Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / «Екі лақ» ертегісі (2 класс)

«Екі лақ» ертегісі (2 класс)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Екі лақ»
Мақсаты:
Ертегілер туралы білімдерін күшейту.
Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу.
Баланың сөздік қорын дамыту, сөз өнеріне деген құрмет.
Балаларды еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: сұраққа жауап беру, «Екі лақ» ертегісіндегі кейіпкерлердің рөлін сомдау.
Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім:

Ал балалар, бүгінгі күн ерекше күн, себеі бізге апайлар қонаққа келді. Қане, сол қонақтармен сәлемдесейікші:
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
- Балалар, енді бүгінгі ертегіміз ерекше болғалы тұр, кәне маған қараңдар.
Ертегі дегеніміз не екенін білесіңдер ме?(жауап)
Қандай ертегілерді білесіңдер?(жауап)

Өте жақсы, бүгін ертегіні оқып, түсініп, біліп қана қоймай ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өзіміз ойнап көрсетеміз. Бұл ертегі "Екі лақ" ертегісі.

Ақ лақ- Әшімова Ақбота, қара лақ- Ералиева Сағыныш, түлкі- Әбілғазиева Сағинұр, қасқыр - Жәңгіров Олжас, қойшы - Қонақбай Назарбек, автор- Жайбергенова Мадина
Залда «Ерте, ерте, ертеде» өлеңі орындалады.

Ақ лақ пен Қара лақ әрі жүгіреді, бері жүгіреді. Жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мына жағы - қалың шілік, ана жағы - қалың бау. Маңайда ешбір қой-ешкі көрінбейді. 
- Сен Ақ лақсың, түк білмейтін ақымақсың. Мені әрлі-берлі сүйреп жүріп, ақыры адастырдың. Жаның барында қойды тауып бер! - деп, Қара лақ Ақ лақты бүйірден бір түйіп кеп қалады.

- Ақ лақ - ақымақ! Жаның барда түс дейім алға! - деп, зекіреді Қара лақ тағы да. Ақ лақ әрі ойланады, бері ойланады. Жүрген-тұрған жерлерін еске алады. 
- Ұзап кеткен қойды қалай табамыз. Кім біледі, ендігі тау асып, жайлауға жетіп те қалған шығар.
Ал жайлауға барар жолды табу да оңай емес. Сонда да жол кесіп көрейін. Бірақ саған айтатын сөзім бар, ешкіммен егеспейсің, айтқанымды істейсің. Осыны орындамасаң, адасып өлеміз, - дейді Ақ лақ. «Өлеміз» деген сөзді естігенде Қара лақ үрейі ұшып қорқып кетеді. Қанша тентек болғанмен, Ақ лақтың тілін алуға уәде береді. Ақ лақ жол бастап, алға түседі. Қалың шөпті олай-бұлай жапырып жүріп отырады.. Ойда жоқта алдарынан бір Түлкі шыға келеді. 
- Түу, өзің бір аппақ қардай, әдемі лақ екенсің. Ағаң да әдемі. Шаршап қалған шығарсыңдар. Біздің үйге соғып, дәм татып кетіңдер. Менің де өздеріңдей екі балам бар, бірге ойнайсыңдар, - дейді Түлкі. Ал өзі ішінен: «Ақ лақ кішкентай екен. Қапысын тауып, осыны жәукемдейін. Бірақ мұны көрген ағасы қорқып, қашып кетеді-ау!» - деп ойлайды. Не айтатынын күні бұрын ойлап қойған Ақ лақ былай деп, тіл қатады: 
- Түке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді касқыр күтіп отыр. Ол Қара лақ екеумізді қонаққа шақырып еді. Сізге еріп кеткенімізді көрсе, ашуланады ғой. Қасекеңнің кәрі қатты. Мүмкін өзіңіз де бізбен бірге жүрерсіз. 
- Жарайды, ендеше. Жүре беріңдер, мен арттарыңнан барармын, - дейді де, Түлкі бір қулық ойлайды. Бір кезде алдарынан тайыншадай көкжал Қаскыр кез бола кетеді. Ол аузын арандай ашып, бірден екі лаққа тап береді. Қасқырды көрген Түлкі сайға қарай зытады. 
- Қарным ашып келе жатыр еді, мұндай жақсы болар ма! Мен қазір сендерді жеймін! - дейді Қасқыр. 
- Қасеке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді Арыстан күтіп отыр. Ол таудағы жортқан аң, ұшқан құс атаулыға патша болу үшін кеше осында келіпті. Ертеңгі асына екі бұзау, түскі асына екі лақ, кешкі асына екі қозы жейді екен. Сіздің мына қылығыңызды көрсе, ол бұлқан-талқан боп ашуланып жүрер. Тіпті, өзіңізді жазым етер, - дейді Ақ лақ. 
- Бә-ә! Әй, Қасқыр! Мына Арыстанды қара-а! Шақырып тұр, - деп, бақырып қоя береді Қара лақ тыныш тұрмай. Қасқыр қатты сасқалақтайды, әрі-бері алақтап тұрады да: 
- Бәлесінен аулақ. Бар, жандарыңның барында кетіңдер, түге! - деп жөнімен жүре береді. 
- Жүгірген бойымен екі лақ бір таудың басына шығады. Тауға шығып, айналаға қараса, тауды бөктерлей бір қора қой қаптап жайылып келеді, қойдың артында астында аты бар, қасында иті бар қойшы келеді. Қойды көргенде есі шығып қуанғаннан екі лақ «Бә... Бә» деп маңырап қоя береді. 
Шопан ата жол бастап, бұрын келген Ақ лақты жерден көтеріп алады. 
- Мен сендерді ойдан-қырдан іздеп, таба алмай қойып едім. Өздерінің тауып келгенін қарашы. Жарайсың, Ақ лағым, жарайсың! Сені «Ақ лақ - ақымақ» деп мазақтайтындардың өздері ақымақ! - деп, Ақ лақты құшақтап бауырына қысады. 

Мұғалім:

Балалар ертегі кейіпкерлерін жақсы сомдағандарың үшін көп-көп рахмет!
Балаларымыздың өнерлерін тамашалаған апайларға да рахмет.
Келесі ертегіні тыңдағанға дейін қош сау болыңдар.






Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Екі лақ»
Мақсаты:
Ертегілер туралы білімдерін күшейту.
Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу.
Баланың сөздік қорын дамыту, сөз өнеріне деген құрмет.
Балаларды еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: сұраққа жауап беру, «
Екі лақ» ертегісіндегі кейіпкерлердің рөлін сомдау.
Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім:

 Ал балалар, бүгінгі күн ерекше күн, себеі бізге апайлар қонаққа келді. Қане, сол қонақтармен сәлемдесейікші:
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
- Балалар, енді бүгінгі ертегіміз ерекше болғалы тұр, кәне маған қараңдар.
Ертегі дегеніміз не екенін білесіңдер ме?(жауап)
Қандай ертегілерді білесіңдер?(жауап)

Өте жақсы, бүгін ертегіні оқып, түсініп, біліп қана қоймай ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өзіміз ойнап көрсетеміз. Бұл ертегі  "Екі лақ" ертегісі.

Ақ лақ- Әшімова Ақбота, қара лақ- Ералиева Сағыныш, түлкі- Әбілғазиева Сағинұр, қасқыр - Жәңгіров Олжас, қойшы - Қонақбай Назарбек, автор- Жайбергенова Мадина
Залда «Ерте, ерте, ертеде» өлеңі орындалады.

Ақ лақ пен Қара лақ әрі жүгіреді, бері жүгіреді. Жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мына жағы - қалың шілік, ана жағы - қалың бау. Маңайда ешбір қой-ешкі көрінбейді. 
- Сен Ақ лақсың, түк білмейтін ақымақсың. Мені әрлі-берлі сүйреп жүріп, ақыры адастырдың. Жаның барында қойды тауып бер! - деп, Қара лақ Ақ лақты бүйірден бір түйіп кеп қалады.

- Ақ лақ - ақымақ! Жаның барда түс дейім алға! - деп, зекіреді Қара лақ тағы да. Ақ лақ әрі ойланады, бері ойланады. Жүрген-тұрған жерлерін еске алады. 
- Ұзап кеткен қойды қалай табамыз. Кім біледі, ендігі тау асып, жайлауға жетіп те қалған шығар.
Ал жайлауға барар жолды табу да оңай емес. Сонда да жол кесіп көрейін. Бірақ саған айтатын сөзім бар, ешкіммен егеспейсің, айтқанымды істейсің. Осыны орындамасаң, адасып өлеміз, - дейді Ақ лақ. «Өлеміз» деген сөзді естігенде Қара лақ үрейі ұшып қорқып кетеді. Қанша тентек болғанмен, Ақ лақтың тілін алуға уәде береді. Ақ лақ жол бастап, алға түседі. Қалың шөпті олай-бұлай жапырып жүріп отырады.. Ойда жоқта алдарынан бір Түлкі шыға келеді. 
- Түу, өзің бір аппақ қардай, әдемі лақ екенсің. Ағаң да әдемі. Шаршап қалған шығарсыңдар. Біздің үйге соғып, дәм татып кетіңдер. Менің де өздеріңдей екі балам бар, бірге ойнайсыңдар, - дейді Түлкі. Ал өзі ішінен: «Ақ лақ кішкентай екен. Қапысын тауып, осыны жәукемдейін. Бірақ мұны көрген ағасы қорқып, қашып кетеді-ау!» - деп ойлайды. Не айтатынын күні бұрын ойлап қойған Ақ лақ былай деп, тіл қатады: 
- Түке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді касқыр күтіп отыр. Ол Қара лақ екеумізді қонаққа шақырып еді. Сізге еріп кеткенімізді көрсе, ашуланады ғой. Қасекеңнің кәрі қатты. Мүмкін өзіңіз де бізбен бірге жүрерсіз. 
- Жарайды, ендеше. Жүре беріңдер, мен арттарыңнан барармын, - дейді де, Түлкі бір қулық ойлайды. Бір кезде алдарынан тайыншадай көкжал Қаскыр кез бола кетеді. Ол аузын арандай ашып, бірден екі лаққа тап береді. Қасқырды көрген Түлкі сайға қарай зытады. 
- Қарным ашып келе жатыр еді, мұндай жақсы болар ма! Мен қазір сендерді жеймін! - дейді Қасқыр. 
- Қасеке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді Арыстан күтіп отыр. Ол таудағы жортқан аң, ұшқан құс атаулыға патша болу үшін кеше осында келіпті. Ертеңгі асына екі бұзау, түскі асына екі лақ, кешкі асына екі қозы жейді екен. Сіздің мына қылығыңызды көрсе, ол бұлқан-талқан боп ашуланып жүрер. Тіпті, өзіңізді жазым етер, - дейді Ақ лақ. 
- Бә-ә! Әй, Қасқыр! Мына Арыстанды қара-а! Шақырып тұр, - деп, бақырып қоя береді Қара лақ тыныш тұрмай. Қасқыр қатты сасқалақтайды, әрі-бері алақтап тұрады да: 
- Бәлесінен аулақ. Бар, жандарыңның барында кетіңдер, түге! - деп жөнімен жүре береді. 
- Жүгірген бойымен екі лақ бір таудың басына шығады. Тауға шығып, айналаға қараса, тауды бөктерлей бір қора қой қаптап жайылып келеді, қойдың артында астында аты бар, қасында иті бар қойшы келеді. Қойды көргенде есі шығып қуанғаннан екі лақ «Бә... Бә» деп маңырап қоя береді. 
Шопан ата жол бастап, бұрын келген Ақ лақты жерден көтеріп алады. 
- Мен сендерді ойдан-қырдан іздеп, таба алмай қойып едім. Өздерінің тауып келгенін қарашы. Жарайсың, Ақ лағым, жарайсың! Сені «Ақ лақ - ақымақ» деп мазақтайтындардың өздері ақымақ! - деп, Ақ лақты құшақтап бауырына қысады. 
Мұғалім:Балалар ертегі кейіпкерлерін жақсы сомдағандарың үшін көп-көп рахмет!Балаларымыздың өнерлерін тамашалаған апайларға да рахмет.Келесі ертегіні тыңдағанға дейін қош сау болыңдар.

 

 

 

Автор
Дата добавления 09.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров587
Номер материала 518940
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх