"Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу" тақырыбындағы сабақ жоспары
1610771
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Другое Конспекты"Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу" тақырыбындағы сабақ жоспары

"Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу" тақырыбындағы сабақ жоспары

библиотека
материалов

Күні/айы 

Пәні  математика  9 а сыныбы

Пән мұғалімі: Нетқалиева Г.Б.

Сабақтың  тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу

Жалпы мақсаты

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік, алмастыру, қосу тәсілдерін қолданып шешу

Сабақтың түрі

қорытынды

Оқыту әдістері

Ыстық орындық. Жеке,жұптық, топтық.

Күтілетін нәтижелер

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік, алмастыру, қосу тәсілдерін қолданып шеше алады

Ресурстар

Оқулық, таратпалар,

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушыларды қарсы алу.Топқа бөліу ережесімен таныстырады.Бүгінгі сабаққа , оқушыларға сәттілік тілейді.

Бүгінгі күндерің сәттілікке толы болсын!

 

Бағалау парағымен таныстырады

Топ көшбасшысын, хатшысы мен уақыт қадағалаушыны сайлауларын сұрайды.

Оқушылар сыныпқа енеді. Орындықтарға отырады. 3 топқа бөлінеді.Әр топ басқа топтарға тілектерін айтады.

Барлықтарыңа жақсы баға тілейміз.

     Әрқашан жүздерің жарқын болсын.

   Математика сабағы жақсы өтсін.

Бағалау парағына оқушылар аты-жөндерін жазып қояды.

Дәптерлеріне:

Сынып жұмысы

Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешe тақырыбына есептер шығару.

Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру.

Мұғалім: Бүгін қазанның 27 ерекше күн. Сабақтың мақсаты: Бүгінгі сабағымызда екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешуде әртүрлі тәсілдерді қолданамыз.

 Оқушылар теңдеулер жүйесін шешудің әр түрлі тәсілдерін еске түсіреді.

 Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік, алмастыру, қосу тәсілдерін қолданып шешу әдістерін еске түсіріп қайталайды.

Үй жұмысын тексеру


Ыстық орындық. №144

Бір оқушы ортаға шақырылады. Үй тапсырмасының жауаптарын оқиды.Бағалау парақтарын толтырады.

Үй жұмысын тексереді. Ыстық орында отырған оқушының жауабымен келіссе –  жасыл жалаушаларын, келіспесе – қызыл жалаушаларын көтереді.Әр оқушы бағалау парағындағы “Үй жұмысы” пунктін толтырады.

Теориялық материалдарды  талдау

Білу, түсіну

Әр топ өз топтарына бөлінген сұрақ бойынша теориялық материалды қайталайды, сыныпқа хабарлайды, теорияға сай мысалдарының шешу жолын көрсетеді

1 топ. Графиктік тәсіл

2 топ. Алмастыру тәсілі

3 топ. Қосу тәсілі:


Қолдану

Жеке жұмысты орындау тәртібімен таныстырады.1. Әр топтан бірінші номерлі оқушылар орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.Жауабы: x=-2; y=2

2. Әр топтан екінші номерлі оқушылар орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.

Жауабы: x=1; y=2

3. Әр топтан үшінші номерлі оқушылар орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.

Жауабы: x=-2; y=3

4.Әр топтан төртінші номерлі оқушылар орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.

Жауабы: x=2; y=4

5.Әр топтан бесінші номерлі оқушылар орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.

Жауабы: x=6; y=1

6.Әр топтан алтыншы номерлі оқушылар орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.

Жауабы: x=2; y=4

Топтың бірдей номерлі оқушыларына бірдей тапсырмалар беріледі. Тапсырма екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешуге негізделген. 

 

 



Әр оқушы бағалау парағын толтырып отырады.

 

Талдау

Жұптық жұмысты орындау.1 және 2 номерлі оқушылар бірінші жұп, 3 және 4 номерлі оқушылар екінші жұп, 5 және 6 номерлі оқушылар үшінші жұп.Әр топтан бірінші жұп орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.

Жауабы: x=10, y=12

Әр топтан екінші жұп орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.

Жауабы: x=6, y=10

Әр топтан үшінші жұп орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.

Жауабы: x=6, y=8

 

Енді сендерге жұмбақ жасырайын. Аты Қызыл кітапқа енген, бамбук ағашының жапырағы мен тамыры арқылы қоректенетін, өздерің кішкене кездеріңде сүйіп көретін кунг-фумен айналысатын  мультфильм кейіпкерін атай аласыңдар ма?

Ия, бұл панда аюы, ол сендерге бойларыңды  сергітіп, жаттығулар жасауға шақырады. Панда аюымен ілесіп, сергіту сәтін өткізеді

Әр жұп теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен орындайды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жауаптарын тексерген соң бағалау парағын толтырып отырады.

.

Синтез

Топтық жұмыс.Кезектесіп әр топ жауаптарымен таныстырады.Екі тік төртбұрыш берілген. Бірінші тік төртбұрыштың ені 7 см, ал екінші тік төртбұрыштың ені 13 см. Екеуінің  аудандарының қосындысы 146 . Бірінші тік төртбұрыштың ені 3 есе арттырылды, ал екінші тіктөртбұрыштың ені 5 см қысқартылды. Сонда екі тік төртбұрыштың аудандарының қосындысы алғашқыдан 44  артық болды. Тік төртбұрыштардың әрқайсысының ұзындығын табыңдар.

Жауабы: 6 см, 8 см.

Топ бірлесіп тапсырманы орындайды. Хатшы есептің шешімін жазады. Уақыт бақылаушы уақыт мөлшерін айтып отырады.Топтық жұмыста қай оқушының көмегі көп болды, сол оқушының есімін жазады.

Бағалау:

Бағалау парағының қорытындысы шығарылады.

1 топ: Бүгінгі сабақта саған не ұнады?2 топ: Бүгінгі сабақта не ұнамады?

3 топ: Өз мүмкіншілігіңді толық қолдана алдың ба?

3 топ: Келесі сабақта не өзгертер едің?

 

Үй жұмысы

Қосымша оқу

Кітаптың шығу тарихымен танысу

Оқушылардың рефлексиясы

Оқушылар сабақ басында алған стикерлеріне бүгінгі сабақтың қорытындысын жазады.

Рефлексия

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?Сабақ мақсатына жетті деп ойлаймын, оның дәлелі ретінде келген қонақтардың сабақ соңында берген бағасын айтуға болады.Оқыту мақсаты шынайы, қолжетімді болды. Оқушыға таныс емес іс-әрекеттер болған жоқ.Бүгін оқушылар екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешудің бірнеше әдістерін көрсетті.Оқыту ортасы бірқалыпты, балаларға қысым түсіретіндеі әрекеттер болған жоқ, оқушылар өздерін еркін сезінді, қажет уақытында орындарынан тұрып, ақпарттық столдан өздеріне түсініксіз сұрақтардың жауаптарын да ала білді. Уақыт ұтымды пайдаланды. Жоспарланған кезеңдер толығымен жүзеге асты.

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1.оқушылардың өзін-өзі бағалауы

2.сабақтың өмірмен байланысы

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты

1.Оқушылардың қаншалықты тақырыпты меңгеренін келген қонақтар да , ұстаз да олардың жауаптары бойынша анықтай білді

2. оқушылардың дәптерде жұмыс атқаруларын жекелеген ұстаздар ғана аралап көріп шықты. Барлығына бірдей көрнекті болу үшін тақтада көрстіп жіберген де дұрыс болар еді.

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім? 

Мейірбек көпшіліктің алдында абдырап қалды. Ойын жинақтауға біраз уақытын жіберіп алды. Сол сияқты оқу озаты Тимур да сабақтан соң өзін бұл сабақта толық мүмкіншілігін қолана алмағандығын білдірді. Себебін сұрағанымда есептің басында қате жіберіп алып, сол қатемен соңына дейін жеткендігін, ал жауабын тексеруде теңдеуді қанағаттандырмайтындығын анықтаған, қайта шыңаруға уақыт шектеулі, бар зейінін салмағандығын білдірді.















































Бағалау парағы

Оқушының аты жөні:___________________________________________________

Сабақ қорытындысы

9-10 ұпай

5 баға

7-8 ұпай

4 баға

3-6 ұпай

3 баға

0-2 ұпай

2 баға



Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Педагог-библиотекарь
Курс профессиональной переподготовки
Библиотекарь
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Табличный процессор MS Excel в профессиональной деятельности учителя математики»
Курс повышения квалификации «Внедрение системы компьютерной математики в процесс обучения математике в старших классах в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Педагогическое проектирование как средство оптимизации труда учителя математики в условиях ФГОС второго поколения»
Курс профессиональной переподготовки «Математика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Изучение вероятностно-стохастической линии в школьном курсе математики в условиях перехода к новым образовательным стандартам»
Курс профессиональной переподготовки «Экономика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания основ финансовой грамотности в общеобразовательной школе»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика обучения информатике в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Инженерная графика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Развитие элементарных математических представлений у детей дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Методика обучения математике в основной и средней школе в условиях реализации ФГОС ОО»
Курс профессиональной переподготовки «Черчение: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.