Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Рабочие программы / Екінші сәбилер тобына арналған "8 наурыз" ертеңгілігі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Екінші сәбилер тобына арналған "8 наурыз" ертеңгілігі

библиотека
материалов


«Балауса» балабақшасы







Наурыздың бүгін сегізі,

Сұлулықтың негіз!

II сәбилер «Балапан» тобы.

hello_html_3f3d6ad2.png



Тәрбиешілер: Болыспаева Т.А






Қабанбай батыр ауылы, 2016.



8 наурыз!


Ұлдар жылдам әуенмен залға кіреді.

Асылхан:

Наурыздың бүгін сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз адамның,

Анаға айтар лебізі.

Амир:

Анасыз жоқ бір күнің

Әжесіз жоқ бір күнің

Ұсынамыз біз бүгін

Сізге сұлу шоқ гүлін.

Ильяр:

Сендерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, біздің әжелар!


Ұлдар қыздардың қолынан ұстап залға таныстыра кіргізеді.

Тәп-тәтті қыз – Таисия

Жаздай жайсаң – Жасмин

Инабатты қыз – Құндыз

Әп - әдемі – Диляра

Айдай ашық - Айшайым

Әсем қыз – Ясмин

Айдай сұлу - Аружан

Ерке қыз – Аружан

Сымбатты - Ғалия

Ақылды қыз - Айым

Нұрайлы – Нұрай

Мейірімді қыз – Кәусар

Гүлдей күлімдеген - Алина

Ажарлы - Амира

Жүргізуші:

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, қымбатты ұстаз - аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.


Дидар:

Жер бетінің ғұмыры,

Күн нұрымен арайлы.

Біздің үйдің жылуы,

Анамыздан тарайды

Кәмеш Н:

Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат мамам, ай – мамам.

Сені көрсем қуанам,

Сен керексің қайда да.

Айшайым:

Аяулы да алтын нұрлы анашым
Жүрегімнен мәңгі бірге боласың
Сен арқарсың, сен аспансың,биіксің
Сен дархансың  сен жомартсың данасың!

Ғалия:

Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым,

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.

Ясмин:

Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.

Жүргізуші:

Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.

Ән: «Мерекеңмен анашым»

Жүргізуші: - Балалар, назар салып тыңдаңдаршы,

Қар мұз еріп,

Су көбейіп,

Сай салада ағады.

Бүршік шашып,

Жапырақ ашып,

Жер гүл шашақ тағады.

Балалар айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Көктемде.

Жүргізуші: - иә, көктемде бізге келе жатыр.

Көктем әуенмен кіреді.

Көктем: - Наурыз айы көктеммін,

Күлімдеп күмбез көкте күн.

Жайқалған жасыл жапанға,

Жылулық нұрын төккенмін.

-Сәлеметсиздер ме, сұлу қыздар, аналар мен әжелер! Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Жүргізуші: - рахмет көктем ханшайымы, енді бізбен бірге бол, төрлет!

Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз.

Би: « Қызғалдақ.»

Әділ:

Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз

Көмекбай Н:

Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін, 
Алыстасаң сағынам.

Таисия:

Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай
Аружан:

Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.

Аружан:

Менің анам ақылшым,
Күн секілді білгенге
Шашырайды шуағы
Үйімізге кіргенде


Жүргізуші:

Айналайын анашым
Аялайсың, бағасын
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз

Ән: «Ана жан.»

Көктем: Тамаша өнерлі екенсіңдер. Мен хош иісті гүлдерді жақсы көрем. Сол себептен мен сендерге гүл жинау ойынын алып келдім. Мынау менің қолымдағы гүлдердің жапырақтарын жинап әсем гүл жинауларыңды сұраймын.

Ойын: «Гүл жинау»



Көктем: - Ойынды өте жақсы ойнайды екенсіңдер!Ал менің кететін уақытым жетті. Сау болыңдар!

Көктем әуенмен кетеді.

Жүргізуші:

Жанымызды жайнатқын,

Сіздерсіз ғой, аналар.

Зор денсаулық, мол бақыт,

Тілеймізбіз балалар!

Би: «Әкеміздің қызымыз»

Әже кіреді.

Әже: - Сәлеметсіздер ме, Менің балдай тәтті балғындарым! Мынау жерде не деген шу болып жатыр?

Жүргізуші: - Қош келдіңіз әжетай! Төрлетіңіз! Біз халықаралық әйелдер, қыздар күнін тойлап жатырмыз, қазір біздің балалар сізге арналған тақпақтарын айтып береді.

Нурик:

Көктем гүлі даланың

Десек сәні ажары

Бүлдіршіндері ананың

Қуанышы базары.

Нариман:

Анам, анам, ақ аннам

Менде өзіңдей ақ болам.

Айтқан тіліңді аламын,

Жұмсағанда барамын.

Алина:

Әппақ мамам, ақ мамам

«Анам!» - деймін, шаттанам.

Түн ұйқыңды төрт бөліп,

«Бөпешім» - деп жатпаған.

Кәусар:

Жердегі бар тағамнан

Ана сүті нәрлі екен.

Бұл жалғанда анамнан,

Сүйікті адам барма екен.

Нұрай:

Алтын анам жасымнан аялаған,

Мен үшін игілікті аямаған.

Бақшадан үйге келгенімде,

Бал сөзі «Жаным» деген сая маған.

Әже: - Рахмет, қарақтарым! Енді мен сендердің аналарыңмен ойын ойнағым келіп отыр. Ойынға бір баланың анасын шақырамын, ол көзін байлап топ баланың ішінен өз баласын тауып алу керек.

Ойын: «Ана лебізі»

Диас:

Ақ әжемді әрқашан


Сыйлап жақсы көремін

Қуантайын деп оны

Өлең айтып беремін.

Айым:

Менің әжем, жыр әжем

Шуағы мол нұр әжем

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман-есен жүр әжем.

Амира:

Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам, 
Жас балаша күледі. 

Жасмин:

Немересін жанындай,

Әжем жақсы көреді.

Барса қонақ, «балам» деп,

Кәмпит әкеп береді.

Құндыз:

Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі –

Қандай ғажап күлкісі.

Диляра:

Аман болсын басыңыз,

Ағармасын шашыңыз.

Шөбере сүйіп әлі де,

Жүзге жетсін жасыңыз.

Жүргізуші: - Әжетай, біздің балалардың сізге арналған әнін қабыл алыңыз!

Ән: «Әже»

Әже: -Тамаша, әнді ерекше айтады екенсіңдер! Ал меніңде немерем үйде ойын ойнағысы келіп тосып отырған шығар, мен немереме барайын! Сау болыңдвр балалар!

Жүргізуші:

- Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

 Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар – дей келе бүгінгі шағын ертеңгілігімізді аяқтай келе, балаларымыздың қолымен жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар!




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 29.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1328
Номер материала ДВ-566001
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх