Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы"Екінші кіші тобына арналған 8 наурыз мерекесінің ертеңгілік сценарийі"

"Екінші кіші тобына арналған 8 наурыз мерекесінің ертеңгілік сценарийі"

Скачать материал

3 «Балауса» екінші кіші тобына арналған 8 наурыз мерекесінің ертеңгілік сценарийі.

Тақырыбы: «Сәлемдеме» (Посылка)

Залда әдемі әуен ойнап тұрады. Шымылдық жабық. Балалар залда жарты шеңбер болып ақшыл көк капрон матаның астында тығылып отырады.

Ертегі әуенімен шымылдық ашылады. Классикалық музыкамен ортаға Күн билеп кіреді, билеп жүріп әрбір қардың төмпешігін сиқырлы таяғымен түртеді. Әрбір қар төмпешігінен гүлдер босап шығады да күннің биіне қосылып, жайқалып билей бастайды. Гүлдердің бәрі қар құрсауынан босаған соң Көктем кіріп қарларды жан – жаққа ысырып тастайды.

«Гүлдер» биі

Күн: (Алуа)

  • Армысыздар құрметті қонақтар, аяулы әжелер, асыл аналар және біздің кішкене ханшайымдарымыз!Бүгін бізде үлкен мереке!

Шуақты көктем күні, күн нұрын төккен күні,

Аналарды мейраммен барлығы құттықтайды!

Әжелермен аналар , қыздарменен апайлар,

Сұлуланған, нұрланған , әдемі боп құлпырған,

Би билейміз, жырлаймыз, мерекені тойлаймыз!

Көктем:

  • Құрметті ақ жаулықты әжелер, сұлу да нәзік жанды аналар, Сіздерді 8 наурыз мейрамымен құттықтаймыз! Сіздерге арнаған шағын концертімізді ашық деп жариялаймыз. Мерекеміздің ажарын Інжу қызымыздың Сіздерге арнаған «Ақ тілек» атты әсем әнімен ашайық.

«Ақ тілек» әні

(әннен соң балалар отырады)

Күн:

  • Мерекемізді балаларымыздың аналарына, әжелеріне арнап дайындап келген өлең жолдарымен жалғастырайық.

Балалардың тақпақтары. №1

  1. Айсұлтан

Аяулым менің анашым,

Өзіңсің маған жанашыр.

Қажетіңе жарасам,

Қуанып – ақ қаласың.

  1. К. Темірлан

Елжіреп маған қарайсың,

Асылыңа балайсың.

Ер жеткенде сүйенер,

Тірегің деп санайсың.

  1. Айлана

Үмітіңді ақтармын,

Үлгіңді есте сақтармын.

Табаныңа төсермін,

Әлемдегі бақтарды

  1. Дина

Бәрімізге анасың,

Біз үшін гүл боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын, анашым!

  1. Айару

Әлпештеген баласын,

Ана – бақыт, ана – Күн!

Әркім сүйіп өзінің,

Мақтан етер анасын!

  1. Нұрали

Жүзімізге қараңыз,

Бал – бұл жанған баламыз.

Бізге қымбат күн шуақ,

Бізге қымбат анамыз.

  1. Ж. Әділ

Мамочке подарок,

Приготовлю я.

Самая красивая ,

Мама у меня!

  1. Адель

Улыбнется мамаочка,

И светлей вокруг.

Потому что мамочка,

Самый лучший друг!

  1. Егінбаев алдияр

Мақтанам апа,

Шат әнім апа.

Өзіңе тақпақ,

Жаттадым апа.

  1. Заңғар

Мені өсірген апатай,

Еңбегің де зор екен.

Құтты болсын апатай,

Құтты болсын мерекең.

11. Аяжан

Айналайын анашым,

Жұмысыңа барасың.

Қайтып мені көргенше,

Шын сағынып қаласың.

12. АРСЕН

Анашым анам,

Келгенше шамам.

Үмітіңді ақтап,

Азамат болам.

13. ІНЖУ

Бізді өсіріп, баптаған,

Жақсы болсам шаттанған.

«Алтыным» деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.

«Простоквашино» мультфильмінің әуені ойнап, Матроскин кіреді.

Матроскин:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге өзімнің достарымды іздеп келдім. Олар әлі кішкентай. Бірақ өте жақсы билейді.

Көктем:

  • Уайымдама, Матроскин! Сенің кішкентай достарың бізбен бірге. Олар бізбен бірге аналарымызды құттықтауға келді.

Матроскин:

  • Жақсы болды ғой. Онда мен де сендермен қаламын, менің қолымнан бәрі келеді. Мен сиыр сауамын, сүт тартамын, кестелеп те тігемін, тіпті машинкамен де тіге аламын.

Күн:

  • Матроскин, сен бізбен бірге қал. Балалардың өнерін бізбен бірге тамашала.

Матроскин:

  • Онда достарыммен бірге би билеп берейік!

Көктем:

  • Барлығымыз білеміз марғаулар әртүрлі болады. Біреуі ойыншыл, бірі жалқаулау, бірі шапшаң, ал енді бірі баяу, бірақ осыларға қарамастан барлық марғаулар сүп – сүйкімді, тәп – тәтті болады. Алдарыңызда «Марғаулар» биімен «Балауса» тобының ұлдары.

«Марғаулар» биі.

«Простоквашино» мультфильмінің әуені ойнап, пошташы Печкин кіреді.

Пошташы :

  • Сәлеметсіздер ме! Бұл «Ақ бота» балабақшасы, «Балауса» тобының балалары ма? Матроскин деген мысық осында ма?

Барлығы:

  • Иә!

Пошташы:

  • Сәлеметсіздер ме! Мен пошташы Печкинмін. Сізге мынадай үлкен сәлемдеме алып келдім. Құжатыңызды көрсетіңіз.

Матроскин:

  • Менің құжатым - мұртым, аяқтарым мен құйрығым! Міне менің құжаттарым!

Пошташы:

  • Ее, жооқ! Бұндай құжат болмайды. Құжатта мөр басылған болу керек. Мөр знаете что такое? Это печать! Вот! А у вас нет никакой печати. Бере алмаймын.

Матроскин:

  • Бермесеңіз бермей – ақ қойыңыз. Маған бұл жәшік керек емес. Оның іші толып тұрған гуталин!

Пошташы:

  • Ол не қылған гуталин сонда?

Матроскин:

  • Сондай гуталин. Менің нағашы ағам гуталин шығаратын фабрикада жұмыс істейді. Гуталин ода міне қанша көп. (қолмен көрсетеді). Көптігі соншама қайда жіберуге білмеген соң әркімге жібере береді.

Пошташы:

  • Гуталин ба, гуталин емес пе маған бәрібір. Мен бұл жәшікті құжатсыз бере алмаймын.

Күн:

  • Балалар, біз Печкинге өнерімізді көрсетейік мүмкін көңілденіп, сәлемдемемізді бізге беретін шығар. Төрлетіңіз Печкин! Балалардың өнерін тамашалаңыз. Балаларымыздың орындауындағы «Көктем» әнін қарсы алыңыздар.

«Көктем» әні.

Пошташы:

  • Әндерің тамаша. Бірақ сонда да бере алмаймын.

Көктем:

  • Ендеше, балаларымыз мерекеге арнап дайындап келген өлең жолдарын айтып берсе ше?

Пошташы:

  • Айтып тұрмын ғой, тамаша! Бірақ сонда да сәлемдемені бере алмаймын.

Күн:

  • Мүмкін балалармен ойын ойнайсыз. Біздің балаларымыз әжелерімен бірге моншақ тізе алады.

Пошташы:

  • Балалар ойнасын, ал мен қарап тұрамын. Ойын ойнағанды мен де ұнатамын. Бірақ сәлемдеме үшін басыммен жауап беремін ғой.

«Әжелерге арналған моншақ» ойыны

(М. ӘДІЛ, ҚАЙСАР, А. ТЕМІРЛАН, С. МАНСҰР, ЕРКЕНАЗ, АДИЯ )

Пошташы:

  • Керемет шапшаң екенсіңдер! Тамаша ойнадыңдар сонда да бере алмаймын. Заң сондай!

Матроскин:

  • Әй өзіңді тырнап алайын ба? Жіберші мені, бетін тырнап алайын. Жібер деймін! (Көктем ұстап тұрады.)

Көктем:

  • Ашуланбашы, Матроскин. Ашумен емес, ақылмен жеңуіміз керек. Оданда балаларымыздың дайындап келген өлең жолдарын тамашалайық.

Балалардың тақпақтары. №2

14. Ахметхан

Өзің мені өсірген,

Айналайын ақ әжем.

Тентек болсам кешірген,

Шөлдедің бе, дана әжем.

15. Аружан

Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі.

Шаншылмасын ешқашан,

Әжелердің жүрегі.

16. Қуаныш

Қуаныштың ағайын,

Қоңырауын соғайын.

Ағартпасын тентектер,

Бір ананың самайын.

17. А. Мирас

Анам, анам,

Менің панам!

18. Әдемі

Әр сөзіңді жаттағам,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын, ақ мамам!

19. Ерболұлы Алдияр

Анашым анам,

Ынтықсың маған.

Тәрбие бердің,

Көп алғыс саған.

20. С. Мансұр

Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Тақпақ айтып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

21. М. Әділ

Әжетай, әжетай,

Сізді жақсы көремін.

Көп ертегі, тақпақтар,

Сізге айтып беремін.

22. Ж. Мансұр

Солнце пригревает,

На дворе тепло.

От улыбки мамы

Радостно, светло

23. Қайсар

Әжеммен қаламын,

Ертекке қанамын.

Көмекке шақырса,

Жүгіріп, жүгіріп барамын.

24. Адия

Әжемді күтемін,

Түбітін түтемін.

Қуантсам әжемді,

Көңілді жүремін.

25. Еркеназ

I love my dear Mummy,

I love her very much!

And do you love your Mummy?

Of course! And very much!

27. А. Темірлан

«Finger family» әнін (апаймен бірге айтады)


Матроскин:

  • Эх, әжемді сағынып кеттім ғой.

Күн:

  • Ендеше, балаларымызбен бірге әжелерімізге арнап ән айтып берейік. Сағынышыңды басайық.

«Әжеммен қаламын» әні

Көктем:

  • Балалар, не істейтінімізді таптым! Біздің балабақшамыздың меңгерушісінде мөр бар ғой! Печать!

(меңгерушіге барып, өтінішін айтады)

  • Дильдаш Секеновна, бізге көмектесе аласыз ба? Матроскинның құйрығына мөр басып беріңізші.

Дильдаш Секеновна:

  • Әрине көмектесемін. Қане, мөр басайын.

(Матроскинның құйрығына мөр басады)

Матроскин:

  • Ура! Получилось! (Печкинге барып, көрсетеді.)

  • Міне, құжат! Міне мөр! Печать – печать деп қақылдап қалдың ғой!

Печкин:

  • Қане? (Лупаны алып шығып көрермендерге қарайды, меңгерушіге қарайды, мөрге қарайды). Рас, мөр басылған. Ендеше ала қойыңдар сәлемдемелеріңді. Мен де асығып тұрмын, басқа да газет – журнал, сәлемдемелерімді адамдарға жеткізуім керек. Сау болыңдар, балалар, сендермен көңілді болды.

(қоштасып шығып кетеді).

Көктем:

  • Қане, сәлемдемені ашып көрейік. Ішінде не бар екен? О-о- о, бұл жай ған сәлемдеме емес, аналар мерекесіне арналған сыйлық екен.

Күн:

  • Олай болса, аналарымызға арнап әкелеріміз қандай сыйлық әзірлегенін көрейік. Ортамызға «Топотушки» биімен әкелерімізді қошеметтеп шақырайық.

«Топотушки» биі (әкелердің орындауында)

Көктем:

  • Әкелер орыс халқының биін көрсетсе, балалар орыс тілінде «Мамочка» әнін орындап берсін.

(Әннен соң балалар өз сыйлықтарын аналарына үлестіреді.)

Күн:

  • Осымен 8 наурыз мерекесіне арналған шағын концертіміз өз мәресіне жетті. (Әдемі өлең жолдарымен аяқтайды)





Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Екінші кіші тобына арналған 8 наурыз мерекесінің ертеңгілік сценарийі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 776 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.05.2018 1872
    • DOCX 26.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Танбаева Индира Жуманбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Танбаева Индира Жуманбековна
    Танбаева Индира Жуманбековна
    • На сайте: 5 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22392
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Организация в ДОО «Школы для родителей»: формирование психологической грамотности

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 99 человек

Курс повышения квалификации

Проектирование предметно-игрового пространства дошкольной образовательной организации в соответствии с ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 164 человека

Курс повышения квалификации

Основы формирования предпосылок функциональной грамотности дошкольников

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии продаж: воронка, агрегаторы и мессенджеры

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация и планирование воспитательной работы в СПО

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Личность в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов