ЭДТ тұрғысынан тұздардың ортақ қасиеттері. (9 сынып)

Предпросмотр материала:

Сабақтың тақырыбы: ЭДТ тұрғысынан тұздардың ортақ қасиеттері.

Сабақтың мақсаты: Тұздардың ортақ химиялық  қасиеттерін біле отырып,  ЭДТ тұрғысынан  реакция теңдеулерін дұрыс жазуға дағдыландыру.

Сабақтың міндеті: 1. Ион алмасу реакцияларының молекулалық, толық иондық, қысқартылған иондық теңдеулерін жаза біледі.

2. Қайтымсыз реакциялар қандай үш жағдайда аяғына дейін жүретінін біледі.

3. Тұздардың қасиеттерін біле отырып, эксперимент жасай алады.            

Күтілетін нәтиже: ЭДТ тұрғысынан тұздардың қасиеттерін біледі,молекулалық, толық-иондық, қысқартылған-иондық теңдеулерін жаза алады.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. (2мин)

Сабақтың барлық кезеңдері презентация арқылы көрсетіліп отырады.

а) Топқа бөлу(химиялық ыдыстардың суреттерін таңдап алып, төрт топқа бөлінеді)

б) Топ ережесін еске түсіру.

в) Топтағы рольдерді анықтау.

г) Бағалау парағы беріледі.

Химия теориясы. Оқулықта 47-беттегі 3кестені оқып, талдап, бір-біріне түсіндіру. (2мин) Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, жазып түсіндіреді, оқушылар дәптерлеріне жазады. (5мин)

Енді осы түсінгендері бойынша 4-топқа тапсырма береді. (20мин)

Сынауық

Қысқыш

Құты

Құйғыш

CaCO3

BaCI2

FeSO4

K2SO4

Осы берілген тұздар бойынша әр топ үй жұмысы ретінде презентация жасап, ЭДТ-тұрғысынан қасиеттерін жазып, постер жасап келеді де, сабақта қорғайды және осы берілген тұздардың қышқылдармен, сілтілермен, тұздармен алмасу реакцияларын көрсететін эксперимент жасайды.

Химия зертханасы:

Сынауық тобы. Кәдімгі бор кальций карбонаты натрий карбонаты ерітіндісіне кальций хлориді ерітіндісін құйғанда түзіледі. Реакция теңдеуін жаз.

Қысқыш тобы. Барий хлориді ерітіндісіне күкірт қышқылын аздап қосқанда тұнба түзілгені байқалады. Ол қандай тұнба? Реакция теңдеуін жаз.

Құты тобы. Темір (II) сульфаты ерітіндісіне натрий гидроксидін құйғанда қоңыр жасыл тұнба түзіледі, бұл қай зат, реакция теңдеуін жаз.

Құйғыш тобы. Калий гидроксиді ерітіндісіне фенолфталейн тамызғанда таңқурай түске боялады, үстіне 1-2 тамшы күкірт қышқылын тамызса, түссізденеді. Реакция теңдеуін жаз.

Сергіту сәті. Жаттығу жасау (2мин)

Есеп шығару(10мин)

Тұздар туралы қысқаша хабарлама.(Бейсенова Қымбат) 2мин.

Үйге тапсырма: 47-бет 3-кесте. 48 бет. №9,10.

Рефлексия. Стикерге жазып, оқып, жапсырады.

 

 

Краткое описание материала

                                                                                                                                                                                                         

ЭДТ тұрғысынан тұздардың ортақ қасиеттері. (9 сынып)

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

                                                                                                                                                                                                         

Автор материала

Сальменбаева Мунира Жукановна

учитель

  • На сайте: 10 лет и 10 месяцев
  • Всего просмотров: 8693
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 8
  • 8693
    просмотров
  • 8
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Сальменбаева Мунира Жукановна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

Попробуйте новый ИИ-ассистент для учителей

Создавайте рабочие листы, тесты, презентации и картинки за секунды!

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: