Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Екі таңбалы сан. Сандардың ондық құрамы. «Ондық», «Бірлік».

Екі таңбалы сан. Сандардың ондық құрамы. «Ондық», «Бірлік».

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы сан. Сандардың ондық құрамы. «Ондық», «Бірлік».

Білімділік мақсаты: екі таңбалы сандар, олардың ондық құрамы туралы түсінік қалыптастыру

Дамытушылық мақсаты: осы сандық кесіндіде сандардың ондық құрамы негізінде қосу мен азайтудың есептеу тәсілдерін қарастыру

Тәрбиелік мақсаты: сандардың өзара ерекшеліктерін ажырата алуларына үйрету

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Білімдерін дамыту.

«Математикалық баспалдақ ойыны». Мұғалім баспалдақ түрінде мысалдар жазады. Екі оқушы тақтада шығарады да, ойынның басталғаны туралы белгі береді. Балалар мысалдарды орындауға кіріседі. Баспалдақ басына ең бірінші шыққан оқушы жеңімпаз болады.

«Есептеу машинасы» ойыны. Мұғалім математикалық өрнектер оқиды. Оқушылар есептей отырып, цифр жазылған карточкалар көмегімен өрнектің мәнін көрсетеді.

2+1+7-8+10-2-4+1

6+2-4+4-3+5-2-4-2

4-3+9-8+7-3+2-6+3

«Математикалық диктант». «Дұрыс немесе бұрыс». Мұғалім дұрыс және бұрыс математикалық амалдар оқиды. Оқушылар дәптерге дұрыс болса «+», бұрыс болса «-» таңбасын қояды. Содан кейін мұғалім берген -+-++-++ жауаптарымен салыстырып, қателерді түзеп, өз жұмыстарын бағалайды.

  • 7-нің алдында тұрған сан 5-ке тең

  • 4-тің алдында тұрған сан 3-ке тең

  • 8-ден кейін тұрған сан 10-ға тең

  • 8+2 өрнегі 10-ға тең

  • 9 бен 7-нің айырмасы 2-ге тең

  • 4 пен 5 сандары 3-ке көрші тұрған сандар

  • 4 саны 5-тен кіші

  • 2 мен 7-нің қосындысының мәні 9-ға тең.

ІІІ. Өткенді қайталау.

Мұғалім тақтаға үш оқушыны шақырады да, 14, 13, 19, 17, 15, 10, 11, 12, 16 деген сандарды атайды. Оқушылар оларды тақтаға жазады.

Жазылған сандар оқылады. Сандардың ішінен ең кіші екі таңбалы сан табылады. Ең үлкен санды табу. Бұл сандардың әрқайсысында неше ондық, неше бірлік бар?

ІҮ. Жаңа сабақ.

1 және 2-жаттығуларға ұқсас жұмыстар жүргізіледі. Бастапқы пысықтау үшін 3-жаттығу беріледі. 4 пен 5-жаттығуларды оқушылар мұғалімнің көмегімен орындайды. 6-жаттығуда әріптік өрнектерді салыстыру кезінде оқушылар өз тұжырымдарын негіздеуі қажет. 7-жаттығу өздік жұмыс ретінде беріледі.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.
























Автор
Дата добавления 21.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров198
Номер материала ДВ-363496
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх