Күні:
12.2016
Сыныбы:7
Сабақтың
тақырыбы: Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласы.
Сабақтың
мақсаты: а2 - в2 формуласымен
таныстыру, формуланы өрнектерді ықшамдауда қолдану.
Сабақтың
міндеттері:
Білімділігі: Формуланы
көпмүшені көбейткіштерге жіктеуде қолдана білу, математика тілде
сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың
математикаға деген қызығушылығын деңгейлік есептер шығарту арқылы дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды
көпшіл болуға үйрету өзара көмегін қалыптастыра отырып, жауапкершілікке
дағдыландыру, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың
әдісі: сұрақ- жауап, деңгейлеп - саралап оқыту.
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.
Теориялық материалды қайталау.
ІІІ.
Жаңа сабақты меңгерту.
IV.
Оқулықпен жұмыс. №152 (жұптары), №153 (жұптары), №155 (2,4).
V.
Жеке топтық жұмыс. Деңгейлік тапсырма.
VІ.
Белгісіз санды тап.Шығармашылық тапсырма.
VІІ.
Инсерт кестесі бойынша білімді бекіту.
VІIІ.
Қорытынды.
IХ.
Бағалау.
Х.
Үйге: №152 (тақтары) №153 (тақтары).
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
1)
Оқушыларды түгендеп, сабақтың мақсатымен таныстыру.
2)
Үй жұмысын тексеру.
ІІ.
Теориялық материалды қайталау. Оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады.
1)Бірмүше
дегеніміз не?
2)Ұқсас
бірмүше дегеніміз не?
3)Көпмүше
деп нені айтамыз?
4)Көпмүшені
бірмүшеге көбейту ережесін айт.
5)Көпмүшені
көпмүшеге көбейту ережесін айт.
6)Екімүше
дегеніміз не? Мысал келтір.
ІІІ.
Жаңа сабақты меңгерту.
Актуалдау:
Берілген өрнекті бірмүшенің квадратына келтір: 16, а4; к6;
9а2; 0,04в2; 0,16а2в4.
1)(х-4)
(х+4)=│көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесін қолдан │
2)
а-в екімүшесін а+в екімүшесіне көбейтуді, яғни (а-в)(а+в) көбейтіндісін
қарастырайық
(а-в)
(а+в)=а2-в2
(1)
немесе а2-в2 =(а-в)
(а+в)
1.
формула былай оқылады:
Екі
өрнектің квадраттарының айырымы олардың айырымы мен
қосындысының
көбейтіндісіне тең.
Мысалдар:
Екімүшені 2 көбейткішке қалай жіктеуге болады.
1)m2 -9; 2)16a2-b2;
3)
4m2-n2; 4)
64x2-y2.
IV.
Оқулықпен жұмыс. №152 (жұптары), №153 (жұптары), №155 (2,4).
V.
Жеке топтық жұмыс. Деңгейлік тапсырма.
1.Көбейткіштерге
жіктеңдер:
1-деңгей
а)
m2-n2; ә) у2 -16.
2-деңгей
а) 4а2 -100;
ә) (5х-4) (5х+4).
3-деңгей
а)
36х2-400с2; ә)
VІ.
Белгісіз санды тап.Шығармашылық тапсырма.
а)(3m+?)
(3m-?)= 9m2-4n2 ә)(?-4x) (?+4x)=25a2-16x2
VІІ.
Инсерт кестесі бойынша білімді бекіту.
Нені білеміз
|
Есепті шығарудың жеңіл жолы
|
Нені үйрендік
|
(3а-2в)(3а+2в)=
=3a*3a+3a*2в-2в*3а -
-2в*2в=9а2+6ав-6ав-
-4в2=9a2-4 в2
|
(3а-2в)(3а+2в)= (3a)2-
-(2в)2=9a2-4 в2
|
а)m2-1=(m-1) (m+1)
в) (2m-1) (2m+1)=(2m)2-
-12= 4m2-1
|
VІІІ.
Қорытынды. Бүгін балалар өз білімдерінді,
тапқырлықтарыңды, ұйымшылдықтарыңды көрсеттіңдер деп ойлаймын. Енді әр топтың
мүшелерінің осы сабақта өз білімдерін қалай көрсетті екенін, бағалайық.
IХ.
Бағалау.
Х.
Үйге: №152 (тақтары) №153 (тақтары).
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.