Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Екі қозы және оның достары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Екі қозы және оның достары

библиотека
материалов

6 қазақ «Бөбек» орта тобы

Қаңтар айы 2014 жылға арналған коррекциялық (түзету) карта (ай сайын)

Тәрбиешілер: Жазнаева Меруерт Мутановна

Ауғанбай Айнагүл

ББС

Таңдау

Баланың ТА

Қажетті біліктіліктің және дағдылардың коррекциясы

Өткізу уақыты

«денсаулық»

Мәдени – гигиеналық дағдылар

Сейткумарова Жанель

Гигиеналық шараларды орындау реттілігіне жаттықтыру

Сәрсенбі – таңертең

Дене шынықтыру

Абдулаева Сабина

Өмірлік маңызды қозғалыстар; жүгіру, өрмелеу, секіруді өзі дербес орындауға баулу

Сәрсенбі – кешке

Дербес қозғалу белсенділігі

Абдулаев Тамирлан

Саптық және спорттық жаттығуларды меңгерту

Сейсенбі - кешке

Салауатты өмір салты

Қабдылғазы Інжу

Шынығу элементтерін көрсету бойынша орындау

Дүйсенбі– судағы ойындар

коммуникация

Тілдесу мәдениеті

Ташкен Нуртас

Үлкендерді «Сіз» деп айтуға үйрету, сұрақтар мен өтінішке жауап беру, үлкендермен байланысқа түсу

Дүйсенбі - таңертең


Тілдің грамматика-лық құрылысы

Кажибеков Бекзат

Сөздерді басқа сөздермен қисындастырып,оларды өзгертуді үйрету

Дүйсенбі - кешке


Тілдің дыбыстық мәдениеті

Базархат Жансая

Ана тілдің дыбыстарын дұрыс дыбыстауды үйрету

Сәрсенбі - таңертең



Сөздік

Кенжеахметова Аружан

Сөйлеудегі етістіктерді белсендіру

Сәрсенбі - кешке


Байланыс тіл

Абдрзақ Альтаир

2-3 сөйлемнен тұратын диалогты үйрету

Дүйсенбі- таңертең


Мемлекеттік тіл

Есейхан Амина

Өз есімін, тұрыс заттарын, жануарларды атауды үйрету

Сейсенбі - таңертең


Творчестволық сөйлеу қызметі

Маратов Альназар

Таныс ертегілерді айтуды білу, шағын әңгімелерді айту

Жұма - таңертең


Шығармаларды қабылдау

Зейнел Алтынай

Өзі ұнайтын шығармалардың атауларын айтуды білу, ойында әдеби кейіпкерлерді пайдаланып айту

Сәрсенбі– кешке

Таным

Заттардың қасиеттерін білу

Төлеуханова Дилназ

Сезім, есту және иіс сезу қабылдаудың негізінде заттардың белгілері мен сипатты белгілерін атауды білу

Сейсенбі - таңертең


Қоршаған әлемді тану

Советбекова Айнара

Тірі және жансыз табиғаттың және қоғамдық өмірдің қарапайым себеп – салдар байланысын түсіне білу, ол туралы айту, 2 – 3 сөйлем құрай білу

Сәрсенбіі - кешке


Конструкциялық дағдылар

Данияров Алим

Құрылыстарды әдемі салу

Сәрсенбі - таңертең


Экологиялық мәдениеттің негіздері

Қали Еркебұлан

Өсімдіктер мен жануарларды күтуді білу

Сейсенбі - таңертең


Қарапайым матем. ұғымдар.

Жанабай Тамирлан

Санын анықтауды пысықтау (барлығы 3)

Сейсенбі - серуендеу


Іздену – эксперименттік қызмет

Дидарұлы Бек

Әр түрлі заттармен эксперимент жасауды үйрену (жалғастыру, модельдеу, )

Жұма - кешке


Ақпаратпен жұмыс жасау

Кусметова Малика

Ақпараттың әр түрлі көздеріне қызығушылық тануды үйрету

Жұма - серуендеу

шығармашылық

Музыка

Дуисенов Ескенддр

Дауысты пайдалана білу. Ән айтуға деген ынтасын көтеру.

Бейсенбі – кешке


Бейнелеу өнері

Берикбол Алмар

Негізгі техникалық дағдылар мен біліктерді меңгеруді білу

Жұма - таңертең


Қоршағанды эстетикалық тұрғыда қабылдау

Дәуітбек Адия

Табиғатты, ойыншықтарды қарау барысында қуаныш тану

Сейсенбі – таңертең

Социум

Мәдени тәртіптің дағдылары

Эсмұхамет Сұлтан

Эмоциялық жағдайды түсінуді білу

Бейсенбі - таңертең


Үлкендер мен құрдастармен өзара іс - қимыл

Закимов Даниял

Танымдық тақырыптарға сөйлесуді үйрену

Жұма – ойындар


Адамгершілік нормалар туралы түсінік

Журумбаева Сезім

Ненің «жақсы» ненің «жаман» екенін түсінуді білу

Жұма - серуендеу





Краткое описание документа:

Екі қозы

Білімділік: Ертегі кейіпкерлерінің мінез-құлықтарының дауыс ырғағымен дәл айта, көрсете білуге баулу.

Дамытушылық: Сөздік қорларын дамыту,ойларын, есте сақтау қабілетін жетілдіру, одан ары дамыту.

Тәрбиелік: Өзімен шамалас және үлкендер арасында тіл табыса білуге, мәдениетті қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. Театр  атты шығармашылық ойын арқылы эмоциялық көңіл-күймен қуанышты жағдай тудыру.

Көрнекіліктер: Билеттер, ертегі кейіпкерлерінің телпектері.  Әсемдік бұйымдары- афиша , гүлдер.

Сабақ барысында тәрбиеші: Армысыздар, құрметті қонақтар!    

Балалар: Сәлеметсіздер ме!

Тәрбиеші: Келген қонақтарға тілектерімізді білдірейік.

-Еліміз аман болсын.

-Дендеріңіз сау болсын!

-Отбасыңызда береке болсын.

 

Барлығы: Жұмыстарыңыз жемісті болсын!

 

Тәрбиеші: Балалар, бізге шақыру қағазы келіпті. Сендерді Жамбыл атындағы театрға, фестивальға қатысуға шақырады.  

                                                                                Шақырушы: Ертай ағаларың.

Тәрбиеші: Балалар, біз фестивальға қатысамыз ба?

Диас: Иә.

Тәрбиеші: Ендеше театр туралы білімімізді еске түсірейік. Театр не үшін қажет?

-Жаңа қойылымдармен танысу үшін

-Әртістердің өнерін тамашалауға

-Көңіл-күйімізді көтеруге

 

Тәрбиеші: Балалар, театрда қандай адамдар жұмыс істейді?

-Билет сатушы

-Көркемдеуші суретшілер

-Жарық берушілер

-Сазгерлер

-Режиссерлер

Тәрбиеші: Адамдар театрда өздерін қалай ұстауы керек?

-Қатты сөйлемеу керек

-Қойылымды мұқият тыңдау қажет

-Жүгірмеу керек

- Мәдениетті болу керек

Тәрбиеші: Балалар қандай ертегіні сахналаймыз?

Балалар: «Екі қозы» ертегісін  сахналайық

Тәрбиеші: Жақсы, ендеше рөлдерді таңдайық.

-Кім түлкі болады?

Димаш: Мен түлкі боламын.

Ерасыл: Мен қасқыр боламын.

Тәрбиеші: Кім қара қозы болады?

Диас: Мен қара қозы боламын.

Тәрбиеші: Кім ақ қозы болады?

Ақтоты: Мен ақ қозы боламын.

Тәрбиеші: Кім қой болады?

Іңкәр: Мен қой боламын.

Тәрбиеші: Әртістер шымылдықтың артына барып дайындалыңдар.  Біз не істейміз?

Айшолпан: Әдемі киінеміз.

Саид: Билет пен бағдарлама сатып аламыз.

Аделия: Гүл апарамыз.

Тәрбиеші: Дұрыс. Айтқанымызды орындайық. Балалар әдеміленіп, билет сатып алып, орындарына отырады. Бір ұл ,бір қыз бала кассаға билет сатып алуға келеді.

Бірге: Сәлеметсіз бе!

Балалар: Бізге үш билет беріңізші. Ақша береді.

Кассир: Алыңыз.

Балалар: Рахмет.

Тәрбиеші: Құрметті балалар! Сіздердің бүгін көретіндеріңіз «Екі қозы» ертегісі.

  Ерте, ерте, ертеде ну орманның шетінде бір кішкентай ағаш үйшікте қой мен оның қозылары өмір сүріпті. Бір қозы ақ бір қозы қара екен, ал олай болса өзінің кішкентай, сүйкімді қозыларын өте жақсы көрген екен. Кішкентай қозылар ерке, тынышсыз болып, бір орында отырмайтын мамықтай жұмсақ жасыл шөпте жүгіріп , ойнап жүруді ұнатады. Күндердің бір күнінде қозылар анасынан далаға барып , ойнап келуге сұранады.

Ақ қозы: Сүйікті анашым, ағам екеуімізді орманға жіберші.

Қара қозы: Біз абайлап жүреміз.

Қой: Алысқа бармаңдар, Бір-біріңді сақтаңдар.

 Ойынға беріліп кеткен қозылар анасының өсиетін ұмытып кетеді. Кенет алдарынан қу түлкі кездеседі.

Түлкі: Қандай әдемі, сүйкімді ақ қозы, қара қозы да жаман емес. Сендер шаршаған шығарсыңдар.Жүріңдер үйге демалыңдар.

Ақ қозы: Жоқ, түлкі бізді қасқыр күтіп тұр одан да сен бізбен жүр.  Бұл хабарды естіген түлкі қорқып қашып кетеді. Бірақ сол кезде орманда  сұр , аш қасқыр жем іздеп жүр еді.

Қасқыр: А, ұсталдыңдар ма ? Мен сендерді жеймін.

Қара қозы: Жоқ, Қасеке сен бізді жеме. Бізді ана таудың үстінде арыстан күтіп отыр.

    Қасқыр арыстаннан қорқып, екі қозыны үйлеріне қайтарып жібереді. Ал қозылар аман-есен үйлеріне оралады.

  Міне, балалар сөйтіп қос қозы түлкі мен қасқырды алдап соғады. 

Көрермендер қошеметтейді, гүл сыйлайды.

Тәрбиеші: Балалар сендерге ертегі ұнады ма? 

-Ұнады.

-Ертегі неге үйретеді?

-Ақылды, тапқыр болуға.

-Достыққа, бірлікке үйретеді.

-Бір-бірімізді қорғауға үйретеді.

- Сендерге қай кейіпкер ұнады?

- Маған ақ қозы ұнады.

-Неге?

-Ол ақылды тапқыр.

Тәрбиеші:  Балалар маған да сендердің өнерлерің ұнады мен сендерге өте ризамын. Қонақтармен қоштасайық.

Балалар мен тәрбиеші: Келесі кездескенше сау болыңыздар!

 

 

Автор
Дата добавления 14.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров332
Номер материала 387344
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх