада да бүтін мен оның бөліктерінің байланысын көрсетеді. Сақиналы диаграмманың дөңгелек диаграммадан айырмашылығы мұнда әр түрлі мәліметтерді көрсету мүмкіндігі бар.

  • Күлтелік диаграммалар. Арнайы бір жағдайларда болмаса қолдануға ыңғайсыз. Бұл диаграммалр бір мезгілде әртүрлі мәліметтер тізбегінің, сондай-ақ әрбір тізбектер мен барлық тізбектер арақатынасын бейнелей алады.

  • Беткейлік диаграммалар. Бірнеше айырмалардың өзара байланысын немесе өте көлемді мәліметтерді көрнекі түрде көрсетуде қолданылады.

  • Көпіршікті диаграммалар. Жазықтықта үш мәннен тұратын жиынды көрсетеді. Алғашқы екі шама көпіршіктің орналасқан нүктесін анықтайды. Бұл жағдайда ол нүктелік диаграммаға ұқсайды. Үшінші шама көпіршіктің көлемін көрсетеді.

  • Биржалық диаграммалар. Үш шамадан тұратын мәліметтер жиынын көрсетеді. (ең жоғарғы курс, ең төменгі курс және курстың жабылуы).

  • Цилиндрлік, конустық, пирамидалық диаграммалар – аталған геометриялық денелер түріне сәйкес келетін бағаналы гистограммалар болып табылады.

Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.

Үйге тапсырма: Excel диаграммалары .

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін

талдау, бағалау.


Автор
Дата добавления 11.12.2015
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров118
Номер материала ДВ-250168
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх