Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Екі жұлдыз" патриоттық ән байқауы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

"Екі жұлдыз" патриоттық ән байқауы

библиотека
материалов

Елек орта мектебі











«Екі жұлдыз» патриоттық ән байқауы







Өткізген: Аға тәлімгер- Наурызова Г. И.

Қатысушылар саны – 26 адам

Көрермендер – 50 адам










Ақтөбе

2015ж.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өткізілген

«Екі жұлдыз» патриоттық ән байқауының сценариі


Мақсаты: Аталмыш жоба негізінде өз қабілеттерін белгілі бір шығармашылық салада байқап көре білетін, кәсіби деңгейі жоғары шығармашыл ұстаз бен дарынды оқушыларды анықтау, Қазақстандық тәрбие жүйесін дамытудың инновациялық идеяларын қолдау және дәріптеу, мектепте тәрбиенің мәртебесі мен маңызын арттыру мен тәрбие құндылығына мектеп ұжымының оң көзқарасын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу

2. Дамытушылық: Оқушылардың ән-би арқылы ой-өрісін дамыту;

3. Тәрбиелілік: Шығармашылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу

Өткізу орны: Мектеп акт залы

Қатысушылар: Ұстаздар мен оқушылар

Түрі: Байқау

Әдісі: сайыс

Техникалық құралдар-көрнекіліктер: музыкалық аппаратура

Дайындық жұмысы: акт залын безендіру, сайыскерлерге ән іздеу, сайысқа дайындау, минусовка жаздыру


Барысы

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ән сүйер қауым! Биылғы жылы біздің ел үшін де, мектебіміз үшін де ерекше болмақ. Биыл біз Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Ата Заңымыздың 20 жылдығын, Халықтар Достастығы Ассамблеясының 20 жылдығын тойламақшымыз. Бүгін мектебіміздің қабырғасында өтетін «Екі жұлдыз» мектепішілік байқауына да арқау болып отырған осы тарихи мерекелер.

2-жүргізуші: Дәстүрге айналған «Екі жұлдыз» байқауында бұл жолы ұстаздар мен оқушылар жұптасып, патриоттық әндерді шырқайтын болады. Ал біз бен сіз оза шапқан жарық жұлдыздарды бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар. Әр жұп жұлдыз болуға лайық, олай болса шын жүйрікті бірге анықтайық.

1-жүргізуші: Сайысымыздың шымылдығын сайысқа қатысатын жұптарды таныстырудан бастасақ. Оларды қошеметпен ортаға шақырайық. (музыка әнімен байқауға қатысушы жұптар ортаға шығады)

  1. Сырымова Айгүл мен Асқар Мерей

  2. Оразымбет Багира мен Ермұқашев Темірлан

  3. Еришова Жанар мен Ауданбай Миржан

  4. Кабиева Гита мен Асқар Толғанай

  5. Картова Клара мен Сейталина Сабина

  6. Иманова Марта мен Дусипова Нұршат

  7. Қазбек Салтанат пен Дадабаева Аружан

  8. Бұхарбаева Эльвира мен Есенжолова Аягүл

  9. Айдәулетова Гүлбақыт пен Мұхамбетжанова Аружан

  10. Махамбетов Айдос пен Нұрлан Асылжан

  11. Жаманшина Эльмира мен Кенен Жұлдыз

2-жүргізуші: Мерекелік кешті ашу үшін Елек орта мектебінің директоры Сырбаева Сағадат ханымға сөз береміз.

1-жүргізуші

Кім жеңеді жеңісте үміт алда,

Қобалжу бар , жүректе күдік бар да.

Әділқазы алқасы атыңды ақта,

Жүйріктерге арман мен бақыт жолда, - деп сайысты бастамас бұрын байқауымызды бағалап, өнерпаздарымыздың өнеріне төрелік ететін әділқазыларымызды таныстырып өтсек:

  1. Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Көшербаева Гүлнар Машрупқызы

  2. Хореограф - Жұмабаева Фарида Болатқызы

  3. Қурайлы мектеп-интернатының музыка пәнінің мұғалімі – Медина Гаухар

2-жүргізуші: Үміткерлеріміз дайын болғанша кезекті әнге берейік. « Жас толқын-2015» байқауына қатысып, ақтық сайысқа жолдама алған Сарсенбаева Аружанды сахнаға «Егемен ел» әнімен шақырамыз, қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:

Рухынан жақсылардың нұр саулаған,

Жанымды мейірімі құрсаулаған,

Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,

Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған! - дей отырып сайысты «Қазақстан» әнімен бастайтын алғашқы жұп Сырымова Айгүл мен Асқар Мерейді ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші:

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,

Нендей күйге жүрегімді бөледің?!

Сенде тудым, сенде өстім , сен деп өлсем,

Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім, - деп келесі өнер көрсететін Оразымбет Багира мен Ермұқашев Темірлан «Ақтөбе» әнімен қарсы алыңыздар.

1 жүргізуші:

Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,

Тұп-тұнық аспаным тұрады мөлдіреп,

Қазақтың тілері ата жол салтымен

Достасу, туысу әр елдің халқымен,

Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз.

Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз

Таныған жұмыр жер Алаштың баласын,

Қазақтың елі мен даңқты даласын, - осындай патриоттық сарында жырлайтын Еришова Жанар мен Ауданбай Миржанның жұбын «Күн дидарлы Қазақстан» әнімен қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Азаттық жері, қазақтың елі,

Шаттыққа толы, бүгінгі төрі,

Достықты берік еткен, еткен бір серік,

Бейбіт күн тұрсын сәулесін төгіп, деп «Туған жер» әнімен сахнада Кабиева Гита мен Асқар Толғанай.

1-жүргізуші: Тағы бір ұлттық рухтағы тамаша ән алау от боп лауламақ. Сахна төрінде Картова Клара мен Сейталина Сабина «Саржайлау» әнімен қарсы алайық.

2-жүргізуші:

Қайырылмай қалай кетесің,

Хабарсыз қалай ол тоқтар?

Көрдің бе оның көкесін,

Соғыстан қайтқан солдаттар?

Сахнада Иманова Марта мен Дусипова Нұршат «Соғыстан қайтқан солдаттар» әнімен.

1-Жүргізуші: Тағы да керемет жұбымыз өз өнерлерін көрсетуге дайын. Қарсы алыңыздар Қазбек Салтанат пен Дадабаева Аружан «Туған жер» әнімен.

2-жүргізуші:

Мәңгілік азат елдің Сен белгісі,

Мемлекет мерейінің сенген күші.

«Жасасын, еркін Қазақ!» деп шаттанар,

Мақтанып сол биіктен көрген кісі, - деп «Сәлем саған туған ел» әнімен соңғы жұбымыз Бұхарбаева Эльвира мен Есенжолова Аягүлдің өнерін тамашалайық.

1-жүргізуші:

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

Соғыс бітті... Ауыр да азапты жылдар артта қалды. Біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді. Ананы - баладан, баланы - анадан айырған сұм соғысқа жол жоқ... Келесі жұбымыз да Айдәулетова Гүлбақыт пен Мұхамбетжанова Айтолқын « Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» деп жырлайды.

2-жүргізуші:

Астана қала - әз қала,

Тіршілік оты маздаған,

Айқара ашық құшағы,

Көктемде, қыста, жазда да.

Астана қала - жас қала,

Жан біткен мұнда тасқа да.

Жайнаған жаңа ғасырда,

Ұқсамай мүлде басқаға.

Астана қала - шат қала,

Танылған алыс-жатқа да.

Жүрегі ұлы Отанның,

Соға бер,

Мәңгі тоқтама, деп Махамбетов Айдос пен Асылжан Нұрланды «Астана» әнімен сахна төріне шақырамыз.

1-жүргізуші: Байқау шымылдығын жабатын соңғы жұбымыз Жаманшина Эльмира мен Кенен Жұлдызды «Атамекен» әнімен қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші: Құрметті көрермендер жұлдызды жұптарымыз өз әлдерінше әндерін орындап шықты. Қазір олардың жүректері қуаныш пен үрейге толы, міне, сырғыған сын сағаты да таяп қалды. Әділқазылар ойласқанша кезекті әнге береміз.

Ән: 1.«Жаса Қазақстан», орындайтын: Хабдрахман Алтынбек

Құрманғазин Нұрсұлтан

2. «Өз елім», орындайтын: Нығметулина Назерке

1-жүргізуші: Бүгінгі жұлдызды кешіміздің жеңімпаздарын анықтау үшін сахна төріне қошеметтеп әділ қазылар алқасын шақырамыз.

2-жүргізуші: Жеңімпаздар анықталды. Бұл сайыс, сондықтан мұңаймаңыздар, бастысы өмірде жұлдыздарыңыз жанып, жарқырай беріңіздер. Кешті жеңімпаз атанған Еришова Жанар мен Ауданбай Миржан «Күн дидарлы Қазақстан» әнімен тәмамдайды. Бәріміз әнге қосылып, бірге шырқайық. Қош сау болыңыздар!






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 22.12.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров464
Номер материала ДВ-279541
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх