Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Экалогия негізі" 0 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Экалогия негізі" 0 класс

библиотека
материалов

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Экология

Тақырыбы: Жансыз және жанды табиғат

Мақсат- міндеттері: Жансыз және жанды табиғат туралы түсініктерін қалыптастыру. Экологичның тірі табиғат үшін маңызын түсіндіру, адам еңбегін бағалауға және табиғатты аялап, қорғауға тәрбиелеу.

Іс - әрекеті

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Бір-бірлерімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді.

Біздің сабақтарымызда табиғат жайында және оны қорғауды оқып үйренеміз. Табиғаттың адам өмірі үшін маңызын білеміз.

Адамдар табиғатсыз өмір сүре ала ма?

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Балаларға өлі және тірі табиғат болатындығын түсіндіру. Жанды табиғатқа жататындар тұқым шашады, көбейеді, өседі, Жанды табиғатқа адамдар, өсімдіктер, жануарлар жатады.

Жансыз табиғат өспейді, тұқым шашпайды, көбеймейді. Қоректенбейтін, қозғалмайтын, сезбейтін, өспейтін нәрселер жансыз табиғатқа жатады. Мысалы: күн, ауа, су, тас, балшық, құм т.б.

Балаларға жұмбақ жасыру:

Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды. (күн)

Дәмі дежоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ. (Су)

Өмірде одан мол ештене болмайды,

Құшақтасаң, құшағың тек толмайды. (ауа)

Жанды табиғат пен жансыз табиғатты атап, айырмашылығын айту.

Табиғатты қорғау, оны күту кімнің міндеті?

Әліппе дәптермен жұмыс:

Жасырын тұрған жануарларды ата. Боя.

Жануарлар табиғаттың қай түріне жатады?

Жасырын тұрған суретті тауып бояу.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды



Қорытынды

Табиғат әртүрлі және қызық. Ол әр адам өмірінде маңызды орын алады. Табиғат адамға сұлулықпен пен жақсы көңіл күй беріп қана қоймайды, сонымен қатар табиғатсыз адамның тіршңлңк етуі мүмкін емес. Балаларды табиғатты аялауға және қорғауға тәрбиелеу.


Құралдар: тақырыпқа сай суреттер















Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Экология

Тақырыбы: Экологиялық белгілер

Мақсат- міндеттері: Балаларға табиғаттың жанды және жансыз болатыны туралы түсінік беріп, жансыз табиғатты қайталанбас құбылыс түрлері, туған өлке табиғатына сүйіспеншілік және жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу.

Іс - әрекеті

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Бір-бірлерімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді.

Балалармен экологиялық белгілер жайлы әңгімелесу.

Қандай экологиялық белгілер білесіңдер?


Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Сабақты эколгиялық белгілер салынған суреттерден бастау.Мысалы: қолмен бұтақты сындыру, музыканы қатты дауысқа қою, гүлдерді, шөптерді аяқпен басу, шыны бутулкаларды сындыру, көбелктерді ұстау, гүлдерді қолмен жұлу, құмырсқаларды аяқпен басу, темекі шоқтарын жерге тастау т.б. Балалар бұл белгілердің экологиялық белгідер екенін айтады.

Суретте не бейнеленген?

Әр белгінің мағынасын түсіндір?

Қандай белгі жетпей тұр?

Бос орынға жаңа экологиялық белгі ойластырып, суретін сал.

Суреттерді боя.

Қазақ жаңа шыққан көк шөпті жұлмайды. Ағаштың нәзік бүрлерін үзбейді. Жас шыбықты сындырмайды. Өйткені жас өндірдің бәрі - тіршіліктің қайнар көзі. "Көк жұлсаң- көктей соласың, қарғыс атады" деп ырымдайды.

Ьыйым сөздер:

- жалғыз ағашты шаппа.

- гүлді жұлма

- құстың ұясына тиіспе, жұмыртқасын алма

- құмырсқаның илеуін бұзба.

Әліппе дәптермен жұмыс:

Суретте қай баланың ісі саған ұнайды?

Қылығы ұнамайтын баланың суретін сыз.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды



Қорытынды

Балаларды табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу. Экологиялық белгілердің маңызы зор екенін түсіндіру.


Құралдар: тақырыпқа сай суреттер











Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Экология

Тақырыбы: Алтын күз

Мақсат- міндеттері: Балалардың күз туралы ұғымдарын кеңейту. Күзгі табиғат жөнінде ерте, кеш,күз мезгілдері туралы білім беру.

Іс - әрекеті

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Бір-бірлерімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді.

Балалармен бірге сары алтындай сары түске боялған күзгі орманға мақсатты серуенге шығу. Балалар ағаштардың діңіне, жапырағының пішініне, жемісіне қарап, ағаштар мен бұталарды айтады.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Балаларға Қ.Шаңғытбаевтың "Күзгі жапырақтар" өлеңін оқып беру.

Алтын,сары, қызыл, көк....

Алуан- алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Балалар күзгі жапырақтар шоғын, жемістерін, тұқымдарын жинайды. Балалардан қай ағашта тек сары жапырақтар( аққайыңда,жөкеде), қай ағашта сары, қызыл жапырақтар (үйеңкіде, ырғайда), қай ағашта қоңырқай түсті (еменде) басқада түстерді іздеу ұсынылады. Балалардың назарын күннің суытуына байланысты жәндіктердің біртіндеп сиреп, ағаштардың қабықтарына, қуыстарына жасырынғанына, оны лупамен қарап көруіне болатынын айту. Олардың қыс мезгіліне дайындалғанын бақылайды. Сонымен қатар күз мезгіліндегі құстардың өміріне де түсінік беру. Кейбір құстар күннің суытуына байланысты жылы жаққа ұшып кететіні жөнінде әңгімелеу. Қыстап қалатын құстар мен жылы жаққа ұшып кететін құстардың аттарын атату. Неліктен құстардың жылы жаққа ұшып кететінін түсіндіру. Балалармен қазір күздің қай кезеңін "ерте" күзді ме, "кеш" күзді ме бақылағандары туралы сұрау.

Табиғаттағы ең негізгі ереже: "Бүлдірме!"

- өсіп тұрған ағаш бұтақтарын кеспе және сындырма.

Жерге түскен жапырақтар мен бұтақтарды ғана жина.

- Табиғатты ластама, қоқыстарды тастама.

- От жағуға болмайды.

Әліппе дәптермен жұмыс:

Күзгі жапырақтарды боя. Қандай ағаштың жапырағы екенін білесің бе?

Кептірілген жапырақтардан, табиғи материалдардан "Күзгі орман" композициясын құрастыру. Дәндерді тізіп, моншақ жасау.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды



Қорытынды

Сабақ соңында балалар, құстар мен жануарларға үнемі қамқор болып жүру, дағдыларын меңгерту.


Құралдар: Күз мезгілін суреттері









Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Экология

Тақырыбы: Күз сыйы

Мақсат- міндеттері: Күз мезгілінің астық, жеміс-жидек, көкеністерді жинау мезгілі екенін, күздегі ауылшаруашылық еңбек түрлері жөнінен білім беру. Үлкендердің еңбегін құрметтеу, олардың еңбегінің нәтижесіне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Іс - әрекеті

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Бір-бірлерімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді.

Сабақта егін жинау туралы мазмұнды суреттер пайдалану (егін даласында, бақта, бақшада).

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Балаларға Б.Жақыптың "Күзде" өлеңін оқып беріп, мазмұнын түсіндіру.

Алма пісті,

Алмұрт пісті,

Алша пісті,

Жерге түсті.

Қияр пісті,

Қарбыз пісті,

Қауың пісті,

Қандай күшті.

Жидектердің

Татып дәмін,

Жемістердің

Жейміз бәрін.

Алдын- ала дайындалған жеміс- жидектердің, көкеністердің пішіні, түстері, дәмі және қандай тағамдарға пайдалануға болатыны туралы әңгімелеу. Астықтың егін даласында, жеміс-жидектердің бақта, көкеністердің бақшада өсетіні туралы білімдерін тиянақтау. Жиналған жеміс- жидектерді қысқа дайындайды. Көкеністерді арнайы қоймада сақтайды. Ал жеміс-жидектерді әр түрлы шырындар, сусындар жасайды.

Сабақ барысында балалар ауылшаруашылығында егін жинайтын машиналар түрлерімен танысады. Бұл машиналардың адам еңбегін жеңілдететініне түсінік беру. Ауылшаруашылығындағы барлық еңбеккерлердің және машиналардың күшімен жүзеге асырылатыны жайлы мәлімет беру.

Күз - молшылық, береке, деген сөйлемді талда.

" Күз байлығын төкпей+шашпай жинап алу" дегенді қалай түсінесіңдер?

Суретте берілген жарты алманың екінші бөлігін тап. Сызық арқылы көрсету.

Сурет бойынша жемістерге не жатады? Жидектерге ше? Оларды бояу.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды



Қорытынды

Еңбеккерлердің еңбегін құрметтеуге, олардың еңбектерінің өніміне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.


Құралдар: Егін жинау жайлы мазмұнды суреттер





Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Экология

Тақырыбы: Жасыл дәріхана

Мақсат- міндеттері: Жасыл дәріхана және оның қажеттілігі жөнінде түсінік беру. Емдік қасиеті бар өсімдіктермен таныстыру, оларды қажетті мөлшерде ғана жинап, өзге өсімдіктерге зиян келтірмеу жағын ескертуге үйрету.

Іс - әрекеті

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Бір-бірлерімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді.

Сабақ алдында балалармен бірге жасыл дәріханаға серуен ұйымдастыру.

Неге "дәрілік" өсімдіктер деп аталатыны туралы түсінік беру.


Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің көптеген түрі өседі. Олардан түрлі ауруларды емдейтін дәрі алынады.

Бақбақ- ерте көктемде, өсетін көпжылдық шөптесін өсімдік. Бақбақты жас күйінде кептіріп, одан дәрі жасайды.

Қалампыр- әсемдік, сәндік үшін өсірілетін өсімдік. тҚалампырдан жараны емдейтін дәрілік майлар алынады. Балаларды дәрілік өсімдіктеден жасалған көрмеге шақырып, қай өсімдікті қандай ауруға пайдаланатыны туралы түсіндіру. Мысалы түймедағы гүлін тамақ шайқауға пайдаланады. Дәрілік өсімдіктерді белгілі бір мерзімде жинау керек екендігі және оны жинау кезінде басқа өсімдіктерге зиян келтірмей белгілі мөлшерде ғана жинау керектігін түсіндіру. Балаларды дәрілік өсімдіктерге қамқор болуға тәрбиелеу.

Әліппе дәптермен жұмыс:

- Сен тұратын жерде дәрілік өсімдіктердің қандай түрі өседі?

Суреттегі өсімдіктердің түсін дәл тауып, боя.

Өсімдіктердің аттарын ата.

Дәрілік өсімдіктердің тағы басқа қандай түрлерін білесіңдер?

Тоқылдықты неге ағаш дәрігері деп атайды?

Суреттің ішінен тоқылдақты тауып боя.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды



Қорытынды

Сабақты бекіту үшін:

- тамақ ауырғанда қандай шөптер пайдалану керек?

- суреттен жолжекен өсетін жыл мезгілдерін сызық арқылы қосып көрсет.


Құралдар: Өсімдіктер суреттері














Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Экология

Тақырыбы: Жыл құстары

Мақсат- міндеттері: Құстардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелеу. Балалардың қыс кезінде құстарға қамқорлық жасауға деген белсенділігін арттыру, оларға деген қамқорлық көзқарасын дамыту.

Іс - әрекеті

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Бір-бірлерімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді.

Балалармен бірге сары алтындай сары түске боялған күзгі орманға мақсатты серуенге шығу. Балалар ағаштардың діңіне, жапырағының пішініне, жемісіне қарап, ағаштар мен бұталарды айтады.


Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Балалардың назарын күннің суытуына байланысты жәндіктердің біртіндеп сиреп, ағаштардың қабықтарына, қуыстарына жасырынғанына, оны лупамен қарап көруіне болатынын айту. Олардың қыс мезгіліне дайындалғанын бақылайды. Сонымен қатар күз мезгіліндегі құстардың өміріне де түсінік беру. Кейбір құстар күннің суытуына байланысты жылы жаққа ұшып кететіні жөнінде әңгімелеу. Қыстап қалатын құстар мен жылы жаққа ұшып кететін құстардың аттарын атату. Неліктен құстардың жылы жаққа ұшып кететінін түсіндіру.

Өзіңе таныс құстарды ата. Қыстап қалатын құстарды көк түспен, жыл құстарын қызық түспен қоршап сызу.

Қыстап қалатын құстар: Торғай, үкі, көгершін, үйрек, қарға.

Жыл құстары: Қарлығаш, ұзақ, көкшымшық, сауысқан.

Торғай, торғай, торғайсың

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

Тоқылдақ қыстап қала ма?, әлде ұышп кете ме? Оны неге орман дәрігері деп атайды?

Әліппе дәптермен жұмыс:

Тоқылдақтың суретін тауып, сәйкес түспен боя.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды



Қорытынды

Сабақ соңында балалармен бірге құстарға қамқорлық жасап, ұя жасауға, жем беріп күтуге келісу.



Құралдар: Жыл құстарының суреттері













Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Экология

Тақырыбы: Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі

Мақсат- міндеттері: Құстардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелеу. Балалардың қыс кезінде құстарға қамқорлық жасауға деген белсенділігін арттыру, оларға деген қамқорлық көзқарасын дамыту.


Іс - әрекеті

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Бір-бірлерімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді.

Балалармен бірге құстардың қысқы тіршілігін бейнелейтін суреттерге қарап, олардың аттарын атау. Құстардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелесу.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Қыста өсімдіктер, ағаштар өспейді. Олар көктемге дейін ұйқыға кетеді. Шырша жасыл күйінде қалады. Т.Молдағалиевтің тақпағын оқып беру.

Ағаштардың жапырағын

Ашулы жер тонайды.

Ақ жамылған атырабым

Қар борайды, борайды.

Сурет бойынша қысқы орман туралы әңгімелеу.

Қыста да, жаз да жапырағы түспейтін ағаш түрін ата.

Қыс мезгілінде құстар тіршілігі қиындай түседі. Сондықтан адамдар құстарға көмек көрсетулері керек ( жем, нан, қиқымдарын, кептірілген жемістерді үйшіктеріне салып отыру).

Қандай құстар біздің даламызда, ормандар мен саябақтарымызда мекендейді және олардың денесін не жауып тұратыны жөнінде сұрау. Құстарды аңдардан қалай тез ажыратуға болатынын сұрау. Қорықтағы құстардың суреттерін көрсетіп, адамдардың құстарды қалай қамқорлыққа алғанын әңгімелейді.

Балаларға М.Солтанғазинаның " Құстар қалай қыстайды?" ертегісін оқып беру.

Суреттегі құстардың қысқы тіршілігі турады әңгімелеу.

Қыстап қалатын құстарды ата. Оларғаа сен қандай көмек бересің?

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды



Қорытынды

Сабақ соңында балалармен бірге құстарға қамқорлық жасап, ұя жасауға, жем беріп күтуге келіседі.


Құралдар: Құстардың қысқы тіршілігін бейнелейтін суреттер












Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Экология

Тақырыбы: Жануарлардың қысқы тіршілігі

Мақсат- міндеттері: Жануарлардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Туған өлкенің жануарларын қорғау мен қамқорлыққа алу сезімін дамыту.

Іс - әрекеті

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Бір-бірлерімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді.

Жабайы аңдардың мекені орман, тау-тас, дала екені туралы әңгімелеу. Жыл мезгілдердің өзгеруіне қарай жабайы аңдардың өмір сүруі де өзгерістерге ұшырап отырады.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Қоршаған ортаның өзгеруіне қарай кейбір аңдар өздерінің түстерін өзгертеді (қоян қыста ақ түске енеді, аю апанда ұйықтайды, тиын қысқа көп жаңғақ жинайды, ағаштың қуысында өмір сүреді т.б. Қыста орман суық болады. Жануарлар азық таба алмай қиналады. Сондықтан оларға адамдардың тарапынан қамқорлық қажет болады. Орманшылар қыс мезгілінде жабайы аңдарды өздерінің қамқорлығына алып жан-жақты жағдай жасайды. Сондықтан көптеген жануарлар қысқы ұйқыға кетеді. Аю апанында табанын жалап жатып ұйықтайды. Борсық пен кірпі де ұйқыға кететін жануарлар. Қоян ағаш бұтасын кеміреді. Қасқыр мен түлкі жемін жорытып жүріп табады.

Әліппе дәптермен жұмыс:

Суреттегі жануарлардың қсықы мекені туралы әңгімелеп беру.

Сурет бойынша тиін ініне қандай азықтарды жинайды. Қоршап сыз.

Қар бетіне түскен іздерге қара. Әрқайсысының ізін сызық арқылы көрсет.

Бұғы, түлкі, қасқыр, қоян, торғай іздерін табу.

Дидактикалық ойын: "Қай жануар қайда мекендейді?"

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды



Қорытынды

Жануарларды қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.


Құралдар: Қыс мезгіліндегі жануарлардың суреттері


















Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Экология

Тақырыбы: Қызыл кітап құпиясы

Мақсат- міндеттері: Қазақстан Республикасының "Қызыл кітабы" туралы түсініктерін қалыптастыру оның маңызы туралы түсіндіру. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Іс - әрекеті

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Бір-бірлерімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді.

Балаларды сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер жайлы кітаптардан жасалған көрмеге шақыру. Бұл кітаптарда осы сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер туралы анықтамалар, қызықты әңгімелер және олардың түрлі-түрлі суреттері бар.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Қызыл кітапқа сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Қызыл кітапқа тіркелген жануарлар мен өсімдіктер қорғауға алынады. Азайып бара жатқан жануарларды атуға болмайды. Сондықтан да қызыл кітаптың маңызы зор. Сол арқылы табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Балаларға Н.Хасеновтың "Қызыл кітап" өлеңін оқып беру.

- Ата Қызыл кітапқа

Жолбарыста тіркелген

Дейді,

Соны бірақ та

Түсінбедім бірден мен...

-Жолбарыс бір қызық аң,

Кезікпейді әр елде.

Терісіне қызығар

Аңшылар көп әлемде.

Қызыл кітап шындықты

Айтуға да арналған.

Жою керек сұмдықты,

Жойылмасын бағалы аң.

Қорғау керек аңды да,

Бара жатқан сиреп көп.

Қызыл кітап ал мынна

Жұртты соған үйретпек.

Суреттегі Қызыл кітапқа енген жануарларды ата ( арқар, барыс, қарақұйрық, дуадақ т.б.)

Суреттегі құстардың ішінен қайсысын қызыл кітапқа енгізуі мүмкін. Сол құстарды бояу.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды



Қорытынды

Жануарларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Құралдар: Кызыыл кітап суреті, сиреп бара жатқан аңдар мен құстардың суреттері










Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Экология

Тақырыбы: Бөлме гүлі

Мақсат- міндеттері: Балаларда бөлме өсімдіктеріне ылғалдың қажеттілігі туралы түсінікті қалыптастыру. Өсімдіктердің қасиеттеріне, пайдасына зейінін аудару. Балалардың бақылағыштығын арттыру.

Іс - әрекеті

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Бір-бірлерімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді.

Балалардың назарын сыныптағы көптеген бөлме өсімдіктеріне аудару. Әңгіме барысында бұрын танысқан өсімдіктерінің аттарын және әр өсімдікте қандай бөліктер болатынын еске түсіру. Олар жақсы өсу үшін қандай жағдай ( су, ауа, жарық, қорек, топырақ) қажет екенін айту.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Түрлі өсімдіктерінің суға, жарыққа қажеттілігі әртүрлі, біреулеріне су, жарық көп қажет болса, екіншілеріне азырақ, ал үшінщілеріне өте аз қажет. Себебі бұл өсімдіктердің өсетін жеріне байланысты. Олардың шыққан жері әртүрлі : біреулері ылғалды жерде өседі, онда үнемі ылғалды топырақ және ауа, судың жеткілікті мөлшерде болуына бейімделген. Ал кейбір өсімдіктердің Отаны құрғақ, күн көп түсетін, кей жерлерде өте ыстық, құм және тасты топырақтарда болады.

Балаларға А.Мишаринаның "Бөлме гүлі" өлеңін оқып беру.

Өз қолыммен ыдысқа,

Отырғыздым үй гүлім.

Сабақтарын қып-қысқа

Терезеден сүйді күн.

Ұмытпай күнде

Су құямын гүлге.

Жайнайды гүлім,

Құлпыртып түрін.

Өсімдіктер әдемі және жақсы болып өсу үшін оларды қоректендіру және топырақтарын тыңайту керек.

Үлгі бойынша құмыраны түрлі түсті қарындашпен боя. Гүлдерді қағаздан жасап, жапсыру.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды



Қорытынды

Үйде өсетін өсімдіктердің дала өсімдіктерінен қандай айырмашылығы бар?

Табиғат бұрышындағы өсімдіктерді қалай күтесің?

Өсімдіктерді қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.


Құралдар: Бөлме гүлінің суреттері










Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Экология

Тақырыбы: Үй жануарлар мен үй құстары

Мақсат- міндеттері: Үй жануарлары мен үй құстары туралы түсініктерін кеңейту. Құстар және олардың қысқы тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Іс - әрекеті

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Бір-бірлерімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді.

Балалар қандай үй жануарларын білесіңдер?

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Балалар, біз бүгін үй жануарлары туралы әңгімелесеміз. Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Олар: қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы. Балалар үй жануарларына не жатады?

Түйе, сиыр, қой ешкі, жылқы, торай, мысық, күшік.

Мына жайлаудағы суретке қараңдар. Үй жануарлары төлімен жайылып жүр екен. Осы үй жануарларының төлдерін қалай атаймыз?

Түйенің төлі - ботақан

Қойдың төлі - қошақан

Ешкінің төлі- лвқ

Жылқының төлі - құлын

Сиырдың төлі - бұзау.

Балаларға төлдер туралы өлең оқып беру.

Шөре, шөре лағым

Тентек болма шырағым

Секеңдемей деміңді ал

Селтеңдеме құлағың (лақты)

Қара көзін мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды.

Жібек жүнін үлбіреп,

Қарасам көз тоймайды. (ботаны)

Әукім, әукім әукешім

Қасиыншы әукесін

Енең әне келеді

Ақ мамасын береді. (Бұзау)

Құлыншағым құндызым

Құлдырайды шабады

Жылтыңдаған жұлдызым

Құстай қанат қағады. (құлын)

Үй жануарларының жабайы жануарлардан ерекшелігі неде? Үй құстарын ата. Үй жануарларының көктемгі тіршілігі туралы әңгімелеу.

Қабырғада бейнеленген жануарлардың ішінен үй жануарлары мен хайуанаттарды тауып бояу.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды



Қорытынды

Үй жануарларын күтіп баптауға және қамқор болуға тәрбиелеу.


Құралдар: Үй құстар мен жануарлалрдың суреттері







Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Экология

Тақырыбы: Құстар біздің досымыз

Мақсат- міндеттері: Құстар және олардың қысқы тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру. Құстарға деген қамқорлық сезіміне және оларға жағдай жасауға үйрету.

Іс - әрекеті

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Бір-бірлерімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді.

Балалармен бірге мектеп ауласына мақсатты серуенге шығу.


Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Балалардың назарын жыл мезгіліне байланысты табиғаттағы құбылыстарды, өзгерістеді байқауға аудару.Құстардың келуі және ұя салуы, балапан шығаруы. Құстардың даусына тжәне сыртқы құрлысына қарап ажыратуға үйрету. Құстар өсімдікке зиян келтіретін жәндіктермен қоректенеді. Сөйтіп бау- бақша, егістіктердің жақсы өсуіне пайда келтіреді. Құстарды да қорғай керек. Өйткені құстар біздің досымыз.

Көктемде ең бірінші ұзақ ұшып келеді. Оның артынан қараторғайлар келеді. Қараторғайлар дайын ұяға орналасады. Сондықтан оларды ұя жасап қарсы алу керек. Зиянды жәндіктермен қоректенетін құстармен таныс бол.

Құстардың суреттерін көрсете отырып, олардың түрлерімен таныстыруды жалғастыру

Әліппе дәптермен жұмыс:

Тоқылдақты неге ағаш дәрігері деп атайды?

Сурет ішінен тоқылдақты тауып боя.

Құстар қандай пайда келтіреді?

Сен құстарға қандай қамқорлық жасайсың?

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды



Қорытынды

Құстарға қамқорлық жасап, оларды қорғауға тәрбиелеу.


Құралдар: Құстар суреттері



















Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Экология

Тақырыбы: Қазақстан қорықтары

Мақсат- міндеттері: Қазақстан қорықтары және оның маңызы, орналасқан жері туралы балаларға түсінік беру, қорықта атқарылатын жұмыс түрлері, қамқорлыққа алынған жануарлар мен құстар жөнінде әңгімелеу.

Іс - әрекеті

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Бір-бірлерімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді.

Балалаарға қорықтың не үшін қажет екенін түсіндіру. Қазақстан қорықтары мен олардың орналасқан жерімен таныстыру.


Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Қорықтар табиғат байлықтарын бастапқы қалпына келешек ұрпақтардың игілігі үшін сақтайтын ғылыми зерттеу ордасы, олардың әр ғылыми, әрі тарихи, әрі мәдени және табиғат қорғау ісін үгіттеп насихатауда алатын орны ерекше, сондықтан да қорықтарды табиғаттың баға жетпес асыл қазына деп атауға болады. Қорықтар әрбір табиғи аймақтардың өзіне тән ерекшеліктерін жан-жақты көрсете алатын барлық табиғат байлықтарын қорғауға алған алқаптарды қамтиды. Осындай қорықтардың жетеуі Қазақстан жерінде орналасқан.

- Ақсу- Жабағылы

- Наурызым

- Алматы

- Барсакелмес

- Қорғалжын

- Марқакөл

- Үстірт

Жануарлар мен құстардың суреттерін пайдалана отырып, олардың қорықтағы тіршілігі жөнінде әңгімелеу. Азайып бара жатқан аңдарды, құстарды қорғау, сақтау үшін ол жерде, ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Берілген суреттер бойынша балалардан осы аң-құстар туралы әңгімелеп берулерін сұрау.

Әліппе дәптермен жұмыс:

Суреттегі қорықта кездесетін құстардың аттарымен танысу. Олар: қоқиқаз, тырна, дала қыраны, лашын.


Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды



Қорытынды

Сабақты қорытындылай келе балаларды туған табиғатымыздың аң-құстарын қорғауға, қамқор болуға шақыру.


Құралдар: Қазақстан Республикасының қорықтары және сирек кездесетін аң құстардың суреттері.







Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Экология

Тақырыбы: Экологиялық соқпақ

Мақсат- міндеттері: Мектеп ауласындағы экологиялық соқпақ туралы түсініктерін қалыптастыру. Ондағы шартты белгілермен таныстыру. Балалардың танымдық, эстетикалық қасиеттерін дамыту арқылы сауықтыру іс- әрекеттерін ұйымдастыру.

Іс - әрекеті

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Бір-бірлерімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді.

Балалармен бірге алғашқы бағыттағы аққайыңның белгісі көрсетілген соқпаққа келеді де, аққайыңды суреттеу.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Балалар құлап жатқан ағашқа келеді, оның қуысындағы көптеген жәндіктерді бақылайды. Ашық жатқан алаңға гүлдердің түрлерін егуге болатындығы туралы ақылдасып, одан әріректе құстардың су ішуі үшін су көлшіктерін жасайды. Экологиялық соқпақ дегеніміз- арнайы таңдалған бағытпен табиғат аясында, табиғатты қорғауға байланысты ұйымдастырылатын мәдени іс-шара.

Балалардың танымын одан әрі дамыту мақсатында экологиялық объектілер түрлендіріп отырады. Мектепте экологиялық соқпақтар құру мақсаты- өзара қарым-қатынасты дамыту (ағаштар, гүлдер отырғызу, құмырсқаның илеуін қорғау). Алда жаз мезгілі келе жатыр. Сен бос уақытыңды табиғаттың ортасында таза ауада, су жағасында өткізесің. Табиғатта өзіңді дұрыс ұстауды ұмытпа.

Балаларға М. Кеңесбаевтың "Табиғатты бүлдірмейік" өлеңін оқып беру.

Тас төбеден қара бұлтты төндірмей,

Жер ананың байлығы мол, тең бірдей.

Осы байлық баршамызға жетеді.

Пайдалансақ табиғатты бүлдірмей.

- Табиғат аясына шыққанда өзіңді қалай ұстайсың?

- Тағы қандай табиғатты қорғау ережелерін білесің?

- Суға түскенде қандай сақтық ережелерін орындау керек?

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды



Қорытынды

Балаларды туған өлкеге қамқорлық жасауға, қорғауға тәрбиелеу.


Құралдар: Соқпақтар, шартты белгілер













Автор
Дата добавления 29.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров486
Номер материала ДВ-208346
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх